Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері б

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 наурызда № 16662 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 11.03.2024 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 6-тармағына және 564-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 11.03.2024 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 11.03.2024 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 223 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11180 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың. 1 қазанда жарияланған) бұйрығының;

      2) "Уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау және мемлекеттік кірістер органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 647 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12616 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың. 18 қаңтарында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      Ө.Е. Шөкеев

      "___" __________2018 жыл

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнің
2018 жылғы 16 наурыздағы
№ 376 бұйрығымен
бекітілген

Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 11.03.2024 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 6-тармағына және 564-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленген және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 11.03.2024 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі екінші айдың он бесі күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жер учаскесі тұрған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына өткен салық кезеңі (күнтізбелік жыл) үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді жолдайды. Мәліметтер жыл сайын өткен кезендердегі анықталған бұзушылықтар бойынша мәліметтермен осы бұзушылықтарды түпкілікті орындамайынша қайталанып ұсынылады.

      3. Мәліметтер, электрондық нұсқасын (флеш – есте сақтау тасымалдағышы ретінде пайдаланатын есте сақтау құрылғысы арқылы, Microsoft Excel форматында) қоса бере отырып, қағаз тасымалдағышында екі данада қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады:

      1) бірінші данасы уәкiлеттi органда қалады;

      2) екінші данасы мемлекеттік кірістер органдарына беріледі.

      4. Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылатын мәліметтерге уәкiлеттi органның басшысы не оның алмастыратын тұлға, сондай-ақ мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлғаның қолы қойылады және ол мөрмен куәландырылады.

      5. Мемлекеттік кірістер органының мәліметтерді қабылдауға жауапты лауазымды тұлғасы тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), лауазымын және алған күнін көрсете отырып мәліметтерді алғанын растап қолын қояды.

  Жерді пайдалану мен қорғауды
бақылау жөніндегі уәкілетті
органның мемлекеттік кірістер
органдарына объектілер салуға
арналған және тиісті
мақсаттарда пайдаланылмайтын
немесе
Қазақстан Республикасының
заңнамасы бұзыла отырып
пайдаланылатын жер учаскелері
бойынша сондай-ақ мақсаты
бойынша пайдаланылмайтын
немесе
Қазақстан Республикасының
заңнамасы бұзыла отырып
пайдаланылатын ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жер учаскелері бойынша
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына
қосымша
  нысан

20___ жылғы "__" __________ объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 11.03.2024 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индекс: __________________

      Кезеңділігі: жылдық.

      Ұсынатындар: Ұсынатындар: жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган

      Қайда ұсынылады: аумақтық мемлекеттік кірістер органына

      Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірілмейтін мерзімде

Заңды тұлғалардың атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН)

Жер учаскесі тұрған жері

жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесін мақсатты пайдалану

Жер учаскесінің алаңы (гектармен)

жер учаскесінің санаты

Жердің аймақтық коэффициенті

Бонитет балы (елді мекендердің жерлерін қоспағанда)

Жалпы алаңы

оның ішінде:

тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын

мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

























      кестенің жалғасы:

Үлес алаңы (жалпы үлестік меншік болса), гектармен

Бұзушылық түрі

Тексеру актісінің күні мен нөмірі

Нұсқаманың күні мен нөмірі

Нұсқаманы табыс ету күні

Анықталған бұзушылықты жою күні

13

14

15

16

17

18













______________________________
(уәкiлеттi мемлекеттік орган басшысының, не оны алмастыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
______________________________
(Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Мәліметтер жасалған күн
20__жылғы "___"__________

_______
(қолы, мөрдің орны)
_______
(қолы)

_________________________
(Осы мәліметтерді қабылдап алған мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
________________________
(қолы)
Мәліметтер қабылданған күн 20___жылғы ___________