Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 қыркүйекте № 17332 болып тіркелді.

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақша және орысша тілдерінде ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында оны ресми жариялағаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1346 бұйрығымен
бекітілген

Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 21.04.2020 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер.

      1. Осы Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) 1999 жылғы 13 шілдедегі "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы заң) сәйкес әзірленген және Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде Селекциялық жетістіктерді пайдалануға айрықша құқықты беру, Селекциялық жетістіктерге пайдалану құқықығын ұсынуды тіркеуді белгілейді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) айрықша құқық – селекциялық жетістіктерге өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға патент иеленушiнiң мүлiктiк құқығы;

      2) бюллетень – өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;

      3) иеленуші – селекциялық жетістікке айрықша құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;

      4) патент иеленуші – қорғау құжатының иесі;

      5) патенттік сенім білдірілген өкілдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдында өкілдік етуге құқық берілген Қазақстан Республикасының азаматтары;

      6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      7) "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2-тарау. Селекциялық жетістіктерді пайдалануға айрықша құқықты беруді тіркеу тәртібі

      3. "Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы қағиданың 1-қосымшасындағы "Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) 8-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарымен осы қағидалардың 2 және 3-қосымшасына сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтініштерді көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жолдайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.10.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі тізбеде келтірілген.

      Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің "newscab.kazpatent.kz" ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген банктік ревизиттер (бұдан әрі – 4-қосымша) бойынша жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысты қабылдау күйі автоматты түрде "жеке кабинетте" көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.10.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Тіркеу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясында көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар өтініш берушінің өз құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілсіз Қазақстан Республикасының шегінде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайын көрсеткен кезде жүзеге асыра алады.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішке көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте автоматты түрде тіркеу нөмірі енгізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі көрсетілетін қызметті беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.

      Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Тексеру және тиісті құжаттарға ақы төлеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама дайындайды және осы қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсатын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.06.2021 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Тіркелген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бюллетеньде селекциялық жетістікке айрықша құқықты беруді тіркеу туралы мәліметтерді жариялайды.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Осы Қағидаларға өзгерістер немесе (және) толықтырулар енгізу кезінде, уәкілетті орган "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникацялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, көрсетілген қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.10.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Селекциялық жетістіктерге пайдалану құқықығын беруді тіркеу тәртібі

      10. "Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті берушімен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы қағиданың 7-қосымшасындағы "Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) 8-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарымен осы қағидалардың 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтініштерді көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жолдайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.10.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі тізбеде келтірілген.

      Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің "newscab.kazpatent.kz" ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген банктік ревизиттер бойынша жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысты қабылдау күйі автоматты түрде "жеке кабинетте" көрсетіледі.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.10.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Тіркеу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясында көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар өтініш берушінің өз құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілсіз Қазақстан Республикасының шегінде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайын көрсеткен кезде жүзеге асыра алады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішке көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте автоматты түрде тіркеу нөмірі енгізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі көрсетілетін қызметті беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.

      Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Тексеру және тиісті құжаттарға ақы төлеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама дайындайды және осы қағидалардың 11, 12-қосымшаларына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсатын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.06.2021 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Тіркелген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бюллетеньде селекциялық жетістікке пайдалану құқықығын беруді тіркеу туралы мәліметтерді жариялайды.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Осы Қағидаларға өзгерістер немесе (және) толықтырулар енгізу кезінде, уәкілетті орган "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникацялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, көрсетілген қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.10.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді.

      Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.06.2021 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Мемлекеттiк көрсетілген қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

5-тарау. Селекциялық жетістікке ашық немесе мәжбүрлі лицензиясына құқық беруді тіркеу тәртібі

      19. Ашық лицензияға құқық беру үшін патент иеленуші "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК) кез келген тұлғаға селекциялық жетістіктерді пайдалануға лицензия алуға құқықты беру туралы өтініш береді.

      "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК ашық лицензия беру туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды.

      Көрсетілген лицензияны алуға ниет білдірген тұлға патент иеленушімен жазбаша түрде шарт жасасуға міндетті. Шарттың талаптары бойынша дауларды қолдаңыстағы заңнамаға сәйкес сотта қаралады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Соттың мәжбүрлі лицензиясын беру туралы шешімі негізінде "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК Мемлекеттік тізілімге тиісті мәліметтерді енгізеді және оларды жариялайды. Сот шешімі шыққан күн тіркеу күні болып табылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Селекциялық жетiстiкке
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды Селекциялық
жетiстiктердің мемлекеттік
тізілімінде тіркеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

"Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.10.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Селекциялық жетістікке айрықша құқықты беруді тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-2 бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін және уәкілетті органның www. adilet. gov. kz және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www. kaz pate nt. kz ресми сайттарында орналастырылған селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызметтерге және бағаларға сәйкес ақылы негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске және Заңға сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы қағиданың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша өзгеге беру/ішінара беру шарты бойынша селекциялық жетістікке айрықша құқықты беруді тіркеу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаның электрондық нысандағы өтініштері;
2) селекциялық жетістікке айрықша құқықты беру туралы шарттың электрондық көшірмесі не шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) ұлттық көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, қорғау құжаты немесе айрықша құқықтар иесінің басқару органдары немесе құрылтайшылардың/акционерлердің жалпы шешімімен шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі бойынша шешімінің электрондық көшірмесі;
4) сенімхаттың электрондық көшірмесі егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе.
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) селекциялық жетістікке айрықша құқықты тоқтатуға арналған қалпына келтіру мерзімнің аяқталуы;
2) негіздерді қалпына келтіру үшін тіркеуге уақытша кедергі келтіретін мерзімінің аяқталуы;
3) келісімге қатысушы болып табылмайтын тұлғадан тіркеуге өтінім қабылдау;
4) селекциялық жетістікке айрықша құқықты иелік ету құқығын тiркеудiң болмауы;
5) тараптың селекциялық жетістікті пайдалану құқығын беруге кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы.
Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздер болған жағдайда, бірақ көрсетілетін қызметті берушімен қалпына келтірілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап үш ай ішінде болмаған немесе түзетілген құжаттарды ұсынуға не болмаса тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге хабарлама жолданады. Бұл жағдайда құжаттарға тексеру жүргізу мерзімі болмаған немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның www. adilet. gov. kz және көрсетілетін қызметті берушінің www. kaz pate nt. kz интернет-ресурстарында көрсетілген.

  Селекциялық жетiстiкке
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды, Селекциялық
жетiстiктердің мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      __________________________________________________________________________

      2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) /

      заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды

      мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      __________________________________________________________________________

      5. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:

      __________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат

      көшірмесі_______парақта______данада;

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      Басқа құжат (көрсету).

      Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә.) Рөлі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Селекциялық жетiстiкке
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды, Селекциялық
жетiстiктердің мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      __________________________________________________________________________

      2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      немесе заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы, заңды

      мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      __________________________________________________________________________

      5. Берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

      __________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:

      __________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат

      көшірмесі_______парақта______данада;

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      Басқа құжат (көрсету).

      Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә.) Рөлі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Селекциялық жетiстiкке
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды, Селекциялық
жетiстiктердің мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік баж төлеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің қажетті банк деректемелері

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.10.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

      Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 57А ғимараты, тұрғын емес үй-жай 8

      БСН: 020940003199

      КБЕ: 16

      ТБК: 859

      Банк атауы, ЖСК, БСК: "Нұрбанк" акционерлік қоғамы KZ8584905KZ006015415NURSKZKX

      "Қазақстанның Халық Банкі" акционерлік қоғамы KZ386010111000288323 HSBKKZKX, KZ366017111000000792 HSBKKZKX

      "Bereke Bank" акционерлік қоғамы KZ14914012203KZ0047J SABRKZKA

      Астана қаласындағы "ForteBank" акционерлік қоғамының филиалы KZ1096503F0007611692IRTYKZKA

  Селекциялық жетiстiкке
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды, Селекциялық
жетiстiктердің мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Патент иеленуші:

      Құқықтық мирасқор:

"Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес № _ патент бойынша Селекциялық жетістікке құқықтарды беру (ішінара) шарты бойынша айрықша құқықты беру Қазақстан Республикасының Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды.

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетiстiкке
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды, Селекциялық
жетiстiктердің мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Патент иеленуші , Лицензиар (Қосалқы лицензиар), Кешенді

      лицензиар (Қосалқы лицензиар):

      Құқықтық мирасқор, Лицензиат (Қосалқы лицензиат),

      Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):

Өтінішті одан әрі қараудан ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ____________ байланысты, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартылғанын хабарлайды.

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетiстiкке
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға
құқықты табыстауды
Селекциялық жетiстiктердің
мемлекеттік тізілімінде
тіркеу қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

"Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.10.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Селекциялық жетістіктерге пайдалану құқықығын беруді тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-2 бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін және уәкілетті органның www. adilet. gov. kz және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www. kaz pate nt. kz ресми сайттарында орналастырылған селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызметтерге және бағаларға сәйкес ақылы негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске және Заңға сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы қағидалардың 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе лицензиялық шарттың электрондық түрдегі талаптарын қамтитын өзге шарт бойынша селекциялық жетістікті пайдалану құқығын беруді тіркеу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері;
2) селекциялық жетістікті пайдалану құқығын беру туралы шарттың электрондық көшірмесі немесе шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) ұлттық көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, қорғау құжаты немесе айрықша құқықтар иесінің басқару органдары немесе құрылтайшылардың/акционерлердің жалпы шешімімен шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі бойынша шешімінің электрондық көшірмесі;
4) сенімхаттың электрондық көшірмесі егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе.
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) селекциялық жетістікке айрықша құқықты тоқтатуға арналған қалпына келтіру мерзімнің аяқталуы;
2) негіздерді қалпына келтіру үшін тіркеуге уақытша кедергі келтіретін мерзімінің аяқталуы;
3) келісімге қатысушы болып табылмайтын тұлғадан тіркеуге өтінім қабылдау;
4) лицензиялық шартты немесе оған қосымша келісімді тіркеудің болмауы;
5) селекциялық жетістікке пайдалану құқығын беруге кедергі келтіретін тараптарда міндеттемелердің болуы.
Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздер болған жағдайда, бірақ көрсетілетін қызметті берушімен қалпына келтірілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап үш ай ішінде болмаған немесе түзетілген құжаттарды ұсынуға не болмаса тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге хабарлама жолданады. Бұл жағдайда құжаттарға тексеру жүргізу мерзімі болмаған немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның www. adilet. gov. kz және көрсетілетін қызметті берушінің www. kaz pate nt. kz интернет-ресурстарында көрсетілген.

  Селекциялық жетiстiкке
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды, Селекциялық
жетiстiктердің мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Құқықты лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      __________________________________________________________________________

      2. Лицензиар (қосалқы лицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса)

      (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      3. Лицензиат (қосалқы лицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*,

      заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      __________________________________________________________________________

      5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген

      көлемі:

      __________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:

      __________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат

      көшірмесі_______парақта______данада;

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      Басқа құжат (көрсету).

      Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә.) Рөлі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Селекциялық жетiстiкке
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды, Селекциялық
жетiстiктердің мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Құқықты кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      __________________________________________________________________________

      2. Кешенді лицензиар (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі –

      Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      3. Кешенді лицензиат (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды

      мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      __________________________________________________________________________

      5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген

      көлемі:

      __________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      __________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат

      көшірмесі_______парақта______данада;

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      Басқа құжат (көрсету).

      Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә.) Рөлі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Селекциялық жетiстiкке
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды, Селекциялық
жетiстiктердің мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Құқықты лицензиялық (қосалқы лицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты жасалған лицензиялық (қосалқы лицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      __________________________________________________________________________

      2. Шарттың тіркеу нөмірі және тіркелген күні:

      __________________________________________________________________________

      3. Лицензиар (қосалқы лицензиар, кешенді лицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты

      Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды

      мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      4. Лицензиат (қосалқы лицензиат, кешенді лицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды

      тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      5. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      __________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      __________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат

      көшірмесі_______парақта______данада;

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      Басқа құжат (көрсету).

      Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә.) Рөлі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Селекциялық жетiстiкке
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды, Селекциялық
жетiстiктердің мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Лицензиар (Қосалқы лицензиар):

      Лицензиат (Қосалқы лицензиат):

"Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

      Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес № _ патент бойынша Селекциялық жетістікті пайдалануға лицензиялық шарт бойынша айрықша (қосалқы) лицензия беру (бермеу) Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды.

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетiстiкке
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды, Селекциялық
жетiстiктердің мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):

      Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):

"Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

      Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес № _ Селекциялық жетістіктерді пайдалануға айрықша лицензия беру (бермеу) туралы кешенді кәсіпкерлік (қосалқы) лицензия шарты Қазақстан Республикасының Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды.

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетiстiкке
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды, Селекциялық
жетiстiктердің мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
13-қосымша
  Нысан

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Патент иеленуші , Лицензиар (Қосалқы лицензиар), Кешенді

      лицензиар (Қосалқы лицензиар):

      Құқықтық мирасқор, Лицензиат (Қосалқы лицензиат), Кешенді

      лицензиат (Қосалқы лицензиат):

Өтінішті одан әрі қараудан ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ

      Ескерту. 13-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.