"Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 17 шілдедегі № 307 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 тамызда № 17278 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7713 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 510-515 (27588) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық нарығының мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген ақпарат субъектінің ақпараттық жүйесінің online-режимде веб-сервистер арқылы астық қолхаттарының ақпараттық жүйесімен өзара интеграциялық іс-қимылы арқылы тізілімге ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпарат тiркеушiге мынадай тәртiппен ұсынылады:

      1) бағдарламалық қамтымның тиісті шаблоны толтырылады, ол астық қолхаттары ақпараттық жүйесінің www.qoldau.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) жүктеп алу үшін еркін қолжетімді болып орналастырылады;

      2) шаблонды толтыру нәтижесінде электрондық есеп қалыптастырылады, оған субъектінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылуы және бағдарламалық қамтымдағы электрондық есепті тізілім құрылымына жіберу мен қосуға арналған сервис пайдаланыла отырып, тізілімге жіберілуі қажет.";

      12-тармақ алып тасталсын;

      Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасына 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Евниев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      ____________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы 19 шілде

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 17 шілдедегі
№ 307 бұйрығына
қосымша
  Астық нарығының мониторингін
жүргізу қағидасына
1-қосымша

20____жылғы "___" ______ жағдай бойынша астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы ақпарат (ұлттық тасымалдаушының және басқа да тасымалдаушылардың атауы және мекенжайы)

      Астық тасымалдау туралы мәліметтер (деректер құрамы) жағдай туындаған кезде хабарлама-сұраным түрінде мынадай көлемде беріледі:

      1) Identifier (ID) (жүк жөнелтудің бiрегей нөмiрі) жазба;

      2) Тиелген күні;

      3) Жүк жөнелтушiнiң коды (12 мәнді код);

      4) Жүк жөнелтушiнiң бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

      5) Жүк жөнелтушiнiң атауы;

      6) Жүк алушының коды (республика ішіндегі қатынаста 12 мәнді код, халықаралық қатынаста 4 мәнді код);

      7) Жүк алушының бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бар болса);

      8) Жүк алушының атауы;

      9) Жөнелту станциясының коды (бірыңғай желілік белгі коды);

      10) Межелі станцияның коды (бірыңғай желілік белгі коды);

      11) Мемлекетаралық түйiсу пунктінің коды;

      12) Межелі елдің коды;

      13) Вагон нөмірі;

      14) Жүкқұжат нөмірі (жөнелту нөмірі);

      15) Жүк коды (жүктердің бірыңғай тарифтік-статистикалық номенклатурасы);

      16) Жүк коды (жүктердің үндестірілген номенклатурасы);

      17) Жүк салмағы;

      18) Вагон типі.

      Астық тасымалдау туралы мәліметтер бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл сипаттамасы ақпараттық жүйелердің иелері бекіткен Тиісті ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөніндегі техникалық талаптарда келтірілген.