"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 1089 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 17985 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      123-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына:

      құқықтық мирасқордың квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына;

      квазимемлекеттік сектор субъектісі құрылтайшысының шотына;

      белгіленген тәртіпте инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастырып отырған квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыру құқығы берілсе);";

      187-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "187-1. Кредиторлық берешек секвестр салдарынан және/немесе тиісті бюджеттердің ҚБШ-да ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде пайда болғанда - жасасқан шарттарды тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың түрлері бойынша мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне кредиторлық берешек өтелетін айдың 1-і күніне кредиторлық берешек пайда болған шарттың көшірмелерін қоса беріп (тіркей отырып) кредиторлық берешек сомасына азаматтық-құқық мәмілені тіркеуге өтінімді және кредиторлық берешектің болуын және сомасын растайтын салыстырмалы акті ұсынады. Салыстырмалы актіге мемлекеттік мекеменің және өнім берушінің басшылары қол қоюы тиіс.

      Сондай-ақ өтінімдердің және міндеттемені тіркеу туралы хабарламалардың нөмірлері (шарттың № мен күні және болған кезде қосымша келісім № мен күні) мен берешектің пайда болу себебі көрсетілген түсіндірме жазба ұсынылады.

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған үкіметтік сыртқы қарыздар шеңберінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша туындаған кредиторлық берешек болған кезде, жасасқан шарттарды тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың түрлері бойынша Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде - мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне кредиторлық берешек өтелетін айдың 1-і күніне кредиторлық берешекті өтеуге арналған шарттың, кредиторлық берешектің пайда болу себебі көрсетілген түсіндірме жазба көшірмелерін қоса беріп (тіркей отырып) кредиторлық берешек сомасына азаматтық-құқық мәмілені тіркеуге өтінімді және кредиторлық берешектің болуын және сомасын растайтын салыстырып тексеру актісін ұсынады.

      Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті түрде тіркеуді талап етпейтін шығыстардың ерекшеліктері мен түрлері бойынша мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне кредиторлық берешекті өтейтін айдың 1-і күнгі жағдай бойынша салыстырмалы актіні қоса беріп (тіркей отырып) төлеуге берілетін шотты ұсынады.

      Төлеуге берілетін шоттың "Төлемнің мақсаты" деген ашық жолағында қосымша кредиторлық берешектің пайда болу себебі көрсетіледі.

      Кредиторлық берешектің өтелуі кредиторлық берешек пайда болған ерекшелік бойынша жүргізіледі.";

      199-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын шартта бюджеттік кіші бағдарлама мен заңнамада белгіленген мөлшерде жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырудың жылдық сомасының міндетті көрсетілуі;";

      378-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "378-2. Мемлекеттік мекеме сметалық құны екі миллиард теңгеден асатын жаңадан салынатын құрылыс объектілері бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу шарттарымен жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік сатып алу қорытындысы өткеннен кейін:

      қазынашылық қолдау кезіндегі тапсырыс беруші, бас мердігер анықталған күннен бастап келесі жұмыс күннен кешіктірмей, аумақтық қазынашылық органдарына құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жазбаша түрде хабарлайды;

      қазынашылық қолдау кезіндегі тапсырыс беруші, бас мердігері анықталған күннен бастап келесі жұмыс күннен кешіктірмей, оны аумақтық қазынашылық органдарында шот ашу туралы жазбаша түрде хабарлайды;

      қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігер, қазынашылық қолдау кезіндегі тапсырыс берушіден хабарлама алғаннан кейін, келесі жұмыс күннен кешіктірмей, тапсырыс берушіге қызмет көрсету орны бойынша аумақтық қазынашылық органдарына осы Ереженің 4-тарауының 5-параграфында қарастырылған құжаттар жинағын қалыптастыруға қажетті құжаттарды, осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген хабарламаның көшірмесін қоса тіркеп, осы Ереженің 115-қосымшасына сәйкес нысанда кодтарды беру және шоттарын ашуға арналған өтінімді береді және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлердің салық заңнамасына сәйкес ұсынған тізімін мемлекеттік кірістер органдарына талдау жүргізу үшін жолдайды.";

      378-4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазынашылық қолдау сметалық құны екі миллиард теңгеден асатын жаңадан салынған құрылыс объектілеріне қатысты қолданылады.";

      378-9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "378-9. Қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлер кодтар беру және шоттар ашу үшін тапсырыс беруге қызмет көрсету орны бойынша аумақтық қазынашылық органдарға осы Ережеде көрсетілген дерекнаманы қалыптастыру үшін қажетті құжаттар қосымшасымен бірге осы Ережеге 115-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоттарын ашу мен кодтар беруге арналған өтінімді ұсынады.";

      378-19, 378-20 және 378-21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "378-19. Қазынашылық қолдауға жататын объектілердің құрылысымен байланысты жасасқан шарт (қосымша келісімдер) аумақтық қазынашылық органында қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерге ашылған шоттың деректемелерін көрсете отырып қағаз тасығышта және "Қазынашылық-клиент" АЖ "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ интеграциясыз қалыптастырылған Өтінімге қоса беріледі.

      378-20. Аумақтық қазынашылық органдары қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ интеграциясыз қазынашылық қолдау кезіндегі тапсырыс берушімен қазынашылық қолдауға жататын тіркеуге берілген шартты (қосымша келісімді) осы Ереженің 6-тарауының 5-параграфында көрсетілген талаптарына сәйкестігіне және қосымша:

      шартта көрсетілген ақшаны аумақтық қазынашылық органдарында ашылған МСА шоттарына аудару туралы талаптың болуына;

      ЭШФ АЖ арқылы шот-фактураларды жазып беру талаптарының болуына тексерісті жүзеге асырады.

      378-21. Қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлердің және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлердің төлемдері және (немесе) ақша аударымдары МСА шоттарында қалған ақша қалдықтарының шегінде қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлермен № 208 қаулымен белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен жүргізіледі.

      Төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін негіз:

      қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер үшін – инжинирингтік компанияның төлем сертификаты, ЭШФ;

      қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлер үшін – ЭШФ;

      қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер мен қосалқы мердігерлер үшін өз қаражаты есебінен жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеу кезінде - инжинирингтік компанияның төлем сертификаты болып табылады.

      Бас мердігер үстеме шығыстарды төлеуді Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы заңнамасына сәйкес төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырады.

      Қазынашылық қолдау кезінде бас мердігерлер және қазынашылық қолдау кезінде қосалқы мердігерлер аумақтық қазынашылық органдарына осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса төлем тапсырмасын ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Қазынашылықта ашылған шоттардан бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің өз қаражаты есебінен жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеу кезінде екінші деңгейдегі банктерде бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің шоттарына төлем өтеуге жататын жүргізілген шығындарды көрсете отырып, төлем сертификаты негізінде жүргізіледі.

      Тауарларды (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) сатып алу үшін төлемдерді ақшаны түпкілікті алушы қосалқы мердігерлерге (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілерге) екінші деңгейдегі банкте ашық шоттарға аударуды:

      бас мердігерлер төлем сертификаты мен ЭШФ негізінде;

      қосалқы мердігерлер ЭШФ негізінде жүзеге асырады.

      Бас мердігердің қосалқы мердігерлерге мемлекеттік сатып алу шоттарына және ақшаны түпкілікті алушы қосалқы мердігерлерге (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілерге) екінші деңгейдегі банкте ашық шоттарға аванстық (алдын-ала) төлемді аударуы төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.

      Қосалқы мердігерлердің мемлекеттік сатып алу шоттарынан ақшаны түпкілікті алушы қосалқы мердігерлерге (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілерге) аванстық (алдын-ала) төлемді аударуы төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.";

      378-23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "378-23. Аумақтық қазынашылық органдары төлем тапсырмаларын тексеру кезінде:

      төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды: төлем сертификатын және/немесе ЭШФ ұсыну;

      растайтын құжаттардың деректерілерінің сәйкестігіне;

      нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша № 208 қаулының талаптарына сәйкес келуіне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.

      Аумақтық қазынашылық органдары осы тармақтың, осы Ереженің 7-тарауының 4-параграфымен қарастырылған жағдайларда, сондай-ақ осы Ереженің 378-21 және 378-22-тармақтарының талаптарын сақтамаған кезде қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлердің немесе қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлердің төлем тапсырмаларын орындаусыз кері қайтарады.";

      624-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "624. Республикалық бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 134-ө өкіміне сәйкес құрылған Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссияның оң қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.";

      көрсетілген Ережеге 115-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      __________________________

      2018 жылғы "____"___________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 желтоқсан
№ 1089 бұйрығына
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
115-1–қосымша
  Нысан

      Қазынашылық қолдау кезіндегі тапсырыс беруші __________________ ММ

      Инжинирингтік компания (ИК)______

      Қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігер ___________________

      Қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігер ____________________

      Объекті __________________________

      Төлем сертификаты № _____

      күні "___" ________

      кезең 20__жылдан бастап 20____жыл аралығында

Төлеуге жататын тауарлар, жұмыстар, қызметтер сипаттамасы

Қосалқы мердігерлік шарты бойынша жалпы құны (тенге)

Құны (тенге)

Ескертпе

Алдыңғы айдың төленбеген сомасы

Ағымдағы айдың сомасы

Төлем сомасы













Төлеуге барлығы






      Инжинирингтік компания ____________________________ __________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Қазынашылық қолдау кезіндегі

      бас мердігер _____________________________ _________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Қазынашылық қолдау кезіндегі

      қосалқы мердігер _____________________________ _______

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      күні