"Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика м

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 695 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17648 болып тіркелді

      1. "Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14764 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалар шеңберінде халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін "Қазақстандық ипотекалық компания" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы арқылы субсидиялар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес бұдан бұрын мақұлданған ипотекалық қарыздар бойынша жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Қағидаларға сәйкес келетін шарттарда бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін банктік қарыз шартының негізінде ЕДБ беретін ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қарыз алушылар субсидия алушы болып табылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 317, 321-баптарына сәйкес қаржы агенті төлем көзінен салық салынатын субсидия түрінде қарыз алушы алған кіріс үшін жеке табыс салығын (бұдан әрі – ЖТС) ұстап қалады және бюджетке аударады.";

      17-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "____" _____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "____" _____________