Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 215 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 наурызда № 16473 болып тіркелді.

      2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 165-бабының 6-тармағына және 171-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау қағидалары;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары бекітілсін.
      2. "Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік транзитінің және оларды уақытша сақтаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 249 бұйрығының (2015 жылғы 28 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10884 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 215 бұйрығына
1-қосымша

Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 165-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Кодекске сәйкес қолданылады.

2-тарау. Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау тәртібі

      3. Тасымалдаушы, тауарға қатысты өкілеттігі бар өзге адамдар болмаса олардың өкілдері тауардың уақытша сақтау орнына орналастырылғанын растайтын құжаттарды бергенге дейін тауарларды және (немесе) көлік құралдарын уақытша сақтау орындарына орналастыра тұрады.
      4. Тасымалдаушы, тауарға қатысты өкілеттігі бар өзге адамдар немесе олардың өкілдері тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін мемлекеттік кіріс органдарына тауар туралы, тауарды жөнелтуші (алушы) туралы, тауар жөнелтілетін ел (межеленген) туралы мәліметтер бар көліктік (тасымал), коммерциялық және (немесе) кедендік құжаттарды ұсынады.
      Мұндай құжаттар мемлекеттік кіріс органдарына, Еуразиялық экономикалық одақ және (немесе) Қазақстан Республикасы кедендік заңнамада алдын-ала қарастырылған жағдайда, электронды түрде немесе қағаздық жеткізу түрінде ұсынылады.
      5. Өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органдары көліктік (тасымал) және коммерциялық құжаттың екі данада расталған көшірмесін қабылдайды, ал межелі пункті мемлекеттік кірістер органдары транзиттік декларацияны қабылдайды.
      Тауарлар теміржол көлігімен жеткізілген жағдайда, өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органдары бір үлгідегі теміржол жүкқұжатын, сонымен бірге теміржол жүкқұжатының екі данада расталған көшірмесі мен коммерциялық құжатты қабылдайды, ал межелі пункті мемлекеттік кірістер органдары транзиттік декларацияны қабылдайды.
      Экспресс-жүктер әуе көлігімен келген жағдайда, экспресс-тасымалдаушы өткізу пунктте орналасқан мемлекеттік кірістер органдарына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімінің 3 данасын табыс етеді, онда бір әуежүкқұжаты бойынша келіп түскен барлық экспресс-жүктер туралы ақпарат көрсетілген.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.02.2020 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Тауарлардың уақытша сақтау орындарына орналастырылғанын растау үшін мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын құжаттар мыналарды:
      кедендік транзит кедендік рәсімдерінің аяқталғаны туралы белгілерді;
      уақытша сақтау орынның атауын және уақытша сақтау орынның есептік нөмірін қамтиды.
      Уақытша сақтау орнына орналастырылған тауардың есептік нөмірі мына сызба бойынша қалыптастырылады:
      112233/444444,
      мұнда:
      11 және 22 – тиісінше тіркеу күні мен айы;
      33 – ағымдағы жылдың соңғы екі цифры;
      444444 – уақытша сақтау орнына орналастырылған тауарларды есепке алу кітабы бойынша реттік нөмірі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.02.2020 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Кодекстің 165-бабына сәйкес орындарда тауарларды уақытша сақтаған жағдайларда ұсынылған құжаттарда сақтау орнының мекенжайы мен уақытша сақтауға орналастырылған күні көрсетіледі.
      Тауарлар мен көлік құралдары Кодекстің 170-бабына сәйкес уақытша сақтау орындарына орналастырылған кезде қосымша:
      тауарға қатысты өкілеттіктерге ие адамның ерікті нысандағы жазбаша өтініші;
      кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжат;
      тауарларды және көлік құралдарын Кодекстің 170-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген уақытша сақтау орындарына орналастырған кезде, өзге де уақытша сақтау орны орналасқан аумақ алушыға меншік құқығында тиесілі екендігін немесе жалға алу құқығында оны пайдаланатындығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      тауарларды және көлік құралдарын Кодекстің 170-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген уақытша сақтау орындарына орналастырған кезде, өзге де уақытша сақтау орны орналасқан теміржол учаскесі тауарға қатысты өкілеттіктерге ие адамның меншігі болып табылатындығын не көрсетілген адам жалға алу құқығында пайдаланатындығын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.02.2020 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Ұсынылған құжаттар мен олардың көшірмелерінің бірінші беттерінің бос орындарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органы жауапты лауазымды адамының қолымен және жеке нөмірлі мөрінің бедерімен куәландырылатын тіркеу нөмірі, уақытша сақтау орны, тіркеу күні мен уақыты, уақытша сақтау мерзімінің аяқталу күні туралы мәліметтерді қамтитын тауарларды уақытша сақтауға орналастыру туралы құжаттардың тіркелуін растайтын мөртаңба (бұдан әрі – мөртаңба) қою тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растау болып табылады.
      Теміржол жүкқұжатын барлық беттерінің, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың және олардың көшірмелерінің бірінші беттерінің бос орындарына мөртаңба қою теміржол көлігімен келіп жеткен тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растау болып табылады.
      Тауардың уақытша сақтау орнына нақты орналастырылғанын тексеру, тәуекелдік басқару жүйесінің ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.02.2020 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органында тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттардың тіркелгенін растау туралы белгілері бар көлік (тасымал) және коммерциялық құжаттар көшірмелерінің бір данасы тасымалдаушыға немесе тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де адамдарға немесе олардың өкілдеріне, ал мемлекеттік кірістер органының тіркеу туралы белгісі бар көшірменің екінші данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, ал межелі мемлекеттік кірістер органында мұндай растау мемлекеттік кірістер органының тасымалдаушыға немесе тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де адамдарға немесе олардың өкілдеріне берілетін тіркеу туралы белгілері бар транзиттік декларация болып табылады.
      Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттардың тіркелуін растау туралы белгісі бар Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімінің даналары, мынадай түрде бөлінеді:
      бір данасы уақытша сақтау қоймасының иесіне;
      бір данасы экспресс-тасымалдаушыға;
      бір данасы тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органына.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.02.2020 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Тауарларды уақытша сақтау
орындарына орналастыруды
растау қағидаларына
1-қосымша
  нысан

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.02.2020 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру туралы құжаттардың тіркелуін растайтын мөртаңбаның нысаны

Мемлекетік кірістер органының коды
________________________________________________________
(Мемлекетік органның атауы)
"ТАУАР УАҚЫТША САҚТАУҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ"
 Тауарды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттардың тіркеу № ________________________________________________________
Уақытша сақтау орны ________________________________________________________________________________________________________________
Сақтау мерзімінің аяқталған күні
20__ж. "__"_______________

      Ескертпе: мөртаңбаның ұсынылатын мөлшері – 60 мм х 90 мм

  Тауарларды уақытша сақтау
орындарына орналастыруды
растау қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімі

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.02.2020 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Қойманың тіркеу нөмірі ___________________________________________________
      Экспресс-тасымалдаушының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________

Кіріс


Орналас тыру күні

Жалпы жүкқұжатының нөмірі

Жеке жүкқұжатының нөмірі

Жеке жүкқұжат бойынша жөнелтуші

Жеке жүкқұжат бойынша алушы

Жеке жүкқұжат бойынша тауардың атауы

1

2

3

4

5

6

7

      Кестенің жалғасы

Кіріс

Шығыс

Ескертпе

Орындар дың саны

Брутто салмағы (килограммен)

Кедендік декларацияның нөмірі

Қоймадан берілген күні

8

9

10

11

12

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 215 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 171-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Кодекске сәйкес қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі

      3. Мемлекеттік кірістер органының жауапты лауазымды адамы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжатты, уақытша сақтаудағы болатың тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналын (бұдан әрі – журнал) тіркеуді жүргізеді.
      4. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттардың тіркеу нөмірі мына сызба бойынша қалыптастырылады:
      11111/223344/555555,
      мұнда:
      11111 – тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжатты тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды;
      22 және 33 – тиісінше тіркелген күні мен айы;
      44 – ағымдағы жылдың соңғы екі цифры;
      555555 – тіркеу журналы бойынша реттік нөмірі.
      5. Ұсынылған құжаттар мен көшірмелерінің бірінші беттерінің бос орындарына тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау бойынша осы Қағидаларға қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кіріс органы жауапты лауазымды адамының қолымен және жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәландырылатын тіркеу нөмірі, уақытша сақтау орны, тіркеу күні мен уақыты, уақытша сақтау мерзімінің аяқталу күні туралы мәліметтерді қамтитын тауарларды уақытша сақтауға орналастыру туралы құжаттардың тіркелгенін растайтын мөртаңба қою тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтаудың тіркеуге алынғанын растау болып табылады.
      6. Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімі бойынша тіркелетін экспресс-жүктерге қатысты Уақытша сақтауда тұрған тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналын толтыру, мынадай ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады:
      4-бағанада экспресс-тасымалдаушының атауы көрсетіледі;
      6-бағанада экспресс-жүк атауы көрсетіледі;
      7-бағанада Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімі бойынша орындардың жалпы саны көрсетіледі;
      8-бағанада Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімі бойынша экспресс-жүктердің жалпы брутто салмағы (килограмм) көрсетіледі;
      13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-бағаналар толтырылмайды;
      20-бағанада Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімі бойынша соңғы экспресс-жүк шығарылған күні көрсетіледі;
      қалған бағаналар бағананың атауына сәйкес ақпаратпен толтырылады.
      Ескерту. 6-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.02.2020 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Тауарларды уақытша сақтау
орындарына орналастыруды
растау, тауарларды уақытша
сақтауға орналастыруды
растайтын құжаттарды қабылдау
және тіркеу қағидаларына
қосымша
  нысан

Уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналы


р/р
Уақытша сақтауға орналастырылған күні
Орналастырылды
Транзиттік декларация немесе халықаралық жол тасымалдау кітапшасының нөмірі (халықаралық жол тасымалдау Конвенциясына сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде)
Уақытша сақтауға тауарлар мен көлік құралдарын орналастыратын тұлға тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде)
Көлік құралының (тіркеменің) мемлекеттік тіркеу нөмірі
Тауарлардың аттары
Орын саны
Тауар салмағы брутто (килограмм), көлік (тасымал) құжаты бойынша өлшенген (жеткізілген) қосымша бірлік көлемі
Уақытша сақтау орнының атауы, тізілім бойынша нөмірі
Уақытша сақтау орнын есепке алу журналы бойынша тіркеу нөмірі
Уақытша сақтау мерзімі
Мемлекеттік кіріс органы лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) тұлғасының қолы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12

      кестенің жалғасы:

Шығарылды
Қалдық (болған жағдайда)
Ескертпе
Тауарларға декларация немесе транзиттік декларацияның нөмірі
Тауарларға декларация немесе транзиттік декларацияның ресімделген күні
Орын саны
Тауар салмағы брутто (килограмм), көлік (тасымал) құжаты бойынша өлшенген (жеткізілген) қосымша бірлік өлшемі
Мемлекеттік кіріс органы лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) тұлғасының қолы
Орын саны
Тауар салмағы брутто (килограмм), көлік (тасымал) құжаты бойынша өлшенген (жеткізілген) қосымша бірлік өлшемі
 
13
14
15
16
17
18
19
20