Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 302 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 қаңтарда № 18191 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.

      2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Еңбек және

      халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 302 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қағидаларда белгіленген экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану тәртібі:

      1) төлем құжаттарын қағаз тасымалдағышта ресімдеген кезде және төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде электрондық құжаттармен алмасу кезінде;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында бастама жасалған, ел ішінде жүргізілетін, шет елге жөнелтілетін банк ішіндегі және банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде қолданылады.

      Шет елден келіп түсетін төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша төлем құжаттарында қойылған экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтары болмаған кезде Қазақстан Республикасының резиденті-банк банктің ақпараттық жүйелерінде төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша алынған құжаттар негізінде экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын өздігінен қойып шығады.

      Мезеттік төлемдер жүйесі арқылы кіріс төлемі және (немесе) ақша аударымы бойынша бенефициар банкі бенефициардың экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын банктің ақпараттық жүйесінде бенефициар туралы мәлімет негізінде қояды.";

      2-қосымшада:

      Төлемдер белгілеу кодтарының жан-жақты кестесінде:

      "Арнайы аударымдар" 1-бөлімде:

      "Кепілдік бойынша операциялар" 182-кодтың бесінші жолынан кейін мынадай мазмұндағы 183 және 184-кодпен толықтырылсын:

"

183

Бірыңғай жиынтық төлемі



184

Бірыңғай жиынтық төлемінің қате аударылған (есепке алынған) сомаларын қайтару

";

      "1-бөлім бойынша басқа да аударымдар," 190-кодтың алтыншы жолынан кейін мынадай мазмұндағы 191-кодпен толықтыру:

"

191

Мезеттік төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

".

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Банк шоттары бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде төлем құжатындағы Қағидалардың 7-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 11) және 12) тармақшаларында көзделген бенефициар бойынша деректемелердің орнына төлем жүйесінің жұмыс істеу талаптарына сәйкес бастамашының балама сәйкестендіргішті ғана көрсетуіне жол беріледі.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін балама сәйкестендіргіш деп жекелеген деректемелер, оның ішінде клиентті сәйкестендіруге және төлем жүйесі арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әріптік-цифрлық символдар түсініледі.";

      36-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк шотын ашпай қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру бюджетке төлемдерді төлеуге арналған түбіртектер, кіріс касса ордерлері, шот-хабарламалар, түбіртек-хабарламалар, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарламалар, әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, аударымдарды және (немесе) жарналарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жиынтық төлемді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ) төлеуге арналған түбіртек-хабарламалар және қолма-қол ақшаны қабылдау үшін пайдаланылатын басқа құжаттар негізінде жүргізіледі. Бұл құжаттар төлем хабарламалары болып табылады. Қағаз тасымалдағышта ұсынылған төлем хабарламаларында түзетулерге жол берілмейді.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, аударымдарды және (немесе) жарналарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жиынтық төлемді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қа банк шотын ашпай немесе пайдаланбай төлеу үшін төлем хабарламасы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.";

      40-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың ережелері коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеуге, жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бюджетке төлемдерді төлеуге арналған түбіртек-хабарламаларына, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, аударымдарды және (немесе) жарналарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жиынтық төлемді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қа төлеуге арналған түбіртек-хабарламаларына қолданылмайды".";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Ақша жөнелтушінің банкін, бенефициардың банкін сәйкестендіру төлем құжатында көрсетілген банктік сәйкестендіру коды бойынша жүргізіледі.

      Банк атауының оның төлем құжатында көрсетілген банктік сәйкестендіру кодына нақты сәйкес келуін банк анықтамайды.

