Ескерту. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 08.02.2022 № 1-НҚ және ҚР Қаржы министрінің 08.02.2022 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен нормативтік қаулысымен.
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Мақсаттар мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 706 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 540 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14781 тіркелді, 2017 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
бірлескен бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау бойынша әдістемені бекіту туралы";
бірлескен бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау бойынша әдістеме бекітілсін.";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мақсаттар мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістеме осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика миністрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасының |
Қаржы министрі | Ұлттық экономика министрінің |
міндетін атқарушы | |
__________Б. Сұлтанов | ___________С. Жұманғарин |
Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістеме 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін (бұдан әрі – Бағалау жүйесі) іске асыру мақсатында әзірленген.
2. Әдістеме мемлекеттік органдардың қадағаланатын саланы/аяны/өңірді дамыту, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану бойынша қабылдайтын шараларының тиімділігін айқындауға арналған.
3. Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау (бұдан әрі – тиімділікті бағалау) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бекітетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу кестесіне (бұдан әрі – Бағалау кестесі) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Тиімділікті бағалауды мынадай мемлекеттік органдар (бұдан әрі – бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар) жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдар тиімділігін бағалау;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі – мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың тиімділігін бағалау;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган) – жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік деректерін қайта тексеру; Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) – орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттарына қол жеткізу тиімділігін бағалау.
Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігіне бағалау, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттарына қол жеткізу тиімділігіне бағалау жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органда Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жөніндегі комиссияның кіші тобы болып табылатын жұмыс тобы құрылады. Жұмыс тобының құрамы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігіне бағалау жүргізу үшін, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік деректерін қайта тексеру үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органда Жыл сайынғы бағалау жөніндегі комиссияның кіші тобы болып табылатын жұмыс тобы (бұдан әрі – Бюджетті атқару жөніндегі жұмыс тобы) құрылады. Жұмыс тобының құрамы бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
2-тарау. Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалауға арналған ақпарат көздері
5. Тиімділікті бағалау мыналардың:
орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;
жергілікті атқарушы органдардың аумақтарды дамыту бағдарламалары;
стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептер;
бюджеттік бағдарламалар;
бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер;
Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың орталық мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларымен өзара байланысы туралы ақпарат;
жергілікті атқарушы органдар үшін базалық көрсеткіштер тізбесі негізінде аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есептер;
Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағаланатын бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізу туралы ақпарат;
сараптамалық пікіртерім нәтижелері;
бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның бағаланатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бюджетті атқаруы туралы статистикалық есебі;
статистикалық және ведомстволық деректер;
халықаралық рейтингілер;
басқа да дереккөздер (бар болған жағдайда) негізінде жүзеге асырылады.
6. Тиімділікке бағалау жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдар 20 ақпаннан кешіктірмей Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбаны және бағаланатын бюджеттік даму бағдарламалардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізу туралы ақпаратты, сондай-ақ Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудит нәтижелері және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының ұйғарымдары мен қаулыларының орындалуы туралы ақпаратты бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Бағаланатын бюджеттік даму бағдарламаларының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу туралы түсіндірме жазбада жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттері бойынша алынған қаражат туралы жиынтық ақпарат және әрбір мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде (жоспар және факт: білім беру, денсаулық, әлеуметтік маңызы бар, шаршы метр тұрғын үй, жолдар, жылу-, су-, газ-, электр мен жабдықтау және т.б. объектілер салынды, жөнделді) қол жеткізілген нәтижелер көрсетіледі.
7. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратына оның анықтығы тұрғысынан қайта тексеру жүргізеді.
8. Деректердің анықтығы статистикалық және ведомстволық деректермен, халықаралық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерімен, сондай-ақ салалық орталық мемлекеттік органдардың деректерімен расталады.
3-тарау. Бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратындағы деректерді қайта тексеру
9. Бағалау жүйесінің 41-тармағына сәйкес бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратындағы деректерді қайта тексеруді (бұдан әрі – қайта тексеру) жүзеге асырады. Бұл ретте қайта тексеруге жататын бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындалады.
10. Қайта тексеру бағаланатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды/аумақтарды дамыту бағдарламаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша ақпараттың анықтығын айқындау тұрғысынан жүргізіледі.
11. Есептік ақпаратты қайта тексеру растау құжаттарын (ведомстволық есептер, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер актілері, хаттамалар, хаттар және басқа растау құжаттары) жинау және талдау, сондай-ақ бағаланатын мемлекеттік органдарға шығу жолымен жүзеге асырылады.
12. Жыл сайын 1 сәуірге дейін қайта тексеру рәсімі бағаланатын мемлекеттік органдардан Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – 4-қосымша) растау құжаттарын жинақтаудан, есептік ақпаратқа салыстыру жүргізуден, Есептік ақпаратта бар деректерді қайта тексеру қорытындылары бойынша салыстыру актісін (бұдан әрі – Салыстыру актісі) жасаудан тұрады.
13. Қайта тексеру шеңберінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар құпиялық белгісі, сондай-ақ, "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттарды қоспағанда, растау құжаттарының электрондық көшірмелерін алады.
14. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалар нәтижелеріне қол жеткізу көрсеткіштерін қайта тексеру нәтижелері бойынша Салыстыру актісін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын 10 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынады.
4-тарау. Стратегиялық жоспардың, аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау
15. Тиімділікті бағалау стратегиялық жоспардың/аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу деңгейін және бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігін айқындау арқылы жүзеге асырылады.
