"Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасын

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 223 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 шілдеде № 17166 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 284-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8887 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 77 (28301) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Экономикалық негізделген шығындардың (Zөббж, Zббж, Zжабдық) есебі Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің, "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес субъект әзiрлеген және табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісілген жеке құжат не есепке алу саясаты бөлігі түрінде жасалған кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алу әдістемесінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Тұтынушылар топтары бойынша жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге сараланған тарифтер мынадай формулалар бойынша анықталады:

      1) халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғалар үшін (Тхал.):

      Тхал. = Тхал.қолд. *k1 (теңге/Гкал), мұндағы:

      Тхал.қолд. – халық тобына жататын тұтынушылар тобы – жеке тұлғалар үшін субъектінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қолданыстағы тариф немесе оның шектi деңгейі;

      k1 – Әдістеменің 6-тармағына сәйкес айқындалған халық тобына жататын тұтынушылар - жеке тұлғалар үшін жылу энергиясымен жабдықтауға арналған тарифті өзгерту коэффициенті;

      2) өзге тұтынушылар үшін (Төзге):

      Төзге. = Төзге.қолд. *k2 (теңге/Гкал), мұндағы:

      Төзге.қолд. – өзге тұтынушылар үшін субъектінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қолданыстағы тариф немесе оның шектi деңгейі;

      k2 – Әдістеменің 6-тармағына сәйкес айқындалған өзге тұтынушылар үшін жылу энергиясымен жабдықтауға арналған тарифті өзгерту коэффициенті;

      3) бюджеттік ұйымдар үшін (Тбюдж.):

      Тбюдж. = (Т*Q – Tхал.*Qхал. – Tөзге.*Qөзге.)/Qбюдж. (теңге/Гкал), мұндағы:

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген субъектінің жылу энергиямен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тариф немесе оның шекті деңгейі;

      Q – субъект жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемді төмендетуге немесе тарифтердің деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған, тұтынушылардың (жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ аспаптары бар немесе жоқ) жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;

      Тхал. – халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғалар үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф;

      Qхал. – субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемді төмендетуге немесе тарифтер деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасаған шарттармен расталған, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар және жоқ халық тобына жататын тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі (жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде тұратын халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғаларды қоспағанда), Гкал;

      Төзге – өзге тұтынушылар үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф;

      Qөзге – субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемді төмендетуге немесе тарифтер деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасаған шарттармен расталған, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар және жоқ өзге тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі (жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде тұратын халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғаларды қоспағанда), Гкал;

      Qбюдж. – субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемді төмендетуге немесе тарифтер деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасаған шарттармен расталған, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар және жоқ бюджеттік ұйымдардың жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі (жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде тұратын халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғаларды қоспағанда), Гкал.";

      7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Есептеу аспаптарының болуына немесе болмауына қарай жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтер мынадай формулалар бойынша анықталады:

      1) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғалар үшін (Тхал.ОЕА-сыз):

      Тхал.ОЕА-сыз = 1,2*Тхал.(теңге/Гкал);";

      2) жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптары бар халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғалар үшін (Тхал. ОЕА-мен):

      Тхал.ОЕА-мен = (Тхал.Qхал.-Тхал. ОЕА-сыз *Qхал. ОЕА-ыз)/Qхал.

      ОЕА-мен (теңге/Гкал),

      егер жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптары бар халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғалар үшін (Тхал. ОЕА-мен)тариф есеп бойынша < 0 деңгейде анықталатын болса, онда Тхал. ОЕА-мен және Тхал. ОЕА-сыз мына формулалар бойынша анықталады:

      Тхал. ОЕА-мен = 0,5*Тхал. (теңге/Гкал);

      Тхал. ОЕА-сыз = (Тхал.*Qхал. – Тхал. ОЕА-мен *Qхал. ОЕА-мен)/ Qхал. ОЕА-сыз (теңге/Гкал), мұндағы:

      Qхал. – субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемді төмендетуге немесе тарифтер деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасаған шарттармен расталған, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар және жоқ халық тобына жататын тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі (жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде тұратын халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғаларды қоспағанда), Гкал;

      Qхал.ОЕА-сыз – субъект жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемді төмендетуге немесе тарифтер деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған, халық тобына жататын және үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі (жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде тұратын халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғаларды қоспағанда), Гкал;

      Qхал. ОЕА-мен – субъект жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемді төмендетуге немесе тарифтердің деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған халық тобына жататын және үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;";

      3) бюджеттік ұйымдарды қоспағанда, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ өзге де тұтынушылар үшін (Төзге ОЕА-сыз):

      Төзге ОЕА-сыз= 1,3*Төзге (теңге/Гкал);

      4) бюджеттік ұйымдарды қоспағанда, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар өзге тұтынушылар үшін (Т өзге ОЕА-мен):

      Төзге ОЕА-мен = (Төзге*Qөзге – Төзге ОЕА-сыз*Qөзге ОЕА-сыз)/Qөзге ОЕА-мен (теңге/Гкал),

      Егер үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар өзге де тұтынушылар үшін (Төзге ОЕА-мен) тариф есептегенде <0,5 деңгейде анықталатын болса, онда Төзге ОЕА-мен және Төзге ОЕА-сыз мына формулалар бойынша анықталады:

      Төзге ОЕА-мен = 0,7*Т өзге (теңге/Гкал);

      Төзге ОЕА-сыз = (Төзге*Qөзге – Төзге ОЕА-мен *Qөзге ОЕА-мен)/ Qөзге ОЕА-сыз (теңге/Гкал), мұндағы:

      Qөзге – субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемдерді төмендетуге немесе тарифтер деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар және жоқ өзге тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі (үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде орналасқан өзге де тұтынушыларды қоспағанда), Гкал;

      Qөзге ОЕА-сыз – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтер деңгейін қолдау мақсатында көлемдерді төмендетуге немесе тарифтерді көтеруге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ өзге тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі (үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайында, барак типтегі үйлерде орналасқан өзге де тұтынушыларды қоспағанда), Гкал;

      Qөзге ОЕА-мен – субъект жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін тұтынушылармен жасаған шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемдерді төмендетуге немесе тарифтерді көтеруге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар өзге тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал.

      5) үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ бюджеттік ұйымдар үшін (Т өзге ОЕА-сыз):

      Тбюдж. ОЕА-сыз = 1,5*Тбюдж. (теңге/Гкал);

      6) үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар бюджеттік ұйымдар үшін (Тбюдж. ОЕА-мен):

      Тбюдж. ОЕА-мен = (Тбюдж.*Qбюдж. – Тбюдж. ОЕА-сыз*Qбюдж.

      ОЕА-сыз)/ Qбюдж. ОЕА-мен (теңге/Гкал).

      Егер үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар бюджеттік ұйымдар үшін (Тбюдж. ОЕА-мен) тариф есептегенде <0,5 деңгейде анықталатын болса, онда Тбюдж. ОЕА-мен және Тбюдж. ОЕА-сыз мына формулалар бойынша анықталады:

      Тбюдж. ОЕА-мен = 0,5*Тбюдж. (теңге/Гкал);

      Тбюдж. ОЕА-сыз = (Тбюдж.*Qбюдж. – Тбюдж. ОЕА-мен *Qбюдж.

      ОЕА – мен )/ Qбюдж. ОЕА-сыз (теңге/Гкал),

      Qбюдж. – субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемдерді төмендетуге немесе тарифтер деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар және жоқ бюджеттік ұйымдардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі (үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде орналасқан бюджеттік ұйымдарды қоспағанда), Гкал;

      Qбюдж. ОЕА-сыз – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтер деңгейін қолдау мақсатында көлемдерді төмендетуге немесе тарифтерді көтеруге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ бюджеттік ұйымдардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі (үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайында, барак типтегі үйлерде орналасқан бюджеттік ұйымдарды қоспағанда), Гкал;

      Qбюдж. ОЕА-мен – субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемдерді төмендетуге немесе тарифтерді көтеруге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар бюджеттік ұйымдардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал.

      8. Үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайында, барак типтегі үйлерде тұратын және орналасқан тұтынушылар үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтеріне тариф мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ттозған хал. = Тхал. (теңге/Гкал),

      Ттозған өзге = Төзге (теңге/Гкал),

      Ттозған бюдж. = Тбюдж. (теңге/Гкал).

      9. Табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) сұрауы бойынша үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлердің тізбесін субъектілердің жылу энергиясын жабдықтау қызметін көрсететін жері бойынша жергілікті атқарушы (қалалар, аудандар) органдар ұсынады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Үйге ортақ есептеу аспаптары бойынша жылу энергиясының есебі уақытша бұзылған жағдайда жылытуға жылу энергиясының тұтыну көлемі төлемақыны есептеу үшін есептіліктің уақытша бұзылу кезеңінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заң) 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша тұтыну нормасына сәйкес анықталады, бірақ бұл бір айдан аспауы тиіс, осы уақыт ішінде есептілік қалпына келуі қажет.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ халық тобына жататын тұтынушылар – заңды тұлғалар үшін жылытуға жылу энергиясы тұтынудың айлық көлемі (Qж. ОЕА - мен) мынадай формула бойынша анықталады:

      Qж. ОЕА - сыз = Qж. нормасы *S пәт. (Гкал), мұндағы:

      Qж. нормасы – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға сәйкес бекітілген үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша тұтыну айлық нормасы, Гкал/м2;

      S пәт. – құқық белгілейтін құжаттардың негізінде қабылданған тұтынушылар пәтерлері немесе қосалқы тұтынушылар үй-жайларының жылыту алаңы, м2.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспаптары болмаған кезде халық тобына жататын тұтынушылар – заңды тұлғалар үшін жылытуға жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне төлемақы (Пж. ОЕА - сыз) мына формула бойынша анықталады:

      Пж. ОЕА – сыз = Qж. нормасы * Т ОЕА - сыз (шаршы метрге теңге (бұдан әрі – теңге/м2), мұндағы:

      Qж. нормасы – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға сәйкес бекітілген үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша тұтыну айлық нормасы, Гкал/м2;

      Т ОЕА - сыз – үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың тиісті тобына уәкілетті орган Заңның 3-бабы 12-2) тармақшасына сәйкес бекіткен (бұдан әрі – уәкілетті орган бекіткен) тариф, теңге/Гкал.

      26. Жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспаптары болмаған кезде тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне төлемақы (бұдан әрі – ЫСЖ төлемақысы) мынадай жолмен анықталады:

      1) Жылумен жабдықтаудың жабық жүйесінде ЫСЖ төлем ақысы мына формулалар бойынша анықталады:

      бір м3 ыстық су есебінен ыстық суды жеке есептеу аспаптары болған кезде (Пысж. ЕА - мен):

      Пысж. ЕА - мен = Qысж. ЕА - мен * G ысж. ЕА - мен * Т ОЕА - сыз, (текше метрге теңге (бұдан әрі – теңге/м3)), мұндағы:

      Qысж. ЕА – мен – Әдістеменің 22-тармағына сәйкес бір м3 ыстық су есебінен анықталған жылу энергиясы көлемі, Гкал/м3;

      Gысж. ЕА–мен – тұрмыстық тұтынушының немесе қосалқы тұтынушының пәтерінде орнатылған ыстық суға жеке есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықталған ыстық сумен жабдықтауға суды тұтыну көлемі, м3;

      Т ОЕА - сыз – үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың тиісті тобына уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      ыстық судың жеке есептеу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін (Пбір адамға ысж.):

      П бір адамға ысж. = Qбір адамға ысж. * Т ОЕА – сыз (бір адамға теңге (бұдан әрі – теңге/адам)), мұндағы:

      Qбір адамға ысж. – Әдістеменің 18, 19-тармақтарына сәйкес бір адамға есептегенде анықталған ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясы көлемі, Гкал/адам;

      Т ОЕА - сыз – үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың тиісті тобына уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал.