      Ақша жөнелтуші банктің және (немесе) бенефициар банктің ұйымдық-құқықтық нысаны сәйкес келмеген кезде, ақша жөнелтуші банк және (немесе) бенефициар банкті төлем құжатында көрсетілген банктік сәйкестендіру коды бойынша сәйкестендіру жағдайында төлем құжатын орындауға қабылдау мүмкіндігіне жол беріледі.";

      80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Ақша жөнелтушінің банкі:

      1) егер төлем құжатында қолдан жасау белгілері болған жағдайларда, оның ішінде, егер төлем құжаты Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 56-бабында, Қағидаларда, жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасында жасалған шартта белгіленген рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау әрекеттерінің тәртібін бұза отырып берілсе;

      2) егер төлем құжатында мынадай:

      Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген;

      бенефициарға құқық иеленуші - банк Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операциялардың шеңберінде қызмет көрсетілген жағдайларда ақша жөнелтушінің банк шоттарына бұрын ұсынылған инкассолық өкімдерді орындау жағдайларын қоспағанда, түзетулер, толықтырулар және түзетілген жерлері болған жағдайда төлем құжатын орындаудан бас тартады. Осындай инкассолық өкімдерді орындау бенефициар мен бенефициар банктің деректемелерін растайтын құқық иеленуші-банктің құжаты негізінде бенефициардың банктік деректемелерін (ЖСК, бенефициар банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды) түзете отырып жүзеге асырылады;

      3) Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген жағдайларда, ақша жөнелтуші банктің төлем құжаттарында клиенттің ЖСК түзетуін қоспағанда, Қағидаларда көзделген жағдайларда төлем құжатын клиенттің басқа банктік шоттарынан орындау кезінде ақша жөнелтушінің ЖСК, ЖСН (БСН) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген;

      4) салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, бірыңғай жиынтық төлемін аударуға арналған төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушінің ЖСН (БСН) мемлекеттік кірістер органы ұсынатын деректермен сәйкес келмеген;

      5) ақша жөнелтуші Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 31, 32, 35, 36, 37, 45 және 46-баптарында, Қағидаларда, сондай-ақ жөнелтуші мен банк арасында жасалған шарттың талаптарында белгіленген төлем құжатын жасау және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды сақтамаған;

      6) Қағидаларға 1, 2, 4, 5, 12, 13, 14 және 15-қосымшаларда белгіленген нысандарға сәйкес келмеген;

      7) басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН) банк клиентін сәйкестендіретін мемлекеттік кірістер органы электрондық форматта ұсынған инкассолық өкімді, сондай-ақ сот орындаушысының инкассолық өкімін қоспағанда, банк клиентін Қағидалардың 150-тармағының талаптарына сай сәйкестендірген кезде клиенттің атауы төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушінің атауына сәйкес келмеген;

      8) төлем белгілеудің кодпен көрсетілуі оның мәтіндік бөлігіне сәйкес келмеген;

      9) бюджетке төлемдерді төлеу кезінде бюджеттік жіктеу коды цифрмен белгіленбеген;

      10) төлем құжатында көрсетілген сомалар цифрлармен және жазумен сәйкес келмеген;

      11) көлік құралына салық төлеу кезінде төлем құжатында көрсетілген көлік құралының сәйкестендіру нөмірі жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган ұсынған деректерге сәйкес келмеген;

      12) жөнелтуші және жөнелтуші банк арасында жасалған шарттың талаптарында белгіленген талаптар сақталмаған;

      13) № 154 қағидаларда көзделген жағдайларда;

      14) банктік шоттан ақшаны өндіріп алу туралы талап мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті талабымен енгізілген ақшаны есептеуге арналған, сондай-ақ "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң) 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған банктік шотқа, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға қойылған жағдайларда;

      15) егер қосымша құн салығы бойынша есеп айырысудың қозғалысын есепке алу үшін ашылған ағымдағы шоттан ақшаны алу мыналармен:

      импортқа және бейрезидент үшін қосымша құн салығын қоса алғанда, бюджетке қосымша құн салығын төлеумен;

      тауарды жеткізушілерге қосымша құн салығын төлеумен;

      тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) қосымша құн салығын төлеуімен;

      қосымша құн салығының сомаларын есепке алу және қозғалысы үшін ашылған өзге ағымдағы шотқа ақшаны есептеумен байланысты болмаған жағдайларда;

      16) Қағидалардың 71-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ақша жөнелтуші банктің және (немесе) бенефициар банктің атауы төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтуші банктің және (немесе) бенефициар банктің атауына сәйкес келмеген жағдайда, төлем құжатын орындаудан бас тартады.

      81. Бенефициардың банкі:

      1) жөнелтуші Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 31, 32, 35, 36, 37, 45 және 46-баптарында, Қағидаларда, сондай-ақ жөнелтуші мен банк арасында жасалған шарттың талаптарында белгіленген төлем құжатын жасау мен ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды сақтамаған;

      2) рұқсат етілмеген төлем анықталған, сондай-ақ бенефициардың пайдасына аударылатын ақшаны заңсыз алудың негізделген фактілері анықталған және расталған;

      3) ЖСК, ЖСН (БСН) бенефициардың деректемелеріне сәйкес келмеген, бенефициар банкінде ЖСК болмаған;

      4) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті талабымен енгізілген ақшаны есептеу үшін жеке тұлға клиенттің талабы бойынша ашылған, сондай-ақ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңның 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған ағымдағы шотқа ақшаны, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны есептеген жағдайда, егер есептелетін ақша сомасы көрсетілген талаптармен байланысты болмаса;

      5) қосымша құн салығы сомаларын есепке алу және қозғалысы үшін ашылған ағымдағы шотқа ақшаны есептеу, егер есепке алынатын ақша сомасы мыналармен:

      импортқа және бейрезидент үшін қосымша құн салығын қоса алғанда, бюджетке қосымша құн салығын төлеумен;

      тауар жеткізушілеріне қосымша құн салығын төлеумен;

      тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) қосымша құн салығын төлеуімен;

      қосымша құн салығын төлеушінің өзге банктік шотынан ақшаны есептеумен байланысты болмаса;

      6) № 154 қағидаларда көзделген жағдайларда төлем құжатын орындаудан бас тартады.

      Бенефициардың банкі, оның төлем құжатында көрсетілген басқа деректемелері (ЖСК, ЖСН (БСН) бенефициарды сәйкестендіретін болса, бенефициардың атауы төлем құжатында көрсетілген атауына сәйкес келмеген жағдайда төлем құжатын орындайды.

      Банктің:

      1) ЖСК және БСН деректемелері сақталған кезде ақша жөнелтушінің және (немесе) бенефициардың ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, мемлекеттік орган және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі қайта ұйымдастырылған және атауы өзгерген жағдайды;

      2) мемлекеттік кірістер органы бюджеттік жіктеу кодтарын өзгерткен жағдайды қоспағанда, төлем құжатының деректемелерін өзгертуіне жол берілмейді.

      Бенефициар банкінің Қағидалардың 95-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, төлем құжатының деректемелерін өзгертуіне жол берілмейді.";

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Банк төлем хабарламасын орындауға қабылдау кезінде бенефициардың пайдасына ақша аударымын жүзеге асыру міндеттемесін қабылдайды. Бюджетке төлемдерді төлеуге, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, аударымдарды және (немесе) жарналарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жиынтық төлемін төлеуге салынған қолма-қол ақшаны банк бенефициарға олар банкке салынған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға тиіс.";

      11-қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 213 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14339 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларында:

      1-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      5-қосымша Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      13-қосымшада:

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Банктік шотты пайдалана отырып және пайдаланбай төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірмелердің 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) 14-бағанда төлем белгілеу коды көрсетіледі.

      Шет елден келіп түскен төлемді және (немесе) ақша аударымын көрсеткен кезде 8, 9 және 14-бағандарды Нысанды ұсынатын тұлға корреспондент банктің немесе халықаралық жүйенің төлем құжаттарының және төлем және (немесе) ақша аударымы үшін негіз болып табылатын өзге құжаттардың негізінде толтырады.

