"Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 23 ақпанд

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 сәуірде № 16776 болып тіркелді

      "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10615 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекіту туралы";

      Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Электрондық үкіметті" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің міндетін атқарушы
А. Әжібаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің міндетін атқарушысының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 121 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 149 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі – ҚТКТ) – олардың қолданысы тоқтатылған тіркеу куәліктері туралы мәліметтерді, олардың сериялық нөмірін, күнін және қайтарып алу себептерін (жою) қамтитын тіркеу куәліктері тіркелімінің бөлігі;

      2) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;

      3) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы (бұдан әрі – ҚР СБҮТ) – трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе;

      4) тіркеу куәлігі – электрондық цифрлық қолтаңбаның Заңмен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін куәландырушы орталық беретін қағаз тасығыштағы құжат немесе электрондық құжат;

      5) тіркеу куәліктерінің төлнұсқалығын растау сервисі (Validation of Public Key Certificates, бұдан әрі – VPKC) – бір немесе бірнеше тіркеу куәліктерінің электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілтінің тиісілілігін және растығын тексеруді жүзеге асыратын ҚР СБҮТ сервисі;

      6) шетел мемлекетінің сенім білдірген үшінші тарапы (бұдан әрі – шетел мемлекетінің СБҮТ) – шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес электрондық құжатқа қолтаңба қойған тұлғаға қатысты белгіленген уақытта электрондық құжаттарда электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру қызметін атқару автоматты режимде жүзеге асыру құқығы берілген ұйым;

      7) электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру түбіртегі (бұдан әрі – түбіртек) ҚР СБҮТ ЭЦҚ куәландырылған және ЭЦҚ төлнұсқалығын растайтын электрондық құжат;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;

      9) электрондық цифрлік қолтаңбамен қолтаңба қойылған құжаттардың төлнұсқалығын растау сервисі (Validation of Digitally Signed Document, бұдан әрі – VSD) – ЭЦҚ төлнұсқалығын тексеруді жүзеге асыратын ҚР СБҮТ сервисі;

      10) XML (Extensible Markup Language (бұдан әрі – XML)) – кеңейтілетін белгілеу тілі) – құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатын кеңейтілетін белгілеу тілі.

      3. ҚР СБҮТ-мен ақпарат алмасудың қатысушылары:

      1) куәландырушы орталықтар;

      2) шетел мемлекеттерінің СБҮТ;

      3) ҚР СБҮТ-мен интеграцияланған ақпараттық жүйелердің пайдаланушылары болып табылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау тәртібі

      4. Қазақстан Республикасының куәландырушы орталықтарында алынған тіркеу куәліктерін пайдаланумен қалыптастырылған ЭЦҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12864 болып тіркелген) Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларына (бұдан әрі – ЭЦҚ төлнұсқалығын тексеру қағидалары) сәйкес ақпараттық жүйелермен тексеріледі.

      Егер шетел мемлекеттерінің ақпараттық жүйесіне электрондық құжат жолданған жағдайда, шетел мемлекеттерінде ЭЦҚ төлнұсқалығын растау үшін ҚР СБҮТ Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерінен сұрау салу негізінде түбіртек береді. ҚР СБҮТ түбіртекті берер алдында ЭЦҚ төлнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес ЭЦҚ және тіркеу куәлігін тексеруді жүзеге асырады, бұл ретте АЖ Заңның 10-бабы 1-тармағының 2),3) және 4) тармақшаларында көзделген тексерісті жүзеге асырады.

      5. Шетел мемлекеттерінің куәландырушы орталықтарында алынған тіркеу куәліктерін пайдаланумен қалыптастырылған ЭЦҚ шетелдік ақпараттық жүйелерінің сұрау салуы негізінде ҚР СБҮТ тексереді.

      6. ҚР СБҮТ мынадай шарттарды орындау кезінде шетелдік ЭЦҚ төлнұсқалығын тексереді:

      1) тексерiлетiн электрондық құжат жеке немесе заңды тұлғалардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған;

      2) ҚР СБҮТ-ында шетел мемлекетінің СБҮТ немесе тексерілетін тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталығы тіркелген. 

      7. ЭЦҚ-ның төлнұсқалығын тексеру үшін пайдаланушы немесе АЖ ҚР СБҮТ-қа мынадай сұрау салулардың бірін жібереді:

      1) VSD электрондық сұрау салу – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес;

      2) VPKC электрондық сұрау салу – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес;

      3) XML электрондық сұрау салу – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес.

      ҚР СБҮТ көлемі 100 мегабайттан артық емес сұрау салуды қабылдайды.

      8. Электрондық сұрау салудың, түбіртектің және түбіртектің негізгі деректемелерінің ақпараттық схемасының нысандары осы Қағидаларға 1,2,3,4 және 5-қосымшаларда келтiрiлген.

      9. Куәландырушы орталықтан және (немесе) шетел мемлекетінің СБҮТ-нен алынған жауаптың негізінде ҚР СБҮТ Қазақстан Республикасының аумағында ЭЦҚ төлнұсқалығын растау үшін қажетті және жеткілікті болып табылатын түбіртек түрінде жауапты қалыптастырады.

      10. ҚР СБҮТ-нің ЭЦҚ және/немесе тіркеу куәлігінің төлнұсқалығын растау тегін жүзеге асырылады.

      11. ҚР СБҮТ-ден жауаптардың түрлері:

      1) ЭЦҚ-ны оң тексеру жағдайында, "Тексерілді" ("Расталды") мәртебесі бар түбіртек;

      2) ЭЦҚ-ны теріс тексеру жағдайында, "Тексерілмеді" ("Расталмады") мәртебесі бар түбіртек. Ақпараттық жүйенің пайдаланушысы "Тексерілмеді" деген мәртебесі бар түбіртекті алған кезде ақпараттық жүйенің құралдары арқылы тиісті хабарландыруды алады.

      3) электрондық сұрау салудың құрылымы сәйкес болмағанда немесе ҚР СБҮТ-ында куәландырушы орталығының не шетел мемлекетінің СБҮТ-нің тіркеуі болмаған жағдайда, "Тексеру мүмкiн емес" ("Ашып жазылмаған", "қате", "бас тарту") деген мәртебесі бар түбіртек.

      ЭЦҚ және (немесе) тіркеу куәлігінің төлнұсқалығын растау ҚР СБҮТ-де АЖ немесе пайдаланушы алған "Тескерілді" деген мәртебесі бар түбіртек болған жағдайда, куәландырылған болып есептеледі.

      12. ҚР СБҮТ транзакцияның бірегей сәйкестендірулерін пайдалана отырып, деректер базасында алынған сұрау салулар туралы ақпаратты бес жыл ішінде сақтайды.

      13. Сақтау мерзiмі өткен соң алынған сұрау салулар туралы ақпарат ҚР СБҮТ-ге архивті сақтауға түседi.

  Қазақстан Республикасының
  сенім
білдірілген үшінші тарапының
электрондық цифрлық
қолтаңбаның төлнұсқалығын
растау қағидаларына
1-қосымша

VSD электрондық сұрау салу


р/с

Хабарлау алаңының атауы

Хабарлау алаңының түрі

Мағыналық мазмұны

Мiндеттiлiк

DVCSRequestInformation (сұрау)

1.

requestInformation->version

integer

Сұрау салу нұсқасы. Өздігінен-1

Жоқ

2.

requestInformation->service

ServiceType

Сервистiң түрi. VSD–2

Ия

3.

requestInformation->nonce

integer

Резервтелген алаң (пайдаланылмайды)

Жоқ

4.

requestInformation->requestTime

DVCSTime

Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – UTC бойынша уақыт (genTime), уақыт белгісі (timeStampToken)

Жоқ

5.

requestInformation->requester

GeneralNames

Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID

Жоқ

6.

requestInformation->requestPolicy

PolicyInformation

Сұрау салу саясаты

Жоқ

7.

requestInformation->dvcs

GeneralNames

Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID

Жоқ

8.

requestInformation->dataLocations

GeneralNames

Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID

Жоқ

9.

requestInformation->extensions

Extensions

Қосымша ақпарат

Жоқ

10.

data

Data

Тексерілетін деректер

Ия

11.

transactionIdentifier

GeneralName

Транзакияның сәйкестендірігіші

Ия

  Қазақстан Республикасының
сенім
білдірілген үшінші тарапының
электрондық цифрлық
қолтаңбаның төлнұсқалығын
растау қағидаларына
2-қосымша

VPKC электрондық сұрау салу


р/с

Хабарлау алаңының атауы

Хабарлау алаңының түрі

Мағыналық мазмұны

Мiндеттiлiк

DVCSRequestInformation (сұрау)

1.

requestInformation->version

integer

Сұрау салу нұсқасы. Өздігінен-1

Жоқ

2.

requestInformation->service

ServiceType

Сервистiң түрi. VPKC – 3.

Ия

3.

requestInformation->nonce

integer

Резервтелген алаң (пайдаланылмайды)

Жоқ

4.

requestInformation->requestTime

DVCSTime

Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – UTC бойынша уақыт (genTime), уақыт белгісі (timeStampToken)

Жоқ

5.

requestInformation->requester

GeneralNames

Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID

Жоқ

6.

requestInformation->requestPolicy

PolicyInformation

Сұрау салу саясаты

Жоқ

7.

requestInformation->dvcs

GeneralNames

Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID

Жоқ

8.

requestInformation->dataLocations

GeneralNames

Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID

Жоқ

9.

requestInformation->extensions

Extensions

Қосымша ақпарат

Жоқ

10.

data

Data

Тексерілетін деректер

Ия

11.

transactionIdentifier

GeneralName

Транзакияның сәйкестендірігіші

Ия

  Қазақстан Республикасының
сенім
білдірілген үшінші тарапының
электрондық цифрлық
қолтаңбаның төлнұсқалығын
растау қағидаларына
3-қосымша

XML электрондық сұрау салу

      <?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?>

      <xs:schema xmlns:xs="http://www.w3.org/2001/XMLSchema" xmlns:doc="urn:

      EEC:SignedData:v1.0:

      EDoc" xmlns:ds="http://www.w3.org/2000/09/xmldsig#" targetNamespace=

      "urn:EEC:SignedData:v1.0:EDoc" elementFormDefault="qualified"

      attributeFormDefault="unqualified">

      <xs:import namespace="http://www.w3.org/2000/09/xmldsig#"

      schemaLocation=

      "http://www.w3.org/TR/2002/REC-xmldsig-core-20020212/xmldsig-core-

      schema.xsd#"/>

      <xs:element name="SignedDoc" type="doc:SignedDocType">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation>Электрондық құжат</xs:documentation>

      </xs:annotation>

      </xs:element>

      <xs:complexType name="SignedDocType">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation>деректер түрі " Электрондық құжат "</xs:

      documentation>

      </xs:annotation>

      <xs:sequence>

      <xs:element name="Data">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation>Электрондық құжаттағы блог </xs:

      documentation>

      </xs:annotation>

      <xs:complexType>

      <xs:complexContent>

      <xs:extension base="doc:DataType">

      <xs:attribute name="Id" type="xs:ID" use="required"/>

      </xs:extension>

      </xs:complexContent>

      </xs:complexType>

      </xs:element>

      <xs:element ref="ds:Signature" minOccurs="0">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation> Сенім білдірілген үшінші тарап түбіртегі </xs:

      documentation>

      </xs:annotation>

      </xs:element>

      </xs:sequence>

      </xs:complexType>

      <xs:complexType name="DataType">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation> Электрондық құжаттағы блогтың типі</xs:

      documentation>

      </xs:annotation>

      <xs:sequence>

      <xs:element ref="ds:Signature" maxOccurs="unbounded">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation>Электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық

      қолтаңба)</xs:documentation>

      </xs:annotation>

      </xs:element>

      <xs:element name="SignedContent">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation>Қол қоятын деректер блогы</xs:

      documentation>

      </xs:annotation>

      <xs:complexType>

      <xs:sequence>

      <xs:any namespace="##any" processContents="lax" maxOccurs="

      unbounded">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation>Электрондық құжаттар (мәліметтер)

      түрлерінің құрылымы</xs:documentation>

      </xs:annotation>

      </xs:any>

      </xs:sequence>

      <xs:attribute name="Id" type="xs:ID" use="required">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation> қол қойылатын деректер блогының атрибут-

      сәйкестендіргіші </xs:documentation>

      </xs:annotation>

      </xs:attribute>

      <xs:attribute name="DocInstance" type="xs:anyURI" use="required">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation> Электрондық құжаттың бірегей

      идентификаторы</xs:documentation>

      </xs:annotation>

      </xs:attribute>

      </xs:complexType>

      </xs:element>

      </xs:sequence>

      </xs:complexType>

      </xs:schema>

  Қазақстан Республикасының
сенім
білдірілген үшінші тарапының
электрондық цифрлық
қолтаңбаның төлнұсқалығын
растау қағидаларына
4-қосымша

Электрондық түбіртек


р/с

Хабарлау алаңының атауы

Хабарлау алаңының түрі

Мағыналық мазмұны

Мiндеттiлiк


DVCSResponse(жауап), 1-жауаптың нұсқасы

1.

dvCertInfo->version

integer

Сұрау салу нұсқасы. Өздігінен-1

Жоқ

2.

dvCertInfo->dvReqInfo

DVCSRequestInformation

Сұрау салу туралы ақпарат

Ия

3.

dvCertInfo->messageImprint

DigestInfo

Сұрау салудан ақпаратқа хэш-мағынасы

Ия

4.

dvCertInfo->serialNumber

Integer

Сұрау салудың бірегей сәйкестендіргіші

Ия

5.

dvCertInfo->responseTime

DVCSTime

Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – UTC бойынша уақыт (genTime), уақыт белгісі (timeStampToken)

Ия

6.

dvCertInfo->dvStatus

PKIStatusInfo

Жауаптың мәртебесі

Жоқ

7.

dvCertInfo->policy

PolicyInformation

Жауаптың саясаты

Жоқ

8.

dvCertInfo->reqSignature

SignerInfos

Сұрау салудың қолтаңбасы

Жоқ

9.

dvCertInfo->certs

TargetEtcChain

Тіркеу куәліктері

Жоқ

10.

dvCertInfo->extensions

Extensions

Қосымша ақпарат

Жоқ

DVCSResponse(жауап), 2-жауаптың нұсқасы

1.

dvErrorNote->transactionStatus

PKIStatusInfo

Жауаптың мәртебесі

Ия

2.

dvErrorNote->transactionIdentifier

GeneralName

Транзакияның сәйкестендірігіші

Жоқ

  Қазақстан Республикасының
сенім
білдірілген үшінші тарапының
электрондық цифрлық
қолтаңбаның төлнұсқалығын
растау қағидаларына
5-қосымша

Түбіртектің негізгі деректемелерінің ақпараттық схемасы

      <?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?>

      <xs:schema xmlns:xs="http://www.w3.org/2001/XMLSchema" xmlns:rcpt="urn:

      EEC:TTP:v1.0:receipt" targetNamespace="urn:EEC:TTP:v1.0:receipt"

      elementFormDefault="qualified" attributeFormDefault="unqualified">

      <xs:element name="Receipt" type="rcpt:ReceiptType">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation>түбіртектің негізгі деректемелер блогы</xs:

      documentation>

      </xs:annotation>

      </xs:element>

      <xs:complexType name="ReceiptType">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation> түбіртектің негізгі деректемелер блогының типі<

      /xs:documentation>

      </xs:annotation>

      <xs:sequence>

      <xs:element name="ReceiptId" type="xs:anyURI">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation> құрылған түбіртектің бірегей сәйкестендіргіші <

      /xs:documentation>

      </xs:annotation>

      </xs:element>

      <xs:element name="DocId" type="xs:anyURI">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation> Электрондық құжаттың сәйкестендіргіші </xs:

      documentation>

      </xs:annotation>

      </xs:element>

      <xs:element name="Report">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation> Тексеру нәтижесінің мәлімдемелер блогы </xs:

      documentation>

      </xs:annotation>

      <xs:complexType>

      <xs:choice maxOccurs="unbounded">

      <xs:element name="Success" type="rcpt:SuccessType"/>

      <xs:element name="Error" type="rcpt:ErrorType"/>

      </xs:choice>

      </xs:complexType>

      </xs:element>

      <xs:element name="AttachedData" minOccurs="0">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation> XML форматындағы қосымша мәлімдемелер

      блогы</xs:documentation>

      </xs:annotation>

      <xs:complexType>

      <xs:sequence>

      <xs:any namespace="##any" processContents="lax" maxOccurs="

      unbounded"/>

      </xs:sequence>

      </xs:complexType>

      </xs:element>

      </xs:sequence>

      <xs:attribute name="Id" type="xs:ID" use="required"/>

      </xs:complexType>

      <xs:complexType name="BaseReportType">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation> элементтің базалық типі – тексеру туралы есеп</xs:

      documentation>

      </xs:annotation>

      <xs:attribute name="Reference" type="xs:anyURI" use="optional"/>

      </xs:complexType>

      <xs:complexType name="SuccessType">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation> СбҮТ тексерісі сәтті өткенін көрсететін элементтің

      типі</xs:documentation>

      </xs:annotation>

      <xs:complexContent>

      <xs:extension base="rcpt:BaseReportType"/>

      </xs:complexContent>

      </xs:complexType>

      <xs:complexType name="ErrorType">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation>қате сипаттамасының контейнер типі </xs:

      documentation>

      </xs:annotation>

      <xs:complexContent>

      <xs:extension base="rcpt:BaseReportType">

      <xs:sequence>

      <xs:element name="ReasonCode">

      <xs:annotation>

      <xs:documentation>Қате коды</xs:documentation>

      </xs:annotation>

      <xs:simpleType>

      <xs:restriction base="xs:string">

      <xs:enumeration value="Signature.Error"/>

      <xs:enumeration value="Signature.BadCertificate"/>

      <xs:enumeration value="Document.AuthenticityError"/>

      </xs:restriction>

      </xs:simpleType>

      </xs:element>

      <xs:element name="ReasonText" type="xs:string" >

      <xs:annotation>

      <xs:documentation> Қатенің мәтіндік сипаттамасы</xs:

      documentation>

      </xs:annotation>

      </xs:element>

      </xs:sequence>

      </xs:extension>

      </xs:complexContent>

      </xs:complexType>

      </xs:schema>