Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 336 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16574 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:

      1 "Салықтық түсімдер" санатында:

      05 "Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар" сыныбында:

      3 "Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер" кіші сыныбында:

      "10 Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем" ерекшелігі алынып тасталсын;

      4 "Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар" кіші сыныбында:

      "04 Аукциондардан алынатын алым" ерекшелігі алынып тасталсын;

      24 "Сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "24 Сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы";

      мынадай мазмұндағы 31, 32, 33, 34 және 35-ерекшеліктермен толықтырылсын:

      "31 Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізгені және оларды микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізгені үшін алым

      32 Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым

      33 Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым

      34 Қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы

      35 Азаматтық авиация саласындағы сертификат үшін алым";

      06 "Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар" сыныбында:

      1 "Кеден төлемдерi" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 19-ерекшелікпен толықтырылсын:

      "19 Алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес енгізілетін аванстық төлемдер";

      2 "Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар" кіші сыныбында:

      01 "Кедендiк бақылауды және кедендiк рәсiмдердi жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "01 Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес төленетін кедендік алымдар";

      07 "Арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждарды қайта бөлуден түсетін соманы аудару бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе (жартылай) уақтылы орындамағы үшін мерзімін өткізу пайыздарының сомасы" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "07 Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарды қайта бөлуден түсетін соманы аудару бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе (жартылай) уақтылы орындамағы үшін мерзімін өткізу пайыздарының сомасы";

      08 "Бөлуге жатпайтын арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждары" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "08 Бөлуге жатпайтын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары";

      2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында:

      04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:

      1 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" кіші сыныбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар";

      13 "Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар";

      "67 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында сот отырысында процестік міндеттерді орындамағаны және тәртіпті бұзғаны үшін сот салған ақшалай өндіріп алулар" ерекшелігі алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-кіші сыныбымен толықтырылсын:

      "3 Жәбірленушілерге өтемақы қорына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар";

      мынадай мазмұндағы 01, 02 және 03-ерекшелікпен толықтырылсын:

      "01 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында сот отырысында процестік міндеттерді орындамағаны және тәртіпті бұзғаны үшін сот салған ақшалай өндіріп алулар

      02 Өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар

      03 Сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер";

      06 "Басқа да салықтық емес түсiмдер" сыныбында:

      1 "Басқа да салықтық емес түсiмдер" кіші сыныбында:

      08 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "08 Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер";

      мынадай мазмұндағы 18 және 19-ерекшеліктермен толықтырылсын:

      "18 Жәбірленушілерге өтемақы қорына регрестік талаптар тәртібінде өндіріп алынған ақша түсiмдері

      19 Жәбірленушілерге өтемақы қорына басқа да салықтық емес түсiмдер";

      4 "Трансферттердің түсімдері" санатында:

      01 "Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер" сыныбында:

      1 "Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттер" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 16-ерекшелікпен толықтырылсын:

      "16 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару";

      2 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерден трансферттер" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 17-ерекшелікпен толықтырылсын:

      "17 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен облыстық бюджеттен бөлінген мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару";

      3 "Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, аулдық округтардың бюджеттерінен трансферттер" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 10-ерекшелікпен толықтырылсын:

      "10 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетінен бөлінген мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару";

      5 "Бюджеттік кредиттерді өтеу" санатында:

      01 "Бюджеттік кредиттерді өтеу" сыныбында:

      2 "Бюджеттік кредиттердің сомаларын қайтару" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 12, 13 және 14-ерекшеліктермен толықтырылсын:

      "12 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен қайтару

      13 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен облыстық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен қайтару

      14 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттерінен қайтару";

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      03 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:

      3 "Сот қызметi" функционалдық кіші тобында:

      217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 204 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "204 Жәбірленушілерге өтемақы қорынан өтемақы төлеу";

      15 "Трансферттер" функционалдық тобында:

      1 "Трансферттер" функционалдық кіші тобында:

      124 "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 033 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "033 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен берілген нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару";

      257 "Облыстың қаржы басқармасы", 299 "Облыстың экономика және қаржы басқармасы" және 356 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 058 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "058 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару";

      452 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі" және 459 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 035 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "035 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару";

      16 "Қарыздарды өтеу" функционалдық тобында:

      1 "Қарыздарды өтеу" функционалдық кіші тобында:

      124 "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "015 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару";

      257 "Облыстың қаржы басқармасы", 299 "Облыстың экономика және қаржы басқармасы" және 356 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 057 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "057 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару";

      452 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі" және 459 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "034 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен облыстық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару";

      бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:

      1 "Ағымдағы шығындар" санатында:

      03 "Ағымдағы трансферттер" сыныбында:

      320 "Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 325-ерекшелікпен толықтырылсын:

      "325 Жәбірленушілерге өтемақы қорынан өтемақы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:

      320 "Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 325-ерекшелікпен толықтырылсын:

      "325 Жәбірленушілерге өтемақы қорынан жәбірленушілерге өтемақы";

      мынадай мазмұндағы анықтамамен толықтырылсын:

      "Жәбірленушілерге Өтемақы қорынан "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтемақы төлеу".

      2. "Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 қазанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:

      1 "Салықтық түсімдер" санатында:

      05 "Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар" сыныбында:

      3 "Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер" кіші сыныбында:

      10-ерекшелігі

      "

Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем

1

05

3

10

100






      "

      алынып тасталсын;

      4 "Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар" кіші сыныбында:

      04-ерекшелігі

      "

Аукциондардан алынатын алым

1

05

4

04



100

100



      "

      алынып тасталсын;

      24-ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы

1

05

4

24



100




      ";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізгені және оларды микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізгені үшін алым

1

05

4

31

100






Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым

1

05

4

32

100






Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым

1

05

4

33


100

100




Қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы

1

05

4

34



100

100



Азаматтық авиация саласындағы сертификат үшін алым

1

05

4

35

100






      ";

      06 "Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар" сыныбында:

      1 "Кеден төлемдерi" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы ерекшелікпен толықтырылсын:

      "

Алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес енгізілетін аванстық төлемдер

1

06

1

19

100






      ";

      2 "Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар" кіші сыныбында:

      01-ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес төленетін кедендік алымдар

1

06

2

01

100






      ";

      07-ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарды қайта бөлуден түсетін соманы аудару бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе (жартылай) уақтылы орындамағы үшін мерзімін өткізу пайыздарының сомасы

1

06

2

07

100






      ";

      08-ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Бөлуге жатпайтын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары

1

06

2

08

100






      ";

      2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында:

      04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:

      1-кіші сынып мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

2

04

1








      ";

      13-ерекшелік мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

2

04

1

13

100






      ";

      "

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында сот отырысында процестік міндеттерді орындамағаны және тәртіпті бұзғаны үшін сот салған ақшалай өндіріп алулар

2

04

1

67

100






      "

      деген жол алынып тасталсын;

      06 "Басқа да салықтық емес түсiмдер" сыныбында:

      1 "Басқа да салықтық емес түсiмдер" кіші сыныбында:

      08-ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

2

06

1

08

Республикалық бюджетке түсетін қайырымдылық түсімдер (қайырымдылық жасаушы тұлғаның қалауына байланысты); республикалық бюджеттің қаражатын мақсатсыз пайдалану; ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық қорытындысы бойынша республикалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерде анықталған өтелген зиян сомалары; мемлекеттік мекемелерде анықталған өтелген зиян сомалары; мемлекеттік кепілдік бергені үшін төлемақы; "Қазақстан Рсепубликасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес енгізілген депутаттыққа кандидаттың сайлау жарнасы; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер бойынша соттар шешімдерімен мемлекеттің материалдық зиянын өтеуге жауаптылардан алынған сомалар; бұрындары республикалық бюджетке түскен салықтық емес түсімдердің жойылған түрлері бойынша түсімдер; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің шоттарын жабу кезіндегі қаражат қалдықтары; осы сомалар ағымдағы есеп шотында сақталған мемлекеттік мекеменің өкімі бойынша сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін талап етілмеген депозиттік сомалар; заңды және жеке тұлғалардың республикалық бюджеттен заңсыз алынған қаражатты қайтаруы, қосымша және қосалқы бажды бөлген кездегі Қазақстан Республикасының үлесі.






      ";

      4 "Трансферттердің түсімдері" санатында:

      01 "Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер" сыныбында:

      1 "Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттер" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару

4

01

1

16

100






      ";

      2 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерден трансферттер" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен облыстық бюджеттен бөлінген мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару

4

01

2

17


100





      ";

      3 "Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, аулдық округтардың бюджеттерінен трансферттер" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетінен бөлінген мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару

4

01

3

10




100



      ";

      5 "Бюджеттік кредиттерді өтеу" санатында:

      01 "Бюджеттік кредиттерді өтеу" сыныбында:

      2 "Бюджеттік кредиттердің сомаларын қайтару" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен қайтару

5

01

2

12

100






Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен облыстық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен қайтару

5

01

2

13


100





Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттерінен қайтару

5

01

2

14




100



      ".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы және қырық сегізінші абзацтарын, 2-тармағының жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы және қырықыншы абзацтарын және 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының қырық жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, жүзінші, жүз бірінші, жүз екінші, жүз үшінші, жүз төртінші, жүз бесінші және жүз алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов