"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 513 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 мамырда № 16880 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:

      4 "Iргелi ғылыми зерттеулер" функционалдық кіші тобында:

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      217 "Ғылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 107 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "107 Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді іске асыруды қамтамасыз ету";

      5 "Жоспарлау және статистикалық қызмет" функционалдық кіші тобында:

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      081 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 104 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "104 "е-Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту";

      9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      001 "Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 101 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "101 Шетелдегі сауда өкілдігінің қызметін қамтамасыз ету";

      288 "Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      061 "Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      482 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және туризм бөлімі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың күрделі шығыстары";

      02 "Қорғаныс" функционалдық тобында:

      1 "Әскери мұқтаждар" функционалдық кіші тобында:

      208 "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      047 "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 103 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "103 Қорғаныс саласындағы зерттеулер";

      03 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:

      1 "Құқық қорғау қызметi" функционалдық кіші тобында:

      201 "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      076 "Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 110 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "110 Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік объектілерін салу, реконструкциялау";

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      2 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру" функционалдық кіші тобында:

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      100 "Дарынды балаларды республикалық білім беру ұйымдарында оқыту және тәрбиелеу" бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "100 Балаларды республикалық білім беру ұйымдарында оқыту және тәрбиелеу";

      мынадай мазмұндағы 111, 119 және 120 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "111 Білім беру ұйымдарының күрделі шығыстары

      119 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шығыстардың осы бағыт бойынша төленген сомаларын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      120 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      261 "Облыстың білім басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалар мен 071 және 072 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "071 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге және жергілікті бюджеттердің қаражаты

      есебінен шығыстардың осы бағыт бойынша төленген сомаларын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      072 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      4 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 099 бюджеттік бағдарламасы бар 288 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "288 Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

      099 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру объектілерін салу және реконструкциялау";

      9 "Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 263 бюджеттік бағдарламасы бар 212 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "212 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi

      263 Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде зертханалар құру үшін "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ жарғылық капиталын ұлғайту";

      240 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      041 "Мәдениет пен өнер саласында кадрлар даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 102 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "102 Мәдениет және өнер саласында қызметін жүзеге асыратын білім беру объектілерін салу, реконструкциялау";

      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:

      2 "Халықтың денсаулығын қорғау" функционалдық кіші тобында:

      226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      053 "Арнайы медициналық резервті сақтауды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "053 Арнайы медициналық резервті сақтауды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту";

      мынадай мазмұндағы 111 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "111 Республикалық деңгейдегі мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары";

      9 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 020 және 071 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "020 Денсаулық сақтау жүйесін реформалау

      071 Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары және концессиялық жобалар бойынша техникалық көмек іс-шараларын іске асыру";

      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:

      1 "Әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық кіші тобында:

      213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      027 "Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 138 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "138 Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын отбасыларға (адамдарға) мемлекеттік жәрдемақылар";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      228 "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      100 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері"

      бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "100 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері";

      101 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға республикалық бюджет қаражаты есебінен берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "101 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға республикалық бюджет қаражаты есебінен берілетін нысаналы даму трансферттері";

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 011 бюджеттік бағдарламасы мен 251 - бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:

      "251 Облыстың жер қатынастары басқармасы

      011 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      271 "Облыстың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      014 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері"

      бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "014 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері";

      027 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "027 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері";

      279 "Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      008 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "008 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері";

      281 "Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      012 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "012 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері";

      048 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "048 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері";

      283 "Облыстың жастар саясаты мәселелерi жөніндегі басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "012 Тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру";

      288 "Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      014 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "014 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері";

      034 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "034 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері";

      341 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      047 "Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      351 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер қатынастары басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      010 "Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      463 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      016 "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      229 "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 102 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "102 Облыстық бюджеттерге ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      255 "Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      009 "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      279 "Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      032 "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:

      1 "Мәдениет саласындағы қызмет" функционалдық кіші тобында:

      240 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 117 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "117 Облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне мәдениет объектілерін салуға берілетін нысаналы даму трансферттері";

      9 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      240 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      021 "Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 100 және 111 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "100 Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуды қамтамасыз ету

      111 Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік ұйымдардың күрделі шығыстары";

      246 "Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      005 "Жастар саясаты жөніндегі қызметті жүзеге асыру" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "005 Жастар саясаты жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру";

      343 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      019 "Ұлттық пантеон салу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      09 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:

      1 "Отын және энергетика" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      089 "Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды және Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 107 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "107 Иесіз мұнай-газ және өзағар гидрогеологиялық ұңғымаларын жою және консервациялау";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      249 "Мал шаруашылығын дамыту үшін және мал шаруашылығы өнiмiн өндіруге, өткізуге жағдай жасау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 111 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "111 Ветеринария саласындағы ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың күрделі шығыстары";

      мынадай мазмұндағы 269 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "269 Ғылыми ұйымдарды жаңғырту үшін "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ жарғылық капиталын ұлғайту";

      6 "Жер қатынастары" функционалдық кіші тобында:

      212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      259 "Жер ресурстары туралы ақпаратқа қолжетімділікті арттыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 103 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "103 Жер ресурстарын басқару, геодезия және картография саласында нормативтік әдістемелік қамтамасыз ету";

      11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық тобында:

      1 "Өнеркәсiп" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      090 "Өнеркәсіп салаларының дамуына жәрдемдесу және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 102 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "102 Қазақстан Республикасының индустриялық дамуы саласындағы зерттеулер";

      мынадай мазмұндағы 241 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "241 Автобустарды, комбайндарды және тракторларды жасаудың отандық өндірушілерін қолдау шеңберінде автобустарды, тракторлар мен комбайндарды лизингке сату бойынша "Қазақстан Даму банкі" АҚ арқылы кейіннен "ҚДБ-Лизинг" АҚ кредиттеу арқылы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ кредиттеу";

      2 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық кіші тобында:

      373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың күрделі шығыстары";

      12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:

      3 "Су көлiгi" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      092 "Су көлігін және су инфрақұрылымын ұстау, дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 102 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "102 Су көлігі инфрақұрылымын салу және реконструкциялау";

      4 "Әуе көлiгi" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      093 "Азаматтық авиацияны және әуе көлігін дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      104 "Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне әуе көлігінің инфрақұрылымын дамуына арналған нысаналы даму трансферттері" бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "104 Облыстық бюджеттерге әуе көлігінің инфрақұрылымын дамытуға арналған нысаналы даму трансферттері";

      268 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалар мен 051 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "051 Әуе көлігінің инфрақұрылымын дамуы

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      9 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 240 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "240 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткізу пункттерін салу және реконструкциялау";

      247 "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 014 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "014 Ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру";

      268 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың күрделі шығыстары";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      3 "Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау" функционалдық кіші тобында:

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      087 "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 112 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "112 Бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау";

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      082 "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде моноқалаларда және өңірлерде іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 104 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "104 Ақтөбе қаласының әкімшілік ғимараты құрылысына Ақтөбе облысының бюджетіне берілетін нысаналы даму трансферттері".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов