"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 80-бабының 3-тармағына және 79-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кедендік алымдардың салуынан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 179 бұйрығымен бекітілген |
Кедендік алымдардың салуынан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидасы 1-Тарау. Жалпы ережелер
1. Осы кедендік алымдардың салуынан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 80-бабының 3-тармағына және 79-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және тауарлардың кедендік декларациялауында кедендік алымдардың салуынан босату үшін құжаттарды ұсыну тәртібін айқындайды.
2-Тарау. Тауарлардың кедендік декларациялауында кедендік алымдардың салуынан босату үшін құжаттарды ұсыну тәртібі
2. Берілген құжаттар тәуекелдерді басқару жүйесімен сұратылған жағдайларды қоспағанда, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген кедендік алымдары төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттарды мемлекеттік кірісте органына ұсынумен бірге жүрмейді.
3. Акцизделетiн тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін тауарлар, тауарлардың кедендік декларациялауында кедендік алымдары төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар:
Тауарды жөнелтішінің, гуманитарлық көмек ретiнде бағытталған тауарларды растайтын құжат (соның ішінде шет тілінде жасалған растамасы) немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген консулдық мекемелердің әкелінетін тауардың гуманитарлық көмек ретiнде өтеусіз негізде берілетін мақсатыны көрсетету тауарды әкелу туралы;
гуманитарлық көмек ретiнде тауарлар әкелу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасның халықаралық шартынаң көшірмесі болып табылады;
4. Акцизделетiн тауарларды қоспағанда, техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттердің үкiметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық көмек мақсаттарында Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелiнетiн (медициналық мақсаттарға арнайы арналған жеңіл автомобильдерден басқа) тауарлар, тауарлардың кедендік декларациялауында кедендік алымдары төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар;
Тауарды жөнелтішінің, тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын растайтын құжат немес дипломатиялық немесе оларға теңестірілген консулдық мекемелердің әкелінетін тауардың қайырымдылық көмек ретiнде өтеусіз негізде берілетін мақсатыны көрсетету тауарды әкелу туралы;
өтеусіз негізде тауарлар әкелу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасның халықаралық шартынаң көшірмесі болып табылады;
5. Шетелдiк дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, оған қоса олармен бірге тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелерiнің жеке пайдалануы үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес босатылатын тауарлар, тауарлардың кедендік декларациялауында кедендік алымдары төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын, тауарларды әкелудің/әкетудің мақсатын және оларды алушы туралы ақпараттың міндетті түрде болуымен тауарға ілеспе құжаттар немес консулдық мекемелермен тауарларды әкелудің/әкетудің мақсатынмен тауарды әкелу/әкету туралы құжаттар болып табылады;
6. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген гранттардың қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелінгенде, тауарлардың кедендік декларациялауында кедендік алымдары төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар болып;
Тауарды жөнелтішінің, мемлекеттердің үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша грант қаражаты есебінен бағытталған тауарлардың растайтын құжат немес дипломатиялық немесе оларға теңестірілген консулдық мекемелердің әкелінетін тауардың грант қаражаты есебінен өтеусіз негізде берілетін мақсатыны көрсетету тауарды әкелу туралы;
өтеусіз негізде тауарлар әкелу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасның халықаралық шартынаң көшірмесі болып табылады;
7. Кодекстің 80-бабының 1-тармағының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында тізбектелген, тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілгенде, тауарлардың кедендік декларациялауында кедендік алымдары төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын қажет етілмейді.