"Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 551 бұй

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 593 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 қарашада № 17696 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 551 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14319 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 қазанда жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдері және оның нысанында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына (бұдан әрі – уәкілетті орган) бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бала он сегіз жасқа толғанға дейін алғашқы үш жылда әрбір алты ай сайын, кейінгі жылдары – жылына кемінде бір рет есеп ұсынады.".

      Мынадай мазмұндағы14 және 15-тармақтармен толықтырылсын:

      "14. Есеп уәкілетті органға түскен кезде, уәкілетті орган қызметкері есептің электронды нұсқасын Республикалық деректер банкіне енгізеді.

      15. Есептің электронды нұсқасы Республикалық деректер банкіне енгізілгеннен кейін есеп бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша органға жіберіледі.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Н.Ә. Оршубеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі Статистика

      комитетінің төрағасы

      ________________ Н. Айдапкелов

      20 жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2018 жылғы 29 қазандағы № 593 бұйрығына
  қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2016 жылғы 7 қыркүйектегі
  № 551 бұйрығына
  2-қосымша
  Әкімшілік деректерді
  жинауға арналған
  нысан

Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есеп

      Нысанның индексі: ОУР-1.

      Ақпаратты ұсыну кезеңділігі: асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін алғашқы үш жылда әрбір алты ай сайын, кейінгі жылдары – жылына кемінде бір рет.

      Нысан кімге ұсынылады: Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына, бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға, Республикалық деректер банкіне.

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері және бала асырап алу жөніндегі агенттіктер.

      Баланың асырап алынғанға дейінгі Т.А.Ә. (бар болса) ___________________________

      Баланың жынысы_________________________________________________________

      Баланың асырап алынғанға дейінгі туған күні__________________________________

      Бала асырап алынған өңір__________________________________________________

      Соттың атауы, бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне

      енген күн________________________________________________________________

      Баланың асырап алынғаннан кейінгі Т.А.Ә. (бар болса)

      ________________________________________________________________________

      Баланың асырап алынғаннан кейінгі туған күні________________________________

      Асырап алушылардың Т.А.Ә. (бар болса)

      _______________________________________________________________________

      Баланың және асырап алушылардың мекенжайы, телефоны (есеп беру сәтінде)

      ________________________________________________________________________

      Асырап алушылардың жұмыс орны, мекенжайы, телефоны (есеп беру сәтінде)

      ________________________________________________________________________

      Бала асырап алуды өткізген агенттіктің атауы (шетелде тұрақты тұратын Қазақстан

      Республикасының азаматтары, шетелдіктер үшін)

      ________________________________________________________________________

      Денсаулық жағдайы:

      1) физикалық даму деңгейі және оның үйлесімділік дәрежесі (бойы,

      салмағы)________________________________________________________________;

      2) жүйке-психикалық даму деңгейі (көңіл-күй әрекеттерінің

      барабарлығы)____________________________________________________________;

      3) ағза органдары мен жүйелерінің функционалдық

      жағдайы_________________________________________________________________;

      4) аурулардың, ауру жағдайларының және өзгерістердің, оның ішінде созылмалы

      аурулардың бар (жоқтығы), туа біткен даму кемістігінің анықталуы

      (білінуі)__________________________________________________________________;

      5) операциялық араласу ____________________________________________________;

      6) иммундау (егу)__________________________________________________________;

      7) профилактикалық медициналық тексеріп-қарау______________________________;

      8) тамақтану______________________________________________________________;

      9) жағымсыз әдеттері (бар болса) ____________________________________________;

      10) келбеті (ұқыптылық, тазалық, киімінің жасына, жынысына, мәдениетке

      сәйкестігі)______________________________________________________;

      11) өзін-өзі күту дағдылары (өз бетінше киіне, тамақтана

      білу)____________________________________________________________;

      12) бар проблемалар (оларды шешу жолдары, қабылданған

      шаралар)_________________________________________________________________.

      Білімі:

      1) білім беру ұйымдарына бару (балабақша, мектеп, колледж, ЖОО (18 жасқа толғанға

      дейін)) немесе өз бетінше оқу (үйде немесе экстерн), олардың жасына, дамуына және

      қажеттілігіне сәйкестігі

      _________________________________________________________________________;

      2) қосымша білім беру ұйымдарына бару (үйірмелер, секциялар, шығармашылық үйлері,

      жексенбілік, музыка және спорт мектептері,

      курстар)_________________________________________________________________;

      3) табыстары мен жетістіктері _______________________________________________;

      4) бар проблемалар (оларды шешу жолдары, қабылданған

      шаралар)________________________________________________________________.

      Әлеуметтік сала:

      1) отбасылық қатынастар (асырап алынған бала және ата-анасы, асырап алынған бала және

      отбасында тәрбиеленетін басқа балалар, асырап алынған бала және жақын туыстар

      арасындағы қатынастар, бауыр басушылық, аталған қатынастардың балаға

      әсері)________________________________________________;

      2) білім беру ұйымдарындағы қатынастар (оқытушылармен және басқа

      оқушылармен қарым-қатынас)______________________________________________;

      3) баланың қоршаған ортадағы қатынастары (ересектермен және көрші

      балалармен, таныс және отбасы мүшелерінің жолдастарымен

      қатынастары)_____________________________________________________________;

      4) кәсіптік бағдар, қызмет саласын таңдау, 14 жастағы балалар үшін –

      жұмыспен қамту __________________________________________________________;

      5) бар проблемалар (оларды шешу жолдары, қабылданған

      шаралар)________________________________________________________________.

      Даму:

      1) қызығушылығы, құмарлығы, хоббиі ________________________________________;

      2) бар проблемалар (оларды шешу жолдары, қабылданған

      шаралар)________________________________________________________________.

      Бала асырап алушылардың отбасы туралы мәліметтер:

      1) асырап алушылардың ажырасуы (баланың қай ата-анамен қалғандығын көрсету)

      ________________________________________________________________________;

      2) қабілеттілігін жоғалту, бала асырап алушылардың қайтыс болу жағдайлары

      (бала кіммен қалғанын көрсету)_____________________________________________;

      3) қайта некеге тұру (екінші ата-анасымен қарым-қатынаста болу тәртібін көрсету)

      ________________________________________________________________________;

      4) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары (жалпы және тұрғылықты ауданы;

      тұрғын үйдің тиесілілігі мен жайлылығы; санитариялық-гигиеналық жай-күйі – жақсы,

      қанағаттанарлық, баланың жеке бөлмесінің, ойнайтын, сабақ

      оқитын орнының болуы)___________________________________________________;

      5) табыстың деңгейі (отбасының бар табысын, табыстың отбасының,

      оның ішінде баланың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткіліктілігін көрсету),

      баланың тамаққа, үйге, гигиенаға, киімге, медициналық көмекке,

      білімге базалық қажеттілігін қанағаттандыруы

      ________________________________________________________________________;

      6) жұмыс орны және режимі, бала асырап алушылардың жұмыс уақытында

      баланың бос уақытын ұйымдастыруы ________________________________________;

      7) бар проблемалар (оларды шешу жолдары, қабылданған шаралар)

      ________________________________________________________________________.

      Қоршаған орта және логистика:

      1) баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (тұрмыстағы қауіпті заттардың,

      дәрі-дәрмектің, электр құрылғыларының, газдың балалардың қолы жететін жерде

      болмауы)________________________________________________________________;

      2) үйде және басқа жерлерде балаға зиян келтіруі мүмкін қауіпті бағалау

      ________________________________________________________________________;

      3) білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің қолжетімділігі

      ________________________________________________________________________;

      4) бар проблемалар (оларды шешу жолдары, қабылданған шаралар)

      ________________________________________________________________________.

      Қосымша мәліметтер:

      1) назар аударуды талап ететін кез келген мәліметтер, мысалы,

      жазатайым оқиғалар көрсетіледі ____________________________________________;

      2) бар проблемалар (оларды шешу жолдары, қабылданған шаралар)

      ________________________________________________________________________.

      3) алдыңғы есеп барысында анықталған проблемалар бойынша қабылданған

      шаралар_________________________________________________________________;

      4) бала асырап алушыларға шеттен көмек керек пе (қандай екендігін көрсету)

      ________________________________________________________________________;

      Баланың фотосуреттері (үй жағдайында, достарының арасында).


      ______________ Т.А.Ә. (бар болса)

      20__ жылғы "____" _______________

      ________________

      (қолы)


      Әрбір жол міндетті түрде толтыруға жатады.