"Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 446 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 сәуірде № 16812 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларында:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары мынадай есеп түрлерін қалыптастырады және ұсынады:

      республикалық, тиісті жергілікті бюджеттердің, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы осы Қағидаларға 10 және 11-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – бюджеттің атқарылуы туралы есептер);

      шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақшаның қозғалысы туралы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы осы Қағидаларға 13-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      1-АҚ-УО нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақша шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп – осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі –АҚ-УО нысаны);

      2-ДҚ нысанын;

      4-КБ-Б және 4-КБ-Ө нысандарын;

      5-ДБ-Б және 5-ДБ-Ө нысандарын;

      Республикалық бюджет көрсеткіштері туралы деректер осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес;

      есепті деректерді тексеріп салыстыру актісі осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес;

      Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөле отырып, бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы есеп осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес 6-ДББ-нысан бойынша.";

      26-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-ДБ-Б және 4-КБ-Б нысандарға:

      бюджеттік кредиттер және олар бойынша сыйақылар;

      бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне берілетін трансферттер;

      бағалау және кепілдік міндеттемелері, алынған қарыздар бойынша қаржылық міндеттемелер жөніндегі берешек;

      пайдаланылмаған демалыстар бойынша қызметкерлер алдындағы берешек;

      1420 "Болашақ кезеңдердің шығыстары" шотында көрсетілетін болашақ кезеңдердің шығыстар сомалары енгізілмейді.";

      65-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Шоғырландырылған бюджет – өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілмей, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын, Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры.";

      77-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау мына:

      1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша жиынтық) есептің;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы есептің;

      4) Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есептің негізінде жүргізіледі.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы айлық/жылдық есепті бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі:

      1) ведомство ұсынған республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректердің;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары ұсынған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша жиынтық) есептің;

      3) ведомство ұсынған Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының түсімдері мен оның пайдаланылуы туралы есептің;

      4) орталық уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі ұсынған Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер және Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды жабудың жоспарлы көрсіткіштерінің;

      5) ведомство ұсынған Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есептің негізінде жасалады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

      "6-1-тарау. Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті жасау және ұсыну тәртібі

      104-1. Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы айлық/жылдық есепті ведомство жасайды және ол өзіне мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) Кірістер (І);

      2) Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер (ІІ);

      3) Кірістер мен төлемдер сальдосы (III);

      4) Қаржы жылының басындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы (IV);

      5) Есепті кезеңнің аяғындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы (V).

      І "Кірістер" бюджет түсімдері сыныптамасы түсiмдерiнiң санаттары, топтары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері бойынша салықтық емес түсімдердің сомасын көрсетеді.

      II "Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер" бөлімі функционалдық топ, кіші топ, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі, бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі бойынша Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан жүргізілген төлемдердің сомасын көрсетеді.

      III "Кірістер мен төлемдер сальдосы" бөлімі І "Кірістер" мен II "Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер" бөлімдерінің арасындағы айырма сомасын көрсетеді.

      ІV "Қаржы жылының басындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы" бөлімі қаржы жылының басындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығының сомасын көрсетеді.

      V "Есепті кезеңнің аяғындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы" бөлімі III "Кірістер мен төлемдер сальдосы" мен ІV "Қаржы жылының басындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы" бөлімдерінің қорытынды сомасын көрсетеді.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 13-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _______________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы "_____" __________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 446 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттiк мекемелердiң,
бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттiк
есептiлiктi жасау және
ұсыну қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттiк мекемелер, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті
атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының
бюджеттiк есептiлiктi жасау нысандарының тізбесі


Мерзімділігі

Нысандардың атаулары

айлық

тоқсандық

жартыжылдық

жылдық

1

2

3

4

5



жарты жылдық

жыл-дық

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарларын орындау туралы есеп – 1-АҚ нысаны*



жарты жылдық

жыл-дық

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарларын орындау туралы есеп –1- АҚ-УО нысаны**



жарты жылдық

жыл-дық

Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2-ДҚ-нысаны



жарты жылдық

жыл-дық

Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп – 3- ӨШ-нысаны


тоқсандық


жыл-дық

Кредиторлық берешек туралы есеп – 4-КБ-Б нысаны


тоқсандық


жыл-дық

Кредиторлық берешек туралы есеп – 4-КБ-Ө нысаны


тоқсандық


жыл-дық

Дебиторлық берешек туралы есеп – 5-ДБ-Б нысаны


тоқсандық


жыл-дық

Дебиторлық берешек туралы есеп –5-ДБ-Ө нысаны

айлық



жыл-дық

Бюджеттің атқарылуы туралы есеп

айлық



жыл-дық

Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің атқарылуы туралы есеп

айлық



жыл-дық

Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды
тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды бөле отырып, даму бюджеттік бағдарламаларын атқару туралы есеп – 6-ДББ нысаны

