Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 қаңтарда № 18163 болып тіркелді

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Республикалық бюджеттің

      атқарылуын бақылау жөніндегі

      есеп комитеті

  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2018 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 1133 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 591 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12503 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 14 қаңтарда жарияланған):

      орналасуы үшін көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымдары тізбесінде:

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметінің басшысы;";

      он алтыншы және он жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметінің бас инспекторы – мемлекеттік аудиторы;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы;".

      2. "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 сәуірде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 11) тармақшасына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі бақылау қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, бірінші басшысының қарауы бойынша штат саны шеңберінде құрылатын орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдар ведомстволары (құрылған болса), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтерінің (бұдан әрі – ішкі аудит қызметтері) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу тәртібін анықтайды.";

      91-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары ведомстволық бағынысты аумақтық органдары ішкі аудит қызметтерінің стандарттарды және Қағидаларды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.".

      3. "Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау" ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16878 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 мамырда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау" ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      2-тармақта орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі редакция өзгермейді.