"Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7343 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 20 қазанда № 689-693 (27765) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережеде:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орталық сараптау-тексеру комиссиясы (бұдан әрі – ОСТК) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы құжаттардың құндылығына сараптама жасау, Ұлттық архив қорының құрамына енгізу (шығару), сондай-ақ оның жинақтау көздерін белгілеу мәселелерін қарауды жүзеге асыратын алқалық, консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. ОСТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені (бұдан әрі – Ереже) басшылыққа алады.";
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. ОСТК құрамына төраға, төрағаның орынбасары және ОСТК мүшелері кіреді.";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. ОСТК мүшелері төрағаның орынбасарынан, Министрліктің архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы функциялар жүктелген құрылымдық бөлімшенің (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) мамандарынан, мемлекеттік, арнайы мемлекеттік, орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарынан, ғылым, оқу ұйымдарының өкілдерінен тұрады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. СТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережені (бұдан әрі – Ереже) басшылыққа алады.";
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени игілік объектілеріне жатқызылған архивтік құжаттардың, архивте сақталатын аса құнды құжаттардың, сақтандыру көшірмесін жасауға жататын аса құнды құжаттардың тізбелеріне, архивтің толықтыру көздері болып табылатын ұйымдармен ұсынылатын аса құнды істердің тізімдемелеріне және сақтандыру көшірмелерінің тізімдемелеріне сараптама жасайды және бекітеді;";
5-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;
7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) СТК жұмысы туралы мемлекеттік есеп пен есептілік жүргізеді;".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |