"Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 651 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қарашада № 17821 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 324 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.07.2019 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Т.І. Ешенқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2018 жылғы 28 қарашадағы
  № 651 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2015 жылғы 16 сәуірдегі
  № 212 бұйрығына
  4-қосымша

"Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, Астана қаласы үшін – екі жұмыс күні, өңірлер үшін – он бес жұмыс күні;

      веб-портал арқылы – екі жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін барынша жол берілетін күту уақыты – жиырма минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – үш сағат.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) сертификаты немесе осы стандарттың 10-тармағында белгіленген жағдайда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Веб-порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаға электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат форматында жіберіледі және сақталады.

      Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен және мөрмен расталады.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету құны "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші білім беру саласындағы уәкілетті органының келісімі бойынша айқындалған және 4841 теңгені құрайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін электронды сұраныс жіберілген жағдайда, төлем электронды үкіметтің "төлем шлюзі" (бұдан әрі − ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда. Өтінішті қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады;

      2) веб-портал – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінгенде өтініш қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) тестілеуіне қатысуға өтініш;

      2) жеке басын растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      3) қызметке ақы төленгенін растайтын құжат.

      веб-портал арқылы:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электронды құжат түріндегі қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) тестілеуіне қатысуға өтініш.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттардың, көрсетілетін қызметті алушының ақы төленгенін растайтын құжаттың мәліметін (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) "электрондық үкіметтің" шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы барлық құжаттарды берген кезде "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдау мәртебесі туралы хабарлама жіберіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

      1) тестілеуден өту барысында межелік деңгейден төмен нәтиже алған күннен бастап бір ай көлемінде қайта өтініш білдіру;

      2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жазбаша түрде көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оны алмастырушы тұлғаның атына көрсетілетін қызмет берушінің сайтында көрсетілген мекенжай бойынша немесе 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс, 8 (7172) 74-24-25 телефоны бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне пошта, веб-портал арқылы немесе қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы шағымында тегін, есімін, әкесінің атын (бар болған жағдайда), пошта мекенжайын көрсете отырып, өзі (немесе оның өкілі) қол қояды.

      Шағымды берген кезде іс-әрекеттеріне шағымданып жатқан субъектінің, лауазымды тұлғалардың аты-жөні, өтініштің себептері және талаптары көрсетіледі.

      Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Субъектіге тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушіге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде беріледі.

      Веб-портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағым веб-портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып тұратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күн ішінде қарауға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.kazakhtest.kz интернет-ресурсында және веб-порталда орналасқан.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 69-52-84, 8 (7172) 69-52-85. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Қазақ тілін білу деңгейін
  бағалау (ҚАЗТЕСТ)"
  мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына 1-қосымша
  Нысан

Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) бойынша сертификат



  "Қазақ тілін білу деңгейін
  бағалау (ҚАЗТЕСТ)"
  мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына 2-қосымша
  Нысан
  "__"_______20___ жыл

Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) бойынша тестілеуге қатысуға ӨТІНІШ

      Тестіленушінің аты-жөні (әкесінің аты бар болған жағдайда) _____________________

      Ұлты_____________________________________________________________________

      Туған жылы_______________________________________________________________

      Жұмыс орны, лауазымы_____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      5. Байланыс телефондары __________________________________________________

      6. Тестілеу түрі:

      Диагностикалық тестілеу:                   Сертификаттық тестілеу:

      Жалпы меңгеру

                  Қарапайым


      Базалық


      Орта


      Ортадан жоғары


      Жоғары


      Тестілеуден өткен уақыты, мерзімі:

      Күні

Айы

Жылы



сағат

минут

      Ескерту___________________________________________________________________

      ____________________

      (тестіленушінің қолы)

      Өтінішті қабылдаған қызметкер ______________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

  "Қазақ тілін білу деңгейін
  бағалау (ҚАЗТЕСТ)"
  мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына 3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
  (көрсетілетін қызметті
  алушының тегі, аты,
  әкесінің аты (бар болған
  жағдайда))
  ____________________________
  (көрсетілетін қызметті
алушының
  мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып,

      __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

      Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге

      сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға және (немесе)

      қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты

      "Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)" мемлекеттік қызметін

      көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1. ________________________________________________;

      2. ________________________________________________;

      3. ________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалған.

      _____________________________________       _______________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)            (орындаушының қолы)

      Телефон ____________

      Алдым

      ______________________________      ________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)


      "___"______20__ жыл