"Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы минис

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 1112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18050 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10762 тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларында:

      реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

20

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны:






100-ге дейін



1

3000-нан көп емес

***

100-ден 200-ге дейін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы** ведомстволарына көлік қызметін көрсету



2

3000-нан көп емес

***

  ";

      реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

22

Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарға көлік қызметін көрсету *****






Ақмола облысы



306

3000-нан көп емес

*****

Ақтөбе облысы



216

3000-нан көп емес

*****

Алматы облысы



306

3000-нан көп емес

*****

Атырау облысы



141

3000-нан көп емес

*****

Шығыс Қазақстан облысы



306

3000-нан көп емес

*****

Жамбыл облысы



186

3000-нан көп емес

*****

Батыс Қазақстан облысы



216

3000-нан көп емес

*****

Қарағанды облысы



291

3000-нан көп емес

*****

Қостанай облысы



321

3000-нан көп емес

*****

Қызылорда облысы



141

3000-нан көп емес

*****

Маңғыстау облысы



126

3000-нан көп емес

*****

Павлодар облысы



216

3000-нан көп емес

*****

Солтүстік Қазақстан облысы



231

3000-нан көп емес

*****

Түркістан облысы



224

3000-нан көп емес

*****

Астана қаласы



35

3000-нан көп емес

*****

Алматы қаласы



40

3000-нан көп емес

*****

Шымкент қаласы



22

3000-нан көп емес

*****

  ";

      Мемлекеттік органдарды телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормаларында:

      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

республика ішіндегі қалааралық телефон байланысы *

орталық мемлекеттік органдардың басшылары, олардың орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар басшыларының және олардың орынбасарларының қабылдау бөлмелері, алқалы мемлекеттік органдардың мүшелері; орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдар), аппарат басшылары (заңнамаға сәйкес мұндай лауазым болғанда); ведомстволардың басшылары, олардың орынбасарлары; департаменттердің басшылары және бөлім меңгерушілері, олардың орынбасарлары; басқармалардың басшылары, олардың орынбасарлары (заңнамаға сәйкес мұндай лауазым болғанда), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) орталық аумақтық органдары құрылымдық бөлімшелерінің, облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен, аудан (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының төрағалары, мүшелері және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

2

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен халықаралық телефон байланысы

орталық мемлекеттік органдардың басшылары, олардың орынбасарлары; орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдар), аппарат басшылары (заңнамаға сәйкес мұндай лауазым болғанда); облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің орынбасарлары (аппарат басшылары) және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің лауазымды адамдары (Министр, оның орынбасарлары, жауапты хатшы, комитеттер мен департаменттердің басшылары, олардың орынбасарлары) және функцияларына халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кіретін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

  ";

      реттік нөмірлері 5 және 6-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

қалалық (ауылдық) нөмірлермен телефон байланысы

орталық мемлекеттік органдардың облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы), жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері (басшылар, басшылардың қабылдау бөлмелері, олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің бастықтары, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі, аға прокурорлар - бір нөмірден және прокурорлар, мамандар - үшеуге бір нөмір)

6

пәтерге орнатылған республика ішіндегі қалааралық телефон байланысы (халықаралық байланысқа шығу құқығынсыз)

облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері

  ";

      Мемлекеттік органдарды кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларында*:

      "Облыстардағы, Астана мен Алматы қалалардағы аумақтық органдар ****" жолдың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдар ****";

      "Облыстық бюджеттен, Астана, Алматы қалаларының бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар" жолдың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар";

      реттік нөмірлері 13, 14 және 15-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі

Басшының үстелі

1

Қағазға арналған тумба

1

Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба

1

Жалғамалы мінбе

1

Кеңселік қабырға жиһазы

1

Келіссөздер жүргізуге арналған үстел

1

Қағазға арналған шкаф

1

Сырт киімге арналған шкаф

1

Басшыға арналған кресло

1

Келушілерге арналған кресло

12

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің демалыс бөлмесі

Жұмсақ жиһаз

1 жиынтық (1 диван, 2 кресло)

Телевизордың астына қоятын тумба

1

Журнал үстелі

1

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің қабылдау бөлмесі

Үстел

1

Қағазға арналған тумба

1

Қағазға арналған шкаф

1

Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба

1

Сырт киімге арналған шкаф

1

Келушілерге арналған орындық

4

Кресло

1

14

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана қаласы) әкімінің орынбасарлары мен әкімінің аппарат басшысы

Үстел

1

Қағазға арналған тумба

1

Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба

1

Жалғамалы мінбе

1

Кеңселік қабырға жиһазы

1

Келіссөздер жүргізуге арналған үстел

1

Қағазға арналған шкаф

1

Сырт киімге арналған шкаф

1

Кресло

1

Келушілерге арналған кресло

6

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана қаласы) әкімі орынбасарларының және әкімі аппараты басшысының демалыс бөлмесі ***

Жұмсақ жиһаз

1 жиынтық (1 диван, 2 кресло)

Телевизордың астына қоятын тумба

1

Журнал үстелі

1

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі орынбасарларының және әкімі аппараты басшысының қабылдау бөлмесі

Үстел

1

Қағазға арналған тумба

1

Қағазға арналған шкаф

1

Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба

1

Сырт киімге арналған шкаф

1

Келушілерге арналған орындық

4

Кресло

1

15

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппараты құрылымдық бөлімшесінің басшысы

Жалғамалы үстел

1

Қағазға арналған тумба

1

Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба

1

Сырт киімге арналған шкаф

1

Қағазға арналған шкаф

1

Келушілерге арналған орындық

4

Телевизордың астына қоятын тумба

1

Кресло

1

  ";

      реттік нөмірі 18-жолды мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18

Атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі аппаратының, атқарушы органының қызметкері

Үстел

1

Қағазға арналған тумба

1

Қағазға арналған шкаф

1 (2 бірлікке)

Сырт киімге арналған шкаф

1 (2 бірлікке)

Құжаттарға арналған сөрелер

1 (3 бірлікке)

Келушілерге арналған орындық

1

Кресло

1

  ";

      Мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларында:

      "Орталық мемлекеттік органдардың облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары" жолдың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орталық мемлекеттік органдардың облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары";

      "Облыстық бюджеттен, Астана, Алматы қалаларының бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар" жолдың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар";

      реттік нөмірлері 19, 20, 21 және 22-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

19 *****

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің кабинеті

шаршы метр

54

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің демалыс бөлмесі

шаршы метр

15

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің қабылдау бөлмесі

шаршы метр

12

20

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі орынбасарының (аппарат басшысының) кабинеті

шаршы метр

36

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі орынбасарының (аппарат басшысының) демалыс бөлмесі

шаршы метр

12

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі орынбасарының (аппарат басшысының) қабылдау бөлмесі

шаршы метр

10

21

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі басшысының кабинеті

шаршы метр

12

22

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппараты қызметкерінің кабинеті (1 қызметкерге)

шаршы метр

7,5

  ";

      реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

32

Атқарушы орган басшысының кабинеті*******

шаршы метр

15

Атқарушы орган басшының қабылдау бөлмесі

шаршы метр

10

  ";

      "Облыстық бюджеттен, Астана, Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары" жолдың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары";

      реттік нөмірлері 38, 39 және 40-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

38

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тексеру комиссиясы төрағасының кабинеті

шаршы м

36

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тексеру комиссиясы төрағасының демалыс бөлмесі

шаршы метр

12

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тексеру комиссиясы төрағасының қабылдау бөлмесі

шаршы метр

10

39

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тексеру комиссиясы мүшесінің кабинеті

шаршы метр

20

40

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тексеру комиссиясы қызметкерінің кабинеті (1 қызметкерге)

шаршы метр

7,5

  ";

      Ескертпенің екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер мемлекеттік органдардың ғимараттарында қызметтік үй-жайларды жоспарлаудың ерекшелігі осы алаңдарды қысқартуға мүмкіндік бермеген жағдайда, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, олардың орынбасарларының, орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдардың), аппарат басшыларының (заңнамаға сәйкес мұндай лауазым болғанда), ведомстволар мен департаменттер басшыларының, олардың орынбасарларының, бөлім меңгерушілерінің, аудан, облыстық маңызы бар қалалар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің және олардың орынбасарларының қызметтік алаңдарының заттай нормаларын асыруға жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Ә. Смайылов