БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:
1 "Ағымдағы шығындар" санатында:
03 "Ағымдағы трансферттер" сыныбында:
320 "Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер" кіші сыныбында:
321 "Арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
"321 Арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және əскери қызметшілеріне тұрғын үй төлемдері";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
320 "Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер" кіші сыныбында:
321 "Арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
"321 Арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және əскери қызметшілеріне тұрғын үй төлемдері";
"Анықтама" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы ерекшелік бойынша "Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын үй төлемдері бойынша шығындар көрсетіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |