Исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қарау қағидаларын, Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 298 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 18175 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қарау қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Исламдық бағалы қағаздарды шығару, айналысқа жіберумен өтеу және оларды мемлекеттік тіркеу, орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою қағидаларын, сондай-ақ Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 251 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13006 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 298 қаулысына
1-қосымша


Исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қарау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар исламдық бағалы қағаздар шығаруды (исламдық жалдау сертификаттарын және исламдық қатысу сертификаттарын) мемлекеттік тіркеу, исламдық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қарау талаптары мен тәртібін айқындайды.

2-тарау. Исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу тәртібі мен шарттары

      3. Ислам арнайы қаржы компаниясы (бұдан әрі – эмитент) исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) қағаз тасымалдағышта мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) исламдық бағалы қағаздың түрін көрсете отырып, еркін нысанда жасалған және эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті тұлға қол қойған өтініш (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып);

      2) исламдық бағалы қағаздар шығарудың құрылымы, орналастыру туралы, айналысқа жіберу және өтеу туралы, эмитент исламдық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижесінде алған қаражатты пайдалануы туралы, исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтер қамтылатын эмитент органының исламдық бағалы қағаздар шығару туралы шешімінің көшірмесі;

      3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен келісілген, осы қаулымен бекітілген Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидаларына қосымшаға сәйкес исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінің құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі;

      4) эмитент пен оригинатор жарғыларының көшірмелері (бар болса);

      5) эмитент пен оригинатордың арасында жасалған, оригинатордың сатып алу немесе мерзімінен бұрын өтеу, сондай-ақ исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде белгіленген эмитенттен мүлікті сатып алу жөніндегі міндеттемелерді қоса алғанда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындау талаптары айқындалатын шарттың көшірмесі;

      6) эмитенттің бөлінген активтерін құрайтын мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының көшірмесі (мүлікті сенімгерлікпен басқаруға берген кезде);

      7) оригинатордың соңғы жылға аудиторлық есебінің көшірмесі;

      8) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарт көшірмесі;

      9) аудиторлық есептермен расталған соңғы 2 (екi) қаржы жылы ішінде эмитенттің жылдық қаржылық есептілігінің көшірмесі, сондай-ақ аудиторлық есептердің көшірмелері (жаңадан құрылған эмитенттерді қоспағанда);

      10) исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін ұсынылған жағдайда соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмесі.

      Аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі болмаған жағдайда эмитент ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 маусым аралығындағы кезеңде уәкілетті органға соңғы аяқталған жылдың алдындағы 2 (екі) жылға қаржылық есептілікті ұсынады.

      Эмитент осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 4), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, егер аталған құжаттар исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды ұсынған күнге дейін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда, уәкілетті органға ұсынбайды.

      Эмитент ұсынатын жылдық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда және шығын туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептен және түсіндірме жазбадан тұрады.

      Эмитент ұсынатын аралық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда мен шығын туралы есептен тұрады.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент уәкілетті органға исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшін ұсынатын қаржылық есептілікті ағылшын тілінде ұсынуға рұқсат етіледі.

      4. Эмитент орталық депозитариймен уәкілетті органға исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынғанға дейін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге шарт жасайды.

      5. Исламдық бағалы қағаздардың номиналды құнын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалар құнына (құнының өзгеруіне) индекстеу жүзеге асырылмайды.

      6. Эмитент исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін:

      1) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда – эмитент атауының және оның орналасқан жерінің өзгеруін растайтын құжаттарды эмитент алған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      2) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда – эмитенттің тиісті органдары шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды уәкілетті органға ұсынады.

      7. Эмитент исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу мақсатында уәкiлеттi органға келесі құжаттарды қағаз тасымалдағышта ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған және эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті тұлға қол қойған өтініш (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып);

      2) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізуге негіз болған эмитент органы шешімінің көшірмесі;

      3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен келісілген, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне өзгерістер және (немесе) толықтырулар;

      4) электрондық көшірме түрінде *pdf форматында оған енгiзiлетiн өзгерістер және (немесе) толықтырулар (қазақ және орыс тiлдерiнде) қамтылатын исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсi;

      5) эмитенттің атауы, оның орналасқан жері өзгерген кезде, сондай-ақ исламдық қатысу сертификаттарының саны ұлғайған кезде исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы.

      8. Бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп, тігілген парақ санын көрсете отырып тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген соңғы парақтың артқы жағында эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолымен расталып (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып) ұсынылады.

      Құжаттардың көшірмелері көшірмесінің дұрыстығы көрсетіле отырып, эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталады.

      9. Уәкілетті орган исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттарды Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 8-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде қарайды.

      10. Эмитент исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган исламдық бағалы қағаздарды тіркеу туралы ілеспе хатпен Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің бір данасын эмитентке жібереді.

      11. Уәкілетті орган исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды оларды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      12. Уәкілетті орган эмитенттің исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу туралы ілеспе хатпен исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы өзгертілген куәлікті (эмитенттің атауы, оның орналасқан жері өзгерген кезде, сондай-ақ исламдық қатысу сертификаттарының саны ұлғайған кезде) және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтырулардың бір данасын эмитентке жібереді.

      13. Уәкілетті орган эмитент исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуге, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуге құжаттарды ұсыну талаптары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмегені анықталған жағдайда исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуден, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуден бас тартады.

      Исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуден және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуден бас тартылған жағдайда эмитент уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тартуды алған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде ескертулерді ескере отырып, уәкілетті органға құжаттарды қайта ұсынады.

      14. Эмитент исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу кезінде уәкілетті орган берген құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтқан жағдайда, эмитент құжаттардың телнұсқасын және (немесе) көшірмелерін алу қажет болған жағдайда уәкілетті органға исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын және исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің көшірмесін алу үшін өтініш береді.

      15. Уәкілетті орган эмитент бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы хабарламаның жарияланған күні туралы мәліметтерді көрсете отырып және осы хабарламаның көшірмесін қоса бере отырып не осы хабарлама орналастырылған интернет-ресурсқа сілтемені көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті берген кезде эмитентке исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын және (немесе) исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің көшірмелерін береді.

      Уәкілетті орган эмитентке өтінішті алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын және (немесе) исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің көшірмесін береді.

3-тарау. Исламдық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау тәртібі мен шарттары

      16. Эмитент исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау үшін уәкiлеттi органға қағаз тасымалдағышта мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған және эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қойған өтініш;

      2) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күні орталық депозитарий берген исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің көшірмесі;

      3) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есеп.

      17. Исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептің титул парағында мынадай ақпарат қамтылады:

      1) құжаттың атауы: "_______ бастап __________ аралығындағы кезеңде исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есеп";

      2) эмитенттің толық және қысқартылған атауы;

      3) "Уәкілетті органның исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуі инвесторларға исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепте сипатталған исламдық бағалы қағаздарды иеленуге қатысты қандай да бір ұсыныстарды беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың дәйектілігін растамайды. Эмитенттің лауазымды тұлғалары исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепте берілген бүкіл ақпараттың дәйекті және эмитент пен оның орналастырылатын исламдық бағалы қағаздарға қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтын болып табылатынын растайды." деген жазба болуы керек.

      18. Исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есеп мынандай мәліметтерді қамтиды:

      1) эмитенттің толық атауы;

      2) эмитенттің орналасқан жері;

      3) эмитенттің мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні және оның мемлекеттік тіркеуін (қайта тіркеуін) жүзеге асырған органның атауы;

      4) исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу (исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру) күні және халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды).

      5) исламдық бағалы қағаздар туралы мәліметтер:

      исламдық бағалы қағаздардың жалпы саны мен түрі;

      исламдық бағалы қағаздардың номиналды құны;

      6) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру туралы мәліметтер:

      исламдық бағалы қағаздарды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күні орналастырылған, сатып алынған және орналастырылмаған исламдық бағалы қағаздар саны;

      есепті кезеңде орналастырылған исламдық бағалы қағаздар саны, оның ішінде:

      исламдық бағалы қағаздарды орналастыру тәсілін (жазылу жолымен және (немесе) аукцион өткізу арқылы), тартылған ақша сомасын, аукцион өткізу арқылы исламдық бағалы қағаздарды орналастырған кезде – олардың өткізілу күнін және исламдық бағалы қағаздарды аукционда сатудың ең жоғарғы бағасын көрсете отырып бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында есепті кезеңде орналастырылған исламдық бағалы қағаздар саны;

      тартылған ақша сомасын, бастапқы және соңғы сауда-саттық күндерін, есепті кезеңде бір исламдық бағалы қағазды орналастырудың ең төменгі және ең жоғарғы бағасын, есепті кезеңдегі бір исламдық бағалы қағаздың нарықтық бағасын (есептелген жағдайда) көрсете отырып бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында есепті кезеңде орналастырылған исламдық бағалы қағаздар саны;

      7) тиісті шарттарды жасасу күні мен нөмірін көрсете отырып оригинатордың атауы мен орналасқан жері.

      19. Исламдық бағалы қағаздарды орналастырудың есептік кезеңі қатарынан күнтізбелік 12 (он екі) ай болады.

      Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiнде белгіленген исламдық бағалы қағаздарды орналастыру басталған күн орналастырудың бiрiншi есепті кезеңінің басталған күні болып табылады.

      Өткен есепті кезеңнің аяқталған күнінен кейінгі күн келесі есепті кезеңнің басталған күні болып табылады.

      Барлық исламдық бағалы қағаздарды эмитенттің жеке шотынан эмитенттің исламдық бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерінің жүйесінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарында жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін есептен шығару жөніндегі соңғы операцияны жүргізу күні не исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде белгіленген исламдық бағалы қағаздарды орналастыру мерзімінің аяқталған күні исламдық бағалы қағаздарды орналастыруды аяқтау күні болып табылады.

      Эмитент исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті орналастырудың есепті кезеңі аяқталған соң күнтізбелік 45 (қырық бес) күн iшiнде ұсынады.

      20. Уәкілетті орган исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті оны алған күннен кейін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.

      21. Эмитент исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау үшін уәкілетті органға қағаз тасымалдағышта мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған және эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қойған өтініш;

      2) исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есеп;

      3) эмитенттің исламдық бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімінің жабылуы туралы орталық депозитарийдің хабарламасы;

      4) эмитенттің (оригинатордың) исламдық бағалы қағаздарды өтеу жөніндегі өз міндеттемелерін орындауын растайтын төлем агентінің немесе эмитенттің хабарламасы (төлем агентімен шарт болмаған жағдайда).

      22. Исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есеп мынандай мәліметтерді қамтиды:

      1) эмитенттің және оригинатордың толық атауы;

      2) эмитенттің және оригинатордың мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні және оның мемлекеттік тіркеуін (қайта тіркеуін) жүзеге асырған органның атауы;

      3) эмитенттің және оригинатордың орналасқан жері;

      4) исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу күні және халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды);

      5) исламдық бағалы қағаздарды өтеу туралы мәліметтер:

      исламдық бағалы қағаздарды өтеу күні;

      исламдық бағалы қағаздарды өтеу үшін исламдық бағалы қағаздардың резервтік қорынан тартылған ақша сомасы;

      6) исламдық бағалы қағаздар бойынша төленген кірістің жиынтық мөлшері және өтеу сомасы (толық есептеуі келтіріледі).

      23. Эмитент исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есепті исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде белгіленген өтеу мерзімі аяқталған соң 1 (бір) ай iшiнде ұсынады.

      24. Уәкілетті орган исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есепті оны алған күннен кейін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.

      25. Исламдық бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептер қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тiлдерiнде 2 (екі) данада және электрондық көшірме түрінде *pdf форматында қазақ және орыс тiлдерiнде 1 (бір) данада жасалады.

      26. Қағаз тасымалдағыштағы исламдық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептер (қазақ және орыс тілдерінде) нөмірленіп, тігіліп, тігілген парақ санын көрсете отырып тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген соңғы парақтың артқы жағында эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолымен расталып (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып) ұсынылады.

      27. Эмитент исламдық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарауға ұсынған құжаттар Қағидалардың 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган эмитентке бекітілген исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есепті жібереді.

      28. Уәкілетті орган исламдық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау тәртібі мен талаптарын бұзған жағдайда исламдық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді бекітуден бас тартады.

      29. Исламдық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тартылған жағдайда эмитент уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды бас тартуды алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға құжаттарды қайта ұсынады.

      30. Бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп, тігілген парақ санын көрсете отырып тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген соңғы парақтың артқы жағында эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолымен расталып (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып) ұсынылады.

      Құжаттардың көшірмелері көшірмесінің дұрыстығы көрсетіле отырып, эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталады.

4-тарау. Исламдық бағалы қағаздар шығаруды жою тәртібі мен шарттары

      31. Эмитент исламдық бағалы қағаздар шығаруды жою үшін уәкілетті органға қағаз тасымалдағышта мынандай құжаттарды ұсынады:

      1) исламдық бағалы қағаздардың күшін жою негізін көрсете отырып, эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қойған исламдық бағалы қағаздар шығаруды жою туралы өтініш;

      2) исламдық бағалы қағаздар шығаруды жою туралы шешімін қабылдаған эмитентінің органы шешімінің көшірмесі;

      3) исламдық бағалы қағаздар шығаруды, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқалары;

      4) эмитенттің органы исламдық бағалы қағаздар шығаруды жою туралы шешім қабылдаған күніне исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың болмағаны туралы орталық депозитарийдің хабарламасы (егер осы шығарылымның ешбір исламдық бағалы қағазы орналастырылмаған жағдайда).

      Қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау рәсімдерін жүзеге асырған кезде эмитент осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша, сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарының көшірмесін қоса бере отырып, эмитентті қайта құрылымдау жүргізу туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады.

      Мәжбүрлі тәртіппен таратылатын эмитенттің тарату комиссиясы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша тарату процессінің аяқталуын растайтын құжаттарды (тарату балансының көшірмесін) ұсынады.

      32. Эмитент уәкілетті орган берген құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтып алған жағдайда, эмитенттің жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты жариялау және уәкілетті органға бұл туралы ақпаратты ұсыну талабымен Қағидалардың 31-тармағының 3) тармақшасында сәйкес талап етілетін осы құжаттарды ұсынбайды.

      33. Эмитент уәкілетті органға исламдық бағалы қағаздар шығаруды жоюға ұсынған құжаттар оларды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.

      34. Эмитент исламдық бағалы қағаздар шығаруды жоюға ұсынған құжаттар Қағидалардың 31 және 32-тармақтарынының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган исламдық бағалы қағаздарды шығаруды жояды және эмитентке ілеспе хатпен Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық бағалы қағаздар шығаруды жою туралы куәлікті жібереді.

      Исламдық бағалы қағаздарды шығару исламдық бағалы қағаздар шығаруды жою туралы куәлікте көрсетілген күннен бастап жойылады.

      35. Уәкілетті орган эмитент исламдық бағалы қағаздар шығаруды жою тәртібі мен талаптарын бұзған жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып исламдық бағалы қағаздар шығаруды жоюдан бас тартады.

      Исламдық бағалы қағаздар шығаруды жоюдан бас тартылған жағдайда, эмитент уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тартуды алған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға құжаттарды қайта ұсынады.

      36. Бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп, тігілген парақ санын көрсете отырып тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген соңғы парақтың артқы жағында эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолымен расталып (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып) ұсынылады.

      Құжаттардың көшірмелері көшірмесінің дұрыстығы көрсетіле отырып, эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталады.

      37. Эмитент исламдық бағалы қағаздар шығаруды жою кезінде уәкілетті орган берген исламдық бағалы қағаздар шығаруды жою туралы куәліктің түпнұсқасын жоғалтқан жағдайда, эмитент исламдық бағалы қағаздар шығаруды жою туралы куәліктің телнұсқасын алу қажет болған жағдайда уәкілетті органға исламдық бағалы қағаздар шығаруды жою туралы куәлікті алу үшін өтініш береді.

      Уәкілетті орган эмитент бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы хабарламаның жарияланған күні туралы мәліметтерді көрсете отырып еркін нысанда жасалған өтінішті берген кезде эмитентке исламдық бағалы қағаздар шығаруды жою туралы куәліктің телнұсқасын береді.

      Уәкілетті орган эмитентке өтінішті алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде эмитентке исламдық бағалы қағаздар шығаруды жою туралы куәліктің телнұсқасын береді.

  Исламдық бағалы қағаздар
шығаруды мемлекеттік тіркеу,
оларды орналастыру және өтеу,
сондай-ақ жоюдың қорытындылары
туралы есептердi қарау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

(қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының бейнесі бар бланкісінде басылады) Исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 262 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

20_ жылғы "___" __________ № ______

Алматы қаласы

      __________________________________________________________________

      (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және

      қадағалау жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________

      _________________________________________________________тіркелген

      (эмитенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге алды.

      Шығарылым

      ________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (исламдық бағалы қағаздардың саны цифрмен және жазбаша, халықаралық

      сәйкестендіру нөмiрi (ISIN коды) берiлген исламдық бағалы қағаздар түрi)

      ________________________________________________________

      исламдық бағалы қағаздарға бөлiнген.

      Бір исламдық бағалы қағаздың номиналды құны _____________________

      ____________________________________________________________теңге.

      (цифрмен және жазумен)

      Шығарылым көлемі

      _______________________________________________

      (шығарылатын исламдық бағалы қағаздар жиынтық

      ________________________________________________ теңге болады.

      номиналды құны цифрмен және жазумен)

      Исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ауыстырылған жағдайда толтырылады):

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      _________________________________________________________________.

      Төрағаның орынбасары ____________ ______________________________

      (қолы)            (тегі, инициалдары)

      Мөр орны

  Исламдық бағалы қағаздар
шығаруды мемлекеттік тіркеу,
оларды орналастыру және өтеу,
сондай-ақ жоюдың қорытындылары
туралы есептердi қарау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

(қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының бейнесі бар бланкісінде басылады) Исламдық бағалы қағаздар шығарылымын жою туралы куәлік

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 262 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

20 __ жылғы "___"_________ № ______

Алматы қаласы

      _________________________________________________________________

      (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және

      қадағалау жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)

      ________________________________________________________________

      (эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні,

      ________________________________________________________

      тіркелген тіркеуші органның атауы)

      _______________________________________________________________

      (бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      исламдық бағалы қағаздар шығарылымын жойды.

      Шығарылым

      _______________________________________________________

      (исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді

      ________________________________________________________________

      жүзеге асырған органның атауы,

      _______________________________________________________ тіркелген.

      күні, айы, жылы)

      Исламдық бағалы қағаздар шығарылымына берiлген халықаралық сәйкестендіру нөмiрi (ISIN коды) ____________________________________

      Шығарылым __________________________________________________

      (исламдық бағалы қағаздардың саны цифрмен және жазбаша,

      __________________________________________________________ бөлінген.

      исламдық бағалы қағаздар түрі)

      Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы ___________________________

      _________________________________________________________________

      ______________________________________________ байланысты жойылды.

      (күшін жою себебі)

      Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы ___________________________

      _________________________________________________________________

      ______________________________________ бастап жойылды деп есептелсін.

      (күні, айы, жылы)

      Төрағаның орынбасары ____________ _____________________________

      (қолы)                  (аты-жөні)

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 298 қаулысына
2-қосымша

Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидалары

      1. Осы Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу тәртібін айқындайды.

      2. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі Қағидаларға қосымшаға сәйкес исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      3. Қаржылық есептілікке сәйкес көрсетілетін эмитенттің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты қоспағанда, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіндегі мәліметтер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы айдың соңғы жұмыс күнінде келтіріледі.

      4. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің титул бетінде мыналар қамтылады:

      1) құжаттың атауы: "Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі";

      2) эмитенттің толық және қысқартылған атауы;

      3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің толық атауын және келісу күнін көрсете отырып, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен келісу туралы мәліметтер;

      4) мынадай жазба:

      "Уәкілетті органның исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеуі инвесторларға проспектіде сипатталған исламдық бағалы қағаздарды иеленуге қатысты қандай да бір ұсынымдар беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың дәйектілігін растамайды.

      Эмитенттің лауазымды тұлғалары онда берілген бүкіл ақпарат дәйекті және эмитент пен оның исламдық бағалы қағаздарына қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтын болып табылатынын растайды.

      Исламдық бағалы қағаздар айналыста болған кезеңде эмитент Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында бағалы қағаздар нарығында ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді".

      5. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тiлдерiнде 2 (екі) данада және электрондық көшірме түрінде *pdf форматында қазақ және орыс тiлдерiнде 1 (бір) данада жасалады.

      6. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың титул парағында мыналар қамтылады:

      1) құжаттың атауы: "Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар";

      2) эмитенттің толық және қысқартылған атауы;

      3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің толық атауын және келісу күнін көрсете отырып, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен келісу туралы мәліметтер;

      4) мынадай жазба:

      "Эмитенттің лауазымды тұлғалары исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне осы өзгерістерде және (немесе) толықтыруларда берілген бүкіл ақпараттың дәйекті және эмитент пен оның орналастырылатын исламдық бағалы қағаздарына қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтын болып табылатынын растайды.".

      7. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің тиісті тармақтары жаңа редакцияда жазылады.

      8. Исламдық жалдау сертификаттары шығарылымының проспектісіне енгізілетін өзгерістерде және (немесе) толықтыруларда исламдық жалдау сертификаттарының бастапқыда тіркелген санын ұлғайту мүмкіндігі көзделмеген.

      9. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тiлдерiнде 2 (екі) данада және электрондық көшірме түрінде *pdf форматында қазақ және орыс тiлдерiнде 1 (бір) данада жасалады.

      10. Эмитенттің уәкілетті органға беретін қағаз тасымалдағыштағы исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті адам (растаушы құжаттардың көшірмелерін ұсына отырып) қол қояды.

  Исламдық бағалы қағаздар
шығарылымының проспектісін,
исламдық бағалы қағаздар
шығарылымының проспектісіне
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды жасау және
ресімдеу қағидаларына
қосымша

Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің құрылымы 1-тарау. Эмитенттің атауы және оның орналасқан жері туралы ақпарат

      1. Құрылтай құжаттарына сәйкес эмитент туралы ақпарат:

      1) эмитентті бастапқы мемлекеттік тіркеу күні;

      2) эмитентті мемлекеттік қайта тіркеу күні (қайта тіркеу жүзеге асырылған жағдайда);

      3) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын (бар болса) тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;

      4) эмитенттің атауы өзгерген жағдайда оның барлық бұрынғы толық және қысқаша атаулары, сондай-ақ олардың өзгертілген күндері көрсетіледі;

      5) егер эмитент заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) эмитентке қатысты құқық мирасқорлығы туралы мәліметтер көрсетіледі;

      6) эмитенттің филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда, заңды тұлғалар филиалдарының (өкілдіктерінің) есептік тіркелуі туралы анықтамаға сәйкес олардың атаулары, тіркелген күндері, орналасқан жерлері және эмитенттің барлық филиалдары мен өкілдіктерінің пошта мекенжайлары көрсетіледі;

      7) эмитенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      8) ISO 17442 "Financial services – Legal Entity Identifier" (LEI) халықаралық стандартына сәйкес Legal Entity Identifier коды (бар болса).

      2. Егер эмитенттің нақты мекенжайы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген эмитенттің орналасқан жерінен ерекшеленген жағдайда, байланыс телефондарының, факстың нөмірлерін және электрондық пошта мекенжайын, сондай-ақ нақты мекенжайын көрсете отырып, эмитенттің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес орналасқан жері.

      3. Оригинатор туралы жалпы мәліметтер:

      1) оригинатордың қазақ, орыс және ағылшын (бар болса) тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;

      2) оригинаторды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      3) оригинатордың атауы өзгерген жағдайда оның барлық алдыңғы толық және қысқартылған атаулары, сондай-ақ олар өзгертілген күндер көрсетіледі;

      4) егер оригинатор заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) оригинаторға қатысты құқықтық мирасқорлық туралы мәліметтер көрсетіледі;

      5) оригинатордың филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда олардың атаулары, тіркеу (қайта тіркеу) күндері, заңды тұлғалардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу туралы анықтамаға сәйкес оригинатордың барлық филиалдары мен өкілдіктерінің орналасқан жері және пошта мекенжайлары көрсетіледі;

      6) оригинатордың бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      7) егер оригинатордың нақты мекенжайы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген оригинатордың орналасқан жерінен ерекшеленген жағдайда, байланыс телефондарының, факстың нөмірлерін және электрондық пошта мекенжайын, сондай-ақ нақты мекенжайын көрсете отырып, оригинатордың заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес орналасқан жері.

2-тарау. Исламдық бағалы қағаздар туралы, оларға ақы төлеу тәсілдері және олар бойынша кіріс алу туралы мәліметтер

      4. Исламдық бағалы қағаздар шығару туралы мәліметтер:

      1) исламдық бағалы қағаздың түрі;

      2) бір исламдық бағалы қағаздың номиналды құны (егер бір исламдық бағалы қағаздың номиналды құны индекстелген шама болып табылса, онда бір исламдық бағалы қағаздың номиналды құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) исламдық бағалы қағаздардың саны;

      4) исламдық бағалы қағаздар шығарудың жалпы көлемі;

      5) исламдық бағалы қағаздар бойынша номиналды құнының валютасы, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы.

      5. Орналастырылатын исламдық бағалы қағаздарға ақы төлеу тәсілі.

      6. Исламдық бағалы қағаздар бойынша кіріс алу:

      1) исламдық бағалы қағаздар бойынша кірістер мөлшерін айқындау тәртібі;

      2) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыларға исламдық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеу мерзімі мен шарттары;

      3) резервтік қорын қалыптастыру тәртібі, оның ішінде эмитенттің бөлінген активтерінің құрамындағы осы қорды жасауға және одан әрі қалыптастыруға бағытталған алынған кірістің пайызы, сондай-ақ резервтік қорының қаражатын пайдалану туралы мәліметтер;

      4) инвестициялық жоба бойынша кірісті эмитент пен оригинатордың арасында бөлу тәртібі және пайыздық арақатынасы (исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде);

      5) бөлінген активтерді сенімгерлік басқарушыға (оригинаторға) төленетін комиссиялық сыйақы мөлшері (исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде).

      7. Қаржыландыру объектісіне қойылатын талаптар (исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде).

3-тарау. Исламдық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысы, өтеу шарттары мен тәртібі

      8. Исламдық бағалы қағаздарды орналастыру шарттары мен тәртібі:

      1) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру басталған күн;

      2) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күн;

      3) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру жоспарланған нарық (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы).

      9. Исламдық бағалы қағаздар айналысының шарттары мен тәртібі:

      1) исламдық бағалы қағаздар айналысы басталған күн;

      2) исламдық бағалы қағаздар айналысы аяқталған күн;

      3) айналыс мерзімі;

      4) исламдық бағалы қағаздар айналысы жоспарланған нарық (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы).

      10. Исламдық бағалы қағаздарды өтеу шарттары мен тәртібі:

      1) исламдық бағалы қағаздарды өтеу күні;

      2) исламдық бағалы қағаздарды өтеу тәсілі;

      3) егер исламдық бағалы қағазды өтеу кезінде кіріс пен номиналды құнын төлеу исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне сәйкес өзге мүліктік құқықтармен жүргізілетін болса, осы құқықтардың, олардың сақталу тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың, сондай-ақ осы құқықтардың өтуін іске асыру тәртібінің сипаттамасы келтіріледі.

4-тарау. Олар болса – ковенанттар (шектеулер)

      11. Егер эмитент исламдық бағалы қағаздарды шығару кезінде ковенанттар (шектеулер) қабылдаған жағдайда:

      1) эмитент қабылдайтын ковенанттардың (шектеулердің) сипаттамасы;

      2) эмитенттің ковенанттар (шектеулер) бұзылған кездегі әрекеттерінің тәртібі;

      3) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың ковенанттар (шектеулер) бұзылған кездегі әрекеттерінің тәртібі.

5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды конвертациялау шарттары, мерзімдері мен тәртібі (конвертацияланатын бағалы қағаздарды шығару кезінде)

      12. Конвертацияланатын исламдық бағалы қағаздарды шығару кезінде қосымша мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) исламдық бағалы қағаздар конвертацияланатын акциялардың түрi, саны және орналастыру бағасын айқындау тәртібі, осындай акциялар бойынша құқықтар;

      2) исламдық бағалы қағаздарды конвертациялау тәртібі мен шарттары (егер исламдық бағалы қағаздарды шығару толығымен конвертацияланатын болса, конвертациялау аяқталған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде исламдық бағалы қағаздарды шығару жоюға жататыны көрсетіледі, егер исламдық бағалы қағаздарды шығару толығымен конвертацияланбайтын болса, осы шығарудың сатып алынған исламдық бағалы қағаздары одан әрі орналастырылуға тиіс емес екені, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).

6-тарау. Исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты

      13. Исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану:

      1) эмитент исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаты мен тәртібі;

      2) осындай өзгерістер көрсетіле отырып, басталған кезде алынған ақшаны бөлудің жоспарлауындағы өзгерістер болатын жағдайлар, исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынатын мүлікті бағалаушы жүргізген бағалау тәртібі мен мерзімдері.

7-тарау. Эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) он және одан көп пайызын иеленетін құрылтайшылары туралы немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер

      14. Эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) он және одан көп пайызын иеленетін құрылтайшылары туралы немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер:

      1) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін);

      2) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);

      3) эмитенттің құрылтайшыға немесе ірі акционерге (қатысушыға) тиесілі дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң эмитенттің дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      4) құрылтайшы немесе ірі акционер (қатысушы) эмитенттің дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң он және одан көп пайызын иелене бастаған күн.

8-тарау. Эмитенттің басқару органы және атқарушы органы туралы мәліметтер

      15. Эмитенттің басқару органы туралы мәліметтер:

      1) эмитенттің директорлар кеңесінің немесе байқаушы кеңесінің (директорлар кеңесіндегі тәуелсіз директорды (директорларды) көрсете отырып) төрағасы мен мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) директорлар кеңесі немесе байқаушы кеңесі мүшелерінің сайланған күні және хронологиялық тәртіппен соңғы 3 (үш) жылда және қазіргі уақытта олардың еңбек қызметі;

      3) эмитенттің директорлар кеңесі мүшелерінің әрқайсысына тиесілі эмитенттің дауыс беретін акцияларының немесе эмитенттің байқаушы кеңесі мүшелерінің әрқайсысына тиесілі эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерiнiң, эмитенттің дауыс беретін акцияларының пайыздық арақатынасы немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерiнiң пайыздық арақатынасы;

      4) эмитенттің еншілес және тәуелді ұйымдарындағы директорлар кеңесі немесе байқаушы кеңесі мүшелерінің әрқайсысына тиесілі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      16. Алқалы орган немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға:

      1) атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не эмитенттің алқалы атқарушы органы басшысының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның немесе алқалы атқарушы органы мүшелерінің өкілеттіктерін көрсете отырып, сайланған күні және хронологиялық тәртіппен соңғы 3 (үш) жылда және қазіргі уақытта олардың еңбек қызметі;

      3) эмитенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаға немесе эмитенттің алқалы атқарушы органы мүшелерінің әрқайсысына тиесілі дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң эмитенттің дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      17. Егер эмитенттің атқарушы органының өкілеттіктері басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берілсе, онда мыналар көрсетіледі:

      1) басқарушы ұйымның толық және қысқартылған атауы, оның орналасқан жері;

      2) басқарушы ұйымның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не басқарушы ұйымның алқалы атқарушы органы мүшелерінің және директорлар кеңесі (байқаушы кеңесі) мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың сайланған күні және хронологиялық тәртіппен соңғы 2 (екі) жылда олардың еңбек қызметі;

      4) басқарушы ұйымның осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларға тиесілі дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) басқарушы ұйымның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      5) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларға тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң эмитенттің жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      Осы тармақтың талаптары акционерлік қоғамдарға қолданылмайды.

9-тарау. Эмитент қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері

      18. Эмитент қызметінің негізгі түрлерінің сипаттамасы.

      19. Эмитенттің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) өздері өндіретін немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құнының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын көлемде тұтынушылар мен жеткізушілер туралы мәліметтер.

      20. Әрбір активтің тиісті баланстық құнын көрсете отырып, эмитент активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын эмитент активтері.

      21. Эмитент активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан көп пайызы мөлшердегі дебиторлық берешек:

      1) эмитенттің алдындағы берешегі эмитент активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын эмитент дебиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (жуырдағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      22. Эмитент міндеттемелерінің баланстық құнының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын эмитенттің кредиторлық берешегі:

      1) эмитент кредиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (жуырдағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      23. Эмитенттің қызметінен оның аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы 2 (екі) аяқталған қаржы жылында алынған ақша қаражатының таза ағыны.

10-тарау. Эмитент және оның орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары туралы қосымша мәлімет

      24. Исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыға берілетін құқықтар:

      1) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде қарастырылған мерзімде исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде белгіленген кірісті алу құқығы;

      2) исламдық бағалы қағаздар сатып алуды талап ету құқығын іске асыру шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін көрсете отырып, оның ішінде исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде көзделген ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде эмитенттің немесе оригинатордың осындай құқығы.

      Исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 32-4 бабының 6-тармағында белгіленген жағдайларда оригинатормен исламдық қатысу сертификаттарын сатып алуды талап ету құқығы қосымша көрсетіледі;

      3) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыларға берілетін қосымша құқықтар.

      25. Эмитенттің исламдық бағалы қағаздарды өтеу сәтіне дейін кіріс және негізгі борыш төлемінің әр кезеңі бөлігінде кіріс төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажет ақшалай қаражат көздері мен ағындарының болжамы.

      26. Эмитент орналастыратын исламдық бағалы қағаздарды сатып алуға байланысты тәуекелдер:

      1) салалық тәуекелдер – эмитенттің саласындағы оның қызметіне және бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына нашарлауы мүмкін жағдайының әсері сипатталады. Эмитенттің пікірі бойынша, салада болуы мүмкін аса маңызды өзгерістер (ішкі және сыртқы нарықта бөлек) келтіріледі.

      Эмитенттің өз қызметінде пайдаланатын шикізатқа, қызметтеріне бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың эмитент қызметіне және олардың бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерді орындауына ықпалы бөлек сипатталады.

      Эмитенттің өніміне және (немесе) қызметтеріне бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың эмитент қызметіне және олардың бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерді орындауына ықпалы бөлек сипатталады;

      2) қаржы тәуекелдері – эмитенттің пайыздық мөлшерлемелердің, шетел валюталарының айырбас бағамының, сондай-ақ бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарының нарықтық бағасының қолайсыз өзгеруіне байланысты қаржылық жағдайының тәуекелдерге ұшырағыштығы сипатталады.

      Эмитенттің қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің теңгерімсіздігі нәтижесінен (оның ішінде эмитенттің бір немесе бірнеше контрагентінің қаржылық міндеттемелерді уақтылы орындамауы салдарынан) туындайтын өз міндеттемелерін толық көлемде орындауын қамтамасыз етуге мүмкіндігінің болмау және (немесе) эмитенттің қаржылық міндеттемелерін дереу және бір реттік орындауына күтпеген жерден қажеттілік туындауы салдарынан болған эмитенттің пайда болған шығындарымен байланысты тәуекелдер бөлек сипатталады.

      Эмитенттің қаржылық есептілігі көрсеткіштерінің қайсысы қаржылық тәуекелдердің ықпал ету нәтижесінде өзгеріске аса ұшырағыштығы, олардың пайда болуы ықтималдығы және есептіліктегі өзгерістердің сипаты көрсетіледі;

      3) құқықтық тәуекел – эмитенттің мыналардың:

      Қазақстан Республикасының валюталық, салықтық, кедендік заңнамасының өзгеруі:

      эмитенттің негізгі қызметін лицензиялау талаптары;

      эмитенттің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын және жасалған шарттардың талаптарын сақтамауы;

      қызметті жүзеге асырудағы жіберілген құқықтық қателіктер (дұрыс емес заң консультациясын алу немесе құжаттарды дұрыс жасамау, оның ішінде сот органдарындағы даулы мәселелерді қарастыру кезінде) салдарынан шығынның туындау тәуекелін сипаттайды;

      4) іскерлік беделінен айырылу тәуекелі (беделдік тәуекел) – эмитенттің қаржылық тұрақтылығы, қаржылық жағдайы, оның өнім (жұмыс, қызмет) сапасы немесе жалпы қызмет сипаты туралы теріс ұғым қалыптасу салдарынан эмитент клиентінің (контрагенттері) санының азаюы нәтижесінде залал шегу тәуекелінің туындауы мүмкін екені сипатталады;

      5) стратегиялық тәуекел – эмитенттің қызмет және даму стратегиясын (стратегиялық басқаруын) анықтайтын шешімдерді қабылдау кезінде жіберілген қателік (кемшілік) нәтижесінде туындауы мүмкін және эмитенттің қызметіне қауіп төндіруі мүмкін ықтимал катерді есепке алмағанында немесе тиісті түрде есепке алмағанында білінетін, эмитент бәсекелестерінің алдында басымдыққа ие болуы мүмкін қызметінің келешегі бар бағыттарын дұрыс емес немесе толық негіздемесіз белгіленгенін, эмитент қызметінің стратегиялық мақсатына қолжеткізуді қамтамасыз етуі тиіс қажетті ресурстардың (қаржылық, материалды-техникалық, адами) және ұйымдастыру шараларының жоқтығын немесе толық көлемде қамсыздандырылмағанын көрсететін тәуекел;

      6) эмитенттің қызметіне байланысты тәуекел – тек эмитентке тән немесе қоғамның жүргізетін негізгі қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты тәуекелдер сипатталады, соның ішінде мынаған байланысты тәуекелдер:

      эмитенттің белгілі бір қызмет түрін жүргізуге немесе айналыста болуы шектелген объектілерді (оның ішінде табиғи ресурстарды) пайдалануға лицензияның қолданыс мерзімін ұзарту мүмкіндігінің жоқтығы;

      эмитенттің үшінші тұлғалардың, оның ішінде эмитенттің еншілес қоғамдарының борыштары бойынша ықтимал жауапкершіліктері;

      айналымына эмитент өнімін (жұмысын, қызметін) сатудан түскен жалпы түсімінен кем дегенде 10 пайызы келетін тұтынушыдан айырылу ықтималдығы;

      7) елдік тәуекел – экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістерге байланысты шетелдік контрагенттердің (заңды, жеке тұлғалардың) міндеттемелерін орындамау салдарынан, сондай-ақ ақшалай міндеттеменің валютасы контрагент үшін өз резидент елінің заңнамасының ерекшеліктеріне байланысты қолжетімді болмауы салдарынан (контрагенттің өзінің қаржылық жағдайына қарамастан) эмитенттің шығынға ұшырау қаупін сипаттайды;

      8) операциялық тәуекел – эмитенттің қызметкерлері жасаған ішкі процестерді жүзеге асырудағы кемшіліктер немесе қателер, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың дұрыс жұмыс істемеуі, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан болатын шығыстар (шығындар) тәуекелін сипаттайды.

      27. Эмитенттің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғалары бар болса, осындай әр заңды тұлға бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) толық және қысқартылған атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), орналасқан жері;

      2) заңды тұлғаны эмитентке қатысты еншілес және (немесе) тәуелді ден тану негізі;

      3) егер еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлға акционерлік қоғам болған жағдайда, эмитенттің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің көлемі - сондай акционерлік қоғамның эмитентке тиесілі дауыс беруші акцияларының пайыздық арақатынасы.

      28. Эмитент жарғылық капиталының он және одан көп пайызына иелік ететін ұйымдар туралы мәлімет осындай әр ұйым бойынша мыналар көрсетіледі:

      толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса);

      эмитенттің жарғылық капиталындағы үлесі, ал сондай ұйым акционерлік қоғам болған жағдайда - сондай акционерлік қоғамның эмитентке тиесілі дауыс беруші акцияларының пайыздық арақатынасы.

      29. Исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер:

      1) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылар өкілінің толық және қысқартылған атауы;

      2) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылар өкілімен эмитент жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      30. Эмитенттің төлем агенті туралы мәліметтер (бар болса):

      1) төлем агентінің толық және қысқартылған атауы;

      2) төлем агентінің және оның бағалы қағаздар бойынша кірістерді (исламдық бағалы қағаздардың номиналды құнын) төлейтін барлық филиалдарының орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері, деректері;

      3) төлем агентімен эмитент жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      31. Эмитенттің консультанттары туралы мәліметтер (Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету жөнінде шарт жасасу міндеті белгіленген жағдайда):

      1) исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның толық және қысқартылған атауы;

      2) исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғамен эмитент жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      Эмитенттің өзге де консультанттары туралы мәліметтер, егер эмитенттің пікірі бойынша, мұндай мәліметтерді жария ету эмитенттің исламдық бағалы қағаздарын сатып алу туралы шешім қабылдау үшін маңызды болса, осы тармақта көрсетіледі.

      32. Эмитенттің аудиторлық ұйымы туралы мәліметтер:

      1) аяқталған соңғы 2 (екі) қаржы жылында эмитенттің қаржы есебінің аудитін олардың тиісінше тіркелген кәсіптік аудиторлық ұйымдарға тиістілігін көрсете отырып жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдардың толық атауы;

      2) телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы (бар болса).

      33. Исламдық жалдау сертификаттарын шығару кезінде мыналар:

      1) қолданыстағы жалдау (қаржы лизингі) шартын бұзған жағдайда жаңа жалдау (қаржы лизингі) шартын жасасу шарттары мен мерзімі;

      2) исламдық жалдау сертификаттарын ұстаушыларды және (немесе) олардың өкілін жалдау (қаржы лизингі) шартын жасасу (бұзу) фактісі туралы хабардар ету тәртібі мен мерзімі;

      3) берілген активтерді құрайтын мүлікті жалдау (қаржы лизингі) шарты бойынша түсетін төлемдерді бөлу тәртібі мен мерзімі;

      4) берілген активтердің құрамына кіретін мүлік пен талап ету құқықтары туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сатып алу шарттары, тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.

      34. Берілген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау тәртібі.

      35. Оригинатордың эмитентті тарататын шарттары.

      36. Эмитент инвестициялық жобада акцияларды (қатысу үлестерін) оригинаторға сенімгерлік басқаруға берген жағдайда, осы акцияларды (қатысу үлестерін) беру тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.