"Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 395 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 қарашада № 17694 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 333 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 02.11.2021 № 333 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10135 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 395 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 153 бұйрығына
1-қосымша

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы (бұдан әрі – Заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар мен ұғымдар қолданылады:

      1) аккредиттеу – газ желісі ұйымдарын Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді деп уәкілетті органның ресми тану рәсімі;

      2) газ желісі ұйымы – аккредиттеу туралы куәлігі бар және газ толтыру станциясын пайдалануды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген шарттарда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) газ толтыру станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауға, теміржол цистерналарына, автогаз тасымалдағыштарға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені;

      4) рұқсаттық бақылау – уәкілетті органның рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге, сондай-ақ олар берілгеннен кейін екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;

      5) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Аккредиттеуді уәкілетті орган мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде жүргізеді және ол газ желісі ұйымдарының аккредиттеу туралы куәлігімен (бұдан әрі – куәлік) расталады.

      4. Аккредиттеу мынадай негізгі кезеңдерді көздейді:

      1) өтініш берушінің құжаттарын қарау;

      2) аккредиттеу туралы куәлікті беруіне дейін, өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін анықтау;

      3) аккредиттеу туралы шешімді қабылдау;

      4) аккредиттеу туралы куәлікті ресімдеу, тіркеу және беру, не дәлелді бас тарту туралы жауап жіберу.

      5. Өтініш беру, өтінішті тіркеу және кері қайтарып алу, куәлікті ресімдеу, беру немесе қайта ресімдеу не куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау, Газ желісі ұйымдарының тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу электрондық нысанда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – АЖ) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      6. Өтініш беруші аккредиттеуді жүзеге асыру үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында газ желісі ұйымдарының аккредиттеу туралы куәлігін алуға өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).

      7. Құжаттарды қарау, сондай-ақ өтініш берушінің газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне (бұдан әрі – рұқсат беру талаптары) сәйкестігін анықтау уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      8. Уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күнінің ішінде оның толықтығына тексеру рәсімін жүзеге асырады.

      Рұқсаттар туралы заңның 25-бабының 1-тармағына сәйкес егер өтініш беруші ұсынған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, уәкілетті орган белгіленген мерзімде өтінішті қараудан дәлелді бас тарту жібереді.

      9. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзім ішінде рұқсаттық бақылау жүргізеді.

      10. Рұқсаттық бақылауының қорытындылары бойынша уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының лауазымды адамы өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасайды.

      11. Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша куәлікті беруден бас тартады:

      1) өтініш берушінің куәлікті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің белгіленген рұқсат беру талаптарына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) тексерудің теріс қорытындысы;

      4) өтініш берушіге қатысты куәлік алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) өтініш берушіге қатысты оның негізінде өтініш берушінің куәлік алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылғаны туралы соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы.

      12. Куәлік беруден бас тартылған жағдайда өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес құжаттарды қайта береді.

      13. Оң шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімде электрондық нысанда куәлік береді.

      14. Куәлікті қайта ресімдеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгергенде;

      2) егер газ желісі ұйымның екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болғанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі газ толтыру станциясының біреуін иелену тоқтатылған кезде;

      3) газ желісі ұйымының есептік деректеріне рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясын қосу.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, газ желісі ұйымдары көрсетілген өзгерістің болған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлікті қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса беріп, куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      16. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде куәлікті қайта ресімдейді.

      Егер өтініш беруші осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес ұсынған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, уәкілетті орган белгіленген мерзімде куәлікті қайта ресімдеуге дәлелді бас тарту жібереді.

      17. Куәлікті қайта рәсімдеуге бас тартылған жағдайда, анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін, өтініш беруші осы Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес куәлікті қайта ресімдеуге құжаттарды қайта тапсырады.

      18. Осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, газ желісі ұйымдары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша иелену тоқтатылғын газ толтыру станциясының мекенжайын көрсете отырып, куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      Уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген өтініші келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде куәлікті қайта ресімдейді.

      19. Осы Қағидалардың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, газ желісі ұйымдары уәкілетті органға:

      1) осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында нысан бойынша куәлікті қайта ресімдеуге өтініш;

      2) осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын береді.

      20. Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау осы Қағидалардың 7, 8 және 9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау және өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкес келуін анықтау қорытындысы бойынша уәкілетті орган осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзім ішінде куәлікті қайта ресімдеу туралы немесе осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген негіздер бойынша оны қайта ресімдеуге бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      22. Куәлікті қайта ресімдеуге бас тартылған жағдайда, өтініш беруші осы Қағидалардың 19-тармағының талаптарына сәйкес, анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін, қайтадан құжаттарды тапсырады.

      23. Егер уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген мерзімде өтініш берушіге куәлік немесе қайта ресімделген куәлік бермесе немесе оларды беруден дәлелді бас тарту ұсынбаса, оларды беру мерзімі аяқталған күннен бастап куәлік немесе қайта ресімделген куәлік берілген болып саналады.

      Уәкілетті орган куәлікті немесе қайта ресімделген куәлікті беру мерзімі аяқталған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Рұқсаттар туралы заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес оны өтініш берушіге береді.

      24. Заңның 18-бабының 4-тармағына сәйкес куәлiктiң қолданысын тоқтату мынадай жағдайларда:

      1) куәлікті өз еркімен қайтару;

      2) газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыларды меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде иеленуді тоқтату;

      3) заңды тұлғаның таратылғаны немесе оның бөлiну нысанында қайта ұйымдастырылуы;

      4) сот шешімінің негізінде куәліктен айыру жағдайларында жүзеге асырылады.

      Куәліктің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, аталған жағдайлардың бірі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган АЖ арқылы куәлікті қайтарып алады (жояды).

      25. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыларды иелену тоқтатылған жағдайда, заңды тұлға таратылған немесе бөліну түрінде қайта ұйымдастырылған жағдайда, газ желісі ұйымы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.

      26. Егер газ желісі ұйымы газ толтыру станциясын жалға алу немесе сенімгерлік басқару құқығы негізінде пайдаланса (бұдан әрі – жалға алу шарты), онда жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін газ желісі ұйымы уәкілетті органға мыналардың көшірмелерін береді:

      1) жаңа мерзімге жалға алу немесе оны ұзарту шарты;

      2) жалға алу шартына сәйкес мүлікті қабылдау-тапсыру актісі;

      3) электрондық үкімет порталынан алынған жалға берушінің жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы осы Қағидалардағы осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға өткізгенге дейін кем дегенде екі күн қалғанда берілген анықтама.

      Осы Қағидалардың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың куәлікті алған кезде ұсынылған бастапқы құжаттармен сәйкес келуін тексеруді, уәкілетті орган жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Құжаттар сәйкес келген кезде уәкілетті орган көрсетілген мерзімде Тізілімге тиісті мәліметтерді енгізеді.

      Құжаттар сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.

      27. Газ толтыру станциясының жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 24-тармағының 2) тармақшасы негізінде АЖ арқылы куәлікті қайтарып алады (жояды).

  Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу туралы куәлікті алуға
өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу нөмірі мен күні)

      ________________________________________________________________________________

      (газ толтыру станциясының орналасқан жері)

      ___________________________ газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беруді сұрайды.

      Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны қоса беріледі.

      Өтініште және мәліметтер нысанында қамтылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ұйымның басшысы немесе уәкілетті өкіл (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны

      1. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өндірістік-техникалық базаның бар болуы _____________________________ (жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың, электрондық үкімет порталынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауырпалықтар) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтамалардың, көрсетілген құжаттарды беру/қол қою/тіркеу күнін көрсете отырып, жалға берушіні және жалға алу немесе сенімгерлік басқару мерзімін көрсете отырып, газ толтыру станциясын және топтық резервуарлық қондырғыларды жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару шартының (бар болған жағдайда)) туралы ақпарат.

      2. Газ толтыру станциясының аумағында орналасқан _____________________________ (төгу-құю теміржол эстакадасы, толтырғыш бағандар, баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесі, төгу-құю бөлімшесі, баллондарды техникалық куәландыру және жөндеу учаскесі, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық түрдегі қойма, жалпы көлемі кемінде 600 м3 сұйытылған мұнай газын сақтауға арналған резервуарлар, газды есепке алу аспаптары, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтар және/немесе су қоймасының болуын көрсету) бар болуы туралы ақпарат.

      3. Қондырғылар топтық резервуарлық бар болуы туралы ақпарат _________________ (орналасқан жері, көлемін және санын болуын көрсету).

      4. Газ толтыру станциясының техникалық процесіне басшылықты (техникалық басшы); өрт қауіпсіздігін; өнеркәсіптік қауіпсіздікті; сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүргізуді; авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін қызметтердің және (немесе) жауапты тұлғалардың болуы туралы ақпарат _________________________ (қызметтерді құру және (немесе) жауаптыларды (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) тағайындау туралы бұйрықтардың күндерін және нөмірлерін көрсету).

      5. Білікті құрамының бар болуы туралы ақпарат:

      1) техникалық басшылар үшін – мұнай-газ, газбен жабдықтау саласында жоғары білімі, кемінде екі жыл мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар туралы ақпарат _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу орнының атауын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын; мамандығы бойынша жұмыс өтілі техникалық басшылардың тиісті саласындағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі (тиісті саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен расталады));

      2) инженерлік-техникалық қызметкерлері үшін – атқаратын лауазымына сәйкес кем дегенде арнайы орта білімі бар туралы ақпарат _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу орнының атауын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын).

      6. Объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы туралы ақпарат ___________________________________ (шарттың күнін және нөмірін көрсету).

      7. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Азаматтық қорғау заңы) сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен тіркелген қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының бар болуы туралы ақпарат ____________________________ (декларацияны тіркеу күні және нөмірін көрсету).

      8. Азаматтық қорғау заңына сәйкес аварияларды жою жоспары бар болуы туралы ақпарат ____________________________ (кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және (немесе) құралымдарының аварияларды жою жоспарын келісу күні, сондай-ақ, оны ұйым басшысы бекіткеннен күні мен нөмірі (болған кезде) көрсету).

  Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеуге өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу нөмірі мен күні)

      20__ ж. "____"________________ №_________________________________________________

      газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті

      _____________________________________________________________________ байланысты (қайта ресімдеу себебін көрсету) қайта ресімдеуді сұрайды.

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1. _________________________________

      2. _________________________________

      3. _________________________________

      Өтініште және қоса берілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ұйымның басшысы немесе уәкілетті өкіл (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 395 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 153 бұйрығына
2-қосымша

Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі

р/с

Рұқсат беру талаптары

Құжаттар

1

меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өндірістік-техникалық базаның болуы, ол мыналардан тұрады:

жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың, электрондық үкімет порталынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауырпалықтар) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтамалардың, көрсетілген құжаттарды беру/қол қою/тіркеу күнін көрсете отырып, жалға берушіні және жалға алу немесе сенімгерлік басқару мерзімін көрсете отырып, газ толтыру станциясын және топтық резервуарлық қондырғыларды жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару шартының (бар болған жағдайда) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны.
Егер жалға беру мерзімі бір жылдан кем емес немесе "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес мүлікті сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқан болса, жалдау шарты немесе сенімгерлік басқару шарты құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады

газ толтыру станциясының аумағында – төгу-құю теміржол эстакадасы, толтырғыш бағандар, баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесі, төгу-құю бөлімшесі, баллондарды техникалық куәландыру және жөндеу учаскесі, баллондарды сақтауға арналған ашық және/ немесе жабық түрдегі қоймалар, жалпы көлемі кемінде 600 м3 сұйытылған мұнай газын сақтауға арналған резервуарлар, газды есепке алу аспаптары, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтар және/немесе су қоймасы орналасқан;

төгу-құю теміржол эстакадасы, толтырғыш бағандар, баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесі, төгу-құю бөлімшесі, баллондарды техникалық куәландыру және жөндеу учаскесі, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық түрдегі қойма, жалпы көлемі кемінде 600 м3 сұйытылған мұнай газын сақтауға арналған резервуарлар, газды есепке алу аспаптары, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтар және/немесе су қоймасының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

халықты газбен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй ғимараттарында топтық резервуарлық қондырғылардың бар болуы

орналасқан жерін, көлемін және санын көрсете отырып, топтық резервуарлық қондырғылардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны.
Топтық резервуарлық қондырғылар болған жағдайда көрсетіледі

2

газ толтыру станциясының техникалық процесіне басшылықты (техникалық басшы);
өрт қауіпсіздігін;
өнеркәсіптік қауіпсіздікті;
сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүргізуді;
авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін қызметтердің және (немесе) жауапты тұлғалардың болуы

қызметтерді құру және (немесе) жауаптыларды тағайындау туралы бұйрықтардың күндері және нөмірлері туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

3

мынадай біліктілік құрамы:
1) техникалық басшылар үшін – мұнай-газ, газбен жабдықтау саласында жоғары білімі, кемінде екі жыл мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар;
2) инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін –атқаратын лауазымына сәйкес кем дегенде арнайы орта білімі бар

әрбір қызметкер жөнінде: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу орнының атауын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын; мамандығы бойынша жұмыс өтілі техникалық басшылардың тиісті саласындағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі (тиісті саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен расталады) туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

4

объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы

шарттың күні және нөмірі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

5

"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен тіркелген қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының болуы

декларацияны тіркеу күні және нөмірі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

6

"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аварияларды жою жоспары болуы

кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және (немесе) құралымдарының аварияларды жою жоспарын келісу күні, сондай-ақ, оны ұйым басшысы бекіткеннен күні мен нөмірі (болған кезде) туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны