Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2018 жылғы 27 ақпандағы № 31/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 наурызда № 16556 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10323 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Тамақ өнімдері";

      2-тарауда:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Ұн мен түрлі жарманың жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Кептірілген қара бидай немесе бидай нанының жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Ет және сүт консервілері (МЕМСТ 32125, МЕМСТ 31688)";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Ет және сүт консервілерінің жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.";

      мынадай мазмұндағы 35-1 тармақпен толықтырылсын:

      "35-1. Ет консервілерін ауаның салыстырмалы ылғалдығы 75%-дан артық емес және 0 ºС-тан 20 ºС –қа дейінгі температура аралығында сақтайды.";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Қант (МЕМСТ 33222, МЕМСТ 26907)";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Қанттың жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.";

      мынадай мазмұндағы 50-1 және 50-2-тармақтарымен толықтырылсын:

      "50-1. Буып-түйілген ақ қант ауаның температурасы 40ºС-дан жоғары емес және ауаның салыстырмалы ылғалдығы түйір қант үшін 75%-дан жоғары емес және кристал мен қант ұнтағы үшін 70%-дан жоғары емес жағдайда қоймада сақталады.

      50-2. Ақ қантты сақтау кезінде қоймадағы ауаның салыстырмалы ылғалдығы мен температурасына әрдайым бақылау жүргізіп тұру қажет.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Өсімдік майының жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.";

      6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Сары май және жануар майлары (МЕМСТ 32261, МЕМСТ 25292)";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Сары май және жануар майының жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.";

      7-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. Шай (МЕМСТ 32573)";

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Шайдың жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.";

      8-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-параграф. Макарон өнімдері (МЕМСТ 31743)";

      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Макарон өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.";

      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Ыдысқа салынбаған тұз өлшеу және қорытынды өлшеуге немесе санауға ыңғайлы төртбұрышты қиық пирамида, параллелепитед немесе басқа формадағы үйінді күйінде сақталады. Тұз үйіндісінің үсті және сырты тегістеледі. Қоймалардағы тұз үйіндісінің биіктігі еден аумағының 1 м2-не рұқсат етілген жүктемеге байланысты. Тұздың үстіңгі қабаты және төбеде немесе шатырдың арасында 0,5 метр аралық қалуы керек. Тұздың кірленуінен, көк басуынан және нығыздалуынан сақтау үшін қоймалардағы үйіндінің үстін тұзға өзара әрекеттеспейтін және иіссіз жабатын материалдармен жабу қажет. Сақтау кезінде үйіндінің үстінде тұзды кірден қорғайтын жабынды пайда болады.

      Қораптағы, жәшікке салынған тұздар тек жабық қойма ғимараттарында сақталады. Бұндай тұз тікбұрышты орнықты қатарларға биіктігі 15-20 сантиметр тауар төсемелеріне қойылады.

      Қораптағы тұз қатарларының ені, ұзындығы, биіктігі қойма ерекшелігіне байланысты, сонымен қоса ыдыстың жай-күйіне (орнықтылығына) байланысты.

      Ыдысқа салынған тұздың көгеруінің алдын алу үшін қатарларға қою кезінде қойма периметрі бойынша 0,5-0,7 метрлік, ал қатарлар арасында 0,4-0,5 метрлік өтетін жол қалдыру керек.";

      129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "129. Әртүрлі сұрыпты және тартылған тұздар бөлек қойылады. Әр түрлі сұрыпты және тартылған тұздарды жазбасыз қоймаға қоюға рұқсат етілмейді. Әрбір тұз топтамасына қатарына орналастырылғаннан кейін қатарларға тағылатын қатар заттаңбасы жасалып қатарға немесе тұз үйіндісіне ілінеді, санын анықтайтын тиісті есебімен орналастыру схемасы көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 130-1-тармақпен толықтырылсын:

      "130-1. Тұздың жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.";

      133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "133. Мыналарға рұқсат етілмейді:

      1) дәмдеуіштерді су құбыры мен кәріз құбыры, жылытатын құралдар жанына қоюға;

      2) қойма ғимараттарын дымқыл күні және бірден жаңбырдан кейін желдетуге;

      3) дәмдеуіштерді химикаттармен және өткір иісті аңқитын азық-түлік немесе материалдармен бірге сақтауға болмайды.";

      мынадай мазмұндағы 133-1-тармақпен толықтырылсын:

      "133-1. Дәмдеуіштердің жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.";

      137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "137. Томат пастасының жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.";

      141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "141. Сірке суының жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.";

      146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "146. Кептірілген картоптың жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.";

      14-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-параграф. Кептірілген көкөністер (МЕМСТ 32065)";

      147 және 148-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. Кептірілген көкөністер – көкөністі өңдеу арқылы алынған, бүтін немесе кесілген, белгіленген технологияға сәйкес дайындалған, оның жарамдылығын қамтамасыз ететін ылғалдың үлес салмағына жеткенше термиялық немесе ауада-күн астында және басқа да әдістермен өңдеуден өткен көкөністерден алынған бүтін, кесілген немесе ұнтақ тәріздес өнім.

      148. Кептірілген көкөністерді температурасы 25ºС-дан жоғары емес және салыстырмалы ауа ылғалдығы 75%-дан артық емес құрғақ, желдетілетін үй-жайларда сақтайды.";

      мынадай мазмұндағы 150-1, 150-2 және 150-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "150-1. Кептірілген көкөністерде нан қоры зиянкестерінің болуына, сондай-ақ нан қоры зиянкестерімен зақымданған шіріген немесе көгерген көкөністердің болуына жол берілмейді.

      150-2. Кептірілген көкөністерді қабылдау МЕМСТ 13341 бойынша жүргізіледі. Кептірілген көкөністердің әр топтамасына қоса берілетін сапа туралы сертификатта мыналар көрсетіледі:

      құжаттың нөмірі және оның берілген күні;

      өнімнің атауы; өндіруші-кәсіпорынның атауы және оның мекенжайы;

      партияның нөмірі және тиелу уақыты;

      тұтынушы ыдыстың түрі және оның сыйымдылығы;

      буылған тұтынушы бірліктерінің саны;

      тұтынушы ыдыстағы өнімнің таза салмағы;

      өндірілген күні;

      сақтау шарттары;

      осы стандарттың белгісі;

      сәйкестікті растау туралы ақпарат.

      150-3. Кептірілген жемістер бос салғанда таза салмағы 25 кг аспайтындай мынадай түрде:

      МЕМСТ 19360 бойынша термиялық дәнекерленген қаптарға, соңынан көлік ыдысына герметикалық жауып;

      МЕМСТ 10131 бойынша фанера жәшіктерге;

      МЕМСТ 13511 бойынша гофрирленген картондарға;

      МЕМСТ 9338 бойынша фанера барабандарға;

      МЕМСТ 17065 бойынша орамды картон барабандарға буып түйіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Өнеркәсіп тауарлары";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жуу бұйымдары";

      4-тарауда:

      мынадай мазмұндағы 184-1-тармақпен толықтырылсын:

      "184-1. Қапшық-ішпекті барабандарға өнімді буып-түю кезінде температура 50ºС-тан аспау керек. Ұзақ сақтауға арналған өнімдері бар барабандардың сыртқы беті антикаррозиялық жабынмен қорғалады.";

      198-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "198. Сақтау мерзімі:

      1) А маркалы – 3 ай;

      2) Б маркалы – 6 ай;

      3) Арнайы жұмсақ контейнерлерге буып-түйілгені дайындалған күнінен бастап – 5 жыл.

      Ұзақ уақыт сақтауға арналған кальциленген техникалық соданы МКР-1,0 С, ТШ 6-19-74, МКР-1,0 М ТШ 6-19-264 типті арнайы жұмсақ контейнерлерге буып-түйеді.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-параграфпен толықтырылсын:

      "2-1-параграф. Жуу ұнтағы (МЕМСТ 25644, МЕМСТ 32479)

      198-1. Ұнтақтар жеңіл-активті заттардың, органикалық және бейорганикалық компоненттердің қоспалары болып табылады.

      198-2. Ұнтақтар пайдалануы бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

      мақта және зығыр маталардан жасалған өнімдерді жууға арналған ұнтақтар;

      жасанды, синтетикалық, жүн және жібек маталардан жасалған өнімдерді жууға арналған ұнтақтар;

      мақта, зығыр, синтетикалық маталардан, сондай-ақ аралас талшықты маталардан жасалған өнімдерді (табиғи жібектен және жүннен жасалған өнімдерден басқа) жууға арналған әмбебап ұнтақтар.

      198-3. Жарамдылық мерзімі өнімнің рецептуралық құрамына қарай анықталады және өнімнің техникалық құжаттамаларында көрсетіледі.

      Химиялық ағартқышы немесе (және) био қоспалары бар ұнтақтардың жарамдылық мерзімі дайындалған күнінен бастап 9 айдан кем емес.

      Басқа ұнтақтардың жарамдылық мерзімі шектелмеген.

      Жарамдылық мерзімі шектелмеген өнімдер үшін техникалық құжаттамаларда өнімнің кепілді сақтау мерзімі белгіленеді.

      198-4. Ұнтақтар буып-түйілген күйінде 35ºС-тан жоғары емес температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 95%-дан артық емес жағдайда өзінің қасиетін сақтайды. Ұнтақтар күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғалады.

      198-5. Қабылдау қағидалары МЕМСТ 32479 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      198-6. Ұнтақтарды жабық, құрғақ, желдетілген қойма үй-жайларында қызу құрылғыларынан 1 метрден кем емес қашықтықта сақтайды. Ауаның ылғалдығы 95%-дан аспайды.

      198-7. Сақтау кезінде штабельдің биіктігі тасымалдау көліктік орауыш түріне байланысты заттың қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жағдайына қарай анықталады.";

      215-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "215. Кір сабынның кепілді сақтау мерзімі дайындалған күнінен бастап 12 ай.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-параграфпен толықтырылсын:

      "3-1-параграф. Иіс сабын (МЕМСТ 28546)

      215-1. Қатты иіс сабын негізгі тұтынушылық құрамына байланысты мынадай маркаларға бөлінеді: "Бейтарап" (Б), "Экстра" (Э), "Балаға арналған" (БА), "Жай" (Ж).

      215-2. Қатты иіс сабынның әр маркасының жеке фирмалық атауы болады.

      215-3. Қатты иіс сабын МЕМСТ 28546, технологиялық регламенттердің немесе инструкциялардың, сондай-ақ өнім дайындаушы бекіткен сабынның нақты маркасының рецептурасының және өзге де техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес өндіріледі.

      215-4. Қатты иіс сабынның қауіпсіздік талаптары МЕМСТ 28546 6-бөліміне сәйкес келеді.

      215-5. Қатты иіс сабынды қабылдау МЕМСТ 790 бойынша жүргізіледі.

      215-6. Қабылдау кезінде сабынның (кесектің) іс жүзіндегі салмағы көрсетілген салмақтан (шығару кезіндегі) МЕМСТ 28546, 5.1.8 бөлімінде қарастырылған нормадан кем емес жағдайда ауытқуы мүмкін.

      215-7. Өндіруші-кәсіпорыннан тиелетін иіс сабынның әр топтамасына мынадай реквизиттер көрсетілген сапа туралы сертификат беріледі:

      өндіруші-кәсіпорынның атауы, оның тауарлық белгісі және мекенжайы (заңды мекенжайы, мемлекеттің атауы);

      атауы (маркасы және жеке фирмалық атауы);

      өндірілген уақыты;

      топтаманың салмағы (шығару кезінде көрсетілген) және орын саны;

      топтаманың нөмірі және жөнелту уақыты;

      осы стандартқа сәйкестігі туралы штамп;

      сертификация туралы ақпарат (сертификацияны жүзеге асыратын мемлекеттер үшін);

      осы стандарттың белгілері.

      215-8. Қатты иіс сабынды жабық транспорт құралдарында барлық транспорт түрімен, сондай-ақ универсалды контейнерлерде тасымалдайды.

      Ашық транспортпен тасымалдаған кезде қатты иіс сабынды атмосфералық жауын-шашыннан қорғайды.

      215-9. Қатты иіс сабынды құрғақ, жабық, жақсы желдетілетін үй-жайларда (қоймаларда белсенді түрде желдету қолданады) минус 5°С-дан кем емес температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 75%-дан артық емес жағдайда сақтайды.

      Өндіруші сақтау жағдайына байланысты қатты иіс сабынның сақтау мерзімін белгілейді.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Техникалық заттар";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Залалсыздандыру жабдықтары";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Жанар-жағар май материалдары";

      7-тарауда:

      259-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "259. Сақтау.

      Отынды мұнай өнімінің әсеріне, тауар түбіндегі кепілдікті суға, буға (немесе ыстық суға) төзімді, ішкі жабыны тоттанбайтын металл резервуарларда сақтайды.

      Автомобиль бензині мен мұнайды, металл резервуарларды пайдалану шарттарына байланысты қалқымалы шатыры немесе понтоны бар немесе газды бекіткішпен жабдықталған металл резервуарларда сақтаған дұрыс болып табылады.

      Авиациялық бензинді қалқымалы шатыры бар резервуарларда сақтауға тыйым салынады.

      Бензинді күрделі жөндеуге дейін понтоны және газды бекіткіші жоқ және де ұзақ сақтайтын мекемелерде резервуарларда сақтау рұқсат етілген.

      Әр түрлі маркалы мұнай мен мұнай өнімдерін шаң және атмосфералық ылғал түспейтін бөлек резервуарларда сақтау қажет.

      Ұзақ сақтауға арналған мекемелердің резервуарынан басқа металл резервуарлар уақытылы тазартылып тұруы тиіс.

      Мұнай өнімдерін резервуарларда сақтау кезінде, су дренажы құрылғысының конструкциясы қамтамасыз ететін тауар түбіндегі су көрсеткіші минималды көрсеткіштен асып кетпеуі керек.

      Ыдыстағы мұнай өнімдерін тура күн сәулесі және атмосфералық ықпал түспейтін, шатырлы қоймаларда стеллаждарда, түпқоймаларда немесе сөрелерде сақтаған дұрыс. Мұнай өнімдері бар ыдыстарды қақпақшаларын төбеге қаратып қояды.

      Картонға салынған жұмсақ жағармайларды түпқоймаларда, қақпақшаларын төбеге қаратып, ең көп дегенде үш қабат етіп жабық қоймаларда сақтайды.

      Мұнай өнімдерін сақтау технологиясы мыналарды қамтамасыз етіледі:

      1) белгіленген сақтау мерзімінде дайындалу кезіндегі мемлекеттік стандарттарға сәйкес өнім сапасының сақталуын және сол қалпында тұтынушыларға жеткізілуін;

      2) мұнай өнімінің сан жағынан сақталуын және сақтау кезіндегі белгіленген табиғи кему нормаларына қарағанда шығындарды азайту.

      Мұнай өнімдерінің есептік операцияларға арналған резервуарлар (қабылдау, сақтау, беру) міндетті түрде тексеріледі, калибровкадан өтеді.

      Әр түрлі маркалы мұнай өнімдерін бір-бірінен бөлек сақтайды. Әр түрлі мұнай өнімдеріне арнайы резервуарлар топтамасын, құбырлар, сорғы, құйып алу бағандары, эстакадалар, жылытуға арналған құралдар бекітіледі.

      Ұзақ мерзімге салынған мұнай өнімдерін 5 жыл аралықта сақтайды. Мұнай өнімдерінің сақтау мерзімін өндірілген ай мен жылдан бастап белгілейді.";

      263 және 264-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "263. Резервуардағы газды кеңістіктің қысымын және вакуумды тексеру үшін V-бейнелі сұйықты дифманометрді қолданады.

      264. Жылына екі рет (көктемде және күзде) тыныс және сақтандыру клапандарының реттелім жұмыстары жүргізіледі. Бұл ретте гидравликалық сақтандыру клапандарына жұмыс сұйықтығын құю және тұнбаларды төгіп тастау жұмыстары атқарылады. Күзгі мезгілде әр клапанда осы сұйықтықтың қату температурасы анықталады. Температурасы сол төңіректегі ең төмен ауа температурасынан төмен болуы тиіс.";

      284, 285 және 286-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "284. Л (жазғы) – қоршаған ауа температурасы минус 5оС және одан жоғарғы болғанда пайдалануға ұсынылады;

      З (қысқы) - қоршаған ауа температурасы минус 25оС-ға дейін және одан жоғары (қату температурасы минус 25оС-ден жоғары емес) және минус 35оС-ға дейін (отынның қату температурасы минус 35оС-ден жоғары емес) болғанда пайдалануға ұсынылады;

      А (арктикалық) - қоршаған ауа температурасы минус 45оС және одан жоғары болғанда пайдалануға ұсынылады;

      Е (маусым аралық) – қоршаған ауа температурасы минус 15 оС және одан жоғары болғанда пайдалануға ұсынылады.

      285. Дизель отыны күкірт мөлшеріне сәйкес мынадай экологиялық кластарға бөлінеді:

      Күкірттің массалық үлесі мг/мк-ден артық емес

      К1-2000;

      К2-500;

      К3-350;

      К4-50;

      К5-10.";

      286. Отынның шартты көрсеткіштерінде мыналар көрсетіледі:

      Л – маркасы үшін тұтану температурасы мен отынның экологиялық класы (ДТ-Л-40-К3);

      Е – маркасы үшін қату температурасы мен отынның экологиялық класы (ДТ-Е-минус 15-К3);

      З – маркасы үшін қату температурасы мен отынның экологиялық класы (ДТ-З-минус 25-К3);

      А – маркасындағы отынның экологиялық класы (ДТ-А-К3).";

      290-тармақ алып тасталсын;

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Отын";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Материалдар мен жабдықтар";

      9-тарау мынадай мазмұндағы 17-1-параграфпен толықтырылсын:

      "17-1-параграф. Іштен жану қозғалтқышы бар дәнекерлеу агрегаты (МЕМСТ 2402)

      486-1. Агрегаттар МЕМСТ 2402 талаптарына сәйкес және жұмыс сызбасы бойынша агрегаттың нақты түрінің техникалық талаптарына сәйкес өндіріледі.

      486-2. Агрегаттар мынадай сенімділік қасиеттерге ие болады:

      орташа моторесурс бірінші күрделі жөндеуге дейін карбюраторлы қозғалтқышты агрегаттар үшін 2500 сағаттан кем емес және дизельді агрегаттар үшін 4000 сағаттан кем емес;

      орташа толық қызмет ету мерзімі – карбюраторлы қозғалтқышты агрегаттар үшін 3 жылдан кем емес және дизельді агрегаттар үшін 4 жылдан кем емес.

      Техникалық шартта агрегаттың нақты түріне қосымша күрделі жөндеуге дейінгі бекітілген ресурсы, бекітілген тоқтаусыз атқаратын жұмыс көлемі, сондай-ақ тоқтап қалу өлшемшарты және шекті жағдайлары көрсетіледі.

      486-3. Агрегат конструкциясының қауіпсіздік талаптары МЕМСТ 12.2.007.8. бойынша.

      486-4. Агрегаттардың МЕМСТ 2402 талаптарына сәйкестігін тексеру үшін өндіруші кәсіпорын қабылдау-тапсыру, мерзімді, үлгілі және біліктілік сынамаларын, сондай-ақ дәйектілік сынақтарын жүргізеді.

      486-5. Агрегаттарды кез-келген транспорт түрімен, қолданыстағы әр транспорт түріне арналған жүктерді тасымалдау қағидасына сәйкес жүргізеді.

      486-6. Өндіруші МЕМСТ 2402 және пайдалану туралы құжаттамаларда көрсетілген тасымалдау, сақтау және қолдану шарттарын сақтаған кезде агрегаттың МЕМСТ 2402 талаптарына сәйкес екендігіне кепілдік беру қажет.";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Төсек-орын жабдықтары және кереуеттер";

      10-тарау мынадай мазмұндағы 6-1-параграфпен толықтырылсын:

      "6-1-параграф. Вафельді сүлгі (МЕМСТ 11027, МЕМСТ 7000)

      520-1. Түкті, вафельді сүлгілер және дана өнім МЕМСТ 11027 талаптарына және белгіленген тәртіпте бекітілген техникалық сипаттамаға сәйкес келу қажет.

      520-2. Түкті, вафельді сүлгілер және дана өнімді қабылдау қағидасы МЕМСТ 20566 бойынша.

      520-3. Тоқыма материалдарды жабық транспорт құрылғыларында барлық транспорт түрімен, сондай-ақ қолданыстағы әр транспорт түріне арналған жүктерді тасымалдау қағидасына сәйкес әмбебап контейнерлерде тасымалдайды.

      520-4. Буылған тоқыма материалдар өрт қауіпсіздігі қағидаларына сай, ластануды, механикалық зақымдалуды және күн шуағының түсуін болдырмайтын құрғақ, желдетілетін үй-жайларда сақталу қажет.

      Тоқыма өнімдерді еденнен 20 см-ден кем емес қашықтықта төсеме бөренеде және стеллажда орналастырған жөн.";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Киім";

      11-тарауда:

      мынадай мазмұндағы 524-1 және 524-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "524-1. Өнім 5 °C-дан төмен емес және 40 °C-дан жоғары емес температурада, ауаның ылғалдығы 50-70% жағдайында қойма үй-жайларында сақталады және күн сәулесінің тікелей түсуінен және атмосфералық әсерден қорғалады.

      524-2. Стеллаждың төменгі бөлігі мен еденнің арақашықтығы және қойманың ішкі қабырғасы мен өнімнің арақашықтығы 0,2 метрден кем емес, сыртқы қабырғадан 0,75 метрден кем емес, шатырдан 1,0 метрден кем емес, жылыту құралынан 1 метр кем емес, стеллаждардың арасы 1,0 метрден кем емес болуы қажет.";

      528-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "528. Өнім 5 °C-дан төмен емес және 40 °C-дан жоғары емес температурада, ауаның ылғалдығы 50-70% жағдайында қойма үй-жайларында сақталады және күн сәулесінің тікелей түсуінен және атмосфералық әсерден қорғалады.

      Стеллаждың төменгі бөлігі мен еденнің арақашықтығы және қойманың ішкі қабырғасы мен өнімнің арақашықтығы 0,2 метрден кем емес, сыртқы қабырғадан 0,75 метрден кем емес, шатырдан 1,0 метрден кем емес, жылыту құралынан 1,0 метрден кем емес, стеллаждардың арасы 1,0 метрден кем емес болуы қажет.";

      538 және 539-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "538. Өнімдерді күйелерден, терітесерден, кілем қоңызынан сақтау үшін инсектицидтерді қолданылады.

      539. Өнім атмосфералық жауын-шашыннан және топырақтың ылғалынан қорғалған жабық, таза, желдетілетін, жарық аз түсетін үй-жайларда сақталады. Күн сәулесі өнімге тікелей тимеуі керек. Аң терісінен жасалған өнімдер температурасы 0 және +8°С, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 40%-65% аралығында сақталады. Оларды минус 20°С-дан плюс 30°С-ға дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 40%-70%-да сақтауға рұқсат беріледі. Температурасы 23°С-дан немесе ауаның салыстырмалы ылғалдығы 65%-дан жоғары сақтаған кезде сақтау уақыты 6 айдан аспау керек. Аң терісінен жасалған өнімдер жылыту және қыздыру жүйелерінен (құрылғыларынан) кем дегенде 1 метр қашықтықта сақталады. Буылған орындар мен қойманың сыртқы қабырғасының арақашықтығы 0,5 метрден кем болмайды.";

      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4 және 4-5 параграфтармен толықтырылсын:

      "4-1-параграф. Резеңке етіктер (МЕМСТ 5375)

      546-1. Етіктер аяқты судан қорғауға арналады, ал қышқыл сілтіге төзімді етіктер аяқты судан және әлсіз бейорганикалық қышқыл ерітінділерінен қорғауға арналады.

      546-2. Етіктер технологиясы мен үлгілері бойынша белгіленген тәртіпте бекітілген МЕМСТ 5375 талаптарына сәйкес өндіріледі.

      546-3. Етіктердің тысы резеңкеден, ішкі тоқыма астарынан және өкшесімен бірге резеңкелі бұдыр табаннан, ал балықшы етігі – желімдеу және қалыптау (етікті бедікпен бекіту үшін құлақшасымен немесе басқа да бөліктерімен бекіту) тәсілімен дайындалған резеңке мата жалғамасынан құралады.

      Резеңке етіктердің қосымша жылулық ұлтарағы болуы қажет.

      546-4. Етіктерді сақтау ОСТ 38.06371 бойынша жүзеге асырылады.

      546-5. Өндіруші етіктің тасымалдау, сақтау және пайдалану шарттарын сақтаған жағдайда МЕМСТ 5735 талаптарына сәйкес келетініне кепілдік береді.

      Етіктің кепілді сақтау мерзімі – 12 ай.

      Параграф 4-2. Пима (МЕМСТ 18724)

      546-6. Пима аяқ киімі қаптамасыз құрғақ, жақсы желдетілетін үй-жайларда сақталу қажет. Аяқ киімді қоймаландыру кезінде штабельдің биіктігі 1,5 м-ден аспауы қажет. Ағаш жәшіктерге салынған ағаштар үшін штабельдің биіктігін 1,8 метрге дейін үлкейтуге болады.

      546-7. Ауаның кедергісіз кіруі үшін штабельдің табаны еденнің деңгейінен кем дегенде 0,2 метр биік болу қажет.

      Параграф 4-3. Шұлық-носки бұйымдары (МЕМСТ 8541)

      546-8. Шұлық-носки бұйымдары МЕМСТ 8541 талаптарына, техникалық сипаттамаларға, белгіленген тәртіпте бекітілген сыртқы түрі бойынша эталон үлгісіне сәйкес келуі қажет.

      546-9. Шұлық-носки бұйымдары аударылған сурет баспасымен, пигменттік баспасымен соның ішінде түрлі-түсті жолақтармен және өзге де біртегіс боялған, өрнектелген, тоқылған суреті тегіс боялған түрде шығарылады.

      546-10. Өнімді күн сәулесінің тікелей түсуінен және атмосфералық жауын-шашынның әсерінен қорғайтын жабық қойма үй-жайларында сақтайды.

      546-11. Өнімді сатылымға шығарғанға дейін жеке немесе топтама ыдыстарда стеллаждарға орналастырып сақтайды.

      546-12. Еденнен стеллаждың төменгі сөресіне дейінгі, ішкі және сыртқы қабырғадан өнімге дейінгі арақашықтық 0,2 м, жылыту құрылғыларынан өнімге дейінгі арақашықтық 1метрден кем болмауы, стеллаждардың арасы 0,7 метрден кем болмауы қажет.

      546-13. Өндіруші етіктің тасымалдау, сақтау және қолдану шарттарын сақтаған кезде МЕМСТ 8541 талаптарына сәйкестігіне кепілдік береді.

      Параграф 4-4. Тоқыма бас киім (ГОСТ 33378)

      546-14. Бас киімдер сыртқы түрі, конструкциясы, қолданылатын материалдары бойынша МЕМСТ 33378 талаптарына, модель және эталон үлгісінің белгіленген тәртіпте бекітілген техникалық сипаттамаға сәйкес келуі тиіс.

      546-15. Бас киімдер мынадай түрлерге бөлінеді:

      қажеттілігі бойынша: ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған;

      өндіру тәсілі бойынша: тұрақты, жартылай тұрақты, пішілген және құрамдастырылған.

      546-16. Дайын өнімді қабылдау – МЕМСТ 9173 бойынша жүзеге асырылады.

      546-17. Өнімді тасымалдауды жабық транспорт құралдарында барлық транспорт түрімен, қолданыстағы әр транспорт түріне арналған жүктерді тасымалдау қағидасына сәйкес жүргізу қажет.

      546-18. Өнімді күн сәулесінің тікелей түсуінен және атмосфералық жауын-шашынның әсерінен қорғайтын жабық қойма үй-жайларында сақтайды.

      546-19. Өнімді сатылымға шығарғанға дейін жеке немесе топтама ыдыстарда стеллаждарға орналастырып сақтайды.

      546-20. Еденнен стеллаждың төменгі сөрсесіне дейінгі, ішкі және сыртқы қабырғадан өнімге дейінгі арақашықтық 0,2 метр, жылыту құрылғыларынан өнімге дейінгі арақашықтық 1м-ден кем болмауы, стеллаждардың арасы 0,7 метрден кем болмауы қажет.

      Параграф 4-5. Ерлер ішкі киімі (МЕМСТ 31408)

      546-21. Өнім МЕМСТ 31408 талаптарына және сыртқы түрі, моделі, конструкциясы, өндірілуі және қолданатын материалы бойынша МЕМСТ 15.007 бекітілген эталон үлгісіне және модельдің техникалық сипаттамасының талаптарына сәйкес келеді.

      546-22. Өнімді трикотажды тегіс матадан және кестелі тыс, шұбар немесе баспасуретті, біртегіс боялған, қайнатылған немесе ағартылған матадан дайындайды.

      546-23. Дайын өнімдерді қабылдау – МЕМСТ 9173 бойынша жүзеге асырылады.

      546-24. Өнімді тасымалдауды жабық транспорт құралдарында барлық транспорт түрімен, қолданыстағы әр транспорт түріне арналған жүктерді тасымалдау қағидасына сәйкес жүргізу қажет.

      546-25. Өнімді күн сәулесінің тікелей түсуінен және атмосфералық жауын-шашынның әсерінен қорғайтын жабық қойма үй-жайларында сақтайды.

      546-26. Өнімді сатылымға шығарғанға дейін жеке немесе топтама ыдыстарда стеллаждарға орналастырып сақтайды.

      546-27. Еденнен стеллаждың төменгі сөресіне дейінгі, ішкі және сыртқы қабырғадан өнімге дейінгі арақашықтық 0,2 метрден, жылыту құрылғыларынан өнімге дейінгі арақашықтық 1 метрден кем болмауы, стеллаждардың арасы 0,7 метрден кем болмауы қажет.";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Ыдыс (үлкен миска, шағын миска, саптыаяқ, қасық, асхана бачогы, асхана шәйнегі, ожау, плитаға қоятын бачок)";

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Электр жабдықтары мен байланыс құралдары";

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Арнаулы және автомобиль техникасы";

      14-тарауда:

      1-параграфт тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Автогрейдер (МЕМСТ 11030), Бульдозер (МЕМСТ 28771 және МЕМСТ 29295), Әмбебап экскаватор (МЕМСТ 26980 және МЕМСТ 16469), Шнекороторлық қар тазартқыш (МЕМСТ 15840 және МЕМСТ 23080), Автосамосвал 10, 15, 20, 25 тонна (МЕМСТ), 25 тонна және 25 тоннадан жоғары кран автомобилі (МЕМСТ 22827, МЕМСТ 21398, МЕМСТ 1575), Жүк автомобилі (МЕМСТ 21398, МЕМСТ Р 52280), Жүк тасығышы бар трейлер (МЕМСТ 2349, МЕМСТ 12105), Жолаушылар автобусы (МЕМСТ 27815), Автоцистерна (МЕМСТ 9218)";

      707, 708, 709, 710, 711 және 712-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "707. Осы норматив автогрейдердің, бульдозердің, әмбебап экскаватордың, вахталық автомобильдің, шнекороторлық қар тазартқыштың, 10, 15, 20, 25 тонна автосамосвалдың, 25 тонна және 25 тоннадан жоғары кран автомобилінің, жүк автомобилінің, жүк тасығышы бар трейлердің, жолаушылар автобусының, автоцистернаның (бұдан әрі – машиналар) жалпы сақтау қағидаларын белгілейді.

      708. Машиналарды жабық үй-жайларда немеме шатырдың астында сақтайды. Машиналарды консервация, герметизация және қоймада сақталуы қажет құрамдас бөліктерді шешкен жағдайда ашық жабдықталған алаңда сақтауға рұқсат беріледі.

      709. Машинаны ұзақ уақытқа сақтауға қоюдың алдында оның жай-күйін, машинаның комплектілігін және өндіруші пломбасының сақталғанын тексеру қажет.

      710. Раманың қисаюынан және пневматикалық дөңгелектің пішінінің өзгеруін болдырмау үшін машинаны көлденең қалпында тіреуіштерге орнату керек. Шина мен тіреу бетінің арақашықтығы 8 см-ден кем болмауы тиіс.

      711. Ашық алаңда сақтаған кезде агрегаттың және тораптың ішкі қуыстарына атмосфералық жауын-шашын кіруі мүмкін бақылау саңылаулары, бактың құйма шытындары, мотордың шығару түтіктері және саңылауларының қақпақтармен, тығындармен, суға төзімді жабысқақ ленталармен немесе өзге де арнайы құралдармен нықтап жабу керек, сондай-ақ тентпен жабады және уақытша шатыр орнатады.

      712. Аккумулятор батареялары ажыратылуы тиіс. Электролиттің деңгейі мен тығыздығы өндірушінің сілтемесіне сәйкес келу керек. Машинаны 1 айдан артық сақтаған жағдайда аккумулятор батареяларын машинадан шешіп, арнайы үй-жайға сақтауға қойған жөн.

      Аккумулятор батареяларын сақтау кезінде электролиттің тығыздығын ай сайын тексеріп отырады және қажет жағдайда қуаттауды жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 712-1 және 712-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "712-1. Жанармайдың, майлайтын заттардың, гидравликалық сұйықтықтың және салқындатқыш сұйықтықтың бактағы мөлшері өндірушінің сілтемесіне сәйкес келуі тиіс.

