БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығында:
24-тармақтың үшінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бюджет қаражатын өзге де үнемдеу: бағамдық айырма, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) мөлшерлемесінің өзгеруі, инфляция индексінің өзгеруі, бағаның және табиғи тұтыну көлемінің өзгеруі есебінен қалыптасқан түгел пайдаланылмаған қаражат қалдығы, іссапар шығыстары бойынша үнемдеу, жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санының азаюы, іс-шараларға шығу және өткізу мерзімінің көшірілуіне байланысты ағымдағы шығындар бойынша іс-шаралар жоспарының өзгеруі, өкілдік шығындар мен шетелдік іссапарларды қоса алғанда, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінбеген қалдық, бюджет қаражатын нәтижелерге қол жеткізу шартымен қысқарту немесе оңтайландыру нәтижесінде алынған үнемдеу.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Ә. Смайылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
______________________________
2018 жылғы "_____" ____________