"Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 864 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 қазанда № 17571 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларында:

      11-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2-ДК нысаны бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 2-ДК нысаны);";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау және ұсыну тәртібі";

      26-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кредиторлық және дебиторлық берешек бойынша есептілікке:

      бюджеттік кредиттер және олар бойынша сыйақылар;

      бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне берілетін трансферттер;

      бағалау және кепілдік міндеттемелері, алынған қарыздар бойынша қаржылық міндеттемелер жөніндегі берешек;

      пайдаланылмаған демалыстар бойынша қызметкерлер алдындағы берешек;

      1420 "Болашақ кезеңдердің шығыстары" шотында көрсетілген болашақ кезеңдердің шығыстары;

      уақытша орналастырылған ақша бойынша кредиторлық берешек;

      егер 5-ДБ-Б немесе 5-ДБ-Ө нысанында көрсетілген дебиторлық берешек танылғанда, бірмезгілде корреспонденциялау кезінде ол туындаған жағдайда 3130 "Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек" шотында көрсетілген бюджетпен есеп айырысу бойынша кредиторлық берешек сомалары қосылмайды.";

      29-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 "Филантропиялық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет есебінен шығыстарға алынған ақша" коды;

      32-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 "Филантропиялық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет есебінен шығыстарға алынған ақша" коды;";

      35-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 "Филантропиялық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет есебінен шығыстарға алынған ақша" коды;";

      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар тоқсан сайын ұсынады.

      Кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді 1 сәуірдегі және 1 қазандағы жағдай бойынша:

      республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ведомствоға – есептіден кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары ведомствоға – есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сы күнінен кешіктірмей;

      ведомство республикалық және жергілікті (облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджетінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы жиынтық есептер) бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері және өзге қаражаттың есебінен пайда болған кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне – есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей ұсынады;

      Бухгалтерлік теңгерімдердің деректерімен салыстырып тексерілген кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді - 1 шілдедегі және 1 қаңтардағы жағдай бойынша:

      бюджетті атқару бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ведомствоға – 20 тамыздан кешіктірмей, есепті қаржы жылы үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі 15 ақпанға дейін;

      ведомство – республикалық және жергілікті (облыстар бюджеттерінің, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттерінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы жиынтық есеп) бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері және өзге қаражаттың есебінен пайда болған кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне тиісінше 25 тамыздан кешіктірмей, есепті қаржы жылы үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі 20 ақпанға дейін ұсынады.

      37. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы жиынтық есептер) бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерді және өзге қаражаттың есебінен пайда болған кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісінше 4-КБ-Б, 5-ДБ-Б, 4-КБ-Ө және 5-ДБ-Ө нысандар бойынша жасайды.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау кезiнде трансферттер бойынша республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттерiнің арасындағы есеп айырысулар оған енгiзiлмейдi.";

      77-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша жиынтық) есептің;";

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Бюджетаралық қатынастар трансферттермен және бюджеттiк кредиттермен реттеледi, шоғырландырылған, мемлекеттiк бюджеттердің, облыс бюджетiнiң және аудан (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептердi жасау кезiнде олар бойынша қосарлы шотты алып тастау мақсатында олар республикалық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттерін, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердi арифметикалық қосу жолымен алынған сомадан алып тастауға жатады.";

      91, 92 және 93-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Мемлекеттік, республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бөлінісінде жиынтық) айлық/жылдық есептерді, кейінге қалдыру шартымен республикалық бюджет жобасына енгізілген, ерекше маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есептерді, жергілікті (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы есептерді бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган нысандар бойынша электрондық түрде ілеспе хатпен тиісті мемлекеттік органдарға жібереді.

      Мемлекеттік, республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы туралы есептердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы жиынтық есептің) бюджет түсімдерін қамтитын бөлімдері бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері жөніндегі деректерді қамтиды.

      Есептердің бюджет шығыстарын қамтитын бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар жөніндегі деректерді қамтиды.

      92. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінiң атқарылуы туралы есептерді бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган тиісті мемлекеттік органдарға біріктірілген нысанда жібереді, онда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінiң атқарылуы туралы есептердің бюджет түсімдерін қамтитын бөлімдері бюджет түсімдері сыныптамасының санаттарын қамтиды, ал бюджет шығыстарын қамтитын бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтарын қамтиды.