16. Орталық мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау келесі критерийлер бойынша іске асырылады:
1) стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізу;
2) стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізудегі бюджеттік бағдарламаларды орындау тиімділігі;
3) стратегиялық жоспардың мақсаттары бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысы.
Жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін бағалау келесі критерийлер бойынша іске асырылады:
1) аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттарына қол жеткізу;
2) бағаланатын кезеңде мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының бюджеттік даму бағдарламаларын тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге де заңнаманың бұзылуларының болмауы (жергілікті атқарушы органдар үшін);
3) бюджеттік даму бағдарламаларының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу (жергілікті атқарушы органдар үшін);
4) бюджеттік даму бағдарламасын орындау тиімділігі (жергілікті атқарушы органдар үшін).
17. Орталық мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау мынадай формула бойынша есептеледі: мұндағы:
RОМО– орталық мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламалар мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін қорытынды бағалау;
Rἰ – мақсатқа қол жеткізуде стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу коэффициенті;
n – стратегиялық жоспар мақсаттарының саны;
W – айыппұл балдары.
Орталық мемлекеттік органдардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалары көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың қорытынды балы үтірден кейін екі белгіге дейін математикалық дөңгелектеуді ескере отырып қалыптастырылады.
18. Мақсаттарға қол жеткізуде стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізуді есептеудің формуласы:
мұнда:
Aἰ – стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізу коэффициенті;
Bἰ – стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізуде бюджеттік бағдарламаларды орындау тиімділігінің коэффициенті;
Cἰ – әрбiр бюджет бағдарламасының тікелей нәтижелердің көрсеткіштерінің мақсатына қол жеткізе өзара байланыс коэффициенті.
19.Aἰ – "Стратегиялық жоспар мақсатына қол жеткізу" өлшемшартын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
hj – стратегиялық жоспардың тиісті мақсатына қол жеткізуде көзделген әрбір нысаналы индикаторға қол жеткізу коэффициенті;
m – стратегиялық жоспардың тиісті мақсатына қол жеткізу үшін көзделген нысаналы индикаторлар саны;
Нысаналы индикатор динамикасының сипаты оң болған жағдайда, стратегиялық жоспардың тиісті мақсатына қол жеткізу үшін көзделген әрбір нысаналы индикаторға қол жеткізу коэффициенті жоспарланған мәнінің іс жүзіндегі орындалуына қатынасы арқылы есептеледі. Нысаналы индикатор динамикасының сипаты теріс болған жағдайда, стратегиялық жоспардың тиісті мақсатына қол жеткізуде көзделген әрбір нысаналы индикаторға қол жеткізу коэффициенті жоспарланған мәннің іс жүзіндегі орындалуына қатынасы арқылы есептеледі.
Бұл ретте:
егер hj
1, онда hj = 1,егер hj
1, онда hj = фактінің жоспарлы мәнге арақатынасы/жоспарланған мәннің нақты орындауға қатынасы;егер hj
0, онда hj = 0.Халықаралық экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі – ХЭФ БҚИ), Doing Business Дүниежүзілік Банк және басқа рейтингтер сияқты халықаралық рейтинг индикаторлар бойынша hj мәні мынадай мәнде анықталады.
Егер жоспарланған орынға қол жеткізілсе немесе жоспарға қарағанда одан жақсырақ болса, онда hj = 1. Мысалы, индикатордың ағымдағы жылға арналған жоспары 50, факт 49 болса, онда hj = 1. Бұл жағдайда, егер жоспарланған орынға қол жеткізілмесе, ал алдыңғы кезеңмен салыстырғанда позициясы жақсартылған болса, онда hj = 0.5.
Мысалы, жоспар 50-орын, факт 51-орын, өткен кезеңнің фактісі 52 орын болса, онда hj = 0,5.
Егер индикатор бойынша динамика болмаса, факт өткен кезеңнің фактісіне сәйкес келсе (орын сақталған), онда hj = 0,25 Мысалы, өткен кезеңнің фактісі 50-орын, ал ағымдағы факт 50-орын болса, онда hj = 0,25.
Егер индикатор бойынша динамика теріс болса (рейтингте төмендеу), онда hj = 0. Мысалы, жоспар 50 - орын, факт 51 - орын, өткен кезеңнің фактісі де 51-орын болса, онда hj = 0.
ЖБИ ДЭФ индикаторлары: "Саясаткерлерге қоғамдық сенім", "Шенеуніктердің шешімдерінде фаворитизм", "Мемлекеттік секторда шешімдер қабылдау ашықтығы" индикаторлары мақсатты орындау деңгейін есептеуде пайдаланылмайды.
Стратегиялық жоспар мақсаттарына қол жеткізу коэффициентін есептеу кезінде мыналар ескеріледі:
Егер индикатордың 25% немесе одан көп (халықаралық рейтинг индикаторларын қоспағанда) артық орындалу фактісі болған жағдайда, индикатордың жоспарлы мәндерін төмендеу жағына түзету, алдыңғы жылдың фактісімен салыстырғанда, оң динамика болмаған жағдайда, hj нысаналы индикаторына қол жеткізу нәтижесі 0,9 коэффициентіне көбейтіледі. Нысаналы индикатордың жоспарлы мәнін түзету дегеніміз - стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларының жоспарланған мәнін төмендету фактілерінің болуы. Мемлекеттік органның қызметіне тәуелді емес факторларға байланысты іс-шаралар мен міндеттемелердің орындалмауы жағдайларын қоспағанда, тиісті қаржы жылының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерінің мақсатты мәндерін төмендетуге жол берілмейді. Нысаналы индикатордың іс жүзіндегі орындалу динамикасы – бұл мемлекеттік органның қызметіне тәуелді емес факторларға байланысты іс-шаралар мен міндеттемелердің орындалмауы жағдайларын қоспағанда, өткен кезеңдегі фактімен салыстырғанда стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларының іс жүзіндегі орындалуының нашарлауы;
есепті кезеңде жоспарлы мәні жоқ нысаналы индикатор стратегиялық жоспардың мақсатына қол жеткізу коэффициентін есептеуге алынбайды;
бағалау жүргізу кезінде ресми статистикалық деректер болмаған жағдайда соңғы 9 ай және одан көп деректер есепке алынады. Соңғы 9 ай және одан көп деректерді ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, нысаналы индикатор стратегиялық жоспардың мақсатына қол жеткізу коэффициентін есептеуге алынбайды.
20. параметрін есептеу "Стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізуде бюджеттік бағдарламаларды орындау тиімділігі" мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
rz – мақсаттарға қол жеткiзуде әрбiр бюджет бағдарламасының орындалу тиiмдiлiгі коэффициентi;
t – мақсаттарға қол жеткізуде бюджеттік бағдарламалар саны.
Мақсаттарға қол жеткiзуде әрбiр бюджеттiк бағдарламаның орындалу тиімділік коэффициентi (rz) бюджеттік бағдарламаның бюджет қаражатын игеру коэффицентіне тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзу коэффициенттерiнiң орташа арифметикалық мәнiн бөлу жолымен есептеледi.
Тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіші асыра орындалған жағдайда 100%-дан аспайтын мән көрсеткіші бойынша есепке алынады.
Бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражаттың игерілуі 90% - ды құрады Нәтижелерге қол жеткізу бойынша, Жоғары тиімділік коэффициенті орындау 0,9-ды құрайтын болады.
Мысалы, бағдарлама бойынша 84,5%, қаражат игерілді, 100% тиімділік коэффициенті бюджеттік бағдарламаны орындау бойынша 1,2 (100/84,5) нәтижелерге қол жеткізілді.
Басқа мысал: 75%, коэффициенті тиімділігін бюджеттік бағдарламаны орындау 1,2 (75/63) игеріліп, 63% нәтижелерге қол жеткізілді.
Осы жағдайларда мұндай бағдарламаларды орындаудың 0,9 тиімділік коэффициенті қолданылады Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуге қатысатын барлық бюджеттік бағдарламалар (субвенцияларды қоспағанда) бағалануы тиіс.
Трансферттер мен таратылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша трансферттерді жіберетін және таратылатын бюджеттік бағдарламаларды тарататын бюджеттік бағдарлама әкімшісінде соңғы нәтижелер көрсеткіштері бағаланады.
Таратылатын бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде тікелей нәтиже көрсеткіштері ғана бағаланады.
21. Өлшемшарт – "Стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламаның өзара байланысы" Әдістемедегі 1-қосымшаның стратегиялық жоспарына сәйкес есепті ақпаратты өзара байланысты бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына бағытталған дәрежесін анықтау.
Өлшемшарт A_i - B_i нәтижесінде арақатынасы анықталады.
егер = , онда = 1.
бұл жағдайда
, то =/, басқаша =.Мысалы,
егер = 0,85, = 0,95, онда = 0,85/0,95=0,89.
22. Орталық мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау кезінде сараптамалық пікіртерім нәтижелері қосымша талдамалық материалдар ретінде пайдаланылады.
23. Орталық мемлекеттік органның сараптамалық пікіртерімі тәуелсіз сарапшылардың стратегиялық жоспарды талдауы арқылы жүзеге асырылады. Талдау стратегиялық жоспардың әзірленген нысаналы индикаторларының сапасын анықтауға, олардың стратегиялық жоспардың ағымдағы жағдайын талдау кезінде анықталған проблемаларды шешуге бағдарлануын айқындауға бағытталған.
24. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) тиімділігін бағалау стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізу өлшемшарттары бойынша жүзеге асырылады.
25. ҚРҰБ стратегиялық жоспары мақсаттарының тиімділігін бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
Aἰ – стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізу коэффициенті;
W – айыппұл балдары.
26. Жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін бағалау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
RЖАО– жергілікті атқарушы органның мақсаттар мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін қорытынды бағалау;
D – аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу;
L – бағаланатын кезеңде мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының бюджеттік даму бағдарламаларын тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтарының болмауы;
Z– бюджеттік даму бағдарламасының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу;
G – бюджеттік даму бағдарламасын орындау тиімділігі;
W – айыппұл балдары.
27. Жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін "Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу" өлшемшарты бойынша бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
"Бағаланатын кезеңде мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының даму бағдарламаларын тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтарының болмауы", "Бюджеттік даму бағдарламасының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" және "Бюджеттік даму бағдарламасының орындалу тиімділігі" өлшемшарттары бойынша тиімділікті бағалауды бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
28. "Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу" өлшемшартын есептеу аумақты дамыту бағдарламасының тиісті бөлімінің негізінде мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
D – аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу коэффициенті;
hj – тиісті мақсатқа қол жеткізуде көзделген әрбір нысаналы индикаторға қол жеткізу коэффициенті;
m – тиісті мақсатқа қол жеткізуде көзделген нысаналы индикаторлардың жалпы саны.
Тиісті мақсатқа қол жеткізуде көзделген әрбір нысаналы индикаторға қол жеткізу коэффициенті нақты орындалудың жоспарлы мәнге қатынасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте:
егер hj
1, онда hj = 1,егер hj
1, онда hj = фактінің жоспарлы мәнге қатынасы;егер hj
0, онда hj = 0.Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу коэффициентін есептеу кезінде мыналар ескеріледі:
есепті кезеңде жоспарлы мәні жоқ нысаналы индикатор мақсатқа қол жеткізу коэффициентін есептеуге алынбайды;
бағалау жүргізу кезінде ресми статистикалық деректер болмаған жағдайда, соңғы 9 ай және одан көп деректер есепке алынады. Соңғы 9 ай және одан көп деректерді беру мүмкін болмаған жағдайда, нысаналы индикатор мақсатқа қол жеткізу коэффициентін есептеуге алынбайды.
29. "Бағаланатын кезеңде мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының даму бағдарламаларын тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтарының болмауы" өлшемшарты бойынша бағалау жүргізу кезінде мыналар көрсетіледі:
тексеріс жүргізген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы;
есепті кезеңді қамтыған тексерулер саны;
ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда, аудитпен қамтылған мемлекеттік органның және оның ведомствоға бағынысты мекемелерінің бюджет қаражатының жалпы көлемі;
есепті кезеңде бюджеттік және өзге заңнаманың анықталған бұзушылықтары, оның ішінде:
қаржылық бұзушылықтар;
процедуралық сипаттағы бұзушылықтар;
бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамасының бұзушылығы;
мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылығы.
Аудит объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігі, қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың анықтығы, негізділігі мен уақтылылығы және мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысында тікелей нәтижелерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан жүргізілген мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың тиісті органдары аудитінің материалдары, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудитінің нәтижелері бойынша қабылданған құжаттарға сот шешімдері ақпарат көздері болып табылады.
Өлшемшарттар мен көрсеткіштер балдары Әдістемеге 5-қосымшаға (бұдан әрі – 5-қосымша) сәйкес қойылады.
30. "Бюджеттік даму бағдарламасының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" өлшемшарты бойынша балл "Бюджеттік даму бағдарламасының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" және "Бюджеттік бағдарламалар нәтижелілігі көрсеткіштерін жоспарлау сапасы" деген екі көрсеткіш бойынша айқындалады.
Тікелей нәтиже көрсеткіштері орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің аталған бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген бюджет қаражаты шегіндегі көлемінің сандық сипаттамасын көрсететін көрсеткіштер болып табылады.
Бір бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізу балы әрбір іс-шараның нақты қол жеткізілген сандық көрсеткіштерінің жоспарлы көрсеткіштермен арақатынасы арқылы, нақты қол жеткізілген іс-шараларды бюджет қаражатын тікелей алушылармен салыстыру арқылы айқындалады.
Жарғылық капиталдың ұлғаюын көздейтін бюджеттік бағдарламалар бойынша нәтижелерге қол жеткізуді бағалау іске асырылуы бағаланатын қаржы жылына көзделген қаржылық-экономикалық негіздемеде көрсетілген іс-шаралар бойынша жүзеге асырылады.
Егер бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелер көрсеткіштері тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік бермейтін сандық сипаттамалардың орнына іс-шараларды көздейтін болса, онда осы бюджеттік бағдарлама тікелей нәтижеге қол жеткізілмеген және сапасыз жоспарлаудың нәтижесі ретінде бағаланады.
Бір инвестициялық жоба шеңберіндегі барлық тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің орташа мәні барлық көрсеткіштер нәтижелерін, оның ішінде, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі объективті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне тәуелсіз себептермен (еңсерілмейтін күш мән-жайлары) қол жеткізбеген көрсеткіштерді ескере отырып шығарылады, одан кейін бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде барлық инвестициялық жобалар бойынша орташа мән шығарылады.
Бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін балл 5-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес айқындалады.
Бұдан әрі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы әкімшісінің барлық бюджеттік даму бағдарламаларының тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің орташа балы айқындалады.
Өлшемшарт бойынша балл жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларының барлық әкімшелері бойынша тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің орташа балы түрінде айқындалады.
Ең жоғары балл 5-қосымшада көрсетілген мәндерден аспайды.
Аталған өлшемшарт көрсеткіштері артығымен орындалған жағдайда, көрсеткіш бойынша 100%-дан аспайтын мән ескеріледі.
Бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру шеңберінде талдамалық ақпарат үшін жоспарланған объектілерді белгіленген мерзімде (жоспар және факт) тапсыру (енгізу) туралы деректер және есепті кезеңде пайдалануға берілмеген объектілер тізбесі пайдалануға беруді кешіктіру себептері көрсетіле отырып, ұсынылады.
"Бюджеттік бағдарламалар нәтижелілігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы" көрсеткіші бойынша бағалау бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекіткен бюджеттік бағдарламалар нәтижелілігінің көрсеткіштерін талдау арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның барлық бюджеттік бағдарламаларында санмен өлшенетін және бағалауға жататын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мақсаттары мен міндеттеріне және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес келетін нәтижелілік көрсеткіштері болған жағдайда, оларға ең жоғары балл беріледі.
Бюджеттік бағдарламада тікелей және/немесе түпкілікті нәтиже болмаған жағдайда, тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік бермейтін сандық сипаттамалардың орнына іс-шаралар, тікелей нәтижелердің түпкілікті нәтижелермен қайталануы, бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің басқа бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерімен қайталануы, өлшенбейтін мәндер, жоспарлы мәндердің төмендеуі, сондай-ақ тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мақсаттары мен міндеттеріне мемлекеттік жоспарлау, сондай-ақ объектілерді салу (реконструкциялау) бойынша нормативтік мерзімдерді асып түсіру жағдайында оған 0 балл беріледі.
