Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 918 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 18075 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 495 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8314 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 6 сәуірдегі № 101 (28040) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 918 бұйрығымен бекітілген

Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.05.2021 № 371-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық стандарттарды (ұлттық әскери стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) стандарттау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – стандарттау саласында басшылық етуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі – техникалық реттеу тізілімдеріндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің, ұлттық стандарттау жүйесінің және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінің мәліметтері мен ақпараттарын сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе.

2-тарау. Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу тәртібі

      3. Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды (бұдан әрі - стандарттау жөніндегі құжаттар) әзірлеу Заңның 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін ұлттық стандарттау жоспарына сәйкес және (немесе) бастамашылық тәртіппен жүзеге асырылады.

      Бастамашылық тәртіппен әзірленетін стандарттау жөніндегі құжаттар туралы ақпарат, оларды әзірлеу басталғанға дейін әзірлеуші стандарттау жөніндегі ұлттық органға (бұдан әрі – СҰО) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электронды түрде не қағаз нұсқасы түрінде жолдайды.

      СҰО әзірленетін стандарттау жөніндегі құжаттар туралы ақпаратты келіп түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тексереді және әзірлеушіге қолданыстағы және әзірлеуге жоспарланған стандарттау жөніндегі құжаттардың қайталануы анықталғаны немесе болмауы туралы хабарлайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 № 350-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Стандарттау жөніндегі құжаттар:

      1) ғылыми зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер нәтижелерін;

      2) халықаралық, өңірлік стандарттар, ұйымдардың стандарттарын, шет мемлекеттердің стандарттарын және стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін өзге де құжаттарды;

      3) өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін қолдануда жиналған практикалық тәжірибені ескере отырып әзірленеді.

      Ғылыми зерттеулер мен өлшемдер негізінде әзірленетін стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу кезеңі 3 (үш) жылдан аспауға тиіс.

      5. Стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуді ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілері жүзеге асырады.

      6. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауышы экономика салаларында пайдаланылатын және есепке алуды талап ететін техникалық-экономикалық ақпараттың негізгі түрлері бойынша әзірленеді.

      7. Стандарттау жөніндегі ұсынымдар стандарттау, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысты, тиісті стандартты қолдануға ықпал ететін, қолданылуы үшін ерікті ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелерді немесе стандартта белгілегенге дейін практикада алдын ала тексеру орынды болатын ережелерді қамтиды.

      8. Стандарттау жөніндегі құжаттар ҚР СТ 1.2 "Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесі. Стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу тәртібі" (бұдан әрі – ҚР СТ 1.2), ҚР СТ 5.1 "Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін әзірлеу тәртібі" (бұдан әрі – ҚР СТ 5.1) сәйкес әзірленеді.

      9. Стандарттау жөніндегі құжаттардың құрылу, ресімделу, мазмұны, жазылу рәсімдері негізге алынатын ұлттық стандарттарда белгіленеді.

3-тарау. Стандарттау жөніндегі құжаттарды келісу тәртібі

      10. Стандарттау жөніндегі құжаттарды келісу мына кезеңдерді қамтиды:

      1) жария талқылау;

      2) ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерімен келісу;

      3) стандарттау жөніндегі техникалық комитетте, ал ол болмаған жағдайда – СҰО-да техникалық талқылау.

      11. Жария талқылау ҚР СТ 1.2 сәйкес техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде немесе СҰО интернет-ресурсында стандарттау жөніндегі құжаттарды орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 № 350-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Әзірлеуші стандарттау жөніндегі құжаттарды стандарттау объектісіне байланысты мынадай тұлғаларға:

      1) әзірлеуге тапсырыс берушіге (болған жағдайда);

      2) олардың құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдарға;

      3) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына;

      4) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды пайдаланушыларға;

      5) заңды тұлғалардың қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы салалық бірлестіктеріне (қызмет бағытына сәйкес);

      6) аккредиттеу субъектілеріне (аккредиттеу саласына сәйкес);

      7) ғылыми-зерттеу институттарына және/немесе зерттеу зертханаларына (болған жағдайда) келісуге жібереді;

      Ұлттық стандарттау жүйесінің өзге де мүдделі субъектілері стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде немесе СҰО интернет-ресурсында қарастырады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 № 350-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Жария талқылау кезеңінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобалары бейіндік стандарттау жөніндегі техникалық комитетте, ал ол болмаған жағдайда СҰО-да міндетті техникалық талқылаудан өтеді.

      Егер стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің базалық ұйымы стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларының әзірлеушісі болып табылған жағдайда, техникалық талқылау СҰО-да өткізіледі.

      Техникалық талқылаудың қорытындылары техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде стандарттау жөніндегі құжаттың ісіне енгізілетін хаттамада көрсетіледі.

      Техникалық талқылау шеңберінде консенсусқа қол жеткізілмеген жағдайда, стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын әзірлеушінің бастамасы бойынша қайта техникалық талқылау стандарттау жөніндегі техникалық комитетте не СҰО-да жүзеге асырылады.

      Техникалық талқылауды стандарттау жөніндегі техникалық комитетте өткізу ҚР СТ 1.15 "Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау жүйесі. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер. Құру және қызмет тәртібі" сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Жария талқылау аяқталғаннан кейін стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларына келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар әзірлеушінің қалауы бойынша қабылданады.

      Осы Қағидалардың 12-тармағының 2) - 7) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларына келісу ұсынбаған жағдайда, стандарттау жөніндегі құжаттардың жобалары ескертулерсіз келісілді деп есептеледі.

      15. Стандарттау жөніндегі құжаттың әзірлеушісі келісу қорытындылары бойынша келісуші тұлғалардың қабылдаған және қабылдамаған ескертулері мен ұсыныстарын қосып, пікірлер жиынтығын дайындауды жүзеге асырады. Келісуші тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстары қабылданбаған жағдайда, әзірлеуші қабылдамау себептерінің негіздемелері бар жауап жібереді.

      Стандарттау жөніндегі құжат жобасының түпкілікті редакциясы стандарттау жөніндегі құжат жобасына жобаның рәсімделуін қозғамайтын ескертулері бар тұлғаларға қайта келісуге жолданады. Стандарттау жөніндегі құжаттың жобасы пікірлер жиынтығымен бірге жолданады.

      Қайта келісу мерзімі стандарттау жөніндегі құжаттың жобасын келісуші тұлғаларға жолдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      16. Стандарттау жөніндегі құжатты әзірлеуші істі ҚР СТ 1.22 "Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау жүйесі. Стандарттау жөніндегі құжат ісі. Қалыптастыру және Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына тапсыру тәртібі" сәйкес қалыптастырады.

      17. Әзірлеуші рәсімделген стандарттау жөніндегі құжаттың ісін сараптама жүргізу үшін CҰО-ға техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде жібереді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 № 350-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Стандарттау жөніндегі құжаттарға сараптама жасау тәртібі

      18. Ұлттық стандарттар (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) (бұдан әрі - стандарттар) жобаларына сараптама жасау:

      1) стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын стандарттарды әзірлеу жағдайларын қоспағанда, ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің консенсусқа қол жеткізуін белгілеу;

      2) Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) заңнамасының талаптарына сәйкестігін белгілеу;

      3) осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес стандарттар істерінің толық жинақталуын тексеру;

      4) қолданыстағы стандарттар талаптарының қайталануын болдырмау;

      5) осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес стандарттар жобаларының келісу толықтығына пікірлер жиынтығын талдау;

      6) осы Қағидалардың 2 және 3-тарауларында көзделген стандарттар жобаларын әзірлеу және келісу тәртібінің сақталуын белгілеу;

      7) халықаралық, өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының және стандарттар жобаларын әзірлеуге негіз болатын стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін өзге де құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу;

      8) негізге алынатын ұлттық стандарттарға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіннің аудармасының теңтүпнұсқалығын белгілеу мақсатында жүзеге асырылады.

      19. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштар жобаларына сараптама жасау:

      1) осы Қағидалардың 2 және 3-тарауларында көзделген ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштар жобаларын әзірлеу және келісу тәртібінің сақталуын белгілеу;

      2) Қазақстан Республикасы және ЕАЭО заңнамасының талаптарына сәйкестігін белгілеу;

      3) осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштар істері жиынтығының толықтығын тексеру;

      4) осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары жобаларының келісу толықтығына пікірлер жиынтығын талдау мақсатында жүзеге асырылады.

      20. Стандарттау жөніндегі ұсынымдар жобаларына сараптама жасау:

      1) әзірленетін стандарттау жөніндегі ұсынымдардың Қазақстан Республикасы, ЕАЭО заңнамасының талаптарына және стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкестігін белгілеу;

      2) стандарттау жөніндегі қолданыстағы немесе бұрын әзірленген құжаттарды қайта қарау, өзектілендіру және (немесе) біріздендіру қажеттілігін анықтау мақсатында жүргізіледі;

      3) осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес стандарттау жөніндегі ұсынымдар істері жиынтығының толықтығын тексеру;

      4) осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес стандарттау жөніндегі ұсынымдар жобаларын келісу толықтығына пікірлер жиынтығын талдау мақсатында жүзеге асырылады.

      21. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, СҰО техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларының істерін олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей пысықтауға қайтарады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 № 350-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларына сараптама жасау ҚР СТ 1.33 "Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау жүйесі. Стандарттау жөніндегі құжаттарға сараптама жүргізу тәртібі" сәйкес СҰО-ға келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

5-тарау. Стандарттау жөніндегі құжаттарды бекіту тәртібі

      23. Стандарттау жөніндегі құжаттарды бекітудің міндетті шарты стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын стандарттау жөніндегі құжаттарды қоспағанда, консенсусқа қол жеткізу болып табылады.

      Стандарттау объектісінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын стандарттау жөніндегі құжаттарды бекіту туралы шешімді мүдделі мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган қабылдайды.

      Негізге алынатын ұлттық стандартқа сәйкес ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерінің көпшілігі келіскен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтар болмаған кезде консенсусқа қол жеткізілді деп саналады.

      24. Сараптаманың оң нәтижесінің қорытындылары бойынша стандарттау жөніндегі құжаттың жобасы CҰО стандарттау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесінің (бұдан әрі – CҰО ҒТК) қарауына беріледі.

      CҰО ҒТК-не мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ұйымдар және қызмет саласы шегінде ұлттық стандарттау жүйесінің өзге де субъектілері қатысады.

      CҰО ҒТК туралы ережені CҰО бекітеді.

      CҰО ҒТК отырысының өткізілетін күні туралы хабарлама мүдделі мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және ұлттық стандарттау жүйесінің өзге де субъектілеріне CҰО отырыс өткізілетін күнге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жібереді.

      CҰО ҒТК стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау мерзімі CҰО сараптаманың оң нәтижелері туралы қорытынды берген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      CҰО ҒТК мүшелерінің ескертулері болған кезде, стандарттау жөніндегі құжаттардың жобалары әзірлеушіге ескертулер толық жойылғанға дейін пысықтау үшін қайтарылады.

      25. CҰО ҒТК оң шешімі туралы хаттаманы, стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын CҰО уәкілетті органға бекіту үшін енгізеді.

      Стандарттау жөніндегі құжаттар уәкілетті органның шешімімен олар келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бекітіледі.

      Осы тармақтың қолданысы стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын стандарттау жөніндегі құжаттарға таратылмайды.

      26. СҰО ҒТК хаттамасында стандарттау жөніндегі құжаттардың стандарттау объектілері қауіпсіздігінің қозғалатын мәселелеріне жататыны туралы мәліметтер және стандарттау жөніндегі құжаттың жобасын (стандарттау объектісіне байланысты) келісу ұсынылатын мүдделі мемлекеттік органдар көрсетіледі.

      CҰО ҒТК хаттамасын және стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын СҰО уәкілетті органға жібереді.

      СҰО ҒТК жүргізу қорытындысы бойынша СҰО стандарттау жөніндегі құжаттардың жобалары уәкілетті органның ғылыми-техникалық комиссиясының (бұдан әрі – ҒТК) қарауына олар бекітілгенге дейін беріледі.

      Стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      ҒТК мүшелерінің негізделген ескертулері болған кезде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобалары әзірлеушілерге пысықтауға қайтарылады.

      Әзірлеушілер ҒТК отырысында қаралған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын пысықтауды жүзеге асырады.

      Стандарттау жөніндегі құжаттар уәкілетті органның бұйрығымен ҒТК шешімінен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде бекітіледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 № 350-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-тарау. Стандарттау жөніндегі құжаттарды тіркеу және есепке алу тәртібі

      27. Әзірлеуші стандарттау жөніндегі құжатты уәкілетті орган бекіткен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде стандарттау жөніндегі құжаттың ісін техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде оны CҰО-ға тіркеу үшін мынадай құжаттармен толықтырады:

      1) стандарттау жөніндегі құжатты бекіту туралы уәкілетті органның бұйрығы;

      2) CҰО ҒТК хаттамасы;

      3) СҰО-ның сараптамалық қорытындысы;

      4) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі стандарттау жөніндегі құжаттың жобасы.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 № 350-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Стандарттау жөніндегі құжаттарды тіркеу ұлттық стандарттау жүйесінің тізіліміне енгізуді және ҚР СТ 1.2 сәйкес стандарттау жөніндегі құжаттарды баспаға дайындауды көздейді.

      29. Әзірлеуші осы Қағидалардың 16 және 27-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық емес жиынтығын ұсынған жағдайда, CҰО құжаттар ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей әзірлеушіге стандарттау жөніндегі құжаттың ісін техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде пысықтауға қайтарады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 № 350-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Тіркеу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші стандарттау жөніндегі құжаттың ісін ҚР СТ 1.22 "Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесі. Стандарттау жөніндегі құжат ісі. Нормативтік техникалық құжаттарды қалыптастыру және бірыңғай мемлекеттік қорға тапсыру тәртібі" сәйкес Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына береді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 № 350-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-тарау. Стандарттау жөніндегі құжаттарды өзгерту тәртібі

      31. Стандарттау жөніндегі құжаттарға өзгерістер жекелеген талаптар ауыстырылған, толықтырылған немесе алып тасталған, олардың қолданылуы ұзартылған, шектелген немесе қайта қалпына келтірілген кезде, қолданыстағы стандарттау жөніндегі құжаттар бойынша дайындалатын өніммен жаңа өнімнің өзара алмастырылу және үйлесімділік талаптарының бұзылуына әкелмейтін жаңа талаптар енгізу және халықаралық стандарттармен үйлестіру кезінде енгізіледі.

      32. Стандарттау жөніндегі құжаттарға өзгерістер осы Қағидалардың 2 - 6-тарауларында белгіленген тәртіппен және ҚР СТ 1.2 сәйкес әзірленеді және бекітіледі.

8-тарау. Стандарттау жөніндегі құжаттарды қайта қарау тәртібі

      33. Стандарттау жөніндегі құжаттарды қайта қарау көлемнің 50%-дан астамын құрайтын оның мазмұны айтарлықтай өзгерген кезде жүзеге асырылады.

      34. Стандарттау жөніндегі құжаттарды қайта қарау осы Қағидалардың 2 - 6-тарауларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

9-тарау. Стандарттау жөніндегі құжаттардың күшін жою тәртібі

      35. Стандарттау жөніндегі құжаттардың күшін жою мынадай:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келген;

      2) қолданыстағы стандарттау жөніндегі құжаттардың орнына жаңасы қолданысқа енгізілген;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды қабылдаған (стандарттар және стандарттау жөніндегі ұсынымдар үшін);

      4) стандарттау жөніндегі құжаттарды қолданудың өзектілігі жойылған жағдайда жүзеге асырылады.

      36. Стандарттау жөніндегі құжаттардың күші жойылған кезде күшін жоюға бастама жасаған ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері уәкілетті органға техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде тиісті ұсыныс жібереді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 № 350-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Уәкілетті орган стандарттау жөніндегі құжаттардың күшін жою туралы мәселені келіп түскен күнінен бастап CҰО талдау жүргізілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қарастырады.

      38. СҰО стандарттау жөніндегі құжаттардың күшін жою туралы ұсынысын олар СҰО келіп түскеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде талдау жүргізілуін және СҰО ҒТК отырысында каралуын қамтамасыз етеді.

      39. CҰО талдау нәтижелері және CҰО ҒТК стандарттау жөніндегі құжаттардың күшін жою туралы ұсынысқа ұсынымдарды уәкілетті органға техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде жіберіледі. Стандарттау жөніндегі құжаттардың күшін жою туралы мәселені қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган тиісті шешім қабылдайды.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 № 350-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-тарау. Стандарттау жөніндегі құжаттарды қолданысқа енгізу тәртібі

      40. Уәкілетті орган стандарттау жөніндегі құжаттарды қолданысқа енгізу мерзімін белгілейді.

      41. Стандарттау жөніндегі құжаттарды, сондай-ақ оларға өзгерістерді енгізу күні оларды енгізуді қамтамасыз ететін іс-шаралардың іске асырылуын, стандарттау объектісінің өндіріс (қызметтерді орындау) технологияларын жаңарту мерзімдерін ескере отырып, олар бекітілген күннен бастап кемінде 6 (алты) айдан кейін белгіленеді.

      Стандарттау жөніндегі құжаттарды, сондай-ақ оларға өзгерістерді қолданысқа енгізу мерзімін олар мүдделі тұлғаларға басып шығарылған түрде қолжетімді болған жағдайда уәкілетті органның шешімі бойынша қысқартуға жол беріледі.