Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 1093 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 17970 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет түсімдерінің сыныптамасында:

      1 "Салықтық түсімдер" санатында:

      04 "Меншікке салынатын салықтар" сыныбында:

      3 "Жер салығы" кіші сыныбында:

      02 "Елді мекендер жерлеріне алынатын жер салығы" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "02 Жер салығы";

      "09 Елді мекендердің жерлеріне алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы" ерекшелігі алынып тасталсын;

      05 "Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар" сыныбында:

      1 "Қосылған құн салығы" кіші сыныбында:

      "13 Kеден одағының бірыңғай кеден аумағы құрылғанға дейін Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы" ерекшелігі алынып тасталсын;

      2 "Акциздер" кіші сыныбында:

      81 "Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын темекі өнімдері" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "81 Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын темекі өнімдері";

      82 "Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын басқа да акцизделетін өнімдердің түрлері" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "82 Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін өнімдердің өзге түрлері".

      2. "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:

      1 "Салықтық түсімдер" санатында:

      04 "Меншікке салынатын салықтар" сыныбында:

      3 "Жер салығы" кіші сыныбында:

      02 "Елді мекендер жерлеріне алынатын жер салығы" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жер салығы

1

04

3

02



100

100

100



  ";

      09-ерекшелігі

      "

Елді мекендердің жерлеріне алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы

1

04

3

09



100

100




  "

      алынып тасталсын;

      05 "Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар" сыныбында:

      1 "Қосылған құн салығы" кіші сыныбында:

      13-ерекшелігі

      "

Kеден одағының бірыңғай кеден аумағы құрылғанға дейін Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы

1

05

1

13

100







  "

      алынып тасталсын;

      2 "Акциздер" кіші сыныбында:

      81 "Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын темекі өнімдері" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын темекі өнімдері

1

05

2

81

100







  ";

      82 "Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын басқа да акцизделетін өнімдердің түрлері" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін өнімдердің өзге түрлері

1

05

2

82

100







  ";

      3 "Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер" кіші сыныбында:

      30 "Жер қойнауын пайдаланушылардың басқа түсімдері" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жер қойнауын пайдаланушылардың басқа түсімдері

1

05

3

30

100







  ".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Ә. Смайылов