Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 399 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қыркүйекте № 17388 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 07.02.2022 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру туралы нысан бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
М. Әбілқасымова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2018 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 399 бұйрығымен
бекітілген
Нысан

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру туралы шарт

      ____________ қаласы 20__ жылғы "___" __________

      Халықты жұмыспен қамту орталығы ____________________________________

      ____________________________________________________________________,

      (ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      атынан әрекет ететін

      ____________________________________________________________________

      (қол қоятын адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ____________________________________________________________________

      негізінде (жарғысы, 20__жылғы "___" ________ сенімхат № __ )

      бұдан әрі "Халықты жұмыспен қамту орталығы" деп аталатын, "Атамекен"

      кәсіпкерлер палатасы

      ____________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың атауы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      бұдан әрі "Кәсіпкерлер палатасы" деп аталатын және бұдан әрі "Бағдарламаға

      қатысушы" деп аталатын ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), жеке сәйкестендіру

      нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және

      кім берген) / заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке "Тарап" деп аталып,

      осы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік

      грант беру туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасап, төмендегілер туралы келісті:

1. Шарттың мәні

      1. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушыға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысымен бекітілген "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген шарттар бойынша бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грант береді.

      Бағдарламаға қатысушы өз кезегінде Қағидаларға сәйкес бөлінген мемлекеттік грантты старттық бизнесті (стартап-жоба) іске асыруға пайдалануға міндеттенеді.

      2. Шартта ескерілген талаптар осы Шартты құрап, оның ажырамас бөлігі болып табылады.

2. Шарттың жалпы сомасы және ақы төлеу шарттары

      3. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттың көлемі

      ______________________________________________________________

      (сомасы жазбаша түрде)

      теңгені құрайды.

      4. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты (бұдан әрі – мемлекеттік грант) беру осы Шартта көзделген қаражат шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      5. Халықты жұмыспен қамту орталығы Шарт жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы Шартта көзделген мемлекеттік грант шеңберінде берілетін ақшалай қаражатты Бағдарламаға қатысушының ағымдағы банктік шотына аударады.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      6. Бағдарламаға қатысушы:

      1) Халықты жұмыспен қату орталығынан Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды талап етуге;

      2) мемлекеттік грант шеңберінде берілетін қаражатты ағымдағы шотқа уақтылы аударуды талап етуге құқылы.

      7. Бағдарламаға қатысушы:

      1) бизнес-жобаның іс-шараларын уақтылы және тиісінше жүргізуге;

      2) Кәсіпкерлер палатасының талабы бойынша мемлекеттік грантты пайдалану кезінде анықталған кемшіліктерді дереу жоюға;

      3) Кәсіпкерлер палатасының талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын материалдарды және Кәсіпкерлер палатасының жазбаша талабын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түсініктемені ұсынуға;

      4) Кәсіпкерлер палатасы сұратқан ақпаратты сұратқан кезінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуға;

      5) мемлекеттік грантты тек мақсатты пайдалануға;

      6) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған соң Халықты жұмыспен қамту орталығына мемлекеттік грант қаражатының пайдаланылмаған бөлігін тиісті талап түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтаруға;

      7) Кәсіпкерлер палатасына мониторинг жүргізу кезінде жәрдемдесуге, қажетті құжаттарды сұрауларда белгіленген мерзімде ұсынуға;

      8) Кәсіпкерлер палатасына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы күніне дейінгі мерзімде бизнес-жобаның іс-шараларын орындау туралы және қаржы қаражатын пайдалану туралы жазбаша есептерді, атап айтқанда ағымдағы және қорытынды есептерді ай сайын ұсынуға міндеттенеді.

      8. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) Бағдарламаға қатысушыдан Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды және мемлекеттік грантты пайдалануда анықталған кемшіліктерді жоюды талап етуге;

      2) Бағдарламаға қатысушыдан Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды растайтын іс-шараларды орындау туралы есепті талап етуге құқылы.

      9. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) Бағдарламаға қатысушыға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты беруге;

      2) осы Шартқа сәйкес Бағдарламаға қатысушылардың бизнес-жобалардың іс-шараларын орындауы және қаржы қаражатын пайдалануы туралы Кәсіпкерлер палатасының тиісінше ресімделген жазбаша есебін қабылдауға;

      3) осы Шартта көзделген жағдайларда Бағдарламаға қатысушыны және Кәсіпкерлер палатасын Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы хабардар етуге міндеттенеді.

      10. Кәсіпкерлер палатасы:

      1) Бағдарламаға қатысушыдан Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды және мемлекеттік грантты пайдалануда анықталған кемшіліктерді жоюды талап етуге;

      2) Бағдарламаға қатысушыдан Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды растайтын материалдарды талап етуге;

      3) Бағдарламаға қатысушының қаражатты мақсатты пайдаланбауы туралы оны хабардар етуге құқылы.

      11. Кәсіпкерлер палатасы:

      1) Бағдарламаға қатысушының мемлекеттік грантты игеруіне және мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге;

      2) Бағдарламаға қатысушының мемлекеттік грант қаражатын мақсатты пайдаланбауы фактісі анықталған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ондай жағдайлар туралы Халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етуге;

      3) Халықты жұмыспен қамту орталығына Бағдарламаға қатысушының старттық бизнесті іске асыруы туралы есепті айдан кейінгі айдың жиырмасыншы күніне қарай ұсынуға;

      4) Орындалған жұмыс актісін қабылдауға міндеттенеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      12. Тараптар осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауапкершілікте болады.

      13. Тараптардың осы Шартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.

      14. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы тараптарды оның мерзімі аяқталмай тұрып орын алған бұзушылығы үшін жауапкершіліктен босатпайды.

5. Шартты өзгерту және бұзу

      15. Шартқа өзгерістер мынадай:

      1) осы Шартта көзделген мемлекеттік гранттың көлемі өзгерген;

      2) осы Шартты орындау мерзімі өзгерген;

      Бағдарламаға қатысушының старттық жобасының (стартап-жоба) мақсатты тағайындалуы өзгерген жағдайларда енгізіледі.

      16. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқан жағдайда Тараптар үш жұмыс күні ішінде осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды тоқтатудың себебі, мерзімі көрсетілген жазбаша түрдегі хабарламалар жібереді.

      17. Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамауы, уақтылы немесе тиісінше орындамауы оны бір жақты тәртіппен бұзуға негіз болып табылады.

      18. Осы Шарт осы Шарттың 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген фактілер анықталған күннен бастап Тараптардың ерікті нысанда хабарлама жіберуі арқылы бұзылады.

6. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары

      19. Осы Шарт бойынша мiндеттемелерді орындамаған немесе тиiсінше орындамаған Тараптар, егер тиісінше орындамағаны еңсерілмейтін күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және алдын алуға болмайтын жағдаяттардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары) салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауапкершілікте болады.

      20. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары орын алған жағдайда Тараптар осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы ерікті нысандағы хабарлама жібереді.

      Қазақстан Республикасы уәкілетті органының еңсерілмейтін күш жағдаяттарының туындағанын растайтын ресми құжаттары еңсерілмейтін күш жағдаяттарына дәлел болады.

      21. Уақтылы хабарламау Тараптарды осы Шарт бойынша жауапкершіліктен босататын негіз ретінде осы Шарттың 19-тармағында көзделген жағдаяттарға сілтеме жасау құқығынан айырады.

      22. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары тоқтағаннан кейін Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын тез арада жалғастырады және осы Шарттың 19-тармағында көзделген жағдаяттар тоқтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Тараптарды еркін нысанда хабардар етеді.

7. Дауларды шешу тәртібі

      23. Тараптар арасында осы Шарт бойынша немесе оған байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.

      24. Осы Шарт шеңберінде Тараптар өз міндеттмелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

8. Басқа да талаптар

      25. Осы шарт бірдей заңды күші бар үш данада жасалды, бір данасы Халықты жұмыспен қамту орталығында, басқалары Кәсіпкерлер палатасында және Бағдарламаға қатысушыда болады.

      26. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалды.

      27. Осы Шартқа сәйкес Тараптардың басқа Тарапқа жолдайтын хабарламалары кейіннен тұпнұсқаларын ұсынумен пошта байланысы, жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық жүйелер арқылы жіберіледі.

      28. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ____________ дейін қолданылады.

      29. Қажет болған жағдайда Шарт Тараптардың келісімі бойынша ұзартылады.

9. Тараптардың реквизиттері

Халықты жұмыспен қамту орталығы:
___________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының
толық атауы)
_______________________________
(заңды мекенжайы)
_______________________________
(телефон, факс)
_______________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса))
_______________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі)
______________________________
(банктік сәйкестендіру коды)
____________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
_______________________________
(банктің атауы)
______________________________
қолы) М.О.
Кәсіпкерлер палатасы:
____________________________________
(кәсіпкерлер палатасының толық атауы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_________________________________
(заңды мекенжайы)
_________________________________
(уәкілетті адамның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса))
_________________________________
(қолы)
М.О.

Бағдарламаға қатысушы:
_____________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы / жеке
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(барболса))
_____________________________________
(мекенжайы)
____________________________
(телефон, факс)
____________________________
(қолы)
_________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке
сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________
(банктік сәйкестендіру коды)
____________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
____________________________
(банктің атауы)
_______________________________
(қолы) М.О. (бар болса)