"Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18056 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шiлдедегi № 195 бұйрығымен

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан стандарттау және метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны стандарттау жөніндегі ұлттық орган болып белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.10.2020 № 639 қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев