Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 147 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 24 бірлескен бұйрығы және қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 наурызда № 16565 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы бұйрыққа және қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А. М. Теңгебаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық және қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде олардың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық және қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық және қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
____________ Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 147 бұйрығына
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
20__ жылғы "__" _______
№ ___ қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының күші жойылған тізбесі

      1. "Өкiмдердің нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 49 (1646) жарияланған).

      2. "Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 441 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 86 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6658 болып тіркелген, 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 338 (26399) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған).

      3. "Өкімдер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 573 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 291 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9055 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 173 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 61 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11289 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 330 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 172 бірлескен бұйрығы және қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14247 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. "Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 198 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 67 бірлескен бұйрығы және қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15205 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).