"Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 453 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 17974 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-03/1058 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12888 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жануарлар дүниесі объектілеріне келтірілген зиян мөлшерін есептеу";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жануарларды заңсыз алу немесе жануарларды абайсызда жою салдарынан келтірілген зиян мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

      У = Т x К x Ко х Кн х Кк х Кв х N,

      мұнда:

      У – айлық есептік көрсеткішпен (бұдан әрі – АЕК) айқындалатын жануарларды заңсыз алу немесе жануарларды абайсызда жою салдарынан келтірілген зиян мөлшері;

      Т – АЕК-мен айқындалатын әрбір дарақ немесе килограмм (балық бойынша) үшін зиянды өтеудің белгіленген мөлшері;

      К, Ко, Кн, Кк, Кв - осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттерінің мәні;

      N – жануарлар дүниесі объектілерінің нақты түрі дарақтарының немесе килограмының (балық бойынша) мөлшері.

      4. Жануарлар дериваттарын немесе балықты және оның өнімдерін заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

      У = Т x Кд x N, мұнда:

      У – жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшері (АЕК);

      Т – АЕК-мен айқындалатын әрбір дарақ немесе килограмм (балық және оның өнімдері бойынша) үшін зиянды өтеудің белгіленген мөлшері;

      Кд – осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттерінің мәні;

      N – жануарлар дериваттарының саны.";

      қайта есептеу коэффициенттерінің мәні осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  орынбасары-Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы
  министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы
  № 453 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасының
  жануарлар дүниесін қорғау, өсімін
  молайту және пайдалану саласындағы
  заңнамасын бұзудан келтірілген
  зиянның орнын толтыру мөлшерін
  айқындау әдістемесіне қосымша

Қайта есептеу коэффициенттерінің мәні

Жануарлар дүниесі объектілеріне зиян келтіруге түрткі болған мән-жайлар

Коэффициенттер мәні

1.

Жануарлар дүниесі объектілерін қасақана жою, оның ішінде:


1.1

Жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алу (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда):
ересек жануар (балықтар үшін – кәсіпшілік мөлшер)
төл (балықтар үшін – кәсіпшілік емес мөлшер)

Коэффициент
"К"
1,5
1

1.2

Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алу

Коэффициент
"Ко"
3

2.

Жануарлар дүниесі объектілерін абайсызда жою:
ересек жануар (балықтар үшін – кәсіпшілік мөлшер)
төл (балықтар үшін – кәсіпшілік емес мөлшер)

Коэффициент "Кн"
1,5
1

3.

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесіне (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына) енгізілген жануарлар дүниесі объектілерін немесе алуға тыйым салынған жануарларды жою

Коэффициент "Кк"
3

4.

Жануарлар дериваттарын немесе балықты және оның өнімдерін заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау:
ересек жануар
төл

Коэффициент "Кд"
1,5
0,5

5.

Шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде аң аулау объектілерінің қасақана немесе немқұрайлылықтан жойылуына (өлуіне) түрткі болған әрекет (әрекетсіздік):
ересек жануар
төл

Коэффициент "Кв"
1
0,5