"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу қағидалары мен көлемі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы міндетін атқарушы |
К. Петров |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы міндетін атқарушы |
Б. Мелдешов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/202 қаулысымен бекітілген |
Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдері
1-тарау Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға республикалық бюджеттен, әкімдікке кандидаттарға (бұдан әрі - кандидат) жергілікті бюджеттен сайлау алдындағы бағдарламалармен бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу тәртібі
2. Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуына арналған шығыстар республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттар үшін ашылатын шоттары арқылы жүзеге асырылады. Осы шоттарға түсетін бюджет қаражатына билік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.".
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға қаражат бөлінгенге дейін кандидат аумақтық сайлау комиссиясына қызметтерді жеткізушімен жасалған, ұсынылатын қызметтердің бағасы көрсетілуі тиіс шартты тапсыруы қажет.
Қызметтер үшін төлем жүргізу кандидаттың қызметтерді жеткізуші ұсынған шотты берген кезінен бастап он күн ішінде жүзеге асырылады.
4. Кандидаттар өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен шығуы үшін оларға мемлекет бөлген қаражат шеңберінде баспа және/немесе желілік басылымдардағы, теле-, радиоарналардағы жарияланымдар көлемін өз беттерінше қайта бөлуге құқылы.
3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу көлемдері
5. Мемлекет кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында өздерінің бағдарламаларымен шығуы үшін: теледидардан (тікелей эфирде немесе жазып алынған - он бес минут; радиодан - он минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауы үшін бірдей көлемде қаражат бөлінуіне кепілдік береді.
Баспа табақ деп форматы 60х90 см, көлемі 5400 см2 қағаз бетін түсіну керек. Көлемі 0,1 баспа табақ 540 см2 ауданға тең болады, бұл А-2 форматындағы газет бетінің ¼ құрайды.