"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығына өзгерістер е

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 қарашада № 17746 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № ҚР ДСМ-39/2020 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1."Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 21 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мына:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу";

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру";

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру";

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру";

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру";

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру";

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      тақырыбы қазақ тілінде мындай редакцияда жазылсын:

      "Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)";

      көрсетілген стандартқа 1-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Балалар тамағы өнімдерін,
тағамға тағамдық және
биологиялық белсенді
қоспаларды, генетикалық
түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция,
дезинсекция және дератизация
құралдарын, сумен және тамақ
өнімдерімен жанасатын
материалдар мен бұйымдарды,
адам денсаулығына зиянды әсер
ететін химиялық заттарды,
өнімдер мен заттардың
жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу немесе қайта тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1- қосымша";

      көрсетілген стандартқа 2-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Балалар тамағы өнімдерін,
тағамға тағамдық және
биологиялық белсенді
қоспаларды, генетикалық
түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция,
дезинсекция және дератизация
құралдарын, сумен және тамақ
өнімдерімен жанасатын
материалдар мен бұйымдарды,
адам денсаулығына зиянды әсер
ететін химиялық заттарды,
өнімдер мен заттардың
жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу немесе қайта тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2- қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын портал арқылы тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Порталдың жұмыс кестесі: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру туралы хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Порталдың жұмыс кестесі: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкімет": www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорация арқылы, сондай-ақ порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Өтініштер мен құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталардан бір күн бұрын береді.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияның: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;

      2) порталдың: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділердің нормативтік құжаттамаларының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2- қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттаманың жобасы;

      порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2- қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;

      2) санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік құжаттамасының жобалары;

      порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік құжаттамасы жобасының электрондық көшірмесі;

      3) шикізатқа және өнімге нормативтік құжаттаманың жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      шикізатқа және өнімге нормативтік құжаттаманың жобасы;

      порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      шикізатқа және өнімге нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке басын куәландыратын құжатты және (не нотариалды куаландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) сенімхатты көрсеткен кезде қолхат негізінде оның қызметкері жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Осы стандарттың 4-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызмет қағидаларына сәйкес Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілген қызметті берушіге тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      Министрліктің: www.mz.gov.kz;

      көрсетілетін қызметті берушінің: www.kooz.mz.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "I-IV патогенді топтардың микрорганизмдерімен және гельминтермен жұмыс істеуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) порталға өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      орындалатын зерттеулер номенклатурасы, материалдық база, кадр құрамы және персоналдың кәсіптік даярлығы көрсетілген түсіндірме жазба.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 3-қосымша алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Порталдың жұмыс кестесі: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      заңнамада белгіленген тәртіппен әзірленген нормативтік және (немесе) техникалық құжаттар немесе олардың жобаларының, өнімге технологиялық нұсқаулардың электрондық көшірмелері;

      заңнамада белгіленген тәртіппен құзыреті бойынша органдар және ұйымдар берген өнімнің өндірісінде пайдаланылатын шикізатқа, тағам ингредиенттеріне, тағам қоспаларына, қабығына, қаптамалау материалына сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері ;

      жарамдылық мерзімдерін негіздейтін ақпараты бар құжаттардың (өндіріс технологиясын жетілдіру, қазіргі заманғы технологиялық жабдық, қаптамалау материалы) электрондық көшірмелері;

      ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының сынақ зертханалары (орталықтары) жүргізген өнімнің, шикізаттың Кеден одағы комисиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға, Кеден одағының, Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне зертханалық зерттеулер (сынақтар) нәтижелерінің электрондық көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес біліктілік санатын бере отырып маман куәлігі (бұдан әрі – куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Порталдың жұмыс кестесі: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      тиісті біліктілік санатын бере отырып, 5 (бес) жыл мерзімі бар куәлікті алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;

      кәсіби даярлықты бағалаудың және оны растаудың оң нәтижесінің электрондық көшірмесі;

      білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

      соңғы 5 (бес) жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      үміткердің соңғы 2 жыл ішіндегі есебі (үміткердің қалауы бойынша көрсеткіштердің қысқа талдамалық шолуы бар, осы мамандық үшін анағұрлым маңызды көрсеткіштер);

      Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәліктің электрондық көшірмесі;

      бірінші немесе жоғары біліктілік санатын бере отырып, мерзімсіз куәлікті алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;

