"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 27 маусымдағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 шілдеде № 17211 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 237 (28176) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн бекiту туралы"

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 114) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiнде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.";

      3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеу тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Табиғи монополия субъектісі сот шешімімен күші жойылған өтемдік тарифті қолдануға байланысты кірістерді толық алмаған жағдайда, кем алынған кірістің сомасы тарифті тиісінше өзгерту есебінен, оның ішінде тарифтердің шекті деңгейлерінің қолданылу кезеңінде тарифтерді кезекті қайта қарау кезінде ескеріледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемелері) немесе оның шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеу";

      12-тармақтың төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағытында магистральді газ құбырын пайдаланғаны үшін төлемдерді қоспағанда, аталған бағыт бойынша магистральді газ құбырын салуға байланысты тартылатын инвестициялар үшін төлемдерді және мүлік бойынша салық міндеттемелерін қамтитын, жалға, сенімгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалға, лизинг бойынша алынған негізгі құралдарды (жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардан басқа) пайдалану үшін жалдау төлемақы шығыстары;

      Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағытында магистральді газ құбырын ұстауды және жөндеуді қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің теңгерімінде болып табылмайтын негізгі құралдарды ұстауға және жөндеуге;";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның шекті деңгейіне енгізілетін пайданы шектеу";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарының тозуын есептеуге қолданылатын әдістерді және тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражаттарын пайдалану бағыттарын келісу".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _____________ Д. Абаев

      2018 жылғы 29 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы 3 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _______________ Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 4 шілде