Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 993 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 қарашада № 17739 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М.Е. Сұлтанғазиев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 13 қарашадығы
№ 993 бұйрығымен
бекітілді

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16427 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 167 бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен айқындалған, мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарында:

      реттік нөмірі 14-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:

      "

17.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

  ".

      2. "Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін, сондай-ақ осындай тізбені қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16466 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 192 бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесіндегі:

      реттік нөмірлері 14 және 15-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

"Шымкент" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Әуежай Шымкент" кеден бекеті

15

"Нұр жолы" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Нұр жолы" кеден бекеті

  ".

      реттік нөмірлері 20, 21, 22, 23 және 24-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

20

"Атамекен" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Атамекен" кеден бекеті

21

"Б. Қонысбаев" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Б. Қонысбаев" кеден бекеті

22

"Жібек жолы" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Жібек жолы" кеден бекеті

23

"Қазығұрт" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Қазығұрт" кеден бекеті

24

"Қапланбек" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Қапланбек" кеден бекеті

  ".

      3. "Тауарды сыныптау туралы және тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді қабылдауға уәкілетті органдарды, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдары белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау жағдайын айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16486 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 203 бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен айқындалған, тауарды сыныптау туралы және тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді қабылдауға уәкілетті органдарында:

      реттік нөмірі 14-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:

      "

17.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

  ".