Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 554 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 ақпанда № 18260 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № 349 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.11.2020 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/654 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12088 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3, 4, 5 және 6 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      4. Порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі– 2 (екі) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған уәкілетті органның қорытындысы (рұқсат құжаты) (бұдан әрі – қорытынды) не осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы уәжді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      8 және 9 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні немесе көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты графигіне сәйкес жүзеге асырылады).

      9. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру туралы өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушының мөрімен расталған (бар болса) тіркелмеген өсімдік қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілеріне арналған инвойстың немесе тауарлы-көліктік жүкқұжаттың электрондық көшірмесі;

      3) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу немесе дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар".

      2) "Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/655 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12091 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3, 4, 5 және 6 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      4. Порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 10 (он) жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін – 3 (үш) жұмыс күні;

      лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      8 және 9 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні немесе көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты графигіне сәйкес жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны);

      2) лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттың электрондық көшірмесі;

      4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген кезде лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар";

      1, 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және

      коммуникациялар

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 554 бұйрығына
1-қосымша
  "Пестицидтерді (улы
химикаттарды) өндіру
(формуляциялау), пестицидтерді
(улы химикаттарды) өткізу,
пестицидтерді (улы
химикаттарды) аэрозольдік және
фумигациялық тәсілдермен
қолдануға байланысты қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  1-нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші

      (кімге)___________________________________________________________

                              (лицензиардың толық атауы)

      (кімнен)_________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі

      (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі

      болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес

      сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауы көрсетілсін)

      жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын

      Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________

      (почталық индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен,

      көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық почтасы_____________________________________________

      Телефондары____________________________________________________

      Факсы__________________________________________________________

      Банктік шоты____________________________________________________

                        (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің

      мекенжайы _______________________________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ ғимараттың

      (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.

      Басшы _____________ __________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" ____

  2-нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші

      (кімге)_________________________________________________________

                        (лицензиардың толық атауы)

      (кімнен) _______________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауы көрсетілсін)

      жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы

      _______________________________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың

      нөмірі)

      Электрондық почтасы____________________________________________

      Телефондары___________________________________________________

      Факсы_________________________________________________________

      Банктік шоты __________________________________________________

                        (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің

      мекенжайы ______________________________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың

      (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.

      Жеке тұлға ___________ ________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы " __ "____

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 554 бұйрығына
2-қосымша
  "Пестицидтерді (улы
химикаттарды) өндіру
(формуляциялау), пестицидтерді
(улы химикаттарды) өткізу,
пестицидтерді (улы
химикаттарды) аэрозольдік және
фумигациялық тәсілдермен
қолдануға байланысты қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша
  1-нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші

      (кімге)_________________________________________________________

                        (лицензиярдың толық атауы)

      (кімнен) _______________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі

      (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі

      болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігінің бизнес

      сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауы)

      _________________________________________ жүзеге асыруға арналған

      20___ жылғы "___ " _________ берілген №__________

      _______________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың нөмірі(лері),

      берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиярдың

      атауы)

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)

      (керегінің астын сызу)

      төмендегі негіздер бойынша (тиісті Х ұяшықта көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:

      1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202 Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес заңды тұлға-лицензиаттың (тиісті Х ұяшықта көрсетіңіз):

      бірігу _____________

      қайта құру _________

      қосылу _____________

      бөліп шығару _______

      бөліну _____________ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі _______________________

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі __________

      4) егер, лицензияның иеліктен шығарылуы Заңға 1-қосымшада көзделсе, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияның иеліктен шығаруы ___________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей, оның орналасқан жері мекенжайының өзгеруі _____________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың

      болуы __________________________

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ________________

      Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________

      (ел – шетелдік заңды тұлға үшін, почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық почтасы____________________________________________

      Телефондары____________________________________________________

      Факсы__________________________________________________________

      Банктік шоты ____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын

      объектінің мекенжайы

      _______________________________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/

      ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.

      Басшы _____________ ___________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________

  2-нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдеуге арналған өтініші

      (кімге) _________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      (кімнен)________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауы)

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

      ресімдеп беруіңізді сұраймын (керегінің астын сызу)

      20___ жылғы "___" _________ берілген №__________

      _______________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиярдың атауы жүзеге асыруға төмендегі негіздер бойынша (тиісті Х ұяшықта көрсетіңіз):

      1) жеке тұлға-лицензиат атының, әкесінің атының (бар болса), тегінің өзгеруі _______

      2) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, атауының өзгеруі_________________

      3) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, заңды мекенжайының өзгеруі

      ____________

      4) егер, лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202 Қазақстан Республикасы Заңына 1-қосымшада көзделсе, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияның иеліктен шығарылуы ________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей, оның орналасқан жері мекенжайының өзгеруі ________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың

      болуы ________

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _______________

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы_____________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/

      ғимараттың нөмірі)

      Электрондық почтасы____________________________________________

      Телефондары____________________________________________________

      Факсы__________________________________________________________

      Банктік шоты ____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің

      мекенжайы ________________________________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/

      ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.

      Жеке тұлға _________ ___________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"______