"Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 351 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17959 болып тіркелді

      "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 21 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

2) мемлекеттік тіркеу орны бойынша

5 жыл

Электрондық құжаттар*

      ";

      16-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16

7) республикалық бюджеттік комиссияның, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары отырыстарының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар

      ";

      167, 168 және 169-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

167

Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары, ұлттық компаниялар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың даму жоспарлары

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар

168

Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының жобалары, ұлттық компаниялардың, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың даму жоспарларының жобалары:
1) әзірленген орны бойынша;

Тұрақты

Электрондық құжаттар*

2) келісу орны бойынша

5 жыл

Электрондық құжаттар*

169

Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық, операциялық жоспарларын, ұлттық компаниялардың, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың даму жоспарларын түзету және орындау бойынша құжаттар (баяндамалар, есептер, анықтамалар және басқа құжаттар)

Тұрақты

Электрондық құжаттар*

      ";

      266-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

266

Республикалық бюджеттің, жергілікті бюджеттердің (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің, жергілікті дамудың бюджеттік бағдарламаларының) атқарылуы туралы жылдық есептер

Тұрақты

Электрондық құжаттар*

      ";

      485-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

485

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ұйым басшыларының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуратурасы

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс Басқармасы

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитеті