РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12998 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптарда:
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Листинг комиссиясының құрамына қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) өкілі кіреді.";
21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қор биржасы болып табылатын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына негізгі функциялары мыналар:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) күмәнді мәмілелер туралы мәліметтерді уәкілетті органға жіберу;";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қадағалау бөлімшесінің қызметкерлері "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін күмәнді мәмілелерді анықтаған кезде күмәнді мәміле туралы есеп дайындайды, онда мыналар қамтылады:";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) оның негізінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәміле күмәнді мәмілелер санына жатқызылған өлшемшарттың сипаттамасы;".
2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |