"Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 277 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 наурызда № 16538 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2010 жылы № 2, 368-қ. жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларында:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары (бұдан әрі – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар) осы Қағидаларға сәйкес бюджеттік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.";

      7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын күнделікті есепке алу үшін аумақтық қазынашылық органдары бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға электрондық тасығыштарда тиісті жергілікті бюджет бойынша жиынтықта 5-34А "Ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы және мемлекеттік сатып алу шоттарындағы қалдықтары туралы есеп" нысанын ұсынады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бюджеттердің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алу мынадай есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі:

      осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Бас-журнал" кітабы;

      осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоты бойынша мемориалдық ордер;

      осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемориалдық ордер;

      осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолма-қол бақылау шотының толық жазылуы (ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналық қаржыландыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор), тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттердің (бұдан әрі – ӘМСҚ трансферттері), Еуразиялық экономикалық одағының ҚБШ, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарын, мемлекеттік сатып алу шоттарын, соманы анықтауға дейінгі шотты есепке алуға арналған);

      осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БҚШ-тан салымдарға (депозиттерге) орналастырылған сомалардың толық жазылуы;

      осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жергілікті бюджеттерден депозиттерге орналастырылған сомалардың толық жазылуы;

      осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджеттердің түсімдері мен шығыстары бойынша сомалардың толық жазылуы;

      осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес № 1 нысан бойынша Қазынашылық комитетінің балансы;

      осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес № 1-М нысан бойынша Жергілікті бюджеттің атқарылу балансы;

      осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес № 2 нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоттағы ақша қозғалысы туралы есеп;

      осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес № 3 нысан бойынша Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлері бойынша қарыздары туралы есеп;

      осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес № 5 нысан бойынша Мемлекеттік сыртқы қарыздар және байланысты гранттар бойынша есеп;

      осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің жұмсалуы жөніндегі ақпарат;

      осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің аккредитивтер сомаларын есепке алу үшін шоттарындағы қалдықтар туралы мәліметтер;

      осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес № 6 нысан бойынша шетел валютасы шоты бойынша операциялық күннің жабылуы туралы есеп;

      осы Қағидалардың 18-қосымшасына сәйкес № 2-М нысан бойынша жергілікті бюджеттің ақша қозғалысы туралы есеп;

      осы Қағидалардың 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Шетел валютасы түрлерi бойынша шоттардың толық жазылуы;

      осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазынашылықтын интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ҚБАЖ) операциялық күннің жабылуы туралы есеп;

      осы Қағидалардың 21-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық жобалар шегінде сыртқы қарыздар және байланысты гранттардың жұмсалуы жөніндегі ақпарат;

      осы Қағидалардың 23-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоттан Ұлттық банкіне орналастырылған уақытша бос бюджеттік қаражаттар (депозиттер) бойынша анықтаманы есепке алу;

      осы Қағидалардың 27-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттен берілген кредит бойынша ақпарат.";

      10-тармақтың сегізінші және тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазынашылық комитетінің балансы БҚШ, республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ, сыртқы қарыздар шотындағы, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастыру, нысаналы қаржыландыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Ұлттық қордың, ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ, Еуразиялық экономикалық одақтың шотындағы, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы, мемлекеттік сатып алу шоттарындағы, шетел валютасының шоттарындағы, соманы анықтауға дейінгі шоттардағы, есеп айырысулардағы ақша бойынша, ЖБ жетіспеушіліктері бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) салымдарына (депозиттеріне) орналастыру бойынша шоттардағы қалдықтарын көрсетеді.

      Жергілікті бюджеттерін атқарылу балансы тиісті жергілікті бюджеттердің ҚБШ, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың тиісті ҚБШ, ЖБ жетіспеушіліктері бойынша, Ұлттық Банк салымдарына (депозиттеріне) орналастыру бойынша шоттардағы, сыртқы қарыздар бойынша шоттағы және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы, мемлекеттік сатып алу шоттарындағы, жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ ақшаның қалдықтарын көрсетеді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. 3 "Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және ұлттық валютадағы басқа шоттар" шотында ұлттық валютадағы республикалық және жергілікті бюджеттер ҚБШ, сыртқы қарыздар бойынша шоттарда, ақылы қызметтердің қайырымдылық көмек, ақшаларды уақытша орналастыру, Ұлттық қор, ӘМСҚ трансферттердің, нысаналы қаржыландыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарыз немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ, анықтағанға дейінгі сомалар шотында, Еуразиялық экономикалық одақ, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi шоттарында, мемлекеттік сатып алу шоттарында ақша қозғалысы есепке алынады, сондай-ақ Ұлттық банктегі салымдарға (депозиттерге) жергілікті бюджеттердің тартылған ақшалары есепке алынады.

      3-шот мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:

      300 "РБ ҚБШ";

      301 "ЖБ ҚБШ";

      302 "Сыртқы қарыздар бойынша шот";

      303 "Еуразиялық экономикалық одақтың шоты";

      304 "РБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты";

      305 "ЖБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты";

      306 "Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ";

      307 "Сыртқы қарыз немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ";

      308 "Мемлекеттік сатып алу шоты"

      309 "ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ";

      310 "РБ ақылы қызметтерінің ҚБШ";

      311 "ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ";

      320 "РБ қайырымдылық көмектің ҚБШ";

      321 "ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ";

      330 "РБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ";

      331 "ЖБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ";

      340 "Ұлттық қордың ҚБШ";

      350 "Нысаналы қаржыландыру ҚБШ";

      360 "Соманы анықтауға дейінгі шот";

      380 "ЖБ ҚБШ қаражатты тартуға арналған шот";

      390 "Түсімдердің жинақтау шоттары".";

      27-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-2. 303 "Еуразиялық экономикалық одақтың шоты" қосалқы шотта Еуразиялық экономикалық одақтың шоты бойынша ақша қозғалыстары есепке алынады.

      Еуразиялық экономикалық одақтың шотында ақшалар түсімі 303 қосалқы шоттың дебеті және 390 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың шотында қаражаттын жұмсауы 500 қосалқы шоттың дебеті және 303 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 27-8-тармақпен толықтырылсын:

      "27-8. 309 "ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ" қосалқы шотта ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ бойынша ақша қозғалыстары есепке алынады.

      ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ ақшалар түсімі 309 қосалқы шоттың дебеті және 600 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

      ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ қаражаттын жұмсауы 500 қосалқы шоттың дебеті және 309 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.";

      48-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Қазынашылық комитеті 500 "Шығыстарды жүргізу" қосалқы шотында республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ-дан, ақылы қызметтер, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарыз немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың, Ұлттық қордың, ӘМСҚ трансферттердің, нысаналы қаржыландыру ҚБШ-нан, Еуразиялық экономикалық одақтың шотынан, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоттарынан және мемлекеттік сатып алу шоттарынан жүргізілген шығыстарды есепке алады.";

      52-1-тармақта:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-1. 6 "Түсiмдер" шотында республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң ҚБШ-дағы, сыртқы қарыздар бойынша шоттардағы, ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Ұлттық қор, ӘМСҚ трансферттердің, нысаналы қаржыландыру, Еуразиялық экономикалық одақтың ҚБШ-дағы, анықталғанға дейiнгi сомалар және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоттарындағы және мемлекеттік сатып алу шоттарындағы түсiмдер бойынша операциялар есепке алынады.";

      үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "600 "Түсiмдердi есепке алу" қосалқы шотында Қазынашылық комитетi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң ҚБШ-дағы, ақылы қызметтер қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, өзін-өзі басқару, сыртқы қарыз немесе байланысты грантты, Ұлттық қор, ӘМСҚ трансферттердің, нысаналы қаржыландыру, Еуразиялық экономикалық одақтың ҚБШ-дағы, анықталғанға дейiнгi сомалар және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоттарындағы сектор субъектiлерiнің шоттарындағы және мемлекеттік сатып алу шоттарындағы түсiмдер есепке алынады.";

      мынадай мазмұндағы 65-тармақпен толықтырылсын:

      "65. Бюджеттік есепке алуды жүргізуді халық саны екі мың адамнан асатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары осы Қағидаларға сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, халық саны екі мың және одан аз адам болатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырады.";

      көрсетілген Қағидаларға 8, 10, 20, 21, 24 және 25-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес 27-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 277 бұйрығына
1-қосымша
Бюджеттік есепке алуды
жүргізу қағидаларына
8-қосымша
№ 1 нысан

      ___________________________

      (уәкілетті органның атауы)

Қазынашылық комитетінің балансы
20___ жылғы "__" __________

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Актив

Жолдың коды

Есепті жылдың басындағы

Есепті күнге

1

2

3

4

I. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және ұлттық валютадағы басқа шоттар




РБ ҚБШ (300)

1



ЖБ ҚБШ (301)

2



Сыртқы қарыздар бойынша шот (302)

3



Еуразиялық экономикалық одақтың шоты (303)

4



РБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты (304)

5



ЖБ квазимемлекеттiк секторы субъектiлерiнің шоты (305)

6



Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ (306)

7



Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ (307)

8



Мемлекеттік сатып алу шоты (308)

9



ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ (309)

10



РБ ақылы қызметтерінің ҚБШ (310)

11



ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ (311)

12



РБ қайырымдылық көмектің ҚБШ (320)

13



ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ (321)

14



РБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ (330)

15



ЖБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ (331)

16



Ұлттық қордың ҚБШ (340)

17



Нысаналы қаржыландыру ҚБШ (350)

18



Соманы анықтауға дейінгі шот (360)

19



ЖБ ҚБШ қаражатты тартуға арналған шот (380)

20



Түсімдердің жинақтау шоттары (390)

21



II. Шетел валютасындағы шоттар




Мемлекет меншігіне түсетін түсімдер шоты (400)

22



Аумақтық қазынашылық органдарының шоты (410)

23



ЕАЭО туралы шарт шеңберіндегі түсімдер шоты (420)

24



Шетел валютасындағы басқа да шоттар (430)

25



Сыртқы қарыз немесе байланысты грант шоты (440)

26



III. Есеп




Шығыстарды жүргізу (500)

27



Сыртқы қарыздар бойынша шығыстарды жүргізу (510)

28



ЖБ қаражатын орналастыру жөніндегі есеп (520)

29



ЖБ жетіспеушіліктері бойынша есеп (530)

30



Баланс

31



Пассив

Жолдың коды

Есепті жылдың басындағы

Есепті күнге

1

2

3

4

I. Ақшалай қаражаттар




Бірыңғай қазынашылық шот (100)

32



Есеп айырысудағы ақша (110)

33



Шетел валюталарының түрлері бойынша корреспонденттік шоттар (120)

34



II. ҚР Ұлттық банкінде орналастырылған қаражат




БҚШ орналастырған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер) (210)

35



ЖБ ҚБШ орналастырған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер) (220)

36



III. Түсімдер




Түсімдерді есепке алу (600)

37



Сыртқы қарыздар бойынша түсімдерді есепке алу (610)

38



IV. Нәтижелер




Бюджеттің атқарылу нәтижелері (900)

39



Сыртқы қарыздар бойынша атқарылу нәтижелері (910)

40



Баланс

41



Баланстан тыс шоттар




Бюджеттік кредиттер (013)

42



Бюджеттік кредиттер бойынша субъектілердің берешегі (014)

43



Мемлекеттік және мемлекет кепілдік
берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігі
бойынша міндеттемелер (015)

44



Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резерві (018)

45



Аккредитивтер (019)

46



      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы
      ______________ ___________________________
      (қолы)       (қолды таратып жазу)
      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның
      бюджеттік есепке алу бойынша құрылымдық бөлімшесінің басшысы
      ___________ _________________________
      (қолы)       (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 277 бұйрығына
2-қосымша
Бюджеттік есепкеалуды
жүргізу қағидаларына
10-қосымша
№ 2 нысан

Бірыңғай қазынашылық шоттағы ақша қозғалысы туралы есеп 20___ жылғы "__" __________

      ______________________________
      (уәкілетті органның атауы)
      Өлшем бірлігі: мың теңге


Жол коды

Сомасы

1

2

3

Жыл басындағы ақша қалдығы

100


Ақша түсімі - барлығы (201-215 жолдардың сомалары):

200


РБ ҚБШ

201


ЖБ ҚБШ

202


РБ, ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ

203


РБ, ЖБ қайырымдылық көмек ҚБШ

204


РБ, ЖБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ

205


Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ

206


РБ сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ

207


ҚР Ұлттық Банкінде орналастырылған қаражат

208


Ұлттық қордың ҚБШ

209


Нысаналы қаржыландыру ҚБШ

210


Еуразиялық экономикалық одақтың шоты

211


Анықтауға дейінгі сомалар шоты

212


РБ, ЖБ квазимемлекеттiк секторы субъектiлерiнің шоты

213


Мемлекеттік сатып алу шоты

214


ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ

215


Есеп айырысудағы ақша

300


ЖБ жетіспеушіліктері бойынша есеп айырысулар

400


Ақша шығысы - барлығы (501-515 жолдың сомалары):

500


РБ ҚБШ

501


ЖБ ҚБШ

502


РБ, ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ

503


РБ, ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ

504


РБ, ЖБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ

505


Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ

506


Сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар ҚБШ

507


ҚР Ұлттық Банкінде орналастырылған қаражат

508


Ұлттық қордың ҚБШ

509


Нысаналы қаржыландыру ҚБШ

510


Еуразиялық экономикалық одақтың шоты

511


Анықтауға дейінгі сомалар шоты

512


РБ, ЖБ квазимемлекеттiк секторы субъектiлерiнің шоты

513


Мемлекеттік сатып алу шоты

514


ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ

515


Есеп айырысудағы ақшалар

600


ЖБ жетіспеушіліктері бойынша есеп айырысулар

700


Кезеңнің сонындағы ақша қалдығы (100 жол+200 жол+300, 400 жолдар-500 жол-600, 700 жолдар)

800


      Бюджетті атқару жөніндегі
      уәкілетті органның басшысы ______________ ___________________________
      (қолы)       (қолды таратып жазу)
      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның
      бюджеттік есепке алу бойынша
      құрылымдық бөлімшесінің басшысы ___________ _________________________
      (қолы)       (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 277 бұйрығына
3-қосымша
Бюджеттік есепке алуды
жүргізу қағидаларына
20-қосымша
нысан

___________________________
(уәкілетті органның атауы)
Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде операциялық
күннің жабылуы туралы есеп
20___жылғы "____"______________

      Өлшем бірлігі: теңге, тиын

Атауы

Жыл басындағы қалдық

Кіре тін қалд ық

Сальдо

Барл ық түсім дер

Түсімдер

Қайтарулар

Тасымалдар

Барлық шығыстар

Шығыс тар

Қалпына келтіру

Тарту/қайтарулар

Ішкі банктік шот бойынша күн соңындағы БҚШ қалдығы

Сыртқы банктік шот бойынша күн соңындағы БҚШ қалдығы

Ішкі және сыртқы шоттар арасындағы ауытқулар

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

ҚБАЕО-ның банк көшірме жазбасы бойынша















2

Барлығы















3

РБ ҚБШ















4

ЖБ ҚБШ – жиыны















5

оның ішінде,
облыстар бойынша















6

РБ

Ақылы қызметтерінің ҚБШ















Қайырымдылық көмектің ҚБШ















Ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ















Нысаналы қаржыландыру ҚБШ















Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоты















Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ















ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ















7

ЖБ

Ақылы қызметтерінің ҚБШ















Қайырымдылық көмектің ҚБШ















Ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ















Квазимемлекеттiк
сектор субъектiлерiнiң шоты















Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ















8

Ұлттық қордың ҚБШ















9

ҚР Үкіметінің депозиттері















10

Уақытша бос бюджеттік ақшалар шоты















11

Есептердегі ақша















12

Анықтауға дейінгі сомалар шоты















13

Еуразиялық экономикалық одақтың шоты















14

Мемлекеттік сатып алу шоты















      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы

      ______________ ___________________________

      (қолы)                  (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 277 бұйрығына
4-қосымша
Бюджеттік есепке алуды
жүргізу қағидаларына
21-қосымша
нысан

      ____________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      Инвестициялық жобалар шеңберінде сыртқы қарыздар және байланысты гранттардың жұмсалуы бойынша ақпарат 20___жылғы __________ (айы)

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Бюджеттік сыныптама коды

Есепті қаржы жылына арналған түзетілген бюджет

Есепті кезеңге арналған жиынтық қаржыландыру жоспары

Шығыстар

Пайдаланылмаған қаражат қалдығы

Барлығы

арнаулы шот бойынша

тікелей төлемдер бойынша

есепті кезенде

жыл басынан бастап

есепті кезенде

жыл басынан бастап

есепті кезенде

жыл басынан бастап

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10































Жиыны










      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы

      ______________ ______________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 277 бұйрығына
5-қосымша
Бюджеттік есепке алуды
жүргізу қағидаларына
24-қосымша

Бюджеттік есепке алу шоттарының жоспары

Шоттар
нөмірі

Шоттар атауы

Қосалқы шоттар нөмірі

Қосалқы шоттар атауы

1

Ақшалай қаражат





100

Бірыңғай қазынашылық шот



110

Есеп айырысудағы ақшалар



120

Шетелдік валюталардың түрлері бойынша корреспонденттік шоттар

2

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған қаражат





210

БҚШ орналастырылған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер)



220

ЖБ ҚБШ орналастырылған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер)

3

Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және ұлттық валютадағы басқа да шоттар





300

РБ ҚБШ



301

ЖБ ҚБШ



302

Сыртқы қарыздар бойынша шот



303

Еуразиялық экономикалық одақтың шоты



304

РБ квазимемлекеттiк секторы субъектiлерiнің шоты



305

ЖБ квазимемлекеттiк секторы субъектiлерiнің шоты



306

Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ



307

Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ



308

Мемлекеттік сатып алу шоты



309

ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ



310

РБ ақылы қызметтерінің ҚБШ



311

ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ



320

РБ қайырымдылық көмек ҚБШ



321

ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ



330

РБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ



331

ЖБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ



340

Ұлттық қордың ҚШБ



350

Нысаналы қаржыландыру ҚБШ



360

Анықтауға дейінгі сомалар шоты



380

ЖБ ҚБШ қаражатты тартуға арналған шоттар



390

Түсімдердің жинақтау шоттары

4

Шетел валютасындағы шоттар





400

Мемлекет меншігіне түсетін түсімдер шоты



410

Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің шоты



420

ЕАЭО туралы шарт шеңберіндегі түсімдер шоты



430

Шетел валютасындағы басқа да шоттар



440

Сыртқы қарыз немесе байланысты грант шоты

5

Есеп айырысулар





500

Шығыстарды жүргізу



501

ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу



502

ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу



503

ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу



504

Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу



510

Сыртқы қарыздар бойынша шығыстарды жүргізу



520

ЖБ қаражатын орналастыру бойынша есеп айырысулар



530

ЖБ жетіспеушіліктері бойынша есеп айырысулар



540

Ішкі есеп айырысулар

6

Түсімдер





600

Түсімдерді есепке алу



601

ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ бойынша түсімдерді есепке алу



602

ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ бойынша түсімдерді есепке алу



603

ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша түсімдерді есепке алу



604

Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ-сына түсімдерді есепке алу



610

Сыртқы қарыздар бойынша түсімдерді есепке алу

9

Нәтежелер





900

Бюджеттің атқарылу нәтижесі



910

Сыртқы қарыздар бойынша атқарылу нәтижесі



911

ЖБ ақылы қызметтер бойынша атқарылу нәтижесі



921

ЖБ қайырымдылық көмек бойынша атқарылу нәтижесі (921)



931

ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру бойынша атқарылу нәтижесі



941

Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылу нәтижесі


Баланстан тыс шоттар





013

Бюджеттік кредиттер



014

Бюджеттік кредиттер бойынша субъектілердің берешегі



015

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша міндеттемелер



018

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резерві



019

Аккредитивтер

  ҚазақстанРеспубликасы
Қаржыминистрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 277 бұйрығына
6-қосымша
Бюджеттік есепке алуды
жүргізу қағидаларына
25-қосымша

Бірыңғай қазынашылық шотының негізгі операциялары мен сыртқы қарыздар бойынша қосалқы шоттардың корреспонденциясы

р/б

Операциялардың мазмұны

Қосалқы шоттардың
нөмірлері

дебет бойынша

кредит бойынша

1

2

3

4

1

Ұлттық валютадағы түсімдер

1.1

Жинақтау шотына арналған түсімдерді есепке алу

390

600

1.2

РБ, ЖБ, Ұлттық қордағы ҚБШ, анықтауға дейінгі сомалар шотына түсімдерді бөлу

300, 301, 340, 360

390

1.3

Сыртқы қарыздар бойынша шотқа түсімдері

302

610

1.4

Ақылы қызметтердің ҚБШ түсімдер

310, 311

600

1.5

Қайырымдылық көмектің ҚБШ түсімдер

320, 321

600

1.6

Ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ түсімдер

330, 331

600

1.7

Нысаналы қаржыландыру ҚБШ түсімдер

350

600

1.8

РБ ҚБШ-на түсімдер тасымалдары

300

600

1.9

РБ ҚБШ-нан түсімдер тасымалдары

600

300

1.10

Бюджеттен қайтарулар

390

300, 301

1.11

Анықтауға дейін сомалар шоттан түсімдерді ҚБШ арасында бөлу

300, 301, 340, 310, 311, 320, 321, 330, 331

360

1.12.

Еуразиялық экономикалық одақтың шотына түсімдер

303

390

1.13.

Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоттарына түсімдер

304, 305

600

1.14

Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ түсімдері

306

600

1.15

Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ

307

600

1.16

Мемлекеттік сатып алу шоттарына түсімдер

308

600

1.17

ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ түсімдер

309

600

2.

Ұлттық валютадағы шығыстар

2.1

РБ, ЖБ ҚБШ шығыстар

500

300, 301

2.2

Сыртқы қарыздар бойынша шоттар шығыстары

510

302

2.3

Еуразиялық экономикалық одақтың шоттың шығыстары

500

303

2.4

Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоттарынан шығыстар

500

304, 305

2.5

Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ-нан шығыстар

500

306

2.6

Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ-нан шығыстар

500

307

2.7

Ақылы қызметтердің ҚБШ-нан шығыстар

500

310, 311

2.8

Қайырымдылық көмектің ҚБШ-нан шығыстар

500

320, 321

2.9

Ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-нан шығыстар

500

330, 331

2.10

Ұлттық қордың ҚБШ-нан Үкіметтің Ұлттық Банктегі шотына аударылды

500

340

2.11

Бюджетке артық (қате) түскен соманы бюджеттен қайтару, оның ішінде Ұлттық қордан тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін бір жылдың ішінде республикалық бюджеттен Ұлттық қорға қайтару

390

300

2.12

Нысаналы қаржыландырудың ҚБШ-нан шығыстар

500

350

2.13

РБ, ЖБ ҚБШ кассалық шығыстарды қалпына келтіру

300,301

500

2.14

Мемлекеттік сатып алу шоттарынан шығыстар

500

308

2.15

ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ-нан шығыстар

500

309

3.

Операциялық күнді аяқтау

3.1

БҚШ бойынша шығыстарды жүргізу

100

500

3.2

БҚШ бойынша түсімдерді жүргізу

600

100

4.

Депозиттерге орналастыру

4.1

БҚШ-нан депозитке орналастыру

100

210

4.2

ЖБ уақытша бос қаражатын депозитке орналастыру

4.2.1

ЖБ-тен уақытша бос қаражатты транзиттік шотқа тарту

380

301

4.2.2

Ұлттық Банктегі депозитке транзиттік шоттан тартылған қаражатты аудару бойынша есептер

520

380

4.2.3

Ұлттық Банктегі депозитке БҚШ-нан қаражатты есепке алу

100

220

5.

Шетел валютасындағы операциялар

5.1

Шетел валютасының түсімі

400, 410, 420, 430, 440

120

5.2

Оң бағамдық айырма есептелді

400, 410, 420, 430, 440

120

5.3

Терiс бағамдық айырма есептелді

120

400, 410, 420, 430, 440

5.4

Шетел валютасын аудару (аудару, қайта
айырбастау, қолма-қол шетел валютасын беру)

120

400, 410, 420, 430, 440

6

Сыртқы қарыздар бойынша жылдың жабылуы

6.1

Жылдың аяғында есептен шығару



6.1.1

қаржы жылындағы түсімдер

610

910

6.1.2

қаржы жылындағы шығыстар

910

510

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 277 бұйрығына
7-қосымша
Бюджеттік есепке алуды
жүргізу қағидаларына
27-қосымша
нысан

      ____________________________

      (уәкілетті органның атауы)

20___жылғы "____"__________
(айы) _________________
бюджеттен берілген кредиттер бойынша ақпарат

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Кредит атауы

Кредит сомасы

Кредитті өтеу мерзімі

20__ж. 1 қаңтарға негізгі борыш қалдығы

Есепті кезеңде игерілгені

Есепті кезеңде өтелгені

20__ж. 1 қаңтарға негізгі борыш қалдығы

Ескертпе

А

В

1

2

3

4

5

6

7



















      Басшы:_________________ __________________________

      (қолы)             (қолды таратып жазу)