Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 763 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 18024 болып тіркелді.

      "Білім туралы" 2007 жылы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса ұсынылып отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

      5) Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 01.10.2021 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 01.10.2021 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (А.Д. Дәрменов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 763 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне ) бағалары

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 01.10.2021 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ақылы негізде берілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атаулары

Өлшем бірлігі

Баға (теңге)

1-тарау. Қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру

1.

Жеңіл атлетика спорттық секциясында оқыту, 1 адамға

8 сағат

13 000

2.

Самбо спорттық секциясында оқыту, 1 адамға

8 сағат

13 000

3.

Қоян-қолтық ұрыстспорттық секцияларында оқыту, 1 адамға

8 сағат

13 000

4.

Дзюдо спорттық секциясында оқыту, 1 адамға

8 сағат

13 000

5.

Қазақ күресі спорттық секциясында оқыту, 1 адамға

8 сағат

13 000

6.

Бокс спорттық секциясында оқыту, 1 адамға

8 сағат

13 000

7.

Қоян-қолтық ұрыс спорттық секциясында оқыту, 1 адамға

8 сағат

13 000

8.

"Жас полицей" үйірмесінде оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

9.

"Жас тергеуші" үйірмесінде оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

10.

"Жас криминалист" үйірмесінде оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

2-тарау. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру

11.

Жеке заң пәндерінің проблематикасын терең зерделеумен кеңейтілген курстарда оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

12.

Ғылым саласының жекелеген мәселелерін қараумен және практикалық дағдыларды пысықтаумен пәндер бойынша арнайы курстарда оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

13.

Қазақ тілін оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

14.

Ағылшын тілін оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

15.

Жүргізуші курстарында (В санаты) оқыту, 1 адамға

36 сағат

57 000

16.

Жеделдетілген жүргізуші курстарында (В санаты) оқыту, 1 адамға

30 сағат

48 000

17.

Күзет қызметінің субъектілерін даярлау курстарында оқыту, 1 адамға

36 сағат

57 000

18.

Күзет қызметінің субъектілерін қайта даярлау курстарында оқыту, 1 адамға

12 сағат

20 000

19.

"Жас оқытушы" курстарында оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

20.

"Ғылыми зерттеулердің негіздері" курстарында оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

21.

Заң сауаттылығы курстарында оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

22

Заңтану және құқық саласындағы мамандарды даярлау бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, 1 адамға

72 сағат

125 000

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 763 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы атындағы Қарағанды академиясының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалары

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 01.10.2021 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ақылы негізде берілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атаулары

Өлшем бірлігі

Баға (теңге)

1-тарау. Қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру

1.

Жеңіл атлетика спорттық секцияларында оқыту, 1 адамға

8 сағат

11 000

2.

Самбо спорттық секциясында оқыту, 1 адамға

8 сағат

11 000

3.

Қоян-қолтық ұрыс спорттық секцияларында оқыту , 1 адамға

8 сағат

11 000

4.

Жеке заң пәндерінің проблематикасын терең зерделеумен кеңейтілген курстарда оқыту, 1 адамға

48 сағат

67 000

5.

Ғылым салаларының жекелеген мәселелерін қараумен және практикалық дағдыларды пысықтаумен пәндер бойынша арнайы курстарда оқыту, 1 адамға

48 сағат

67 000

2- тарау. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру

6.

Қазақ тілін оқыту, 1 адамға

48 сағат

67 000

7.

Ағылшын тілін оқыту, 1 адамға

48 сағат

67 000

8.

Жүргізуші курстарында (В санаты) оқыту, 1 адамға

36 сағат

50 000

9.

Жүргізуші курстарында (С санаты) оқыту, 1 адамға

36 сағат

50 000

10.

Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру бойынша курстарда оқыту, 1 адамға

32 сағат

45 000

11.

Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілердің біліктілігін арттыру бойынша курстарда оқыту, 1 адамға

72 сағат

100 000

12.

Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау бойынша курстарда оқыту, 1 адамға

99 сағат

137 000

13.

Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау бойынша курстарда оқыту, 1 адамға

146 сағат

202 000

14.

Жеке күзет ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бойынша курстарда оқыту, 1 адамға

19 сағат

27 000

15.

Жеке күзет ұйымының басшыларын даярлау бойынша курстарда оқыту, 1 адамға

99 сағат

137 000

16.

"Ғылыми зерттеулердің негіздері" курстарында оқыту, 1 адамға

48 сағат

67 000

17

Заңтану және құқық саласындағы мамандарды даярлау бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, 1 адамға

72 сағат

125 000

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 763 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалары

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 01.10.2021 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ақылы негізде берілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атаулары

Өлшем бірлігі

Баға (теңге)

1- тарау. Қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру

1.

Жеңіл атлетика спорттық секцияларында оқыту, 1 адамға

8 сағат

13 000

2.

Самбо спорттық секциясында оқыту, 1 адамға

8 сағат

13 000

3.

Қоян-қолтық ұрыс спорттық секцияларында оқыту , 1 адамға

8 сағат

13 000

4.

Жеке заң пәндерінің проблематикасын терең зерделеумен кеңейтілген курстарда оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

5.

Ғылым салаларының жекелеген мәселелерін қараумен және практикалық дағдыларды пысықтаумен пәндер бойынша арнайы курстарда оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

2- тарау. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру

6.

Қазақ тілін оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

7.

Ағылшын тілін оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

8.

Жүргізуші курстарында (В санаты) оқыту, 1 адамға

36 сағат

57 000

9.

Жүргізуші курстарында (С санаты) оқыту, 1 адамға

36 сағат

57 000

10.

Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру бойынша курстарда оқыту, 1 адамға

32 сағат

51 000

11.

Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілердің біліктілігін арттыру бойынша курстарда оқыту, 1 адамға

72 сағат

114 000

12.

Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау бойынша курстарда оқыту, 1 адамға

99 сағат

157 000

13.

Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау бойынша курстарда оқыту, 1 адамға

146 сағат

231 000

14.

Жеке күзет ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бойынша курстарда оқыту, 1 адамға

19 сағат

30 500

15.

Жеке күзет ұйымының басшыларын даярлау бойынша курстарда оқыту, 1 адамға

99 сағат

157 000

16.

"Ғылыми зерттеулердің негіздері" курстарында оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

17

Заңтану және құқық саласындағы мамандарды даярлау бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, 1 адамға

72 сағат

125 000

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 763 бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалары

Ақылы негізде берілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атаулары

Өлшем бірлігі

Баға (теңге)

1-тарау. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру

1.

Қазақ тілін оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

2.

Ағылшын тілін оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

3.

Күзет қызметінің субъектілерін даярлау және қайта даярлау курстарында оқыту, 1 адамға

36 сағат

57 000

4.

Қылмыстық-құқықтық және әкімшілік бағыттар бойынша заң сауаттылығы курстарында оқыту, 1 адамға

48 сағат

76 000

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 763 бұйрығына
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалары

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 01.10.2021 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 763 бұйрығына
6-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалары

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атаулары

Өлшем бірлігі

Баға (теңге)

1-тарау. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру

1.

Қазақ тілін оқыту, 1 адамға

48 сағат

67 000

2.

Ағылшын тілін оқыту, 1 адамға

48 сағат

67 000

3.

Жүргізуші курстарын (В санаты) оқыту, 1 адамға

36 сағат

50 000

4.

Жүргізуші курстарын (С санаты) оқыту, 1 адамға

36 сағат

50 000