"Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауды тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 749 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 447 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 74 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 қарашада № 17794 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауды тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 749 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 827 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13023 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауды тексеру парақтарын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Магистральдық мұнай өнімдері құбырының меншік иесіне немесе магистральдық мұнай өнімдері құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Магистральдық мұнай құбырының меншік иесіне немесе магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Магистральдық газ құбырының меншік иесіне немесе магистральдық газ құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Терминалдар меншік иелеріне қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы бекітілсін.";

      қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бірлескен бұйрыққа 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес 2, 3, 4-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________Т. Сүлейменов
     
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      _____________ Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2018 жылғы 16 қарашадағы
  № 447
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 19 қарашадағы
  № 74 бірлескен бұйрығына
  1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 749
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 827
  бірлескен бұйрығына
  1-қосымша

Тексеру парағы

      Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының

      сақталуына_____________________________________________________ саласында/аясында

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес)

      Магистральдық мұнай өнімдері құбырының меншік иесіне немесе магистральдық мұнай

      өнімдері құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген

      операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға________________ қатысты

      (бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      ______________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт __________________________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы

      ______________________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі ________________________________________________________________________

      Орналасу орны ________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензияның болуы

2

Мұнай тасымалдауға арналған магистральдық құбырларды мұнайды есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру

3

Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін сақтау, сондай-ақ магистральдық құбырдың шектеулі өткізу қуаты кезінде мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбырмен тасымалдау жөнінде қызметті көрсетудің кезектілік бойынша тәртібін сақтау

4

Магистральдық құбырдың еркін өткізу қуаты бар кезінде магистральдық құбырдың меншік иесі не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға немесе олардың атынан жөнелтушілерге өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге уәкілеттік берілген оператор барлық жөнелтушілерге өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті ұсынудың тең жағдайларын қамтамасыз ету талабын сақтау

5

Уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті төменде көрсетілген есептерді ұсынуы:
1) мұнайды және газ конденсатын экспортқа тасымалдау бойынша тәулік сайынғы ақпарат туралы;
2) мұнайды және газ конденсатын экспортқа ("Омбы-Павлодар" құбырын қоспағанда) тасымалдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы;
3) мұнайды және газ конденсатын экспортқа ("Омбы-Павлодар" құбырын қоспағанда) тасымалдау бойынша жедел жоспарлар туралы

      Лауазымды тұлға (тұлғалар)

      ___________________ ______________ ______________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ___________________ ______________ ______________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің басшысы

      ___________________ ______________ ______________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2018 жылғы 16 қарашадағы
  № 447
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 19 қарашадағы
  № 74 бірлескен бұйрығына
  2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 749
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 827
  бірлескен бұйрығына
  2-қосымша

Тексеру парағы

      Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының

      сақталуына_____________________________________________________ саласында/аясында

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес)

      Магистральдық мұнай құбырының меншік иесіне немесе магистральдық мұнай құбырына өзге

      де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін

      көрсететін ұйымға, ұлттық операторға_______________________________________ қатысты

      (бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      ______________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт __________________________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы

      ______________________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі ________________________________________________________________________

      Орналасу орны ________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензияның болуы

2

Мұнай тасымалдауға арналған магистральдық құбырларды мұнайды есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру

3

Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін сақтау, сондай-ақ магистральдық құбырдың шектеулі өткізу қуаты кезінде мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбырмен тасымалдау жөнінде қызметті көрсетудің кезектілік бойынша тәртібін сақтау

4

Магистральдық құбырдың еркін өткізу қуаты бар кезінде магистральдық құбырдың меншік иесі не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға немесе олардың атынан жөнелтушілерге өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге уәкілеттік берілген оператор барлық жөнелтушілерге өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті ұсынудың тең жағдайларын қамтамасыз ету талабын сақтау

5

Уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті төменде көрсетілген есептерді ұсынуы:
1) мұнайды және газ конденсатын экспортқа тасымалдау бойынша тәулік сайынғы ақпарат туралы;
2) мұнайды және газ конденсатын экспортқа ("Омбы-Павлодар" құбырын қоспағанда) тасымалдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы;
3) мұнайды және газ конденсатын экспортқа ("Омбы-Павлодар" құбырын қоспағанда) тасымалдау бойынша жедел жоспарлар туралы

6

Жобалық құжаттамада көзделген барлық құрылыстарды және өзге де объектілерді қабылдаусыз магистральдық мұнай құбырларын пайдалануға жол берілмеу талабын сақтау

7

Міндеттері төменде көзделген мұнай құбыры басқармасы, желілік өндірістік-диспетчерлік станциялар, мұнай айдау станциялары, авариялық қалпына келтіру тірек пункттері, талдамалық зертханалар және басқа да қызметтердің бар болуы:
1) мұнай тасымалдау бойынша қызметтерді ұсыну жөніндегі шарттардың негізінде магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнайды қабылдау және оны тасымалдау;
2) магистральдық құбырға қабылданған және соңғы тасымалдау пунктіне тапсырылатын мұнай партиясының санын есепке алу және сапасын тексеру;
3) мерзімді диагностикалық зерттеулер жүргізу және магистральдық мұнай құбырларының құрылыстары мен технологиялық жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін ұйымдастыру арқылы магистральдық мұнай құбырлары мен оның объектілерінің сенімді және қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету;
4) авариялық жағдайлардың алдын алу, болуы мүмкін авариялар мен оның салдарын жою;
5) магистральдық мұнай құбырларын немесе оның объектілерін тізімнен шығару кезінде жою

8

Магистральдық мұнай құбырын жалпы пайдалану мерзімі барысында магистральдық мұнай құбырларының құрылысына арналған жобалық және атқару құжаттары, сынақ актілері, техникалық қызмет көрсетуге арналған жұмыс құжаттамасы, сондай-ақ авариялар мен оқиғаларды тексеру материалдардың бар болуы

9

Мұнай айдау станциялары магистральдық мұнай құбырларының желілік бөлігіне, құю пункттеріне, мұнайды жылыту пункттеріне, объекті ішіндегі құрылыстарға (резервуарлар, қысымды сыйымдылықтар, қазандар) техникалық паспорттардың бар болуы

10

Мұнай құбырларының төменде көрсетілген жерлерде қысымды және температураны өлшейтін құралдардың бар болуы:
1) әр желілік ысырманың екі жағынан;
2) су кедергісінен өтетін аралықтың әрбір желісінің екі жағынан жағадағы ысырмаға дейін және одан кейін;
3) мұнай айдау станциялары араларындағы соңғы айдау пунктіндегі қабылдайтын құбыр ысырмасы жанында;
4) іске қосу және қабылдау, сондай-ақ тазалау және диагностика жасау құралдарын өткізу тораптарының екі жағына;
5) мұнай құбырын мұнайды жылыту орнына, мұнайды жылыту станциясына тораптарды қосқанға дейін және одан кейін;
6) мұнай құбырының бойлық бейінінің ерекше сипатты нүктелерінде орнатады

11

Мұнай құбырында технологиялық схемаларға сәйкес толықтырылған және нөмірленген, бекіту қалыптарын көрсететін белгілерімен, ашық және жабық бағыттарын білдіретін жазбалары мен сілтегіштермен толықтырылған желілік бекіту арматурасын мұнай құбырын салу (реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтау, жетілдіру, күрделі жөндеу) жобасына сәйкес орналастыру

12

Құрамына резервуар паркі, тірек сорғы станциясы, мұнайды есепке алу торабы, магистральдық сорғы станциясы, қысымды реттеу торабы немесе тірек және магистральдық сорғы агрегаттарындағы жиілікті-реттемелі электржетегі, лай ұстағыш сүзгілер, сақтандырғыш құрылғылары бар тораптар, технологиялық құбырлар, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, кәріз, өрт сөндіру, электрмен жабдықтау, автоматика, телемеханикалық автоматтандыру, байланыс жүйелері, электрхимиялық қорғау жүйесі, мұнайды жылыту пештері, есепке алу тораптары, өндірістік-тұрмыстық ғимараттар мен құрылыстар кіретін бас мұнай айдау станцияларының бар болуы

13

Құрамына магистральдық сорғы станциясы, лай ұстағыш сүзгілер, қысымды реттеу торабы, қысым толқынын тегістеу жүйесі, сондай-ақ технологиялық мұнай құбырлар кіретін, резервуар паркін ескермегенде, аралық мұнай айдау станциясының бар болуы

14

Құрамына мынадай технологиялық жабдықтар кіретін резервуар паркінің бар болуы:
1) сақтандыратын, тыныстық қақпақшалармен (стационарлық қақпақпен вертикальдік болат жұмыр резервуарлары), желдету келтеқұбырлармен (стационарлық қақпақпен және понтонмен вертикальдік болат жұмыр резервуарлары, жылжымалы қақпақпен вертикальдік болат жұмыр резервуарлары), оттан сақтандырғыштармен, қабылдау-үлестіру келтеқұбырларымен және олардың қалпына келтіруші жүйелерімен, сақпандармен, сынама іріктегіштермен, жүзбелі қақпақты су ағызғыштармен (жылжымалы қақпақпен вертикальдік болат жұмыр резервуарлары), сифонды шүмектермен, шөгіндіні шаю жүйесімен, люктермен, деңгей өлшегіштермен, бақылау, сигнал беру, қорғау аспаптарымен жабдықталған резервуарлар;
2) резервуар паркінің объектілерінде тұтануды анықтауға арналған құрылғы мен өрт сөндіру жабдығы;
3) резервуарларды орайтын мұнай құбырлары;
4) мұнайдың резервуарға ағуын және резервуардан ағуын тоқтататын ысырмалар;
5) осы резервуар паркінде орнатылған және технологиялық процестерді іске асыру үшін пайдаланылатын, энергиямен жабдықтау құрылғылары, қосалқы және басқа құрылғылар

15

Жабдықтар мен желілік бөліктің құрылыстарын ағымдағы жөндеу жұмыстарын мұнай құбыры басқармаларының тиісті қызметтері әзірлеген жоспар-графиктерге сәйкес жүргізу

16

Тазартушы құрылғыларды өткізу арқылы мұнай құбырларын тазарту жөніндегі бекітілген жұмыстардың жылдық жоспарын сақтау

17

Магистральдық мұнай құбырына техникалық қызмет көрсету нәтижелелері бойынша барлық өзгерістерді технологиялық схемаға енгізу және қызмет көрсететін персоналдың назарына жеткізу

18

Жоспарға сәйкес магистральдық мұнай құбырларының желілік бөлігі мен объектілеріне диагностикалау жүргізу

19

Диагностикалау нәтижелерінің негізінде магистральдық мұнай құбырларының желілік бөлігі мен объектілерін жөндеу жұмыстарының мерзімдері мен көлемдері көрсетілген мұнай құбырларының бұзылуының алдын алу жөніндегі жоспардың бар болуы

20

Графикке сәйкес жүргізілетін мұнай айдау станцияларының жабдығының техникалық жай-күйге жедел, жоспарлы және жоспардан тыс диагностикалау нәтижесі бойынша жабдықтың техникалық жай-күйі туралы қорытындылардың бар болуы

21

Пайдаланудың белгіленген мерзімін (белгіленген ресурс) өтеген мұнай айдау станциялары жабдықтарына техникалық куәландырудың бар болуы

22

Резервуарларды диагностикалау негізінде резервуар паркінің сенімді пайдалануды қамтамасыз ету мүмкіндігін есепке ала отырып резервуарларды жөндеу (оның ішінде күрделі жөндеу) графигінің бар болуы

23

Магистральдық мұнай құбырларының күрделі, сондай-ақ ішінара күрделі жөндеу, лицензиясы бар жобалаушы ұйым әзірлеген жобаға және жөндеу жүргізетін ұйым әзірлеген жұмыс жүргізу жобасына сәйкес орындау

24

Әрбір жөндеуді мұнай құбырының паспортында көрсету

25

Объектілерді (жабдықты) қайта іске қосу және оларды қолданысқа енгізу кезінде жұмыстардың тізбесі, оларды орындау тәртібі мен мерзімдері көрсетілген жұмыс бағдарламасының бар болуы

26

Қайта іске қосқаннан кейін жобалық құжаттамамен белгіленген магистральдық мұнай құбырларының объектісін бақылаумен пайдалану кезеңін сақтау

27

Объектілер мен жабдықты қайта монтаждау бойынша жұмыстарды орындау үшін қайта монтаждауға жобалық құжаттаманың бар болуы

28

Келесі магистральдық мұнай құбырларының объектілерінде автоматтандырудың бар болуы:
1) магистральдық, тіректі сорғылары, резервуар парктері бар бас мұнай айдау станцияларының;
2) магистральдық сорғылары бар аралық мұнай айдау станцияларының;
3) мұнай қыздыру станцияларының / пункттерінің;
4) мұнайды есепке aлу торабы / мұнайдың саны мен сапасын өлшеу жүйесінің;
5) қосалқы инженерлік құрылыстарының;
6) магистральдық мұнай құбырларының желілік бөлігі

      Лауазымды тұлға (тұлғалар)

      ___________________ ______________ ______________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ___________________ ______________ ______________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің басшысы

      ___________________ ______________ ______________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2018 жылғы 16 қарашадағы
  № 447
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 19 қарашадағы
  № 74 бірлескен бұйрығына
  3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 749
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 827
  бірлескен бұйрығына
  3-қосымша

Тексеру парағы

      Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының

      сақталуына_____________________________________________________ саласында/аясында

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес)

      Магистральдық газ құбырының меншік иесіне немесе магистральдық газ құбырына өзге де

      заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін

      көрсететін ұйымға, ұлттық операторға _______________________________________ қатысты

      (бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      ______________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт _________________________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы

      ______________________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі ________________________________________________________________________

      Орналасу орны ________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензияның болуы

2

Магистральдық құбырларды есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру

3

Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін сақтау, сондай-ақ магистральдық құбырдың шектеулі өткізу қуаты кезінде мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбырмен тасымалдау жөнінде қызметті көрсетудің кезектілік бойынша тәртібін сақтау

4

Магистральдық құбырдың еркін өткізу қуаты бар кезінде магистральдық құбырдың меншік иесі не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға немесе олардың атынан жөнелтушілерге өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге уәкілеттік берілген оператор барлық жөнелтушілерге өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті ұсынудың тең жағдайларын қамтамасыз ету талабын сақтау

5

Уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті төменде көрсетілген есептерді ұсынуы:
1) мұнайды және газ конденсатын экспортқа тасымалдау бойынша тәулік сайынғы ақпарат туралы;
2) мұнайды және газ конденсатын экспортқа ("Омбы-Павлодар" құбырын қоспағанда) тасымалдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы;
3) мұнайды және газ конденсатын экспортқа ("Омбы-Павлодар" құбырын қоспағанда) тасымалдау бойынша жедел жоспарлар туралы

6

Әр объектіде (кран алаңы, учаске) күзетілетін аймақты, өндірістік инфрақұрылымды, күзетілетін аймақта орналасқан және шектесетін аумақтың (объектінің) заттарын (меншігін) көрсетумен кәсіпорын басшысымен бекітілген объектінің (крандардың) және құбыр трассасының орналасу схемасының бар болуы

7

Атқарушылық құжаттамада уақтылы енгізілген магистралдық газ құбырының күзетілетін аймағындағы объектілер құрылысына, газ құбырының басқа коммуникациялармен қиылысына қатысты барлық өзгерістер, сондай-ақ магистральдық газ құбырының желілік бөлігіндегі объектілердің конструктивтік өзгерістердің бар болуы

8

Пайдалану кезінде жерасты газ құбырының трассасын тексеріп шығу, айналып өту немесе аралап ұшып шығу жолымен бақылаудың мерзімділігі және тексеру көлемі көрсетілген магистральдық газ құбырының желілік-өндірістік басқармасы әзірлеген және газ тасымалдау ұйымының басшылығы бекіткен графиктің бар болуы

9

Магистральдық газ құбырының барлық санаттағы автожолдар арқылы өтпелерін тексеріп шығу, айналып өту немесе аралап ұшып шығу нәтижелерімен журналдың бар болуы

10

Желілік-пайдалану қызметінде диспетчерде және авариялық-жөндеу көлік құралдарында олардың орналасқан орындарынан трассаның барлық учаскелеріне жылдың әр мезгілдерінде және әртүрлі метеорологиялық жағдайларда қозғалыстың оңтайлы жолдарының схемасының (маршруттық картасы) бар болуы

11

Магистральдық газ құбыры трассасына қараушылардың қарауға және тексеруге шығуы мен жүруін және аса қиын геологиялық немесе табиғи жағдайларда, шөлді, шөлейтті аудандарда бақылау пункттеріне баруын немесе қайтуын арнайы журналда тіркеудің бар болуы

12

Магистральдық газ құбыры трассасына қараушылардың қарауға және тексеруге шығуы мен жүруін және аса қиын геологиялық немесе табиғи жағдайларда, шөлді, шөлейтті аудандарда бақылау пункттеріне баруын немесе қайтуын бақылайтын магистральдық газ құбыры желілік-өндірістік басқармасының басшылығымен тағайындаған жауапты тұлғаның бар болуы

13

Магистральдық газ құбырында газ жылыстауын жарық, коррозиялық бұзылу және тесіктер арқылы жоюға тыйым салу бойынша талабын сақтау

14

Аварияларды жедел жою, көп еңбекті қажет ететін қалпына келтіру және басқа да жұмыстарды орындау үшін магистральдық газ құбырында авариялық-қалпына келтіру поездарының бар болуы

15

Желілік бөліктің объектілерін салу, күрделі жөндеу, қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру сапасына техникалық бақылауды жүзеге асыратын жауапты тұлғаны тағайындау туралы құжаттың бар болуы

16

Желілік крандарда газ қысымын кранға дейін және одан кейін өлшеу үшін техникалық монометрлердің бар болуы

17

Құбырлар мен фасондық біріктіру бұйымдарға бұйымның сапа сертификаттардың және құбырлардың үстіңгі бетінде таңбаның бар болуы

18

Газ тасымалдау ұйымымен бекітілген магистральдық газ құбырына және компрессорлық станцияларға, газ тарату станцияларына, газ өлшеу станцияларына, жерасты газ қоймаларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жоспар-графигінің бар болуы

19

Кәсіпорынның жұмыс істеп тұрған әрбір газ құбырына (желілік бөлік, компрессорлық станциялар, газ тарату станциялар, газ өлшеу станциялары, жерасты газ сақтау қоймалары), құбыр маркасын, электрод түрін, жапсарды дәнекерлеуге дайындау шартын көрсете отырып, дәнекерлеудің технологиялық картасының бар болуы

20

Жұмыс істеп тұрған газ құбырларына қосуды (бұруды монтаждау) жобаға немесе газ тасымалдау ұйымымен келісілген техникалық құжаттамаға сәйкес орындау бойынша талапты сақтау

21

Газ құбырының ашық учаскелерінің электр берілісі әуе желілерімен қиылысу орындарында газ құбырын электр берілісі желісінің сымы үзілген кезде оған жоғары кернеу берілуден қорғайтын құрылғылардың бар болуы

22

Желілік пайдалану қызметінде мынадай техникалық және жедел құжаттаманың бар болуы:
1) газ құбырының трассасына, газ тарату станцияларына, жөндеу-пайдалану блогына, желілік пайдалану қызметі қызмет көрсететін газ тарату станциялар мен басқа да құрылыстардың желілік қараушылары мен операторларының үйлеріне арналған жер телімдерін бөлу актілерінің көшірмелері;
2) магистральдық газ құбырдың желілік бөлігінің орындаушылық техникалық құжаттамасы;
3) қызмет көрсетілетін магистральдық газ құбырлары учаскесінің жергілікті жағдайдың жоспары бар схемасы (өзен мен аңғарлардағы өтпелер, трасса бойындағы жолдар, жақын елді мекендер, газ құбырының басқа да жерасты және жерүсті коммуникациялармен, автомобиль және темір жолдарымен қиылыстары, авариялық құбыр қорларын сақтау орындары, объектілердің орналасу орындары және электрхимиялық қорғану құралдары);
4) желілік бөліктің, газ тарату станцияларының, суасты өтпелерінің және желілік бөлігінің басқа да объектілерінің техникалық паспорты;
5) негізгі жабдықтардың және қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстардың паспорты;
6) қызмет көрсетуші персоналдар үшін лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтары;
7) жұмыс түрлері мен мамандықтары бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау нұсқаулықтары;
8) қызмет көрсететін трассаның жоспары, кескіні;
9) аварияларды жою жоспары;
10) жоспарлы-алдын алу жөндеу кестелері;
11) қолданыстағы нормативтік құжаттар;
12) газ құбыры трассасын тексеру журналы;
13) жөндеу жұмыстарының журналы;
14) авариялық бригаданы жинау жоспары;
15) тоқтап қалу, бұзылулар мен апаттарды тергеу бойынша техникалық актілер;
16) метанол мен одорантты қолдану бойынша құжаттама;
17) газ құбырлары мен жабдықтарды техникалық зерттеу және сынау актілері;
18) нормативтік-анықтамалық дерекқор

23

Газ тарату станцияның ғимаратынан 10 метр кем болмайтын қашықтықта газ тарату станцияның алдында және артында бекіту арматураның (крандардың) бар болуы

24

Газ тарату станцияда кіру газ құбырларын газ қысымының жоғарылауынан қорғайтын автоматты қорғаудың бар болуы.

25

Газ тарату станциясының қызметінде (желілік-пайдалану қызметі) мынадай техникалық және жедел құжаттаманың бар болуы:
1) мемлекеттік қабылдау және жұмыс комиссияларының актілері;
2) газ тарату станцияның жабдықтар құрамына кіретін бұйымдарға арналған паспорттары;
3) жобаға сәйкес толық көлемдегі орындау құжаттамасы;
4) газ тарату станцияның техникалық паспорты;
5) газ тарату станцияда жұмыс тәртібінің бақыланатын параметрлерін, технологиялық схемаларындағы ауыстыруларды, жабдықтың жай-күйі мен жұмыс тәртібін, сонымен бірге алынған нұсқаулықтар мен бұйрықтарды хронологиялық тәртіппен жазуға арналған жедел журнал;
6) коммуникацияларды және оларда орнатылған арматуралар мен сақтандыру құрылғыларын көрсетумен газ тарату станцияның газ құбырының бекітілген негізді схемасы (оператордың бөлмесіндегі көрінетін жерге ілінеді);
7) жабдықты, коммуникацияларды, құрылғыларды, аспаптарды жоспарлы-алдын ала жөндеу графигі;
8) аумақтық газбен жабдықтау кәсіпорындарының, негізгі тұтынушылардың, өрт сөндіру командасының, жедел жәрдем және жергілікті билік органдарының телефон нөмірлері жазылған тақтайшалар

