"Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 361 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 желтоқсанда № 18005 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 140 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 140 (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің
  2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 361 бұйрығына қосымша

"Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлді.

      3. Мемлекеттік қызметті кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қызметін жүзеге асыратын бiлiм беру саласында тиiстi лицензиялары бар ұйымдар көрсетеді (бұдан әрі - қызметті беруші).

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру қызметті берушімен жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берілген сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесі 1(бір) күн ішінде беріледі.

      2) қызметті берушіде рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) қызметті берушіде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы еркін нысандағы қолхат.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

      7. Мемлекеттiк қызмет туристік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға(бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкесдемалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) туристік операторлық қызметіне берілген лицензияныың көшірмесі немесе турагенттердің мемлекеттік электрондық тізілімнен үзінді;

      3) туристік бейіндегі пәндер бойынша білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

      5) туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға тілек білдірген көрсетілетін қызметті алушының қызметкерлерінің тізімі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және еркін нысанда бас тарту туралы қолхат береді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті беруші арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы басшысыныңтегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының пошта мекенжайы көрсетіледі;

      Шағымның шығыс нөмірі және күніне көрсетілген қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілген қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Министрліктің анықтамалық қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 0486.

  "Туристік қызмет саласындағы
  мамандарды даярлауға және
  біліктілігін арттыруға
  құжаттарды қабылдау"
  мемлекеттік көрсетілетін қызмет
  стандартына қосымша
  Нысан

Өтініш

  ____________________________
  (білім беру ұйымының атауы)
  ____________________________
  (заңды тұлғаның атауы)

      Сізден туризм саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру үшін қоса

      берілген тізімге сәйкес қызметкерлердің құжаттарын қабылдауыңызды сұраймын

      Электрондық поштасы ______________________________________________________

      Телефондары ______________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Қызметті жүзеге асыру мекенжай(лар)ы _______________________________________

      (пошталық индексі, облыс, қала, аудан,

      __________________________________________________________________________

      елдімекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық мекеменің) нөмірі)

      Осы арқылы барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып

      табылатындығы және оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы

      расталады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ______ ________________________________

      (қолы) (көрсетілетін қызметті алушы басшысының тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөр орны(бар болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20 __ жылғы "___" _________