"Концессия объектісінің құнын, концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы №

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 16 ақпандағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 наурызда № 16566 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Концессия объектісінің құнын, концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында жарияланған, 2009 жыл, № 7, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5604 болып тіркелген):

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессия объектісінің құнын, концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнынайқындау әдістемесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген.";

      4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "концессионер қызметін мемлекеттік қолдау - Заңның 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) 5) және 6) тармақшаларында көзделген концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың түрлері;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Объектінің құны (IAS) 16 "Негізгі құралдар" Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартында (бұдан әрі - ҚЕХС) пайдаланылатын активтердің/негізгі құралдардың бастапқы құны ұғымына сәйкес келеді. ҚЕХС-ке сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны активті мақсатқа сәйкес пайдалану үшін жұмыс қалпына келтіруге қажетті барлық шығындардан құралады. Іс жүзінде өзі дайындайтын негізгі құралдар үшін ол қарыздық қаражатты тарту шығыстарын қоса алғанда, компания жұмсаған шығындар ретінде айқындалады ("Қарыздар бойынша шығындар" ҚЕХС (IAS) 23).";

      9-тармақтың он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "қарыз капиталының нарығында белгіленген нарықтық сыйақы мөлшерлемесі бойынша есептелетін қысқа және ұзақ мерзімге тартылатын қарыздар бойынша есептелетін сыйақылар төлеу. Инвестицияларды Қазақстан Республикасының қарыз капиталы нарығында тартқан жағдайда, қарыздар бойынша сыйақыларды төлеу шығыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Берілген несиелер бойынша (орта өлшенген) сыйақы мөлшерлемелері" статистикасының деректері негізінде айқындалады (http://www.nationalbank.kz), шетелдік капитал тартылған жағдайда – сыйақыларды төлеу бойынша шығыстар LIBOR мөлшерлемесі және қарыз капиталы нарығында белгіленген нарықтық сыйақы мөлшерлемесі бойынша есептелетін маржа ескеріле отырып есептеледі;

      концессия объектісін құру (салу) кезеңіндегі инфрақұрылымдық облигациялар бойынша есепке жазылатын сыйақыларды төлеу, олар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет - ресурсында (www.economy.gov.kz) орналастырылған, тиісті мақұлданған Әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлер болжамына сәйкес есептеулер кезіндегі қаржы-экономикалық модельде (бұдан әрі – ҚЭМ) болжанатын инфляция (тұтынушылық бағалар) деңгейі ретінде айқындалады + облигациялар айналымының бүкіл мерзімі бойында қолданылатын тіркелген маржа;

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның сайтында (www.economy.gov.kz) орналастырылған, мақұлданған тиісті Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер болжамына сәйкес шетелдік валютамен берілетін кредиттер бойынша бағамдық айырмалар;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қолданыстағы концессия объектісін реконструкциялау кезінде концессия объектісінің құны Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 266-273-баптарына сәйкес айқындалған құнға тең болады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес ұсынылатын заттай гранттардың құны Бағалау қызметі туралы заңға сәйкес айқындалған құн болып табылады.";

      23-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "r – қарыз алу туралы шарт талаптарына немесе конкурстық өтінімге сәйкес мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары сыйақының жылдық мөлшерлемесі. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде LIBOR+(қосу) 1 % мөлшерлемесі ретінде айқындалады;".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің баспа және электрондық түрдегі бір данасын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделеген іс-шараларадың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
Министрдің міндетін атқарушы
Р. Дәленов