Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 13 шiлдедегi № 509 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 шілдеде № 17254 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Қ. Өскенбаев

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін
атқарушысының 2018 жылғы
13 шілдедегі № 509
бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 340 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркелген тiзiлiмiнде № 14192 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған) бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанында:

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Кепіл беруші:

      1) Кепіл нысанасына құқықты тоқтатуға немесе оның нарықтық құнын төмендетуге әкеп соқтыратын іс-қимыл жасамауға;

      2) Кепіл нысанасын үшінші тұлғалар тарапынан қол сұғушылықтан қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауға;

      3) Кепіл ұстаушыға кепілге берілген мүлікпен болған өзгерістер туралы, Кепіл нысанасына үшінші тұлғалардың қол сұғушылығы туралы, Кепіл нысанасының жойылу немесе зақымдану қаупі туралы мәліметтерді 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде хабарлауға;

      4) Кепіл ұстаушыға Кепіл нысанының нарықтық бағасына, атап айтқанда:

      жарғылық капиталы мөлшерінің 10 % асатын сомаға қаржылық-шаруашылық қызметке қатысты Уәкілетті компанияның органдарының шешімдеріне (жалғыз қатысушының/акционердің, қадағалау органының (Директорлар кеңесінің), атқарушы органның шешімдері);

      есеп беру кезеңі ішінде Уәкілетті компанияның жасаған мәмілелері туралы, оның ішінде ірі мәмілелер, жасалуында мүдделілік бар мәмілелер туралы ақпаратқа;

      қаржылық жағдайының нашарлауы, Уәкілетті компанияның дәрменсіздігі белгілерінің пайда болуы туралы мәліметтергеықпал етуі мүмкін Уәкілетті компаниялардың қызметі туралы мәліметтерді қамтитын ай сайынғы есепті есеп беру күнінен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей есепті айдың соңғы жұмыс күнгі жағдай бойынша ұсынуға.";

      5) Кепіл ұстаушыға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей есепті тоқсанның соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша Уәкілетті компанияның қаржылық есептілігін ұсынады;

      6) Уәкілетті компанияның жалғыз қатысушысының/жалғыз акционерінің айрықша құзыретіне кіретін шешімдерді қабылдауына, Уәкілетті компанияның ірі мәмілелер (құны, мәміле жасау күніне Уәкілетті компания активтерінің жалпы сомасының жиырма бес пайызына тең немесе одан асатын мәмілелер) және Жобаға қатысты мәмілелерді қоспағанда, мүдделілік бар мәмілелер жасауына Кепіл ұстаушыдан алдын ала келісім алуға;

      7) тіркеу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Кепіл ұстаушыға тиісті растау құжатын ұсына отырып, 20___ жылдың "___" _________ дейінгі мерзімде осы Шартты Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркеуге;

      8) Кепіл ұстаушының талабы бойынша Кепіл нысанасының кепіл құны мөлшерінің азаю, жоғалту, жойылу немесе зақымдану қаупі туындаған және/немесе фактісі орын алған жағдайда, сондай-ақ Уәкілетті компанияның жарғылық капиталы мөлшерінен 25 % (жиырма бес пайыздан) асатын сомаға мүліктік сипаттағы үшінші тұлғалардың талаптары бойынша заңды күшіне енген соттардың шешімдері бойынша атқарушылық іс жүргізу шеңберінде Кепіл ұстаушының құқықтарын шектейтін Кепіл нысанасына тыйым немесе өзге ауыртпалық салынған жағдайда, Кепіл ұстаушы белгілеген мерзімде Кепіл нысанасын ауыртпалығы жоқ, өтімді және тең бағалы, Кепіл ұстаушының талаптарын қанағаттандыратын өзге мүлікке ауыстыруға және/немесе толықтыруға. Кепіл нысанасын ауыстыру және/немесе толықтыру мақсатында Кепіл беруші Кепіл ұстаушы мұндай ауыстыру және/немесе толықтыру туралы талапты ұсынған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылатын толық ақпаратты және мүлікке құқық орнатушы/құқығын куәландырушы құжаттарды ұсынуға;

      9) осы Шартты жасау, ресімдеу және тіркеу бойынша шығыстарды көтеруге міндеттенеді;

      10) егер Уәкілетті компания қосымша эмиссияны жүзеге асырған/жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайтқан жағдайда, Тараптар кепілге берілетін акциялар санын/қатысу үлесінің номиналды бағасын ұлғайту үшін мұндай оқиға туындаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Шартқа қосымша келісім жасайды.".

      2. "Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 343 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14179 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған) бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жариялансын:

      "2. _________ жоба бойынша (бұдан әрі – Жоба) тұрғын үй (тұрғын ғимарат) жобасы бойынша, оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте, бірақ __________ мерзімнен кешіктірмей пайдалануға қабылдау бойынша Уәкілетті компанияның міндеттемелері Шарт объектісі болып табылады.";

      20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "20. Кепілдік беру қоры:

      1) объектіге келудің болжамды күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Уәкілетті компанияны алдын ала хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі заңнамасы талаптарын сақтап, құрылыс объектісінің аумағына кедергісіз кіруге;

      2) Құрылыс салушыдан, Уәкілетті компаниядан тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысы бойынша, оның ішінде құрылыс барысы, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жасалған шарттар туралы кез келген ақпаратты және Заңда айқындалған функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де ақпаратты сұратуға;

      3) жобалау-сметалық құжаттамадағы өзгерістерді келісуге;

      4) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес Құрылыс салушыға - борышкерге қатысты әкімші - уақытша басқарушы, уақытша әкімші (өкілі арқылы) функцияларын жүзеге асыруға;

      5) құрылысты аяқтау жөніндегі өз шығыстарын өтеу үшін тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) өткізілмеген үлестерді, сондай-ақ Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатуды ұйымдастыруға;

      6) кепілдік беру жағдайы басталған кезде, тұрғын үй (тұрғын ғимарат) пайдалануға қабылданғаннан кейін Құрылыс салушыға, Уәкілетті компанияға Кепілдік беру қорының тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын аяқтауға жұмсалған шығыстарын өтеу туралы талап қоюға;

      7) Уәкілетті компания құрылыс-монтаждау жұмыстарының (бұдан әрі – ҚМЖ) артта қалуын жою бойынша іс-шаралар жоспарын сақтамаған жағдайда құрылыс мерзімін ұзартпау;

      8) Заңда айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.";

      24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "24. Уәкілетті компания:

      1) Құрылыс салушымен және мердігермен (бас мердігермен) бірге бір банктен қызмет алуға;

      2) Кепілдік беру қорының сұрау салуы бойынша Жоба құрылысы туралы ақпаратты, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жасалған шарттардағы объектінің құрылыс барысы туралы және осы Шартта және Заңда айқындалған функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де ақпаратты ұсынуға;

      3) заңды мекенжай және (немесе) орналасу мекенжайы, атауы және (немесе) атқарушы орган өзгерген жағдайда, Кепілдік беру қорын үш жұмыс күні ішінде растайтын құжаттармен қоса бере отырып, жаңа мәліметтер туралы жазбаша хабардар етуге;

      4) Жобаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Кепілдік беру қорын өзгертілген жобалау-сметалық құжаттамаға кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарттандыруға;

      5) Кепілдік беру қорын кепілдік әрекетінің тоқтауын тудыратын (тудыруы мүмкін) кез келген жағдайлар туралы дереу хабардар етуге;

      6) Кепілдік беру қоры тарапынан Үлескердің Кепілге келісімін алуымен Кепілдік беру қорының міндеттемені орындауы үшін жауапкершілігі туралы Үлескерлерді жазбаша хабардар етуге;

      7) Заңның 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында уәкілетті органмен бекітілген үлгілік нысанға сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттарын жасасуға;

      8) Жоба бойынша ҚМЖ өндіріс жұмыстарының бекітілген кестесінен күнтізбелік 30 (отыз) күнге артта қалған жағдайда, Уәкілетті компания күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ҚМЖ артта қалуын жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және Кепілдік беру қорымен келісуге;

      9) осы тармақтың 8) тармақшасының талаптарына сәйкес әзірленген және келісілген ҚМЖ артта қалуын жою бойынша іс-шаралар жоспарына қатаң түрде сәйкес келетін жоба бойынша ҚМЖ-ның артта қалуын жою.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Шарт Уәкілетті компания осы Шарттың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде және көлемде кепілдік жарнасын төлеген күннен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындағанға дейін әрекет етеді.".

      3. "Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығында (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14183 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әдістеме Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Кепілдік беру қоры) Заңда көзделген кепілдік беру жағдайларында тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын аяқтау мен байланысты міндеттемелерді жабу үшін кепілдік беру туралы шартты жасасу күніне нысаналы деңгеймен резерв мөлшерін есептеуін және қалыптастыруын регламенттейді.

      Бұл ретте резерв көлемін қайта есептеу құрылыс салушы мен уәкілетті компанияның қаржылық есептілігінің негізінде тоқсан сайын Кепілдік беру қорының нормативтік актілеріне сәйкес жүргізіледі.";

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кепілдік міндеттемелерінің сомасы (Exposure at Default – EAD) - тәуелсіз баға беру компаниясының есебімен және орындалған жұмыстар актісімен расталған аяқталмаған құрылыс құнын шегергенде Заңмен айқындалған тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жобалық құны.".

      4. "Кепілдік беру туралы шартты жасасу үшін тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14312 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 қарашада жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік беру туралы шартты жасасу үшін тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өтінімді қарау мерзімі Құрылыс салушы мен Уәкілетті компания кепілдік беру шартын жасасу туралы өтініш берген күннен бастап он бес жұмыс күні болып есептеледі. Кепілдік беру қоры қажетті құжаттармен бірге тиісті өтінімді тіркеген күннен кейінгі күн Құрылыс салушы мен уәкілетті компанияның өтініш жасаған күні болып есептеледі.

      Қаралатын өтінім бойынша ескертулер болған кезде, Кепілдік беру қоры ескертулерді жою үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімді белгілей отырып, тиісті құжаттарды пысықтауға жібереді. Бұл ретте өтінімді қарау мерзімі тоқтатылады.";

      Қағидаларға 2-қосымшада:

      Құжаттар тізбесіне:

      2-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мердігер шарты бойынша төлемді растайтын банк шоты бойынша немесе өзара есеп айырысуды салыстыру актісінен үзінді көшірме.";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Өтінімді беру күнінің алдында, соңғы қаржылық кезеңдегі (тоқсандағы, жарты жылдағы) құрылыс салушының, уәкілетті компанияның қаржылық есептілігі, уәкілетті компанияның, құрылыс салушының басшысы/бас бухгалтері қол қойған және олардың мөрімен расталған (бар болған кезде) қаржылық есептілік баптарының толық жазылуы.";

      Қағидаларда 3-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
  "Кепілдік беру туралы шартты
жасасу үшін тұрғын үй (тұрғын
ғимарат) құрылысының жобасы
бойынша құжаттарды қарау
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

Құрылыс жобасын қаржыландыру жоспары

1. Жобалық шығыстар жоспары және құрылысты қаржыландыру кестесі


ЖСҚ бойынша жұмыстардың атауы

ЖСҚ бойынша құны,
мың теңге

Құрылысты қаржыландыру кестесі, мың теңге

Жыл


ай

ай

ай







Жиыны





2. Сату және тұрғын үйдегі үй-жайды жалға өткізу жоспары

Үй-жайдың атауы

Жалпы ауданы, шаршы метр

1 шаршы метр үшін сату/жалға алу бағасы, мың теңге

__________ жыл, мың теңге

ай

ай

ай


пәтерлер







көлікке арналған орын






Жиыны






      Ескертпе: Сату және тұрғын үйдегі үй-жайды жалға өткізу жоспары жобаны іске асырудың барлық мерзімінде жасалады (үлескерлердің ақша қаражатын тартуға рұқсат алған сәттен бастап үй-жайдың барлық түрлерін іске асырғанға дейін). Осы Нысанның 2-тармағында үй-жай түрінің әрбір бірлігінің деректері жеке көрсетіледі.

Құрылыс салушы __________________
Лауазымы
__________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (қолы)
МО (бар болған жағдайда)

Уәкілетті компания _________________
Лауазымы
____________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (қолы)
МО (бар болған жағдайда)".