      Мезеттік төлемдер жүйесі бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша:

      1) ақша жөнелтушінің банкі 8, 9-бағандарда резиденттік белгісін және ақша жөнелтушінің экономика секторын белгілейді, 11, 12-бағандар толтырылмайды, 14-бағанда - мезеттік төлемдер жүйесі бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы үшін көзделген төлем белгілеу кодын;

      2) бенефициар банкі 8, 9-бағандарды толтырмайды, 11, 12-бағандарда резиденттік белгісін және бенефициардың экономика секторын, 14-бағанда - бенефициар қызметінің түріне қарай төлем белгілеу кодын белгілейді.

      8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-бағандар бойынша операциялардың, төлемдер және (немесе) ақша аударымдарының өзге өлшемдерінің сәйкес келуін ескере отырып, резиденттіктің бір белгісі, экономика секторы, елі, төлем белгілеу коды бойынша деректер топтастырылады;".

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
төлемдер және төлем жүйелері
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
кейбір қаулыларының
тізбесіне 1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
аумағында қолма-қол ақшасыз
төлемдерді және (немесе) ақша
аударымдарын жүзеге асыру
қағидаларына
11-қосымша
Нысан

Кассир:

ТҮБІРТЕК
(Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына бірыңғай жиынтық төлем үшін)

Резидент


Бейрезидент


Ақша жөнелтуші ________________________________________
ЖСН (БСН) ______________________________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы және телефоны __________________________
_________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері _________________
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бенефициары
БСН __________________________________________________
ЖСК __________________________________________________
Бенефициар банкі _______________________________________
БСК__________________________________________________

Төлемнің атауы

ТБК

Сомасы

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар

012


Әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

017


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

121


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар

122


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

123


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

124


Бірыңғай жиынтық төлем

183


Барлығы (сомасы жазумен): _________________________________
Күні ___________________

Ақша жөнелтушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) _________________
Қолы ______________

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған күні

Кезең (айы, жылы)

Сомасы

1.






2.






3.


















Жиынтығы:

Ақша жөнелтушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) _________________________
Қолы __________
Күні _______________

Кассир:

ХАБАРЛАМА
(Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлі қоғамына бірыңғай жиынтық төлем үшін)

Резидент


Бейрезидент


Ақша жөнелтуші ___________________________________
ЖСН(БСН) __________________________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы және телефоны ____________________
___________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері ___________________________________________
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бенефициары
БСН _______________________________________________
ЖСК _______________________________________________
Бенефициар банкі ____________________________________
БСК _______________________________________________

Төлемнің атауы

ТБК

Сомасы

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар

012


Әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

017


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

121


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар

122


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

123


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

124


Бірыңғай жиынтық төлем

183



Ақша жөнелтушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) _______ қолы ______

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған күні

Кезең (айы, жылы)

Сомасы

1.






2.






3.


















Жиынтығы:

Ақша жөнелтушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ______________________
Қолы _______________
Күні _______________

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
төлемдер және төлем жүйелері
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
кейбір қаулыларының
тізбесіне 2-қосымша
  Төлем қызметтері туралы
мәліметтер беру қағидаларына
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан "Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер" Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Индекс: 1-PK

      Кезеңділік: ай сайын

      Ұсынатындар: электрондық терминалдары бар және (немесе) кәсіпкерлермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шарттарын жасасқан, интернет және мобильді банкинг қызметтерін көрсететін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

      3) төлем ұйымдары.

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атауы

POS-терминалдар саны (бірліктер)

Банкоматтар саны (бірлік)

банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы

кәсіпкерлердегі

қолма-қол ақша беру функциясымен

қолма-қол ақша беру және қабылдау функциясымен

тұрақты

мобильдік

1

2

3

4

5

6

Ақмола






Ақтөбе






Алматы






Атырау






Шығыс Қазақстан






Жамбыл






Батыс Қазақстан






Қарағанды






Қостанай






Қызылорда






Маңғыстау






Павлодар






Солтүстік Қазақстан






Түркістан облысы






Алматы қаласы






Астана қаласы






Шымкент қаласы






      кестенің жалғасы

Банктік киоскілердің саны (бірлік)

Төлем терминалдарының саны (бірлік)

Эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасаған кәсіпкерлердің саны (бірлік)

POS-терминал-дар және (немесе) ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдауға арналған өзге жабдық орнатылған сауда нүкте-лерінің саны (бірлік)

Интернетті және мобильді банкингті пайдаланушылардың саны (бірлік)

Барлық тіркелгені

Активті

7

8

9

10

11

12































      Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)

      _______________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы

      Орындаушы _________ __________________________________ ________

      лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)            қолы

      _______________

      телефон нөмірі

      Есепке қол қою күні 20 __ жылғы "_____" ____________

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған "Электрондық
терминалдардың саны
туралы мәліметтер"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2-тарау. Нысанды толтыру

      3. Нысанның 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-бағандарында көзделген мәліметтер облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша есепті айдың соңғы күні бойынша көрсетіледі.

      4. 2, 3, 4-бағандарда банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның немесе эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасасқан кәсіпкердің POS-терминалдарының саны орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

      5. 3-бағанда стационарлық (алып жүрмейтін) POS-терминалдар саны көрсетіледі.

      6. 4-бағанда мобильді (алып жүретін) POS-терминалдар саны көрсетіледі.

      7. 5 және 6-бағандарда функционалдық мүмкіндіктері бойынша бөлінген банкоматтар саны көрсетіледі.

      8. 7-бағанда банктік киоскілердің саны көрсетіледі.

      9. 8-бағанда есепті айдың соңғы күніндегі төлем терминалдарының саны көрсетіледі.

      10. 9-бағанда эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасасқан кәсіпкерлердің саны көрсетіледі.

      11. 10-бағанда төлем карточкаларын қабылдауға арналған POS-терминалдар және (немесе) өзге жабдық орнатылған сауда нүктелерінің саны көрсетіледі.

      12. 11-бағанда интернеттің және мобильді банкингтің тіркелген пайдаланушыларының саны көрсетіледі.

      13. 12-бағанда есепті кезеңде операциялар жүргізген интернет және мобильді банкинг пайдаланушыларының саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
төлемдер және төлем жүйелері
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
кейбір қаулыларының
тізбесіне 3-қосымша
  Көрсетілетін төлем қызметтері
туралы мәліметтер беру
қағидаларына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Төлем карточкалары бойынша мәліметтер" нысаны Есепті кезең: 20___ жылғы "_____" ________________

      Индекс: 2-PK

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатындар: төлем карточкаларының эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдын оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

Төлем карточкалары бойынша мәліметтер ______________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атауы

Төлем карточкасы жүйесінің атауы

Айналыстағы төлем карточкаларының саны (бірлік)

дебеттік

кредиттік лимиті бар дебеттік

кредиттік

алдын ала төленген

1

2

3

4

5

6

Ақмола






Ақтөбе






Алматы






Атырау






Шығыс Қазақстан






Жамбыл






Батыс Қазақстан






Қарағанды






Қостанай






Қызылорда






Маңғыстау






Павлодар






Солтүстік Қазақстан






Түркістан






Алматы қаласы






Астана қаласы






Шымкент қаласы






Қазақстан Республикасынан тыс жерде






      кестенің жалғасы

Пайдаланылған төлем карточкаларының саны (бірлік)

Төлем карточкаларын ұстаушылардың саны (адам)

дебеттік

кредиттік лимиті бар дебеттік

кредиттік

алдын ала төленген

7

8

9

10

11





















      Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)

      _______________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы

      Орындаушы _________ __________________________________ ________

      лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)            қолы

      _______________

      телефон нөмірі

      Есепке қол қою күні 20 __ жылғы "_____" ____________

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған "Төлем карточкалары
бойынша мәліметтер"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Төлем карточкалары бойынша мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Төлем карточкалары бойынша мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2-тарау. Нысанды толтыру

      3. 2-бағанда мәліметтер ұсынылатын төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі.

      4. 3, 4, 5, 6-бағандарда негізгі және қосымша төлем карточкаларын ескере отырып, есепті айдың соңғы күнінде айналысқа шығарылған төлем карточкаларының саны көрсетіледі.

      5. 7, 8, 9, 10-бағандарда негізгі және қосымша төлем карточкаларын ескере отырып, есепті айда операцияларды жүргізу және ақпараттық көрсетілетін банктік қызметті алу үшін пайдаланылған төлем карточкаларының саны көрсетіледі. Есепті айда бірнеше рет пайдаланылатын төлем карточкасы бір рет көрсетіледі.

      6. 11-бағанда есепті айдың соңғы күніндегі төлем карточкалары ұстаушыларының саны көрсетіледі. Бір ұстаушыда бірнеше төлем карточкалары болған жағдайда, осындай ұстаушы бір рет көрсетіледі.

      7. "Қазақстан Республикасынан тыс жерде" деген жолда банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым шетелде таратқан төлем карточкалары бойынша мәліметтер көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
төлемдер және төлем жүйелері
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
кейбір қаулыларының
тізбесіне 4-қосымша
  Көрсетілетін төлем қызметтері
туралы мәліметтер беру
қағидаларына
5-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Аймақтар бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" нысаны Есепті кезең: 20___ жылғы "_____" ________________

      Индекс: 5-PK

      Кезеңділік: ай сайын

      Ұсынатындар: төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

Аймақтар бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер ______________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атауы

Операция жүргізу ортасы

Төлем карточкасын пайдалана отырып

қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялар

операциялар саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

операциялар саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

Ақмола






Ақтөбе






Алматы






Атырау






Шығыс Қазақстан






Жамбыл






Батыс Қазақстан






Қарағанды






Қостанай






Қызылорда






Маңғыстау






Павлодар






Солтүстік Қазақстан






Түркістан






Алматы қаласы






Астана қаласы






Шымкент қаласы






      Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)

      _________________________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы

      Орындаушы __________ ______________________________ _____________

      лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)            қолы

      Есепке қол қойылған күні 20 __ жылғы "____" _____________

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған "Аймақтар бойынша
операциялардың саны мен
көлемі туралы мәліметтер"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Аймақтар бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Аймақтар бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ол бойынша мәліметтер операцияны жүргізу күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыру

      4. Нысанда төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ қолма-қол ақша беру операциялары бойынша мәліметтер қамтылады.

      5. Мәліметтер оны пайдалана отырып операция жүзеге асырылған жабдықтың орналасқан жері бойынша көрсетіледі. Операция интернет, мобильді телефон немесе қашықтан қол жеткізудің өзге жүйесі арқылы жүргізілген жағдайда мәліметтер банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесінде клиенттің банктік шотын ағымдағы жүргізу орны бойынша көрсетіледі.

      6. 2-бағанда операцияны жүргізу ортасы - электрондық терминалдың немесе қашықтан қол жеткізу жүйесінің атауы көрсетіледі.

      7. 3, 4, 5, 6-бағандарда қолма-қол ақшасыз төлемдері және (немесе) ақша аударымдары бойынша операциялардың, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі. Көрсетілген бағандарда көзделген операциялардың саны және сомасы операцияның мынадай белгілері бойынша операциялардың саны мен сомасын қосу арқылы есептеледі (банктік шоттан ақшаны есептен шығару кезінде):

      І - банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      IV - Қазақстан Республикасының басқа банктерінің, Қазақстан Республикасының банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      V - Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенттері шығарған, сондай-ақ эмитенттері Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын Қазақстан Республикасының банктері, Қазақстан Республикасының банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының төлем карточкаларын пайдалана отырып меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар.