"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы алуға құқығы бар азаматтық қызметшілері мен қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасыны

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 61/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 тамызда № 17294 болып тіркелді

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлкеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы алуға құқығы бар азаматтық қызметшілері мен қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13818 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Аталған бұйрықпен бекітілген жұқпалы аурулардың тірі қоздырғыштарымен немесе ауру малдармен, ауру тудыратын вирустармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 30 шілдедегі
№ 61/қе бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2016 жылғы 18 мамырдағы
№ 48 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі

      1. Әртіс (барлық атаулары)

      2. Әдіскер (барлық атаулары)

      3. Авиация механигі (барлық атаулары)

      4. Аға ғылыми қызметкер

      5. Аға оқытушы

      6. Ағаш шебері

      7. Ажарлаушы

      8. Аккумуляторшы

      9. Ас үй жұмысшысы

      10. Аспаз

      11. Асхана меңгерушісі (бастығы)

      12. Архив меңгерушісі (басшысы)

      13. Аудармашы

      14. Ауысым бастығы (меңгерушісі)

      15. Бақылаушы

      16. Балташы

      17. Бас ғылыми қызметкер

      18. Бөлім бастығы

      19. Борт радисі

      20. Бухгалтер

      21. Ветеринариялық дәрігер

      22. Вулканизаторшы

      23. Гальваншы

      24. Ғылыми қызметкер

      25. Дәнекерлеуші (барлық атаулары)

      26. Дәрігер (барлық мамандықтағы)

      27. Даяшы

      28. Диспетчер (барлық атаулары)

      29. Доцент

      30. Жатақхана меңгерушісі

      31. Жетекші ғылыми қызметкер

      32. Жинақтаушы

      33. Жүргізуші (барлық атаулары)

      34. Жұмысшы (барлық атаулары)

      35. Заңгер консультант

      36. Зертханашы

      37. Зертхана меңгерушісі (басшысы)

      38. Инженер (барлық мамандықтағы)

      39. Инспектор (барлық атаулары)

      40. Іс жүргізуші

      41. Кассир

      42. Кеңесші

      43. Кітапханашы

      44. Кітапхана меңгерушісі (басшысы)

      45. Комендант

      46. Корректор

      47. Көркемдік жетекші

      48. Күзетші (қарауыл)

      49. Қабылдаушы (барлық атаулары)

      50. Қазандық меңгерушісі (басшысы)

      51. Қаңылтыршы

      52. Қайыс-ер бұйымдарды тігуші (әбзелші)

      53. Қозғалтқыштарды сынаушы

      54. Қойма басшысы (меңгерушісі)

      55. Қоймашы

      56. Майлаушы

      57. Машинист (барлық атаулары)

      58. Мейірбике (мейірие)

      59. Мейірбикенің көмекшісі

      60. Механик (барлық атаулары)

      61. Монша-кір жуу комбинатының меңгерушісі (басшысы)

      62. Моторшы (барлық атаулары)

      63. Мыстаушы

      64. Наубайхана басшысы (меңгерушісі)

      65. Наубайшы

      66. Нұсқаушы (барлық атаулары)

      67. Оқытушы

      68. Оператор (барлық атаулары)

      69. Өндіріс меңгерушісі (басшысы)

      70. Провизор (фармацевт)

      71. Профессор

      72. Психолог

      73. Радиоэлектрондық аппаратураның және аспаптарының реттеушісі

      74. Рентген зерханашысы

      75. Референт

      76. Санитар

      77. Сарапшы (барлық атаулары)

      78. Слесарь (барлық атаулары)

      79. Слесарь-аспапшы

      80. Сылақшы

      81. Сырлаушы

      82. Суретші

      83. Тамақ жартылай фабрикаттарын жасаушы

      84. Тас қалаушы

      85. Темір ұста (барлық атаулары)

      86. Телефоншы (барлық атаулары)

      87. Техник (барлық атаулары)

      88. Технолог (барлық атаулары)

      89. Тігінші

      90. Тігуші (барлық атаулары)

      91. Токарь

      92. Топ бастығы

      93. Тракторшы

      94. Фармацевт

      95. Фельдшер (барлық атаулары)

      96. Фрезерлеуші

      97. Химиялық су тазартудың аппаратшысы

      98. Шаруашылық меңгерушісі (басшысы) (барлық атаулары)

      99. Шаруашылық басшысы (меңгерушісі)

      100. Шатырлаушы (барлық атаулары)

      101. Шебер

      102. Шеберхана меңгерушісі (басшысы)

      103. Экспедитор

      104. Электр газбен дәнекерлеуші

      105. Электрмен дәнекерлеуші (барлық атаулары)

      106. Электромонтер (барлық атаулары)

      107. Эколог

      108. Экономист

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 30 шілдедегі
№ 61/қе бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2016 жылғы 18 мамырдағы
№ 48 бұйрығына
2-қосымша

Жұқпалы аурулардың тірі қоздырғыштарымен немесе ауру малдармен, ауру тудыратын вирустармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі

      1. Ветеринариялық дәрігер

      2. Ветеринариялық санитар

      3. Ветеринариялық фельдшер

      4. Дәрігер (барлық мамандықтағы)

      5. Жануарларды күту бойынша жұмысшы

      6. Зертханашы