РҚАО-ның ескертуі!
Осы бұйрық 2018 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 382 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10145 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 54 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16285 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағы 4) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2018 № 872 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығымен бекітілген |
Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Заңының 23-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген және бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік емтиханы - "бағалаушы", "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлғалардың біліктілік деңгейін анықтау рәсімі;
2) біліктілік комиссиясы - "бағалаушы", "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлғалар үшін біліктілік емтиханын өткізу үшін құрылған бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы;
3) біліктілік комиссиясының жұмыс органы - біліктілік емтиханын өткізуді ұйымдастыру мақсатында бағалаушылар палатасы құрған орган;
4) кандидат - біліктілік комиссиясына емтихан тапсыратын "бағалаушы" немесе "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлға;
5) тест тапсырмалары - бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісілген құқықтық мәселелерді, бағалау теориясы бойынша мәселелерді, тиісті мамандық бойынша модульдік міндеттерді және ахуалдық тапсырманы қамтитын "бағалаушы" немесе "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлғалардың білімі мен дағдыларын тексеру үшін жасалған тапсырмалар көлемі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.07.2019 № 775 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Біліктілік емтиханы өту үшін құжаттарды қабылдау тәртібі
3. Біліктілік емтиханға рұқсат алу үшін кандидат біліктілік комиссиясына маманданудың әрбір түрі бойынша осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.07.2019 № 775 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Өтініш пошта не бағалаушылардың интернет-ресурсы арқылы жіберіледі, не қолға тапсырылады (автоматтандырылған веб-портал болмаған жағдайда сканерленген көшірмесі).
5. Кандидат өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жоғары білім туралы диплом көшірмесін ("сарапшы" біліктілік куәлігіне үміткер талап етілмейді);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) үміткердің бағдарламаға сәйкес және бағалаушылар палатасы бекіткен сағаттардың көлемінде оқу немесе қайта даярлаудан өтуін растайтын құжаттар;
4) тағылымдаманы растайтын құжаттар ("сарапшы" біліктілік куәлігіне үміткер талап етілмейді).
6. Кандидаттың өтінімі мен құжаттарын бағалау палатасы құрған біліктілік комиссиясының жұмыс органы олар түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Құжаттары қойылатын талаптарға сәйкес келетін кандидаттарға бағалаушылар палатасы шешімінің негізінде біліктілік емтиханынан өтуге рұқсат беріледі, олар кандидаттарға емтихан өткізілетін күнге дейінгі 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Біліктілік емтиханынан өту үшін тіркелген үміткерлер тізімдері бағалаушылар палатасының интернет-ресурсына орналастырылады.
7. Осы Қағидаларда 7-тармақта көзделген құжаттарды тиісінше ұсынбаған жағдайда біліктілік емтиханына рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді пошта не бағалаушылардың интернет-ресурсы арқылы жіберіледі, не қолға тапсырылады (автоматтандырылған веб-портал болмаған жағдайда сканерленген көшірмесі) бағалаушылар палатасы үміткерге өтініш түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
8. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.07.2019 № 775 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.07.2019 № 775 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.07.2019 № 775 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Біліктілік емтиханын өткізу тәртібі мен шарттары
11. Біліктілік комиссиясы жеті мүшеден тұрады және бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен және бағалаушылар палаталарының мүшелерінен құрылады. Бұл ретте, бағалаушылар палаталары өкілдерінің саны біліктілік комиссиясы құрамының жалпы санының көпшілігін және бағалау қызметі саласында уәкілетті органнан бір өкілді құрайды.
12. Біліктілік комиссиясының отырыстары қажет болу жағдайына қарай өткізіледі, бірақ кемінде алты айда бір рет өткізіледі.
13. Бағалау қызметі саласындағы білімі мен дағдыларын растау үшін кандидаттар компьютерлік техниканы пайдалана отырып тестілеуден өту арқылы тиісті мамандық бойынша құқықтық мәселелер, бағалау теориясы және модульдік міндеттер бойынша тест тапсырмаларын тапсырады.
Кандидаттар компьютерлік тестілеуден өткеннен кейін ахуалдық есепті жазбаша түрде шешуді орындайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.07.2019 № 775 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-1. Тест тапсырмаларын келісу үшін бағалаушылар палатасы бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға дұрыс жауаптар мен оларға шешімдер ұсынылады.
Тест тапсырмалары мемлекеттік, орыс тілдерінде жасалады және жариялануға жатпайды.
Ескерту. Қағида 13-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.07.2019 № 775 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-2. Тест тапсырмалары таратылуы шектеулі мәліметтерге жатады.
Ескерту. Қағида 13-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.07.2019 № 775 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Үміткерлер өз таңдауы бойынша біліктілік емтиханын мемлекетітк немесе орыс тілдерінде тапсырады.
15. Кандидаттар біліктілік емтиханын тапсырады:
1) "бағалаушы" біліктілік куәлігін алу үшін:
жылжымайтын мүлікті бағалау;
жылжымалы мүлікті бағалау;
зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын, бизнесті бағалау және бизнестің қатысу құқығын бағалау.
2) "сарапшы" біліктілік куәлігін алу үшін:
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі саласындағы заңнаманы, бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен бағалау стандарттарын қамтиды.
16. Біліктілік емтиханына келген кезде үміткер өзінің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады, ал ол болмаған жағдайда үміткер біліктілік емтиханына жіберілмейді.
17. Бағалаушылар палатасы біліктілік емтиханын техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
18. Біліктілік емтиханы өткізілетін үй-жай:
1) "Интернет" ақпараттық-телекоммуникация желісіне қосылмай, орнатылған лицензиялық (сертификатталған) мамандандырылған емтихан бағдарламасы бар пернетақпен, тінтуірмен, монитормен жабдықталған әрбір үміткерге арналған дербес компьютер;
2) тестілеу нәтижелерін басып шығару үшін кемінде 1 принтер.
19. "Бағалаушы" біліктілік куәлігін алуға кандидаттар үшін тест тапсырмалары тапсырмалар базасы негізінде әрбір мамандық бойынша бөлек қалыптастырылады және мынадай модульдерге кіретін 100 (жүз) тапсырмадан тұрады:
1) құқықтық реттеу және бағалау стандарттары - 19 сұрақ әрбір мамандандыру;
2) жылжымайтын мүлікті бағалау теориясы - 45 сұрақ;
3) жылжымалы мүлікті бағалау теориясы - 45 сұрақ;
4) зияткерлік меншік және материалдық емес активтерді бағалау теориясы - 25 сұрақ;
5) бизнесті бағалау және бизнеске қатысу құқықтары теориясы - 30 сұрақ;
6) бағалау бойынша модульдік міндеттер:
жылжымайтын мүлік - 30 тапсырма бойынша;
жылжымалы мүлік - 30 тапсырма бойынша;
зияткерлік меншікті бағалау, материалдық емес активтердің құны - 10 міндет бойынша;
бизнесті және бизнеске қатысу құқығы - 10 тапсырма;
7) әрбір мамандық бойынша жеке жазбаша ахуалдық міндет - 1 міндет бойынша;
8) бағалаушылар әдеп кодексі - 5 сұрақтан.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.07.2019 № 775 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. "Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлік алуға үміткер кандидаттардың тест тапсырмалары әрбір мамандық бойынша тапсырмалар негізінде қалыптастырылады және модульдерге енгізілген 50 (елу) тапсырмадан тұрады:
1) құқықтық реттеу - 14 сұрақ;
2) бағалау стандарттары, оның ішінде бағалаудың халықаралық стандарттары - 10 сұрақ;
3) бағалау әдіснамасы - 10 сұрақ;
4) бағалау туралы есептерге сараптама жүргізу әдіснамасы -10 сұрақ;
5) жазбаша ахуалдық міндет - 1 міндет;
6) бағалаушылар әдеп кодексі - 5 сұрақ.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.07.2019 № 775 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Біліктілік емтиханының уақыты "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер кандидаттар үшін 180 (жүз сексен) минутты, оның ішінде 90 (тоқсан) минут жазбаша ахуал міндетке және 180 (жүз сексен) минут "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер кандидаттар үшін, оның ішінде жазбаша ахуал міндетке 120 (жүз жиырма) минутты құрайды.
22. Біліктілік емтиханы басталғанға дейін үміткер толық нұсқаулық алады.
Біліктілік емтиханын тапсырған кезде басқа үміткерлермен сөйлесуге, материалдар алмасуға, қағаз және электронды тасығыштардағы ақпаратты пайдалануға, интернет-ресурстары мен мобильді байланыстарды пайдалануға жол берілмейді.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда үміткер біліктілік емтиханынан шығарылуы тиіс, ол туралы хаттамаға тиісті жазбаны біліктілік комиссиясы енгізеді.
23. Жазбаша нысанда орындалған ахуал міндеті біліктілік комиссиясы мүшелерінің тексеру парағының көмегімен тексеріледі.
Компьютерлік техниканы пайдалана отырып, біліктілік емтиханның нәтижелері екі данада басылады, оның біреуі үміткерге беріледі, екіншісі біліктілік комиссиясына беріледі.
24. Егер компьютерлік техниканы пайдалана отырып, жүргізілген біліктілік емтиханының нәтижелері ұсынылған сұрақтардың жалпы санының кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын құраса және ахуалдық міндеттің шешімі кем дегенде 75 (жетпіс бес) пайызын құраса, үміткер біліктілік емтиханын тапсырған болып есептеледі.
25. Біліктілік комиссиясының отырысында хаттама жүргізіледі, онда мыналар: отырыстың күні, уақыты және орны, біліктілік комиссиясының құрамы, үміткердің аты, тегі, әкесінің аты (бар болса), біліктілік комиссиясының мұрағатында 5 (бес) жыл бойы сақталатын емтихан қорытындысы көрсетіледі. Хаттамада үміткерге жасалған ескерту тіркеледі.
Хаттамаға біліктілік комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
26. Мамандығы көрсетілген куәліктің нөмірін, шығарылған күнін, атын, тегін және әкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отырып, біліктілік емтиханын тапсырған үміткерлер "бағалаушы" немесе "сарапшы" біліктілігі туралы куәлікті алады.
26-1. Біліктілік емтиханын тапсыра алмаған адамдар біліктілік комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң одан қайта өтуге жіберіледі.
Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.07.2019 № 775 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26-2. "Сарапшы" біліктілік куәлігін алу үшін бағалаушының біліктілік емтиханынан өтуі тек бағалаушының "бағалаушы" біліктілік куәлігі бар мамандық бойынша ғана болады.
Ескерту. Қағида 26-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.07.2019 № 775 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Біліктілік емтиханын және "бағалаушы" немесе "сарапшы" біліктілігін тағайындау туралы шешім бағалаушылардың палатасы бағалау бекітілгеннен кейін келесі күні интернет-ресурсында орналастырылады.
4-тарау. Біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша шағымдарды қарау тәртібі
28. Үміткер емтиханның нәтижелерімен келіспеген жағдайда емтиханның нәтижелері туралы жазбаша хабарланған күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан нәтижесіне өзінің негізделген келіспеуін көрсете отырып, жазбаша нысанда біліктілік комиссиясына жүгінуі.
29. Өтініш берген үміткер емтихан жұмысымен танысады.
30. Емтихан нәтижесімен келіспеуі туралы жазбаша өтінішті қарау үшін бағалаушылар палатасы құрамына біліктілік комиссиясының өкілі мен "сарапшы" біліктілік куәлігі бар және бағалаушылар палатасының сараптамалық кеңесі мүшелері болып табылатын екі сарапшы кіретін апелляциялық комиссияны қалыптастырады.
31. Өтінішті апелляциялық комиссия үміткерден жазбаша өтініш түскен күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарастырады.
32. Өтініш берген үміткер хаттамада көрсетілетін апелляциялық комиссияның бағалау нәтижелерімен танысады. Қайта берілген өтініш қайта қарауға қабылданбайды.
33. Егер шағым қанағаттандырылса, біліктілік комиссиясы отырысының хаттамасы қайта тіркеледі және бірінші хаттаманың нәтижелері "Бағалау "___ № _______ апелляциялық комиссияның хаттамасымен ____ " парағында қаралып, қатысқан барлық біліктілік комиссия мүшелерінің қолы қойылып жазылады.
34. Өтінішті қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бағалаушыға немесе сарапшыға үміткер сот тәртібінде комиссия шешіміне шағымданады.
ӨТІНІШ
________________________ бойынша "бағалаушы" біліктілік куәлігін алу
(мамандандыруды көрсетіңіз)
үшін біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат етуіңізді сұраймын.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1)
2)
3)
4)
...
__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
________________
(қолы)
20 __ жылғы "___" ____________
Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы "___"_______________
______________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
ӨТІНІШ
________________________ бойынша "сарапшы" біліктілік куәлігін алу
(мамандандыруды көрсетіңіз)
үшін біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат етуіңізді сұраймын.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1)
2)
3)
4)
...
_________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
________________
(қолы)
20 __ жылғы "__" ____________
Өтініш қарауға қабылданды 20 ______ жылғы "____"_________
_______________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)