"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы 13-бабының 21-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Қауіпсіздік сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1240 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12766 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1241 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12794 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Қоңқашев Ш.Р.):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
К. Мәсімов |
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
________________ Д. Абаев
2018 жылғы 30 наурыз
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
_________________ Б. Атамқұлов
2018 жылғы 28 наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 23/қе бұйрығымен бекітілген |
Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы 13-бабының 21-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) қауіпсіздік сертификаты – шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;
2) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) доменді каты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;
3) байланыс операторы – Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген байланыс қызметтерiн көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
4) трафикті өткізу – байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;
5) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасалған жеке немесе заңды тұлға.
2-тарау. Қауіпсіздік сертификатын беру тәртібі
3. Қауіпсіздік сертификатын беру байланыс операторының ұлттық қауіпсіздік органдарына (бұдан әрі – ҰҚО) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қауіпсіздік сертификатын беруге өтініші негізінде жүргізіледі.
4. Қауіпсіздік сертификатын беру байланыс операторының электрондық ақпаратты тасығышына жазу (қайта жазу мүмкіндігінсіз) арқылы 10 күн жұмыс күні ішінде жүргізіледі және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҰҚО анықтамасымен расталады.
5. Қауіпсіздік сертификатының жазылуы бар электрондық ақпаратты тасығыш берілген және қайтарып алынған қауіпісіздік сертификаттарының Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есеп журналында тіркеледі және ҰҚО жүргізеді.
6. Қауіпсіздік сертификатының жарамдылық мерзімі ол берілген сәттен бастап 10 жылды құрайды.
7. Байланыс операторы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын жаңа қауіпсіздік сертификатын беру үшін ҰҚО жүгінеді.
3-тарау. Қауіпсіздік сертификатын қолдану тәртібі
8. Қауіпсіздік сертификатын пайдалануды байланыс операторлары күшіне енген сот шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етілмеген ақпаратты телекоммуникация желісі бойынша таратуды шектеу мақсатында жүзеге асырады.
9. Байланыс операторлары трафикті өткізуді Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" № 567 Заңының 26-бабы 3-1-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес қауіпсіздік сертификатын қолдана отырып, шифрлауды қолдайтын хаттамаларды пайдалану арқылы жүзеге асырады.
10. Байланыс операторлары байланыс қызметтерін көрсетуге шарттар жасалған абоненттерді сервистерге немесе ресурстарға қолжетімділікті ұсынуды өзгерту туралы хабарландырады.
11. Байланыс операторлары байланыс қызметтерін көрсетуге шарттар жасалған өздерінің абоненттеріне қауіпсіздік сертификатын таратуды қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік сертификатының байланыс операторларымен қолданылуына ҰҚО мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
12. Байланыс операторы өзінің ресми интернет-ресурсына шифрлауды пайдаланатын интернет-ресурстарға қолжетімділік ұсыну шарттары туралы ақпаратты, сондай-ақ қауіпсіздік сертификаты мен оны Интернетке қолжетімділігі бар техникалық құралдарына орнату жөніндегі нұсқаулықты орналастырады.
13. Қауіпсіздік сертификатын қолданған кезде байланыс операторлары оны қолданудың ұйымдастырушылық және техникалық шарттары туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Қауіпсіздік сертификатын беруге өтініш
_________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
__________________________________________________________________________
байланыс операторының жеке сәйкестендіру нөмірі және бизнес - сәйкестендіру нөмірі
атынан
__________________________________________________________________________
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________________
лауазымының атауы негізінде әрекет ететін
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
телефон: жұмыс/ұялы
№ _________ электрондық ақпаратты тасығышқа (қайта жазу мүмкіндігінсіз)
қауіпсіздік сертификатын беруді сұраймын.
Қолы: ____________
Күні: 20___жылғы "____" _____________
МО (бар болса)
Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Қауіпсіздік сертификатын беру туралы анықтама
Осымен,
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы,
тұрғылықты жері және заңды мекенжайы, телефоны)
__________________________________________________________________________
тіркеу нөмірі
__________________________________________________________________________
байланыс операторы жеке тұлғасының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды
тұлғаның бизнес - сәйкестендіру нөмірі қауіпсіздік сертификатының берілгені
куәландырылады. Сертификаттың жарамдылық мерзімі – берілген күнінен бастап
10 жыл.
Басшы _________ ________________________________________
қолы Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
Күні: 20___ жылғы "_____" _____________
МО (бар болса)
Алдым: ________________ _____________________________________
қолы Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
Күні: 20___жылғы "_____" _____________
Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Берілген және қайтарып алынған қауіпісіздік сертификаттарының есеп журналы
№ | Байланыс операторы | Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы | Өтініштің тіркеу нөмірі | Күні | Электрондық тасығыштың нөмірі | Алу/ қайтарып алу туралы белгі (қолы) | Ескерту (қайтарып алу негізі) |