Жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы объектілерінің экспортын лицензиялау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 440 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 17984 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 187 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 12.08.2020 № 187 (алғашқа ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензиялар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензиялар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрi Ө. Шөкеев

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары–
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 440 бұйрығына
1-қосымша

"Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:

      портал арқылы жүгінген кезде:

      лицензия беру кезінде – 5 (бес) жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi – жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына арналған лицензия немесе қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны - электрондық.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

      7. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:

      1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);

      2) лицензияны қайта ресімдегені үшін - 1 АЕК.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық сұраным берілгенде төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Порталда мемлекеттiк қызметті көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) лицензия алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар (бір реттік лицензия үшін), егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

      лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның немесе егер мұндай қызмет түрі Қазақстан Республикасының аумағында лицензиялануы енгізілген тауар айналымымен байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның бар-жоғы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;

      2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, ЭҮТШ арқылы төленген төлем туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұранымының қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) және "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық Экономикалық Комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

3-тарау. Орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй мекенжайы, 8 (7172) 55-58-03 телефоны бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін, почталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қолы қоюы тиіс.

      Шағымның қабылданғанын көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, тегі, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсы "Қолдау және көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" кіші бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Жабайы тірі жануарлардың,
жекелеген жабайы өсетін
өсімдіктердің және жабайы
өсетін дәрілік шикізаттың
экспортына лицензиял беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан

Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия алуға арналған өтініш

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі
Күн, ай, жылдан бастап күн, ай, жылға дейін|

3. Лицензияның тип ЭКСПОРТ

4. Келісімшарт
____ жылғы № ___

5. Көрсетілетін қызметті беруші:

6. Сатып алушы:

7. Межелі елі

8. Сатып алушының елі:

9. Келісімшарт валютасы

10. Құны:

11. Статистикалық құны:

12. Шығарылған елі

13. Саны:

14. Өлшем бірлігі:

15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы:

16. Қосымша ақпарат:

17. Лицензия беру үшін негіздеме:

Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
18. Көрсетілетін қызметті беруші
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
ЭЦҚ-сы
Күні
Телефоны

  Жабайы тірі жануарлардың,
жекелеген жабайы өсетін
өсімдіктердің және жабайы
өсетін дәрілік шикізаттың
экспортына лицензия алуға
арналған өтінішке
қосымша

Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия алуға арналған өтінішке қосымша

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

жылғы № лицензияға қосымша

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Барлық парақ, № парақ

18. Уәкілетті адам
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
ЭЦҚ-сы
Күні
Телефоны

  "Жабайы тірі жануарлардың,
жекелеген жабайы өсетін
өсімдіктердің және жабайы
өсетін дәрілік шикізаттың
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар

Біліктілік талаптары

Оларға сәйкестікті растайтын құжаттар *

Ескертпе

1

2

3

4

1

Тауарды дайындау, жинау, олжалау немесе аулау заңдылығын растау

Жабайы тірі жануарларды нжәне жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, олжалау немесе аулау заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері

2

Балықтар мен басқа да су жануарларына иелік етудің, олардың ауланған жерінің заңдылығын растау

Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама

Балықтарды және басқа да су жануарларын эскпорттау жағдайында

3

Өсімдіктер дүниесі объектілерін алып қоюға негіз болатын материалдар

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме

Өсімдіктер дүниесі объектілерін экспорттау жағдайында

      * құжаттарды "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы немесе "Е-лицензиялаудың" www.elicense.kz веб-порталы арқылы берген кезде құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады;

      көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарда қамтылған ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндік болған жағдайда, құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

  "Жабайы тірі жануарлардың,
жекелеген жабайы өсетін
өсімдіктердің және жабайы
өсетін дәрілік шикізаттың
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
1-нысан

Заңды тұлғаның жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші

      (кімге)_________________________________________________________

      (лицензиярдың толық атауы) (кімнен)

      _______________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________

      (қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кiшi түрiнің толық атауы) ________________________________________ жүзеге асыруға арналған

      20___ жылғы "___ " _________ берілген №_________________________________

      _______________________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиярдың атауы)

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) (керегінің астын сызу керек) төмендегі негіздер бойынша (тиісті Х ұяшықта көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:

      1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес заңды тұлға-лицензиаттың (тиісті Х ұяшықта көрсетіңіз):

      бірігу _____________

      қайта құру _________

      қосылу _____________

      бөліп шығару _______

      бөліну _____________ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі _________________________________

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _____________________

      4) егер, лицензияның иеліктен шығарылуы Заңға 1-қосымшада көзделсе, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы _____________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып,

      объект нақты көшірілмей, орналасқан жері мекенжайының өзгеруі _____________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы __________________________

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________________________________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________________

      Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________________

      (ел (шетелдік заңды тұлға үшін), почталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық почтасы_____________________________________________________

      Телефондары____________________________________________________________

      Факсы__________________________________________________________________

      Банктік шоты____________________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы

      _______________________________________________________________________

      (почталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.

      Басшы _____________ ___________________________________________________

      (ЭЦҚ-сы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________

  2-нысан

Жеке тұлғаның жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдеуге арналған өтініші

      (кімге) _________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы) (кімнен)______________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ___________________________________________________________

      (қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кiшi түрiнің толық атауы)

      жүзеге асыруға арналған 20___ жылғы "___" _________ берілген №_____

      _______________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиярдың атауы)

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керегінің астын сызу керек) мынадай негіздер бойынша (тиісті Х ұяшықта көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:

      1) жеке тұлға-лицензиат атының, әкесінің атының (бар болса), тегінің өзгеруі _______

      2) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, атауының өзгеруі_________________

      3) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, заңды мекенжайының өзгеруі ____________

      4) егер, лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына 1-қосымшада көзделсе, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып,

      объект нақты көшірілмей, орналасқан жері мекенжайының өзгеруі ________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы ________

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________________________________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________________

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы_____________________________________

      (почталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)

      Электрондық почтасы____________________________________________________

      Телефондары___________________________________________________________

      Факсы__________________________________________________________________

      Банктік шоты____________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы

      _______________________________________________________________________

      (почталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.

      Жеке тұлға _________ ____________________________________________________

      (ЭЦҚ-сы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"_____

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 440 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:

      портал арқылы жүгінген кезде:

      лицензия беру кезінде – 5 (бес) жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына арналған лицензия немесе қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны – электрондық.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

      7. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:

      1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);

      2) лицензияны қайта ресімдегені үшін - 1 АЕК.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық сұраным берілгенде төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Порталда мемлекеттiк қызметті көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) лицензия алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар (бір реттік лицензия үшін), егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

      лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның немесе егер мұндай қызмет түрі Қазақстан Республикасының аумағында лицензиялануы енгізілген тауар айналымымен байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның бар-жоғы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі.

      2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, ЭҮТШ арқылы төленген төлем туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұранымының қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) және "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық Экономикалық Комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылуы.

3-тарау. Орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй мекенжайы, 8 (7172) 55-58-03 телефоны бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін, почталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қолы қоюы тиіс.

      Шағымның қабылданғанын көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, тегі, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсы "Қолдау және көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" кіші бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1034 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген сирек
кездесетін және құрып кету
қаупі төнген жабайы тірі
жануарлар мен жабайы өсетін
өсімдіктер түрлерінің
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия алуға арналған өтініш

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі
Күн, ай, жылдан бастап күн, ай, жылға
дейін|

3. Лицензияның тип ЭКСПОРТ

4. Келісімшарт
____ жылғы № ___

5. Көрсетілетін қызметті беруші:

6. Сатып алушы:

7. Межелі елі

8. Сатып алушының елі:

9. Келісімшарт валютасы

10. Құны:

11. Статистикалық құны:

12. Шығарылған елі

13. Саны:

14. Өлшем бірлігі:

15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы:

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме:

18. Көрсетілетін қызметті беруші
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
ЭЦҚ-сы
Күні
Телефоны

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1034 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген
сирек кездесетін және құрып
кету қаупі төнген жабайы
тірі жануарлар мен жабайы
өсетін өсімдіктер түрлерінің
экспортына лицензия
алуға арналған өтінішке
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензияла алуға арналған өтінішке қосымша

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

жылғы № лицензияға қосымша

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Барлығы парақ, № парақ

18. Уәкілетті адам
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
ЭЦҚ-сы
Күні
Телефоны

  "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1034 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген
сирек кездесетін және құрып
кету қаупі төнген жабайы тірі
жануарлар мен жабайы өсетін
өсімдіктер түрлерінің
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, оларға сәйкестігін растайтын құжаттар

Біліктілік талаптары

Оларға сәйкестікті растайтын құжаттар *

Ескертпе

1

2

3

4

2

Тауарды дайындау, жинау, олжалау немесе аулау заңдылығын растау

Жабайы жануарларды нжәне жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, олжалау немесе аулау заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері

3

Балықтар мен басқа да су жануарларына иелік етудің, олардың ауланған жерінің заңдылығын растау

Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама

Балықтарды және басқа да су жануарларын эскпорттау жағдайында

4

Өсімдіктер дүниесі объектілерін алып қоюға негіз болатын материалдар

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме

Өсімдіктер дүниесі объектілерін экспорттау жағдайында

      * құжаттарды "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы немесе "Е-лицензиялаудың" www.elicense.kz веб-порталы арқылы берген кезде құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады;

      көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарда қамтылған ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндік болған жағдайда, құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

  "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1034 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген
сирек кездесетін және құрып
кету қаупі төнген жабайы тірі
жануарлар мен жабайы өсетін
өсімдіктер түрлерінің
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша
1-нысан

Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші

      (кімге)_________________________________________________________________

                                    (лицензиярдың толық атауы)

      (кімнен) _______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________________

      (қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кiшi түрiнің толық атауы) ______________________________________________ жүзеге асыруға арналған

      20___ жылғы "_____ " ______________ берілген №___________________________

      _______________________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиярдың атауы)

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) (керегінің астын сызу керек) мынадай негіздер бойынша (тиісті Х ұяшықта көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:

      1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес заңды тұлға-лицензиаттың (тиісті Х ұяшықта көрсетіңіз):

      бірігу _______________

      қайта құру ___________

      қосылу ______________

      бөліп шығару _________

      бөліну _____________ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі _________________________________

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _____________________

      4) егер, лицензияның иеліктен шығарылуы Заңға 1-қосымшада көзделсе, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы _____________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей, орналасқан жері мекенжайының өзгеруі _____________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы __________________________

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________________________________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________________

      Заңды тұлғаның мекенжайы______________________________________________

      (ел (шетелдік заңды тұлға үшін), почталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық почтасы____________________________________________________

      Телефондары___________________________________________________________

      Факсы_________________________________________________________________

      Банктік шоты____________________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы

      _______________________________________________________________________

      (почталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.

      Басшы _____________ ___________________________________________________ (ЭЦҚ-сы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________

  2-нысан

Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші

      (кімге) _________________________________________________________________

                        (лицензиардың толық атауы)

      (кімнен)________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________________

      (қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кiшi түрiнің толық атауы)

      жүзеге асыруға арналған 20___ жылғы "___" _________ берілген №__________________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиярдың атауы жүзеге асыруға)

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керегінің астын сызу керек) мынадай негіздер бойынша (тиісті Х ұяшықта көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:

      1) жеке тұлға-лицензиат атының, әкесінің атының (бар болса), тегінің өзгеруі _______

      2) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, атауының өзгеруі_________________

      3) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, заңды мекенжайының өзгеруі ____________

      4) егер, лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына 1-қосымшада көзделсе, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып,

      объект нақты көшірілмей, орналасқан жері мекенжайының өзгеруі ________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы ________

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________________________________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________________

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы_____________________________________

      (почталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)

      Электрондық почтасы____________________________________________________

      Телефондары___________________________________________________________

      Факсы_________________________________________________________________

      Банктік шоты____________________________________________________________

                        (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы _________________________________________________