      2) Жылумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде ЫСЖ төлемақысы мына формулалар арқылы анықталады:

      ыстық суды жеке есептеу аспаптары бар болған кезде (Пысж. ЕА-мен):

      Пысж. ЕА-мен = Qысж. ЕА-мен * G ысж. ЕА – мен * Т ОЕА - сыз + G ысж. ЕА - мен *Т ССЖ теңге/м3, мұндағы:

      Qысж. ЕА-мен – Әдістеменің 22-тармағына сәйкес бір м3 ыстық су есебінен анықталған жылу энергиясы көлемі, Гкал/м3;

      Gысж. ЕА-мен – халық тобына жататын тұтынушының – заңды тұлғаның пәтерінде орнатылған ыстық суға жеке есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықталған ыстық сумен жабдықтауға суды тұтыну көлемі, м3;

      Т ОЕА - сыз – үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      Т ССЖ – бастапқы суды тазалау және химиялық тұрғыдан дайындау бойынша шығыстарды ескере отырып, оның құны немесе магистральдық құбыржолдары арқылы суды беру қызметіне тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/м3;

      ыстық судың жеке есептеу аспаптары болмаған кезде (Пбір адамға ысж.):

      Пбір адамға ысж. = Qбір адамға ысж. * ТОЕА – сыз + Gнорма * ТССЖ (теңге/адам), мұндағы:

      Qбір адамға ысж – Әдістеменің 18 немесе 19-тармақтарына сәйкес айына бір адамға есептегенде анықталған ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясы көлемі, Гкал/ адам;

      ТОЕА сыз – үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      Gнорма – Әдістеменің 18-тармағына сәйкес айына бір адамға есептегенде анықталған ыстық сумен жабдықтауға судың шығыс нормасы, адамға текше метр (бұдан әрі – м3/адам);

      ТССЖ – бастапқы суды тазалау және химиялық тұрғыдан дайындау бойынша шығыстарды ескере отырып, оның құны немесе магистральдық құбыржолдары арқылы суды беру қызметіне тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/м3.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Жылумен жабдықтаудың ашық жүйесінде ОЕА-мен ЫСЖ төлемақысы мына формулалар бойынша анықталады:

      1) бір м3 есебінен ыстық судың жеке есептеу аспаптары болған кезде (Пысж. ЕА - мен):

      Пысж. ЕА - мен = Qысж. ЕА - мен * Т ОЕА - мен + G ысж.ЕА - мен * Т ССЖ (теңге/м3), мұндағы:

      Qысж. ЕА – мен – Әдістеменің 17-тармағына сәйкес анықталған ыстық судың жеке есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша тұтынушыларға босатылған ыстық сумен жабдықтаудың жылу энергиясы көлемі, Гкал;

      ТОЕА - мен – үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары болған кезде тұтынушылардың тиісті тобына уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      Gысж. ЕА–мен – тұрмыстық тұтынушының немесе қосалқы тұтынушының пәтерінде орнатылған ыстық суға жеке есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықталған ыстық сумен жабдықтауға суды тұтыну көлемі, м3;

      ТССЖ – бастапқы суды тазалау және химиялық тұрғыдан дайындау бойынша шығыстарды ескере отырып, оның құны немесе магистральдық құбыржолдары арқылы суды беру қызметіне тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/м3.";

      2) бір адам есебінен ыстық судың жеке есептеу аспаптары болмаған кезде (Пбір адамға ысж.):

      Пбір адамға ысж. = Qбір адамға ысж. * ТОЕА - мен + Gнорма * ТССЖ (теңге/адам), мұндағы:

      Qбір адамға ысж. – Әдістеменің 18 және 19-тармақтарына сәйкес анықталған айына бір адам есебінен ыстық сумен жабдықтаудың жылу энергиясы көлемі, Гкал/адам;

      ТОЕА – мен – үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары болған кезде тұтынушылардың тиісті тобына уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      Gнорма – Әдістеменің 18-тармағына сәйкес айына бір адамға есептегенде анықталған ыстық сумен жабдықтауға судың шығыс нормасы, м/адам;

      Тссж – бастапқы суды тазалау және химиялық тұрғыдан дайындау бойынша шығыстарды ескере отырып, оның құны немесе магистральдық құбыржолдары арқылы суды беру қызметіне тұтынушылардың тиісті тобына уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/м3.".

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов