"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқар

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 1 тамыздағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 қыркүйекте № 17333 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрінің

      міндетін атқарушы

      ______________ А. Евниев

      2018 жылғы 21 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрінің

      міндетін атқарушы

      ______________ Б. Шолпанқұлов

      2018 жылғы 30 шілде

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 1 тамыздағы
№ 4 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 282 бұйрығымен
бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тізбе бойынша белгіленеді.

      3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана аумағында әрбір тоқсан үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының әрқайсысы бойынша бөлек айқындалады.

2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу тәртібі

      4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін есептеу үшін Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат пайдаланылады.

      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының деңгейі мен өзгеруі бойынша жарияланған ресми деректер ақпарат көзі болып табылады.

      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      pi = Pbase*rav,i,

      мұндағы:

      pi – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына i-ші тоқсандағы бөлшек сауда бағаларының шекті мәні, теңгемен;

      pbase – тауар бойынша базалық бөлшек сауда бағасы, теңгемен;

      rav,i – тауар бойынша соңғы үш жылдағы i-ші тоқсанда баға индексінің орташа өзгерісі, пайызбен;

      i – тоқсанның реттік нөмірі.

      Астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ағымдағы жылғы 20 қарашадағы бөлшек сауда бағасы тауар бойынша базалық бөлшек сауда бағасы болып табылады.

      Тауар бойынша соңғы үш жылдағы тоқсандарда баға индексінің орташа өзгерісі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      rn,i – тауар бойынша n-ші жылғы i-ші тоқсандағы баға индексі, пайызбен;

      rn-1,i – тауар бойынша n-1-ші жылғы i-ші тоқсандағы баға индексі, пайызбен;

      rn-2,i – тауар бойынша n-2-ші жылғы i-ші тоқсандағы баға индексі, пайызбен;

      n – бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері белгіленетін жылдың алдындағы жыл.

      Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының алдағы жылдың төртінші тоқсанына арналған шекті мәндері өткен екі жылдың төртінші тоқсаны үшін және n-ші жылдың қазаны үшін тауар бойынша бағалар индексін ескере отырып белгіленеді және мемлекеттік статистика органдары n-ші жылдың төртінші тоқсанының деректерін жариялағаннан кейін жоғарыда көрсетілген формула негізінде түзетіледі.

      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) мемлекеттік статистика органдарының деректері негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті мәндері мен ағымдағы бөлшек сауда бағаларына салыстырмалы талдау жүргізеді және тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 5 күніне сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынады.

      6. Жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға:

      1) жыл сайын ағымдағы жылғы 5 желтоқсанға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының алдағы жылдың тоқсандарына арналған шекті мәндерін бекіту бойынша ұсыныстар;

      2) жыл сайын ағымдағы жылғы 20 ақпанға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына арналған шекті мәндерін бекіту бойынша түзетілген ұсыныстар енгізеді.

      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін анықтау мақсатында уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдар ұсыныстарды берген күннен бастап макроэкономикалық талдау жүргізеді.

      7. Макроэкономикалық талдау қорытындысы бойынша уәкілетті органның тиісті шешімін алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеудің алдындағы жылғы 31 қаңтарға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және ағымдағы жылғы 25 наурызға дейін ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына арналған түзетілген деректерді бекітеді.

3-тарау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін айқындау тәртібі

      8. Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге:

      1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен 15%-ға асып түскен жағдайда;

      2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен асуымен қоса 30 күн ішінде бөлшек сауда бағаларының бір уақытта 30%-ға өсуі кезінде күнтізбелік 15 күннен кейін қайта қарау мүмкіндігімен белгілейді.

      9. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының деңгейі мен өзгерісі бойынша апта сайынғы ресми статистика деректері ақпарат көзі болып табылады.

      10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері мына формула бойынша анықталады:



      мұндағы:

      pp – бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері;

      pn-1 – бір апта бұрынғы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағасы;

      pn – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ағымдағы бөлшек сауда бағасы.

      11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымы негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен бекітіледі.

      12. Комиссия құрамы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің өкімімен бекітіледі. Комиссияның жұмыс органы жергілікті атқарушы орган болып табылады.

      Комиссияның Төрағасы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасары болып табылады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және комиссияның ұсынымдар қабылдау кезіндегі дауыс беру құқығына ие емес. Комиссия құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өкілдері, сауда қызметі субъектілерінің өкілдері кіреді.

      Комиссия мүшелерінің саны тақ және Төрағаны қоса алғанда кемінде 7 адамды құрайды. Сауда қызметі субъектілерінің өкілдері Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде 40% құрайды.

      Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлерінің палаталары Комиссия отырысына қаралатын мәселенің сипатына байланысты сауда қызметі субъектілерінің қатысуын қамтамасыз етеді.

      13. Ұсынымдар қабылдау кезінде Комиссия:

      1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру орындарынан өңірдің аумақтық алшақтығын;

      2) халықтың сатып алу қабілеті мен тығыздығын;

      3) өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сақтау жағдайлары мен мүмкіндіктерін;

      4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеудің экономикалық орындылығын есепке алады.

      14. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайларда Комиссия бес жұмыс күн ішінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкіміне ұсыным енгізеді.

      15. Комиссияның ұсынымы негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі үш жұмыс күн ішінде азық-түлік тауарларының атауларын, осындай тауарларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерлерін және оларға енгізілетін шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мерзімдерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының тиісті өңірінің аумағында сатылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту бойынша шешім қабылдайды.

      16. Комиссияның жұмыс органы шешім қабылданғанан кейін бір күндік мерзімде уәкілетті органды және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері бекітілгендігі туралы ақпарат таратады.

      17. Заңның 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар сауда қызметі субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін арттыруына бақылауды жүзеге асырады.

      18. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту кезінде жергілікті атқарушы органдар Заңның 8–бабы екінші бөлімінің 2) тармақшасына сәйкес қабылданған шешімнің аталған тауарларға баға белгілеуге ықпалына мониторинг және талдау жүргізеді.