      712-2. Ұзақ уақыт сақтаудағы машиналардың жай-күйін мерзімді түрде бақылап тұрады. Бақылауға машиналардың сыртқы түрі, қозғалтқыш пен агрегаттың жұмыс қабілеті жатады.

      Қозғалтқыш пен агрегаттың жұмыс қабілетін әр 6 ай сайын қысқы және жазғы уақытта бақылап отырады, бұл ретте "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарға арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысына сәйкес ұзақ сақтаудағы автомобильді сол жерде (қозғалтқышты қосуын) сынап көру үшін отын шығысы қозғалтқыш жұмысының 1 сағатына белгіленеді және автомобильдің 25 км жүрісінің отын шығысы нормасына теңеледі. Бақылау нәтижесі "Автомобиль мен арнайы техникалардың техникалық жай-күйін тексеру журналына" енгізіледі.";

      2, 3 және 4-параграфтар алып тасталсын;

      6, 7 және 8-параграфтар алып тасталсын;

      10, 11 және 12-параграфтар алып тасталсын;

      823-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "823. "КАМАЗ" базасындағы "Тазасу-М" жылжымалы құрылғысы ауаның салыстырмалы ылғалдығы 40-70% шамасында және плюс 5ºС-ден төмен емес температурада таза, желдетілетiн, жылытылмайтын үй-жайларда сақталуы тиіс.";

      832-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "832. "ГАЗ" базасындағы "Тазасу-М" жылжымалы құрылғысы ауаның салыстырмалы ылғалдығы 40-70% шамасында және плюс 5ºС-ден төмен емес температурада таза, желдетілетiн, жылытылмайтын үй-жайларда сақталуы тиіс.";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Тіршілікті қамтамасыз ету құралдары";

      15-тарау мынадай мазмұндағы 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27 және 28-параграфтармен толықтырылсын:

      "13-параграф. Тіс пастасы (МЕМСТ 7983)

      932. Тіс пастасы крем, гель немесе паста түрінде шығарылады. Гигиеникалық және емдеу-профилактикалық тіс пасталары болып бөлінеді.

      933. Тіс пастасы МЕМСТ 7983 талаптарына сәйкес, белгіленген тәртіпте келісілген технологиялық регламент және рецептуралар бойынша өндірілуі қажет.

      934. Тіс пастасының сақталуын қамтамасыз ететін тұтынушы ыдысқа буып-түйеді.

      935. Пастаның әрбір бумадағы салмағы техникалық құжаттамаларда бекітілген массаға сәйкес келу тиіс және 200 грамнан аспауы қажет. Бекітілген массадан 5% ауытқуға рұқсат беріледі.

      936. Тіс пасталарын МЕМСТ 29188.0 талаптары бойынша қабылдайды.

      937. Тіс пасталары жабық транспорт құралдарында барлық транспорт түрімен, қолданыстағы әр транспорт түріне арналған жүктерді тасымалдау қағидасына сәйкес тасымалданады.

      938. Тіс пастасы жабық қойма үй-жайларында 0 ºС-дан кем емес және 25ºС-дан жоғары емес температурада сақталады.

      939. Пастаны күн сәулесінің тікелей әсері бар және жылыту құрылғыларына жақын жерде сақтауға болмайды.

      940. Өндіруші кәсіпорын тасымалдау және сақтау шарттарын сақтаған жағдайда тіс пасталарының МЕМСТ 7983 талаптарына сәйкес екеніне кепілдік береді.

      941. Тіс пастасының әрбір нақты атауының жарамдылық мерзімін өндіруші кәсіпорын белгілейді.

      14-параграф. Тіс щеткасы (МЕМСТ 6388, МЕМСТ 28660)

      942. Тіс щеткасы МЕМСТ 6388 және конструкциясы, моделінің және эталон үлгісінің белгіленген тәртіпте бекітілген техникалық сипаттамасының талаптарына сәйкес өндірілуі тиіс.

      943. Тіс щеткасы мынадай түрлерге бөлінеді:

      мақсаты бойынша: тіс жууға, тіс арасындағы кеңістіктерді жууға, алмалы протездерді жууға арналған;

      жас ерекшелігі бойынша: мектепке дейінгі балаларға, мектеп жасындағы балаларға, ересектерге арналған;

      қаттылық деңгейі бойынша: жұмсақ – Ж, орташа қатты ОҚ, қатты – Қ;

      жұмыс бөлігінің материалы бойынша: табиғи қылшықтан, синтетикалық талшықтан жасалған;

      қолдану орны бойынша; үй жағдайына, жол жағдайына (жолға арналған) арналған.

      944. Таңбалау және қаптау – МЕМСТ 28660 бойынша.

      945. Тіс щеткалары жабық транспорт құралдарында барлық транспорт түрімен, қолданыстағы әр транспорт түріне арналған жүктерді тасымалдау қағидасына сәйкес тасымалданады.

      946. Өнімді автомобильді транспортпен пакетсіз, картон қораптарымен немесе жәшік поддондарындағы бумалармен МЕМСТ 19848 бойынша тасымалдауға рұқсат беріледі.

      947. Тіс щеткасы желдетілетін жабық қойма үй-жайларында химиялық құрамы бар активті заттар жоқ жылыту құрылғыларынан 1 м-ден кем емес қашықтықта штабельдерге орнатылған стеллаждарда немесе жәшіктерде сақталуы қажет.

      15-параграф. Дәретхана қағазы (МЕМСТ Р 52354, МЕМСТ 6658)

      948. Өнімді МЕМСТ Р 52354 талаптарына сәйкес және нақты өнімнің немесе өнім тобының техникалық құжаттамаларына (технологиялық регламент, техникалық сипаттама және т.б.) және белгіленген тәртіпте бекітілген эталон үлгісінің талаптарына сәйкес өндіреді.

      949. Өнімді тасымалдау – МЕМСТ 6658 бойынша кез келген жабық транспорт түрімен, қолданыстағы әр транспорт түріне арналған жүктерді тасымалдау қағидасына сәйкес жүргізіледі. Тасымалдау шарты – МЕМСТ 15150 5-тобы бойынша.

      950. Қағаздан немесе картоннан жасалған өнімді бумаларға немесе жәшіктерге буып-түйеді.

      951. Бумаларға немесе жәшіктерге салынған өнімдерді жылыту құрылғыларынан 1 метрден кем емес қашықтықта, атмосфералық жауын-шашыннан және топырақ ылғалынан қорғалған жабық үй-жайларда сақталады.

      952. Мұқаба қақпағы немесе таспалы материалдан жасалған мұқабасы бар өнімдер өндірушіде және тұтынушыда минус 25 ºС-дан төмен емес температурада сақталуы тиіс.

      16-параграф. Қол жуғыш

      953. Қол жуғышты сақтауды дайындаушы (өндіруші) ұсынған сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      17-параграф. Керосин шамы

      954. Керосин шамын сақтауды дайындаушы (өндіруші) ұсынған сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      18-параграф. Дәнекерлеу шамы

      955. Дәнекерлеу шамын сақтауды дайындаушы (өндіруші) ұсынған сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      19-параграф. Болатты дәнекерлеуге және балқытуға арналған электрод

      956. Болатты дәнекерлеуге және балқытуға арналған электродты сақтауды дайындаушы (өндіруші) ұсынған сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      20-параграф. Сым шеге

      957. Сым шегені сақтауды дайындаушы (өндіруші) ұсынған сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      21-параграф. Газ электр дәнекерлеуге арналған маска

      958. Газ электр дәнекерлеуге арналған масканы сақтауды дайындаушы (өндіруші) ұсынған сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      22-параграф. Компрессор

      959. Компрессорды сақтауды дайындаушы (өндіруші) ұсынған сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      23-параграф. Биодәретхана

      960. Биодәретхананы сақтауды дайындаушы (өндіруші) ұсынған сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      24-параграф. Суға арналған консольды сыртқа тепкіш сорғы

      961. Суға арналған консольды сыртқа тепкіш сорғыны сақтауды дайындаушы (өндіруші) ұсынған сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      25-параграф. Қапсырмалар

      962. Қапсырмаларды сақтауды дайындаушы (өндіруші) ұсынған сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      26-параграф. Жатар қаптар

      963. Жатар қаптарды сақтауды дайындаушы (өндіруші) ұсынған сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      27-параграф. Шұлғаулық мата

      964. Шұлғаулық матаны сақтауды дайындаушы (өндіруші) ұсынған сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      28-параграф. Жөргек

      965. Жөргекті сақтауды дайындаушы (өндіруші) ұсынған сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.".

      2) "Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12516 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тарауда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Нарядтар беруді Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (бұдан әрі Комитет) мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңартуға байланысты (оның ішінде, материалдық құндылықтардың сапалық жай-күйі мен техникалық регламент талаптарына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігі бойынша сараптама жүргізу үшін, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару кезінде), қарызға беру тәртібімен және броньнан шығару тәртібімен шығару кезінде жүзеге асырады.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес жаңарту тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде нарядтар беру мемлекеттік сатып алу туралы шарт және иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың шарт талаптарында көзделген құны толық төленгенін растайтын құжат негізінде жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру мерзімдері";

      2-тараудың 10-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес жаңарту тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд мемлекеттік сатып алу туралы шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтар құнының толық төленгенін растайтын құжат Комитетке келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру тәртібі".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің м.а.
М. Нұрғожин

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 31/НҚ бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 747 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға № ___ наряд

      20 жылғы " _____ " ___________

      Кімге___________________________________________________________________________

      Мекен жайы_____________________________________________________________________

      Жүк жіберуші____________________________________________________________________

      Жүк алушы _____________________________________________________________________

      Төменде көрсетілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар

Р/с

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Мөлшері

Бірлік үшін бағасы, теңге

Сомасы, теңге



















      Сомасы (жазбаша) оның ішінде ҚҚС теңге.

      Шығару: жаңартуға байланысты (оның ішінде: "Мемлекеттік сатып алу туралы"

      2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес, сараптама жүргізу үшін, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін), қарызға беру тәртібімен, броньнан шығару тәртібімен жүргізіледі (керегінің астын сызыңыз).

      Материалдық құндылықтарды шығаруға негіздеме:______________________________

      Материалдық құндылықтарды шығару мерзімі (тендерлік комиссияның шешімі негізінде жаңартуға байланысты және мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде)

      ________________________________________________________________________________

      Ескертпе: Бұл ретте материалдық құндылықтарды алушы сатып алу-сату шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін материалдық құндылықтарды шығаруға құқылы. Осы жағдайда Комитет шарт талаптарына сәйкес айыппұл санкцияларын есептейді.

      Нарядқа қол қоюға уәкілетті адамдар:

      ____________________ ___________________________________________ ________________

      (лауазымы)            (Т.А.Ә.) (бар болған жағдайда)                  (қолы)

      ____________________ ___________________________________________ ________________

      (лауазымы)            (Т.А.Ә.) (бар болған жағдайда)                  (қолы)

      ____________________ ___________________________________________ ________________

      (лауазымы)            (Т.А.Ә.) (бар болған жағдайда) (қолы)            Мөрдің орны