Бұдан әрі тиісті балл берілетін аталған көрсеткіш бойынша бағаланатын барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша орташа балл айқындалады.
Бекітілген бюджеттік бағдарламалар және оларды іске асыру бойынша есептер, сондай-ақ есепті кезеңде тікелей көрсеткіштерге қол жеткізудің нақты мәнін растайтын құжаттар, оның ішінде орындалған жұмыстар актілері, объектілерді қабылдау актілері, жобалық сметалық құжаттамаларды өңдеу барысындағы мемлекеттік сараптамалар қорытындылары, жүкқұжаттар, қабылдау-тапсыру актілері жобалық сметалық құжаттарды әзірлеу кезіндегі ақпарат көздері болып табылады.
31. "Бюджеттік бағдарламаны орындау тиімділігі" өлшемшарты бойынша бағалау бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесіне қол жеткізу пайызын тиісті қаржы жылына бөлінген қаражаттың нақты игерілу пайызына көбейту арқылы жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі мынадай жолмен айқындалады:
Б/б тиімд. = % ТН/% ҚИ * 100 %
мұнда:
Б/б тиімд. – бюджеттік бағдарламаны орындау тиімділігі;
% ТН – тікелей нәтижеге қол жеткізу пайызы;
ҚИ – бюджет қаражатын игеру пайызы.
Бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігінің балы 5-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес айқындалады.
Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне 90,1 %-дан аз қол жеткізген жағдайда, бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі "0 балға" тең.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша балдарды қосу және алынған соманы бюджеттік бағдарламалардың жалпы санына бөлу арқылы барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша орташа тиімділік балы айқындалады.
Бұдан әрі жергілікті атқарушы орган бойынша бағалау барлық жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бюджеттік даму бағдарламасының орындалу тиімділігі өлшемшартының орташа балы түрінде айқындалады.
5-тарау. Мақсаттартарға қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды
32. Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды (бұдан әрі - Қорытынды) осы Әдістемеге 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалады.
33. Орталық мемлекеттік органдарды бағалау бойынша қорытынды мынадай бөлімдерден тұрады (Әдістемеге 6-қосымша):
1) стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізу тиімділігін және бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігін талдау;
2) сараптамалық пікіртерім нәтижелері;
3) орталық мемлекеттік орган қызметінің жақсаруы, оның ішінде, стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туралы тұжырымдар мен ұсынымдар.
34. Жергілікті атқарушы органдарды бағалау бойынша қорытынды мынадай бөлімдерден тұрады (Әдістемеге 7-қосымша):
1) бағалау критерийлерден, коэффиценттерден, балдардан құралатын кестесі;
2) аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу тиімділігін талдау;
3) мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының бюджеттік даму бағдарламаларының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтарының болмауы;
4) бюджеттік даму бағдарламаларының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу;
5) бюджеттік даму бағдарламаларының орындалу тиімділігі;
6) балдарды шегеру;
7) жергілікті атқарушы органның қызметін жақсарту, оның ішінде аумақты дамыту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туралы тұжырымдар мен ұсынымдар.
Алынған бағалау нәтижелеріне сәйкес бағаланатын мемлекеттік орган қызметінің тиімділік дәрежесі айқындалады. Бағаланатын мемлекеттік орган қызметі тиімділігінің жоғары дәрежесі 90-нан 100 балға дейінгі, орташа
дәреже – 70-тен 89,99 балға, төмен дәреже - 50-ден 69,99 балға дейінгі бағалау көрсеткішіне сәйкес келеді. Бағалау нәтижелері бойынша 49,99 балдан аз жинаған бағаланатын мемлекеттік органның қызметі тиімсіз болып танылады.
35. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган "Бағаланатын кезеңде мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының даму бағдарламаларын, тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтарының болмауы", "Бюджеттік даму бағдарламасының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" және "Бюджеттік даму бағдарламасының орындалу тиімділігі" өлшемшарттары бойынша қорытынды қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
6-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану рәсімі
36. Қорытындыны алған күннен бастап бағаланатын мемлекеттік орган бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға өз наразылықтарын жібере алады. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін бағаланатын мемлекеттік органдардың наразылықтары қабылданбайды.
37. Бағалау нәтижелеріне шағымдану растау құжаттарын қоса берумен дәлелденеді және негізделеді. Растау құжаттары мен негіздемелері жоқ, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау саласындағы нормативтік құқықтық актілер ережелеріне және стратегиялық жоспарларды/аумақтарды дамыту бағдарламаларын, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу қағидаларына қайшы келетін наразылықтар қаралмайды.
38. Бағалау нәтижелеріне наразылықтар болмаған жағдайда бағаланатын мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті хабарлама жібереді.
39. Шағымдану рәсімін жүргізу үшін бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарда арнайы комиссия құрылады, оның құрамына наразылықтарын білдірген мемлекеттік органдар тиімділігін бағалауға қатысқан қызметкерлер кіре алмайды. Арнайы комиссияның саны мен құрамын бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар өз бетінше айқындайды, бірақ кемінде 5 адам болуы тиіс.
40. Бағаланатын мемлекеттік органдардан растау құжаттары бар наразылықтарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша келіспеушіліктер кестесін (бұдан әрі – Келіспеушіліктер кестесі) қалыптастырады және арнайы комиссияның қарауына енгізеді.
41. Арнайы комиссия наразылықтарды қарау және бағалау нәтижелерінің объективтілігін анықтау бойынша отырыстар өткізеді, оларға наразылықтарын жіберген бағаланатын мемлекеттік органдардың өкілдері, мүдделі салалық орталық мемлекеттік органдар өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер шақырылады.
42. Арнайы комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша Келіспеушіліктер кестелері пысықталады, оларға арнайы комиссия төрағасы қол қояды және бағаланатын мемлекеттік органның назарына жеткізіледі.
Наразылықтар қабылданған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу жетістіктерінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы түзетілген қорытындыны жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.
7-тарау. Қайта ұйымдастырылған және таратылған мемлекеттік органдарға бағалау жүргізу тәртібі
43. Мемлекеттік орган бағаланатын жылдың бірінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда аталған мемлекеттік органды бағалау Әдістемеге сәйкес мемлекеттік орган-құқықтық мирасқорды бағалау шеңберінде жүзеге асырылады.
44. Мемлекеттік орган бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда оның қызметін бағалау жүзеге асырылмайды, ал аталған мемлекеттік органның қызметін талдау нәтижелері мемлекеттік орган-құқықтық мирасқорға бағалау қорытындылары бойынша берілген ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу кезінде ескеріледі.
8-тарау. Есептік ақпараттың уақтылығын, толықтығын және анықтығын айқындау, нысаналы индикаторлар көрсеткіштерін есептеу әдістемелерінің болуын, сондай-ақ бағаланатын жергілікті атқарушы органдардың нысаналы индикаторларының және мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалары көрсеткіштерінің артығымен орындалуын айқындау рәсімі
45. Бағаланатын мемлекеттік орган Бағалау кестесіне сәйкес толық және анық есептік ақпаратты уақтылы ұсынады/орналастырады.
46. Есептік ақпарат уақтылы, толық, анық ұсынылмаған/орналастырылмаған жағдайда бағаланатын мемлекеттік органның аталған блок бойынша қорытынды бағалауынан айыппұл балдары шегеріледі.
47. Бағалау кестесінде көзделген мерзімнен кеш ұсынылған/орналастырылған есептік ақпарат уақтылы ұсынылмаған болып танылады.
Бағаланатын мемлекеттік орган уақтылы емес есептік ақпаратты ұсынғаны/орналастырғаны үшін 1,5 (бір жарым) айыппұл балын шегеру жүргізіледі. Есептік ақпарат болмаған жағдайда 2 (екі) айыппұл балын шегеру жүргізіледі.
48. Есептік ақпарат құрылымына қойылатын белгіленген талаптарда көзделген элементтері (қосымшалар, бөлімдер, кестелер) жоқ есептік ақпарат толық емес болып танылады.
Бағаланатын мемлекеттік орган толық емес есептік ақпаратты ұсынғаны/орналастырғаны үшін 2 (екі) айыппұл балы шегеріледі.
49. Қайта тексеру барысында шындыққа сәйкес келмейтін фактілер анықталған есептік ақпарат анық емес болып танылады.
Көрсетілген фактілер Салыстыру актісінде тіркеледі.
Бағаланатын мемлекеттік орган анық емес есептік ақпаратты ұсынғаны/орналастырғаны үшін әрбір тіркелген факт үшін 0,2 айыппұл балын шегеру жүргізіледі.
Жергілікті атқарушы органдармен толық емес ақпараттар берілген жағдайда мемлекеттік органдарға (әкімшілік бағдарлама) толық емес ақпарат үшін берілетін бағаланатын айыппұл баллдары 2,0 балдан аспайды.
Бағаланатын мемлекеттік орган өткен есепті жылдың Салыстыру актісін ескере отырып, анық емес есептік ақпаратты қайта ұсынғаны/орналастырғаны үшін әрбір тіркелген факт үшін 0,5 айыппұл балын шегеру жүргізіледі.
Анық емес ақпаратты ұсынғаны/орналастырғаны үшін шегерілетін айыппұл балдарының сомасы 6,5 балдан аспауы тиіс.
50. Стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларын есептеу әдістемелерінің болуы деректерге қайта тексеру жүргізу барысында айқындалады. Нысаналы индикатор бойынша есептеу әдістемесі болмаған жағдайда әрбір тіркелген факт үшін 0,5 айыппұл балын шегеру жүргізіледі.
51. Егер жергілікті атқарушы органның аумақты дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторы бойынша нақты көрсеткіштің жоспарлы мәннен 30%-ға және одан аса артығымен орындалуы байқалған жағдайда, жоспарлы мәндердің артығымен орындалуының әрбір тіркелген фактісі үшін 0,2 айыппұл балын шегеру жүргізіледі. Базалық тізбе көрсеткіштерінің артығымен орындалуы бойынша айыппұл балдары ескерілмейді: аналар өлімінің төмендеуі (100 мың тірі туғанға шаққандағы жағдайлардың саны), нәрестелер өлімінің төмендеуі (1000 тірі туғанға шаққандағы жағдайлардың саны), қатерлі ісіктерден өлімнің төмендеуі
(100 мың тұрғынға шаққандағы жағдайлардың саны), жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар санының 100 адамға азаюы, жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретiне жататын мемлекеттiк орман қоры аумағында бiр орман өртiнiң орташа ауданы.
52. Егер бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіші нақты мәннің жоспарлы мәннен 5%-ға артығымен орындалуы байқалған жағдайда, жоспарлы мәндердің артығымен орындалуының әрбір тіркелген фактісі үшін 0,2 айыппұл балын шегеру жүргізіледі.
53. Шегерімдер туралы ақпарат Орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның "Балдарды шегеру" бөлімінде Қорытындыда көрсетіледі.
Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемеге 1-қосымша |
|
Нысан |
Мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың орталық мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларымен өзара байланысы туралы ақпарат
1. Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға және бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу
Атауы | Ақпарат көздері | Өлшем бірл. | Есепті кезең |
Орындау % |
Ескертпе | |
Жоспар | нақты | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1-стратегиялық бағыт | ||||||
1.1-мақсат | ||||||
Нысаналы индикатор 1 | ||||||
Бюджеттік бағдарлама 1 | ||||||
Түпкілікті нәтиже көрсеткіші 1 | ||||||
Бюджеттік кіші бағдарлама 1 | ||||||
Тікелей нәтиже көрсеткіші1 | ||||||
Нысаналы индикатор n | ||||||
Бюджеттік бағдарлама n | ||||||
Түпкілікті нәтиже көрсеткіші n | ||||||
Бюджеттік кіші бағдарлама n | ||||||
Тікелей нәтиже көрсеткішіn | ||||||
Стратегиялық бағыт n. | ||||||
… |
Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемеге 2-қосымша |
|
Нысан |
Бағаланатын бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізу туралы ақпарат ______________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)
______________
(есепті кезең)
Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды мен атауы: ____________________________________
Бюджеттік бағдарлама ____________________________________________________________
Сипаттау: _______________________________________________________________________
Атауы | Өлшем бірліктері |
Есептік қаржы жылына жоспар |
Көрсеткіш- | Ауытқу |
Көрсеткіштердің орындалу % |
Бюджеттік бағдарламалар қаражатының орындалмау және нәтижелерге қол жеткізбеу себептері /нәтижеге қол жеткізуді растау |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Тікелей нәтиженің көрсеткіші, оның ішінде: | ||||||
-бюджеттік инвестиция | ||||||
- іс-шара |
Облыстың,
республикалық маңызы бар
қаланың, астананың әкімі ___________ ______________________________________________
(қолы) (толық жазылуы)
Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемеге 3-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудитінің және ұйғарымдары мен қаулыларының орындалуының нәтижелері туралы ______жылғы ақпарат
р/н | ББӘ атауы | Бюджеттік бағдарламаның атауы | Тексеру кезеңі | Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі | оның ішінде, бағаланатын кезеңде | бағаланатын кезеңде айқындалған бұзылулар көлемі | сомада қалпына келтірілгендер | |||||
барлығы | оның ішінде: | |||||||||||
Қаржылық бұзушылықтар | Рәсімді бұзушылықтар сипатында | Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде | Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде | сомада өтелгендер | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органының басшысы
_________________ ______________________________________________________________
(қолы) (толық жазылуы)
Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемеге 4-қосымша |
|
Нысан |
Есептік ақпаратта бар деректерді қайта тексеру қорытындылары бойынша салыстыру актісі (орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның атауы)
(есепті кезең)
|
1. Бағалау кестесіне сәйкес бағаланатын мемлекеттік органға есептік ақпаратты ұсыну/орналастыру мерзімі:
201___ жылғы"___" ___________ .
1) Есептік ақпаратты ұсынудың/орналастырудың нақты күні:
201___ жылғы "___" ___________.
2) Бағаланатын мемлекеттік органның есептік ақпараты жоқ.
Шегеру: __балды құрайды.
2. Есептік ақпараттың құрылымына қойылатын белгіленген талаптарда көзделген элементтері жоқ (қосымшалар, бөлімдер, кестелер, көрсеткіштер мәндері және басқа) толық емес ақпарат ұсынылған/орналастырылған:
1)
2)
Шегеру: __ балды құрайды.
3. Дұрыс емес ақпарат ұсынылған/орналастырылған. Қайта тексеру барысында келесі шындыққа сәйкес келмеу фактілері анықталған:
№ | Нысаналы индикатордың атауы | Есепті кезең жоспары | Есепті кезең фактісі | Қайта тексеру қорытындылары бойынша есепті кезең фактісі | Балдарды шегеру | Ескерту |
1 | ||||||
… |
Шегеру: __ балды құрайды.
Қорытынды шегеру: ______ балл.
Бағалауға уәкілетті мемлекеттік
органның өкілі, лауазымы ___________ _____________ _________________________(күні) (қолы) (қолының толық жазылуы)
Бағаланатын мемлекеттік
органның өкілі, лауазымы ___________ _____________ _________________________
(күні) (қолы) (қолының толық жазылуы)
Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемеге 5-қосымша |
Өлшемшарттар мен көрсеткіштер балдары
р/н № |
Өлшем | балл |
1. | Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының бюджеттік даму бағдарламаларын тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнама бұзылуларының болмауы - 10 балл | |
Бұзылулардың болмауы | 10 | |
Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауоргандарының есепті кезеңде тексеріс жүргізбеуі | 5 | |
Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын Бұзылулар жіктемесіне сәйкес аудит пен қамтылған бюджеттік қаражаттың жалпы көлемінен (тиімсіз шығыстарды қоспағанда) бұзылулардың болуы | ||
5%-ға дейін | 6 | |
5,1 – 9,9% | 3 | |
10,0 – 14,9% | 1 | |
15%-дан артық | 0 | |
2. | Бюджеттік даму бағдарламасының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу - 20 балл | |
2.1 | Бюджеттік даму бағдарламасының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу | 18 |
100% | 18 | |
99,9 – 99,3% | 17 | |
99,2 – 98,6% | 16 | |
98,5 – 97,9% | 15 | |
97,8 – 97,2% | 14 | |
97,1 – 96,5% | 13 | |
96,4 – 95,8% | 12 | |
95,7 – 95,1% | 11 | |
95,0 – 94,4% | 10 | |
94,3 – 93,7% | 9 | |
93,6 – 93,0% | 8 | |
92,9 – 92,3% | 6 | |
92,2- 91,6% | 4 | |
91,5 – 90,9% | 2 | |
90,8 – 90,2% | 1 | |
90,1% және одан аз | 0 | |
2.2 | Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілік көрсеткіштерін жоспарлау сапасы | 2 |
Бюджеттік бағдарламада сандық өлшемді болып табылатын, мемлекеттік органның мақсаттарымен міндеттеріне сәйкес келетін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына жататын және бағалануы тиіс нәтижелілік көрсеткіштерінің болуы | 2 | |
Бюджеттік бағдарламада бір нәтижелілік көрсеткішінің болмауы, сандық сипаттамалардың орнына тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік бермейтін іс-шаралардың болуы, тікелей нәтижелердің соңғы нәтижелермен қайталануы, бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің басқа бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерімен қайталануы, тікелей нәтиже көрсеткіштерінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мақсаттарымен міндеттеріне, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес келмеуі | 0 | |
3. | Бюджеттік даму бағдарламасын орындау тиімділігі - 20 балл | |
100% | 20 | |
99,9 – 99,3% | 19 | |
99,2 – 98,6% | 18 | |
98,5 – 97,9% | 17 | |
97,8 – 97,2% | 16 | |
97,1 – 96,5% | 15 | |
96,4 – 95,8% | 14 | |
95,7 – 95,1% | 13 | |
95,0 – 94,4% | 12 | |
94,3 – 93,7% | 11 | |
93,6 – 93,0% | 10 | |
92,9 – 92,3% | 8 | |
92,2- 91,6% | 6 | |
91,5 – 90,9% | 4 | |
90,8 – 90,2% | 2 | |
90,1% және одан аз | 0 |
Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемеге 6-қосымша |
|
Нысан |
Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды __________________________________________________________________ (орталық мемлекеттік органның атауы)
________________
(есепті кезең)
№ | Бағалау өлшемшарттары | Коэффициент | Балдар |
1 | Стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізу | ||
2 | Стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізудегі бюджеттік бағдарламаларды орындау тиімділігі | ||
3 | Стратегиялық жоспардың мақсаттары бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысы | ||
4 | Балдарды шегеру | ||
Жалпы бағалау: |
Мақсаттарға қол жеткізу және бюджеттік бағдарламалардың орындау тиімділігін талдау:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Сараптамалық пікіртерім нәтижелері
________________________________________________________________________________
Балдарды шегеру
________________________________________________________________________________
Орталық мемлекеттік органның қызметін жақсарту бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мемлекеттік органның/ | |
Қазақстан Республикасы Президенті | |
Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің / | |
Премьер-Министрі | |
Кеңсесінің басшысы _______________ ________________________________________ | |
(қолы) (қолының толық жазылуы) | |
Бағалауғау әкілетті мемлекеттік | |
органның тиісті құрылымдық | |
бөлімшесінің басшысы _______________ ________________________________________ | |
(қолы) (қолының толық жазылуы) |
20___ж "____"______________
Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемеге 7-қосымша |
|
Нысан |
Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды __________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)
________________
(есепті кезең)
№ | Бағалау өлшемшарттары |
Коэффициент/ | Балдар |
1 | Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу * | ||
2 | Бағаланатын кезеңде мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының даму бағдарламаларын тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнама бұзылуларының болмауы | ||
3 | Бюджеттік даму бағдарламасының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу | ||
4 | Бюджеттік даму бағдарламасын орындау тиімділігі | ||
5 | Балдарды шегеру | ||
Жалпы бағалау: |
Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу тиімділігін талдау:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Бағаланатын кезеңде мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының даму бағдарламаларын тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнама бұзылуларының болмауы:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Бюджеттік даму бағдарламасының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Бюджеттік даму бағдарламасын орындау тиімділігі: ___________________________________
________________________________________________________________________________
Жергілікті атқарушы орган қызметін жақсарту бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мемлекеттік орган басшысы ______________ _________________________________________
(қолы) (қолының толық жазылуы)
Бағалауға уәкілетті мемлекеттік
органның тиісті құрылымдық
бөлімшесінің басшысы ______________ _________________________________________
(қолы) (қолының толық жазылуы)
"____"______________20___ж.
* бағалау өлшемшарттары
деректерін мемлекеттік
жоспарлау жөніндегі уәкілетті
орган толтырады
Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемеге 8-қосымша |
|
Нысан |
"Мақсаттар мен бюджеттік бағдарламаларға қол жеткізуді бағалау" бағыты бойынша _______________________________________________________ (орталық мемлекеттік органның/ жергілікті атқарушы органның атауы) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша келіспеушіліктер кестесі
№ | Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы | Бағаланатын мемлекеттік органның наразылығы | Шағымдану қорытындылары бойынша шешім (қабылданды/бас тартылды) |
Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
2 | ||||
… |
Тұжырымдар:
1-өлшемшарт бойынша:___________________________________________________________;
2-өлшемшарт бойынша: __________________________________________________________;
Шағымдану қорытындыларын қоса алғанда жалпы балл ________________________________.
Комиссия төрағасы,
лауазымы _________ __________ _________________________
(күні) (қолы) (қолының толық жазылуы)
Шағымдану қорытындыларымен таныстым:
Бағаланатын мемлекеттік органның өкілі, лауазымы
________ _________ ________________________
(күні) (қолы) (қолының толық жазылуы)