      93. Мемлекеттік, республикалық, жергiлiктi бюджеттердің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептер (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінің атқарылуы туралы жиынтық есеп) электрондық түрде, осы Қағидаларға 48-тармаққа сәйкес бюджет құрылымы бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері бойынша бюджет түсімдерін және бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бағдарламалар, кіші бағдарламалар мен ерекшеліктері бойынша бюджет шығыстарын көрсете отырып, сондай-ақ бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде қалыптастырылады.

      Мемлекеттік, (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жиынтық есеп) жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы туралы айлық/жылдық есептер бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі:

      1) ведомство ұсынған республикалық бюджеттің көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерінің;

      2) жергілікті уәкілетті органдары ұсынған жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы туралы есептердің;

      3) ведомство ұсынған 1-27 нысан бойынша жергiлiктi бюджеттердің көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерінің;

      4) орталық уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі әзірлеген және АЖ-не енгізілген өзара өтелетін операциялар бойынша кодтарының кестесінің негізінде жасайды.";

      94-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджетті атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары ұсынған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша жиынтық) есептің;";

      105-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ДҚ нысаны бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп;";

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Мемлекеттік мекемелердің жылдық және жартыжылдық бюджеттік есептеріне есепті кезеңде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуына, сондай-ақ филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен қаражат түсімдері мен шығыстарына әсер еткен негізгі факторлар баяндалған ақпарат қоса беріледі.";

      1, 2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _______________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы "_____" ____________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 17 қазанда
1-қосымша
  Мемлекеттiк мекемелердiң,
бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң, бюджетті
атқару жөніндегі уәкілетті
органдардың және аудандық
маңызы бар қалалар, ауылдар,
кенттер, ауылдық округтер
әкімдері аппараттарының
бюджеттiк есептiлiктi жасау
және ұсыну қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттiк мекемелер, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау нысандарының тізбесі


Мерзімділігі

Нысандардың атаулары

айлық

тоқсандық

жартыжылдық

жылдық

1

2

3

4

5



жарты жылдық

жылдық

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарларын орындау туралы есеп – 1-АҚ нысаны*



жарты жылдық

жылдық

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарларын орындау туралы есеп –1- АҚ-УО нысаны**



жарты жылдық

жылдық

Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2-ДҚ-нысаны



жарты жылдық

жылдық

Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп – 3- ӨШ-нысаны


тоқсандық


жылдық

Кредиторлық берешек туралы есеп – 4-КБ-Б нысаны


тоқсандық


жылдық

Кредиторлық берешек туралы есеп – 4-КБ-Ө нысаны


тоқсандық


жылдық

Дебиторлық берешек туралы есеп – 5-ДБ-Б нысаны


тоқсандық


жылдық

Дебиторлық берешек туралы есеп –5-ДБ-Ө нысаны

айлық



жылдық

Бюджеттің атқарылуы туралы есеп

айлық



жылдық

Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің атқарылуы туралы есеп

айлық



жылдық

Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды бөле отырып, даму бюджеттік бағдарламаларын атқару туралы есеп – 6-ДББ нысаны

айлық



жылдық

Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп

айлық



жылдық

Республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп

айлық



жылдық

Бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер

айлық



жылдық

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп

айлық



жылдық

Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп

айлық




Бюджет сыныптамасы жөніндегі шығыстар бойынша жиынтық есеп – 4-20 нысаны

айлық



жылдық

Есепті деректерді салыстырып тексеру актісі

      Ескертпе:

      *1-АҚ нысаны – мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін

      **1-АҚ-УО нысаны – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары үшін

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 17 қазанда
2-қосымша
  Мемлекеттiк мекемелердiң,
бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттiк
есептiлiктi жасау және ұсыну
қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттiк мекемелер, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi ұсыну нысаны

р/с №

Есептер нысандарының атауы

Есептерді ұсыну нысаны:

ММ

жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары

облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетiн атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар

республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (ведомстволар)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарын орындау туралы есеп – 1-АҚ/1-АҚ-УО нысаны

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы біріктірілген форматта ЭҚАБЖ есепті деректердің растамасымен (бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз)

2

Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2-ДҚ нысаны

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы, электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы біріктірілген форматта ЭҚАБЖ есепті деректердің растамасымен (бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз)

3

Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп – 3-ӨШ нысаны


электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта


-

-

-

4

Кредиторлық берешек туралы есеп – 4-КБ-Б-нысаны

Электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

Электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы, электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы (жылғы - толық көлемде, тоқсандық - біріктірілген форматта берешектің қалыптасу себептері туралы ақпаратты қоса бере отырып, ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растамасымен– біріктірілген форматта (РББӘ/ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетін атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары деңгейіне дейін)

5

Кредиторлық берешек туралы есеп – 4-КБ-Ө нысаны

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы, электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы (жылғы –толық көлемде, тоқсандық - біріктірілген форматта берешектің қалыптасу себептері туралы ақпаратты қоса бере отырып, ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растамасымен– біріктірілген форматта (РББӘ/ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетін атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары деңгейіне дейін)

6

Дебиторлық берешек туралы есеп – 5-ДБ-Б нысаны

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы, электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы (жылғы –толық көлемде, тоқсандық - біріктірілген форматта берешектің қалыптасу себептері туралы ақпаратты қоса бере отырып, ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растамасымен– біріктірілген форматта (РББӘ/ облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетін атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары деңгейіне дейін)

7

Дебиторлық берешек туралы есеп – 5-ДБ-Ө нысаны

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы және электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы (жылғы -толықкөлемде, тоқсандық - біріктірілген форматта берешектің қалыптасу себептері туралы ақпаратты қоса бере отырып, ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растамасымен– біріктірілген форматта (РББӘ/ облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетін атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары деңгейіне дейін)

8

Жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп

-

-

-

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағазтасығышта

санаттары, сыныптары, кіші сыныптары бойынша бюджет түсімдерін және бюджет түсімдері сыныптамасының ерекшеліктерін және функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бағдарламалар, кіші бағдарламалар (қағаз тасығышта жылдық есеп) бойынша бюджет шығыстарын көрсете отырып, АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша

-

9

Республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер

-

-

-

-

-


айлық - ЭҚАБЖ арқылы бюджетке түсімдерді қамтитын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бөлімі бюджет түсімдері сыныптама түсімдерінің санаттары мен сыныптарын қамтуы, ал бюджет шығыстарын қамтитын есеп бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтарын және кіші топтарын қамтуы тиіс; жылдық – АЖ және ЭҚАБЖ арқылы толық көлемде болуы тиіс

10

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп

-

-

-


-

-

АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша

11

Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуытуралы есеп





-

-

АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша

12

Бюджет сыныптамасы жөніндегі шығыстар бойынша жиынтық есеп (4-20-нысаны)

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

-

-

-

-

13

Есепті деректерді салыстырып тексеру актісі

-

-

-

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

-

 
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 17 қазанда
3-қосымша
  Мемлекеттiк мекемелердiң,
бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттiк
есептiлiктi жасау және ұсыну
қағидаларына
4-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан _____________ жылға арналған филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп

      Индекс: 2-ДҚ нысаны

      Ұсынатын тұлғалар тобы:

      мемлекеттік мекеме_________________________

      бюджеттік бағдарламалар әкімшісі________________________

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

      бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ______________ ведомство

      Қайда ұсынылады: бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне/ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға/ ведомствоға

      Бюджет түрі ___________________________________

      Мерзімділігі: жартыжылдық, жылдық

      Ұсыну мерзімі:

      - мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілейді;

      - бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар белгілейді;

      -аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтерәкімдері аппараттары үшін аудан(облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органдар белгiлейді;

      - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар үшін облыс бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті орган белгiленеді;

      - облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар үшін есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 тамызынан кешіктірмей және 20 ақпанынан кешіктірмей;

      - ведомство үшін есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 тамызынан кешіктірмей және 25 ақпанынан кешіктірмей.

      Бюджеттің түрі_________________

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

Атауы

Түсім

Жұмсалуы

Ағымдағы қаржы жылының есепті кезеңінің аяғына ақша қалдығы(3- баған -7- баған)

барлығы

оның ішінде жылдың басына ақша қалдығы

ерекшелік

барлығы

оның ішінде бюджет кірісіне аударылғаны

коды

атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9









Барлығы






      Ведомствоның /бюджетті атқару жөніндегі

      жергілікті уәкілетті органның/

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент,

      ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы

      ___________ __________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты)

      Есепті қалыптастыруға жауапты,

      құрылымдық бөлiмше басшысы

      ___________ _________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты)

      Мемлекеттік мекеменің/бюджеттік

      бағдарламалар әкімшісініңбасшысы

      ___________ _________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Мемлекеттік мекеменің /

      бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің

      бас бухгалтері ___________ __________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Ескертпе: осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес нысанға толтыру бойынша түсіндірме келтірілді