айлық



жыл-дық

Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп

айлық



жыл-дық

Республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға
бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп

айлық



жыл-дық

Бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер

айлық



жыл-дық

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп

айлық



жыл-дық

Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп

айлық




Бюджет сыныптамасы жөніндегі шығыстар бойынша жиынтық есеп – 4-20 нысаны

айлық



жыл-дық

Есепті деректерді салыстырып тексеру актісі

      Ескертпе:

      *1-АҚ нысаны – мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

      үшін

      **1-АҚ-УО нысаны – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы

      бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары үшін

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 446 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттiк мекемелердiң,
бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы
бар қалалар, ауылдар,
кенттер, ауылдық округтер
әкімдері аппараттарының
бюджеттiк есептiлiктi жасау
және ұсыну қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттiк мекемелер, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті
атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының
бюджеттiк есептiлiктi ұсыну нысаны

р/с №

Есептер нысандарының атауы

Есептерді ұсыну нысаны:

ММ

жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары

облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетiн атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар

республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (ведомстволар)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарын орындау туралы есеп – 1-АҚ/1-АҚ-УО нысаны

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы біріктірілген форматта ЭҚАБЖ есепті деректердің растамасымен (бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз)

2

Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп– 2-ДҚ нысаны

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы, электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы біріктірілген форматта ЭҚАБЖ есепті деректердің растамасымен (бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз)

3

Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп – 3-ӨШ нысаны


электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта


-

-

-

4

Кредиторлық берешек туралы есеп – 4-КБ-Б-нысаны

Электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

Электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы, электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы (жылғы - толық көлемде, тоқсандық - біріктірілген форматта берешектің қалыптасу себептері туралы ақпаратты қоса бере отырып, ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растамасымен– біріктірілген форматта (РББӘ/ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетін атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары деңгейіне дейін)

5

Кредиторлық берешек туралы есеп – 4-КБ-Ө нысаны

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы, электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы (жылғы –толық көлемде, тоқсандық - біріктірілген форматта
берешектің қалыптасу себептері туралы ақпаратты қоса бере отырып, ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растамасымен– біріктірілген форматта (РББӘ/ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетін атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары деңгейіне дейін)

6

Дебиторлық берешек туралы есеп – 5-ДБ-Б нысаны

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы, электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы (жылғы –толық көлемде, тоқсандық - біріктірілген форматта
берешектің қалыптасу себептері туралы ақпаратты қоса бере отырып, ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растамасымен– біріктірілген форматта (РББӘ/ облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетін атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары деңгейіне дейін)

7

Дебиторлық берешек туралы есеп – 5-ДБ-Ө нысаны

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы және электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы (жылғы -толықкөлемде, тоқсандық - біріктірілген форматта
берешектің қалыптасу себептері туралы ақпаратты қоса бере отырып, ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растамасымен– біріктірілген форматта (РББӘ/ облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетін атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары деңгейіне дейін)

8

Жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп

-

-

-

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағазтасығышта

санаттары, сыныптары, кіші сыныптары бойынша бюджет түсімдерін және бюджет түсімдері сыныптамасының ерекшеліктерін және функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бағдарламалар, кіші бағдарламалар (қағаз тасығышта жылдық есеп) бойынша бюджет шығыстарын көрсете отырып, АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша

-

9

Республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер

-

-

-

-

-


айлық - ЭҚАБЖ арқылы бюджетке түсімдерді қамтитын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бөлімі бюджет түсімдері сыныптама түсімдерінің санаттары мен сыныптарын қамтуы, ал бюджет шығыстарын қамтитын есеп бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтарын және кіші топтарын қамтуы тиіс; жылдық – АЖ және ЭҚАБЖ арқылы толық көлемде болуы тиіс

10

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп

-

-

-


-

-

АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша

11

Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуытуралы есеп





-

-

АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша

12

Бюджет сыныптамасы жөніндегі шығыстар бойынша жиынтық есеп (4-20-нысаны)

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

-

-

-

-

13

Есепті деректерді салыстырып тексеру актісі

-

-

-

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

-

 
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 446 бұйрығына
3-қосымша
  Мемлекеттiк мекемелердiң,
бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттiк
есептiлiктi жасау және ұсыну
қағидаларына
13-1-қосымша

_____________________________ жылға арналған Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп

      Мерзімділігі: айлық, жылдық

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Бюджеттік сыныптама кодтары

Атауы

Үдемелі қорытындымен есепті кезең үшін атқарылу

1

2

3


I. Кірістер



Салықтық емес түсімдер



II. Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер






ІІІ. Кірістер мен төлемдер сальдосы



IV. Қаржы жылының басындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы



V. Есепті кезеңнің аяғындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы





      Ведомствоның басшысы ________ _________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Деректерді қалыптастыруға жауапты,

      ведомствоның құрылымдық бөлiмшесiнiң

      басшысы _______ ________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)