Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 мамырда № 16949 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.04.2021 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидалары бекітілсін.

      2. "Объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 770 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12624 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 11 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 5 мамырдағы
№ 194 бұйрығымен
бекітілген

Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалардың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.04.2021 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      2) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;

      3) орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) – жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшелері;

      4) тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.


      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.12.2021 № 395 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібі

      3. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау:

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-1-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына және 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес объектілер салуға арналған жер учаскелерінің иелерін (жер пайдаланушыларды) есепке алу (бұдан әрі – жер учаскелерін есепке алу);

      объектілер салуға арналған жер учаскелерін игеру, оларды Қазақстан Республикасының жер заңнамасын сақтай отырып тиісті мақсаттарда пайдалану үшін Кодекстің 92-бабында белгіленген мерзімдердің орындалуын мониторингтеу (бұдан әрі – мониторинг);

      объектілер салу үшін берілген жер учаскелерінің иелерін (жер пайдаланушыларды) мұндай учаскелердің тиісті мақсаттарда пайдаланылуы (пайдаланылмауы) немесе Қазақстан Республикасының жер заңнамасы сақтала (бұзыла) отырып пайдаланылуы фактілерін растау тұрғысынан мемлекеттік бақылау жолымен жүргізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 19.05.2023 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жер учаскелерін есепке алуды жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер-кадастрлік және объектілер салуға арналған жер учаскелері туралы өзге де ақпаратты жинау арқылы жүзеге асырады.

      4-1. Жерлерді жүйелі түрде байқау, жер үстін түсіру, зерттеп-қарау, түгендеу нәтижелері, жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдары, мұрағат деректері, жерлерді қашықтықтан зондтау деректері, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтер, сондай-ақ жерлердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жерлерді мониторингтеуге арналған ақпарат көздері болып табылады.

      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.03.2020 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мониторингтеуді жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган:

      1) жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша жүргізілетін жерлерді түгендеу;

      2) жергілікті атқарушы орган құрған жұмыс тобы жүргізген жерлерді кешенді зерттеп-қарау;

      3) құрылыс салуға бөлінген жер учаскелерінде салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер туралы мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан алынған ақпаратты талдау;

      4) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендерді мониторингтеу (оның ішінде www.moa.gov.kz ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып);

      5) жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы құқықтық кадастрдан ақпарат алу нәтижелері бойынша жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.03.2020 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жер учаскелерін есепке алуды және мониторингті жүзеге асыру барысында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган игеру мерзімі өтіп кеткен не күнтізбелік жылдың тиісті тоқсанының соңына дейін мерзімі аяқталатын объектілер салу үшін берілген жер учаскелері бойынша:

      1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан осындай жер учаскелерінде салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер туралы мәліметтер алу үшін тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне;

      2) осындай жер учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны (құрылыс басталған кезде) туралы хабарламалар, сондай-ақ салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің салыну мерзімін көрсете отырып, оларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша мәліметтер алу үшін тиісті жергілікті атқарушы органның мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне;

      3) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінен осындай жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары (кадастрлық нөмірі, нысаналы мақсаты, алаңы, сондай-ақ жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер) бойынша ақпарат алу үшін мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына;

      4) осындай жер учаскелері бойынша құқықтық кадастрдан мәліметтер (жылжымайтын мүлікке құқықты, ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу туралы) алу үшін тіркеу органына тиісті сұранымдар жібереді.

      Қажет болған жағдайда, осындай жер учаскелері жөнінде мәліметтер жинау үшін қажетті ақпаратты нақтылау және (немесе) белгілеу және оларды толықтыру мақсатында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға және мемлекеттік емес ұйымдарға сұраным жібереді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 19.05.2023 № 188 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      7. Мониторинг қорытындылары бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган тоқсанына кемінде бір рет осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті мақсаттарда пайдаланбау немесе Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұза отырып пайдалану фактілері бойынша тексеру жүргізу қажет объектілер салуға арналған жер учаскелерінің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастырады.

      Тізбе қалыптастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны тексеру тағайындау үшін аумақтық бөлімшеге жолдайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.12.2021 № 395 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Тізбенің негізінде аумақтық бөлімше объектілер салу үшін берілген және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау мақсатында меншік иелерін (жер пайдаланушыларды) тексеруді жүзеге асырады.

      Объектілер салу үшін берілген жер учаскелерін тиісті мақсаттарда пайдаланбау немесе Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұза отырып пайдалану фактілері расталған жағдайда, мұндай жер учаскесінің иесіне (жер пайдаланушыға) "Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 437 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17878 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқама (бұдан әрі – нұсқама) тапсырылады.

      Нұсқама осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды тіркеу журналына тіркелуі тиіс.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.12.2021 № 395 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-1. Жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдау үшін мерзім бір жыл, ал Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша – жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбау не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісі анықталған сәттен бастап үш ай болып белгіленеді.

      Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.03.2020 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Аумақтық бөлімше жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша:

      жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      объектілер салуға арналған, тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органына – жыл сайын, есепті жылдан кейінгі екінші айдың он бесінші күнінен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелеріне (жер пайдаланушыларға) нұсқамалар берілген жер учаскелері бойынша ақпарат жолдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.12.2021 № 395 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Тиісті мақсаттарда
пайдаланылмайтын немесе
Қазақстан Республикасының
заңнамасы бұзыла отырып
пайдаланылатын жер
учаскелерін анықтау
қағидаларына
1-қосымша

Тиісті мақсаттарда пайдаланбау немесе Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұза отырып пайдалану фактілері бойынша тексеру жүргізу қажет объектілер салуға арналған жер учаскелерінің тізбесі

Р/с №

Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның (жер учаскесі иесінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН/ ЖСН

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және орналасқан жері

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің жалпы алаңы

Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат бойынша игеру талаптары мен мерзімдері

Болуы/болмауы

Салынуы белгіленген және салынып жатқан объектілер мен кешендерді мониторингтеу нәтижелері бойынша объект пен кешеннің жай-күйі туралы ақпарат

сәулет-жобалау тапсырмасының

объектіні салуға арналған техникалық талаптардың

объектіні салу жобасының

құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле бастағаны туралы хабарламаның

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

 
  Тиісті мақсаттарда
пайдаланылмайтын немесе
Қазақстан Республикасының
заңнамасы бұзыла отырып
пайдаланылатын жер
учаскелерін анықтау
қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды тіркеу журналы

Нұсқаманың нөмірі мен күні

Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның (жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН/ ЖСН

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің алаңы

Бұзушылық түрі

Берілген күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10