26

Газ тарату станциясын мына жағдайларда іске қосуды жүзеге асырмау бойынша талапты сақтау:
1) қабылдау-тапсыру актісі толтырылмаған болса;
2) газ тарату станция жүйелерінің біреуі істен шығып, жөндеуге келмейтін жағдайда (газды редукциялау, қорғау, одоранттау, авариялық ескерту дабылы, газды есепке алу аспаптары);
3) газды тазалау мен құрғату деңгейі пневмоавтоматика жүйесін қоректендіру үшін салалық стандарттарға сәйкес келмесе;
4) диспетчермен және тұтынушымен өндірістік технологиялық байланыс болмаса;
5) өрт сөндіру құралдары жоқ болса;
6) газ тарату станцияда технологиялық газ құбырлары мен коммуникацияларының электрхимиялық қорғанысы болмаса;
7) төменгі жүйелерінің газды қабылдауға дайын болуының жазбаша растауы және мемлекеттік қадағалау органдарының рұқсаты болмаса;
8) дайындықтан өткен операторлары жоқ болса

27

Компрессорлық станциялардың әрбір жүйесі және құрылғысына техникалық куәландырудан, тексеруден өткізіледі, олардың өткізілуі туралы актілерді қоса тіркеумен пайдалану формулярының бар болуы

28

Негізгі және қосалқы жабдықтар сенімділігінің статистикалық көрсеткіштерін есепке алуды жүргізу

29

Компрессорлық цехты мына жағдайларда технологиялық коммуникациялардан газ шығару және газ құбырынан ажыратылу арқылы авариялық тәртіпте тоқтату талабын сақтау:
1) газ айдау агрегатының технологиялық жабдығында немесе компрессор цехында өрт болғанда;
2) ғимаратта (жабық жерде) өрт болғанда;
3) жоғары қысымды газ құбырының жарылуы немесе көп мөлшерде газ шығарылған кезде;
4) газды тазарту, суыту қондырғыларында және коммуникация қондырғыларында өрт болғанда;
5) жабдыққа және адамдардың өміріне қауіп туғызатын дүлей апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде

30

Магистральдық газ құбыры желілік бөлігінің техникалық жағдайы туралы тоқсандық және жылдық есептердің бар болуы

31

Компрессорлық станциясында мониторинг және диагностика жүйелерінің бар болуы

32

Газ тасымалдау сенiмдiлiгін арттыру және компрессорлық станциялардың жабдықтарына авариялық жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының уақытын азайту мақсатында материалдар мен запас бөлшектердің қорының бар болуы

33

Мерзімді техникалық қызметтің және жүргізілетін жөндеудің көлемі мен графиктерімен бөлімшенің техникалық басшысы бекіткен жыл сайынғы жоспардың бар болуы

34

Газ тасымалдау станцияның қызметтік бөлімінің бастығымен келісім жасалған және магистральдық газ құбыры желілік өндірістік басқармасының бастығы бекіткен жабдықтарды алдын ала жоспарлы жөндеу графигінің бар болуы

35

Станцияны жоспарлы жөндеуге шығаруды газ тасымалдау станцияның қызметі немесе жөндеу-техникалық тобы магистралдық газ құбыры желілік-өндірістік басқармасының басшылығы бекіткен күнтізбелік кесте бойынша және тұтынушылардың келісімімен жүргізу талабын сақтау

      Лауазымды тұлға (тұлғалар)

      ___________________ ______________ ______________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ___________________ ______________ ______________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің басшысы

      ___________________ ______________ ______________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2018 жылғы 16 қарашадағы
  № 447
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 19 қарашадағы
  № 74 бірлескен бұйрығына
  4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 749
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 827
  бірлескен бұйрығына
  4-қосымша

Тексеру парағы

      Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының

      сақталуына_____________________________________________________ саласында/аясында

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес)

      терминалдар меншік иелеріне_______________________________________________ қатысты

      (бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      ______________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт _________________________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы

      ______________________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі ________________________________________________________________________

      Орналасу орны ________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Терминалдың өнеркәсіптік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырудың болуы

2

Магистральдық құбырлар саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажет терминалда мұнай қозғалысы бойынша ай сайынғы ақпаратты ұсынуы