      кәсіби даярлықты бағалаудың және растаудың оң нәтижесінің электрондық көшірмесі;

      соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      біліктілік санатын бере отырып, бұрын алынған үш сертификаттың немесе куәліктердің не біліктілік санатын беру туралы бұйрықтардан үзінділердің электрондық көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі, қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне кіргізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ___________________ Д. Абаев

      2018 жылғы "__"____________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 23 қазандағы
№ ҚР ДСМ-28 бұйрығына
1-қосымша
  "Эпидемиялық маңыздылығы
жоғары объектінің халықтың
санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
және гигиеналық нормативтерге
сәйкестігі (сәйкес еместігі)
туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

Cанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынақтар)

Зерттеулер (сынақтар) түрлері

Өлшеу немесе сынама алу орны

1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температурасы, салыстырмалы ылғалдық

Киім шешетін бөлме, ойын, жатын бөлмелер, музыка (спорт) кабинеттері медициналық үй-жайлар, изолятор, бассейндер (бар болған кезде)

Суды зерттеу:


1) орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде су құбыры жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)

су тарату крандары –.ғимаратқа судың кіру және шығу орындары;
ас блогы (бөлек блокта орналасқан кезде)

2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде жергілікті сумен жабдықтау көздерінен алынған ауыз су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер)

құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату крандары

3) бар болған кезде жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

екі нүктеде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінде су айдыны бетінен 25-30 сантиметр (бұдан әрі – см) тереңдікте, сүзгіден кейінгі су

Электромагниттік, электростатистикалық өрістердің кернеуі

Копьютерлік және мультимедиялық кабинеттер (жұмыс орындарында)

Жасанды жарықтандыру деңгейі

Ойын үй-жайлары, оқу кабинеттері, музыка, спорт залы, медициналық үй-жайлар

2. Білім беру және тәрбиелену объектілері, білім алушылар мен тәрбиеленушілер тұратын орындар:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдық,

Қабылдау бөлмелері, жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, компьютерлік сыныптар

Суды зерттеу:


1) орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде су құбырлары жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)

су тарату крандары - ғимаратқа судың кіру және шығу орындары, ас блогында (бөлек блокта орналасқан кезде)

2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде жергілікті сумен жабдықтау көздерінен алынған ауыз су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер)

құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары

3) бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулерге су

жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан(бар болған кезде)

Физикалық факторларды зерттеу:


1) электромагниттік және электростатикалық өрістердің кернеуі, шу

компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер (жұмыс орындарында)

2) жасанды жарықтандыру деңгейі

оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, өзін-өзі дайындау бөлмесі, оқу залы, медициналық кабинет

3. Балаларды сауықтыру, санаториялық, сауықтыру объектілері, базалар, демалу орындары:

жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынған ауыз суды бактериологиялық санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

ас блогы

суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық, вирусологиялық зерттеу

жабық жүзу бассейндері, ванналар, жағажайлар (болған жағдайда)

паразитологиялық, бактериологиялық көрсткіштерге

Топырақ, құм

4. Балалардың сүт асүйлері:

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

ғимаратқа кіру және шығу орындарындағы су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде);
құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдық

өндірстік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

5. Қоғамдық тамақтандыру объектілері:

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың салқын кезеңінде)

өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары - ғимаратқа кіру және шығу орындары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде);
құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Тоңазытқыш және технологиялық жабдықтар жұмыс істеген кезде желдету жабдығынан болатын шу (кіріктіріліп-жапсарлас салынған үй-жайларда)

желдету қондырғылары, жабдықтары орналасқан жерлерде

6. Сауда объектілері:

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың салқын кезеңінде)

қойма үй-жайлары

7. Тамақ өнімдерін өндіру, өңдеу объектілері:

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдық, ауа қозғалысының жылдамдығы

өндірстік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары ғимаратқа кіру және шығу орындары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде);
құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

8. Денсаулық сақтау объектілері:

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдық

Режимі ерекше үй-жайлар: операциялық, емшара бөлмесі, манипуляциялық, стерилдеу бөлімшелері, жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, босандырудан кейінгі палаталар, бокстар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары - ғимаратқа кіружәне шығу орындары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде);
құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Жарықтандыруды өлшеу

Режимі ерекше үй-жайлар: операциялық, емшара, манипуляциялық, бейінді мамандардың қабылдау кабинеттері (офтальмолог, хирург, акушер-гинеколог, травматолог, стоматолог), жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталар, қан дайындау үй-жайлары

Шу деңгейін өлшеу

операциялық үй-жайлар

Электромагниттік және иондалмаған сәулеленуді өлшеу

физиотерапиялық, диагностикалық кабинеттердегі жұмыс орындарында

Дозиметриялық өлшеу

иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеген кезде, аралас үй-жайлар мен аумақтар

9. Дәрілік заттарды дайындау объектілері:

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдық

ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерилдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау, асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындау үй-жайлары, сақтау үй-жайлары

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары - ғимаратқа кіру және шығу орындары

Жарықтандыруды өлшеу

ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерилдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау, асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындау үй-жайлары, сақтау үй-жайлары

10. Емдеу-косметологиялық объектілер, сұлулық салондары, косметологиялық орталықтар:

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу

су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде);
құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде).

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

Электормагниттік өрістер деңгейі

Солярий (болған жағдайда)

11. Өндірістік объектілер:

Микроклимат параметрлерін зерттеу

жұмыс орындары

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

сәулелену көздері мен физикалық факторлар болған кезде жұмыс орындары

Дозиметриялық өлшеулер

иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеген кезде жұмыс орындары

Жұмыс аймағы ауасының параметрлерін зерттеу

жұмыс орындары (зиянды химиялық заттардың көздері болған кезде)

12. Радиотехникалық объектілер:

Электромагниттік өрістер деңгейі

өндірістік үй-жайлар, санитариялық- қорғаныш аймағының шекарасы, құрылысты шектеу аймағы

13. Радиациялық қауіпті объектілер:

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

сәулелену көздері және физикалық факторлар болған кезде жұмыс орындары

Дозиметриялық өлшеулер

жұмыс орындары, аралас үй-жайлар, ұйымның аумағы

14. Көлік құралдары:

Микроклимат параметрлерін зерттеу

жұмыс және жолаушылар орындары (бар болған кезде)

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

конструкциясында сумен жабдықтау жүйесі көзделген көлік құралдары үшін

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

жұмыс және жолаушылар орындары (бар болған кезде)

Көлік құралдары үй-жайларының ауасындағы зиянды заттарды зерттеу

жұмыс және жолаушылар орындары (бар болған кезде)

15. Шаруашылық- ауыз сумен жабдықтау объектілері:

Суды зерттеу: бактериологиялық, санитариялық-химиялық және парзитологиялық зерттеулер

су алу нүктелері

Суды радиологиялық зерттеу

сумен жабдықтаудың жаңа көздері үшін

16. Су объектілері (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы) демалыс орындары:

Суды зерттеу: бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер

пайдалану орындары

Топырақты паразитологиялық зерттеулер

жағажайлар (бар болған кезде)

17. Тамақ өнімдерін, көтерме сақтау объектілері, химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттарды және пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдары мен препараттарын сақтау және тасымалдау объектілері:

Микроклиматты зерттеу:
температурасы, салыстырмалы ылғалдық

Жұмыс орындары

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

18. Вахталық кенттер:

Микроклиматты зерттеу:
температурасы, салыстырмалы ылғалдық

тұрғын бөлмелер, демалыс үй-жайлары

Суды зерттеу: бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер

су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде);
құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

19. Әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханалар

Микроклиматты зерттеу:
температурасы, салыстырмалы ылғалдық

зерттеулерге арналған үй-жайлар, жұмыс орындары

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

20. Спорттық- сауықтыру мақсатындағы объектілер, бассейндер, моншалар, сауналар

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер

су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде);
құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер

жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан (болған жағдайда)

Микроклиматты зерттеу:
температура, салыстырмалы ылғалдық, ауа қозғалысының жылдамдығы

Вестибюль, гардероб, киім шешетін бөлме, жуынатын бөлме, себезгі, булау бөлмесі, жұмыскерелерге арналған тұрмыстық үй-жайлар

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 23 қазандағы
№ ҚР ДСМ - 28 бұйрығына
2-қосымша
  "I-IV патогенді топтардың
микрорганизмдерімен және
гельминтермен жұмыс істеуге
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  нысан
  __________________________
басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (болған кезде)
__________________________
мемлекеттік органның атауы
__________________________
өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (болған кезде),
__________________________
бизнес сәйкестендіру нөмірі
__________________________
өтініш берушінің мекенжайы
__________________________
өтініш берушінің
байланыс телефоны

Өтініш

      Сізден __________________________________________________________________

      аудан, көше, үй, пәтер

      мекенжайы бойынша орналасқан ___________________________________________

      объектінің атауы

      тексеруді және І, II III, ІV (қажеттісін көрсету керек) патогенді топтардың

      микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы

      күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):

      1.

      2.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 23 қазандағы
№ ҚР ДСМ - 28 бұйрығына
3-қосымша
  "Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  нысан
  ____________________________
мемлекеттік органның атауы,
басшысының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
басшысына
____________________________
кімнен______________________
көрсетілетін қызметті
алушының, тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
тұрғылықты мекенжайы,
байланыс телефоны

Өтініш

      Сізден_________________________________________________________________

      (мамандық атауы)

      мамандығы бойынша________________________біліктілік санатын беру туралы куәлік беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ______________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      20__жылғы " " ______________________

      (толтырылған күні)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 23 қазандағы
№ ҚР ДСМ-28 бұйрығына
4-қосымша
  "Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мамандар үшін біліктілік
санатын беру туралы куәлікті
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  нысан

Мәліметтер нысаны

      1. Білімі

      2. Диплом нөмірі

      3. Диплом сериясы

      4. Білім беру ұйымының толық атауы

      5. Түскен жылы

      6. Аяқтаған жылы

      7. Диплом бойынша мамандығы

      8. Диплом бойынша біліктілігі

      9. Дипломды нострификациялау (қажет болған жағдайда)

      10. Қайта даярлау жөніндегі куәліктің нөмірі

      11. Қайта даярлау мамандығы

      12. Білім беру ұйымының атауы

      13. Оқыту көлемі сағатпен

      14. Оқытудың басталуы

      15. Оқытудың аяқталуы

      Өтініш берілген мамандық бойынша санат берілген қолданыстағы маман сертификатының (куәлігінің) мәліметтері

      16. Берілген күні

      17. Әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды

      18. Берген орган

      19. Сертификаттың (куәліктің) қолданылу мерзімі

      20. Мамандығы

      21. Біліктілік санаты

      Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер

      22. Өтініш берілген мамандығы бойынша жұмыс өтілі

      23. Жалпы медициналық жұмыс өтілі

      24. Қазіргі кездегі жұмыс орны

      25. Атқаратын лауазымы

      Өтініш берілген мамандығы бойынша еңбек қызметі:

Қабылданған күні

Босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

бұйрық №

Бұйрықтың шығарылған күн













      Үміткердің өтініш берілген мамандығы бойынша үздіксіз кәсіптік дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуы туралы ақпарат.

      26. Соңғы 5 жыл ішінде жинақталған сынақ бірліктерінің жалпы саны (негізгі және қосымша сынақ бірліктері).

      27. Өтініш берілген мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде жинақталған негізгі сынақ бірліктерінің саны:

      1) өтініш берілген мамандық бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлігі туралы мәліметтер;

      2) біліктілікті арттыру туралы куәлік нөмірі;

      3) циклдің атауы;

      4) білім беретін ұйымның атауы;

      5) оқудың басталуы;

      6) оқудың аяқталуы;

      7) оқу көлемі сағатпен.

      28. Мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде жинақтаған қосымша сынақ бірліктерінің саны:

      уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін санат беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес өтініш берілген мамандығы бойынша іс-шаралардан өткенін куәландыратын құжат туралы мәліметтер (барлық іс-шараларды, оқу тақырыбының атауын, білім беретін ұйымның атауын, оқудың басталуын, оқудың аяқталуын, оқу көлемін сағатпен немесе сынақ бірліктерімен атап көрсету).

      Бастапқы есепке алу құжаттамаларының деректеріне сәйкес үміткердің өтініш берілген мамандығы бойынша статистикалық көрсеткіштері көрстілген соңғы екі жылдағы есебі (үміткердің қалауы бойынша осы мамандық үшін ең маңызды, көрсеткіштерге қысқаша талдамалы шолу жасалған көрсеткіштер. Көлемі 1 файлдан артық болмайтын мәтіндік есеп).

      Статистикалық көрсеткіштер:

Көрсеткіштер (көлем, сапа және тиімділік индикаторлары)

20___ жыл

20___ жыл